Қазіргі таңца да мәтін мэселесімен тығыз байланысты бірнеше
тың ғылыми зерттеулер жарық көріп, диссертациялық жұмыстар
қорғалуда. Мәселен, С.Жусанбаева «Өлең мэтінінің семантикалық-
құрылымдық сипаттамасы»; А.Тілембекова «Ғылыми-техникалық
мэтіндердің (ҒТМ) лингвопрагматикалық құрылымы (электроника
және байланыс салалары бойынша)» т.б.
Қазақ тіл біліміндегі мәтін лингвистикасына байланысты ой-
пікірлерге жасаған шолуымызды жинақтайтын болсақ, бұл саланың
даму кезеңдерін үшке бөліп қарастыруға болар еді:
1-кезең. 20-50 жылдар - мэтін туралы алғашқы түсініктердің
қалыптасуы (Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынұлы, С.Аманжолов).
2-кезең. 60-70 жылдар - мэтін тұлға-бірлігінің айқьшдалып, арнайы
зерттеу нысаны ретінде қарастырылуы (Т.Қордабаев, Р.Сыздыкова).
3-кезең. 80 жылдардан бері қарай - мәтін лингвистикасының тіл
білімінің дербес бір сапасы ретінде дамуы (Б.Шалабай, М.Серғалиев,
Ж.Жакупов, С.Құнанбаева, А.Жұбанов, З.Ерназарова т.б.).
Қ.Жүбановтың «Қазақ тілі ғылымын бір адам ғана жасай
апмайды, бір мезгілде ғана ол жасалмайды. Бұл - көп күш, көп қол,
көп уақыт керек қы лады», - деген пікірін ескерсек, мәтін
лингвистикасы саласының мақсат-міндеттері қазіргі таңда элі де болса
өз шешімін толық тауып отыр деп айта алмаймыз. Мэтін көп қырлы
күрделі тілдік құбылыс болғандыктан, оны танып білу де сан түрлі
зерттеу бағы ттары н қаж ет етеді. С ондықтан м әтіннің
психолингвистикапық (мәтінді қабылдау, ұғыну) аспектісі, мэтіннің
қатысымдық тұрғыдан актуалды мүшеленуі, мэтін түрлерінің
кұрылымдық ерекшелігі, мәтіндегі, соның ішінде көркем мэтіндегі
ұлттық таным, мэтін түрлеріндегі интонациялык көріністер, мэтін
түрлерінің прагматикалық қызметі т.б. элі де айқындауды кажет ететін
өзекті мэселелер қатарына жатады.
42