М. М. Управление профессиональным ростом учителя в современной школе: Методическое пособие



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата11.10.2023
өлшемі0,55 Mb.
#113598
түріМетодическое пособие
1   2   3   4
Байланысты:
алтынсаринские чтение

 
Ключевые слова: 
Action Research, исследование, тема, цикл, результат. 
Keywords: 
Action Research, research, topic, cycle, result.
 
«Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ 
бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса 
білімдар адамдар ғана табысқа жетеді» деген болатын Н.Ә. Назарбаев өзінің
«Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» атты мақаласында. Заман талабына сай 
функционалды сауатты жас ұрпақ тәрбиелеу мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне 
байланысты.
 
Еліміз оқу жүйесін түбегейлі жаңартуға бел буған. Қазіргі заманда, қоғам 
мектептегі мұғалімге жаңаша талап қойып отыр. Бүгінде мұғалімнің біліктілік деңгейі 
де, ішкі жан дүниесі де жетілген, жан-жақты болуы керек, өйткені біз алдарымыздағы 
отырған оқушыларды рухани жан-дүниесі бай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған 
жеке тұлға ретінде қалыптастыруымыз керек. Бізден кейінгі ұрпақты біліммен 
сусындату, өз алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда қолдана 
білетіндей дәрежеге жеткізуіміз керек. Уақыттан қалыс қалмау үшін мұғалім әркез өз 
деңгейін жан-жақты жетілдіріп отыру керек. Сондықтан, дүниежүзі мұғалімдері 
қолданатын зерттеу жұмыстарына біз де белсенді араласуымыз керек деп ойлаймын. 
Action Research зерттеуін Lesson Study зерттеу тәсілінің аналогы деп қарастыруға 
болаы. Бірақ, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. 
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, 
сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. 


333 
Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды 
талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. 
Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш 
оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның 
нәтижелерін мұқият зерттейді. (Пит Дадли, 2012 .Lesson Study: нұсқаулық). 
Ал, Action Research зерттеуі дегеніміз не? Оның оқытушылар үшін қандай 
пайдасы бар? Басқа зерттеу жұмыстарынан айырмашылығы қандай? Мақала осы 
сұрақтар төңірегінде болады. 
Ғылым саласына «
Action Research
» деген санаттың енгізілуі әдетте Курт Левиннің 
(1946) атымен байланыстырылады және бұл терминді пайдалана отырып еңбек 
шығарған бірінші адам болса да, ол бұл идеямен ертеректе 1913 жылы Вена қаласында 
басылып шыққан жұмыс арқылы Германияда танысты деген болжам бар (Altrichter H. 
& Gstettner P.,1992).
Зерттеу жұмысы мұғалімге күнделікті оқу үдерісінде кездесіп жүрген 
проблеманы анықтап, оны шешу бағытында бірнеше (мақсатқа жеткенге дейінгі) 
айналымдық әрекет жасауға мүмкіншілік береді. 
Екінші сөзбен айтқанда, бұл жоба практика мен теорияны ұштастыратын 
жоба.Яғни, зерттеу оқыту мен оқу тәжірибесін анағұрлым жетілдіру мақсатында 
практиктің жеке жағдайында орындалады және соған бағытталған әрекеттерге 
негізделеді. Төмендегі суретте айналымның қалай орындалатыны көрсетілген: 
Action Research зерттеудің айналымы: 
Яғни, сыныптағы сабақ үрдісі бойынша проблеманы анықтап, тақырып 
таңдалғаннан кейін, іс-әрекет жоспарлау, әрекет, бақылау және бағалау кезеңдерімен 
кезектесіп жүзеге асады. Кейбір жағдайларда бағалаудан зерттеу жалғасын табу керек 
екенін көруге болады. Зерттеу жұмысы қайта жоспарланып, екінші айналым 
жүргізіледі. Зерттеу жұмысы бірнеше циклдан тұруы мүмкін. Және де бір зерттеуге бір 
ғана емес екі немесе одан да көп мұғалім қатысуы мүмкін. Зерттеу жұмысы мектеп 
ішінде, бірнеше мектептер мұғалімдері ұжымында жүргізілуі мүмкін. Яғни, олардың 
идеялары тұтасқан жағдайда.
Action Research зерттеуінің бірінші, негізгі кезеңі тақырып таңдау. Тақырып 
қандай болуы керек? Бірінші, менің ойымша оқыту процесіне оң әсерін беру керек. 
Екінші, ол тақырып сізге жақын боуы керек, яғни алынған мәселе сізді көп 
ойландырады, немесе оны шешу үшін сіздің кейбір ұсыныстарыңыз бар.


334 
Мен алғаш, 2015-2016 оқу жылында Action Research зертеуі жайында мектеп 
ішінде өтілген семинарында естідім. Егер оның қолданысы 1947 жылдан 
басталғанын ескерсек, біздің біршама жылдарды жоғалтып алғанымызды көруге 
болады.
Мен бірінші жылы, тақырыбымды мұғалімнің игерілмеген тақырыптары деп 
алдым. Бұл проблеманың бар екеніне ұстаздар, әсіресе математика пәні мұғалімдері 
келіседі деп ойлаймын. Советтік білім жүйесінен батыс білім жүйесіне қарай ауысқан 
кезде математикада кейбір тақырыптарға, мысалы «Ықтималдықтар теориясына», 
«Комбинаторикаға», ерекше көңіл бөліне бастады. Бастапқы кезде бұл математика пәні 
мұғалімдері үшін қиындық туғызды. Менің ойымша, қазіргі кезде оқу әдістемесіне көп 
көңіл бөлінеді де, пән бойынша оқытушы деңгейін көтеру екінші орында қалып отыр.
Айналымның екінші кезеңі іс-әрекет жасау. Осы жерде айтып өтетін жағдай, 
Action Research(AR) алғашында қазақша іс-әрекетті зерттеу деп, орысша
исследование в действии деп аударылды. Соңынан, дәл аударма болмағандықтан, 
ағылшын тілінде өзгертілмей қалдырылды.
Менің жоспарымда сауалнама алу арқылы математика пәні мұғалімдерінің қандай 
тақырыпқа қосымша курстар алғысы келетінін анықтап, сол тақырыптар бойынша 
әріптестеріммен бірге видеосабақтар, әдістемелік құралдар, есептер жинағын 
ұйымдастыру тұрды. Жұмыс жүйесі нақтылау үшін әріптестеріммен ой бөлісіп, 
сауалнамалар алдым. Алғашқы сауалнаманың мақсатын төмендегі кестеден көруге 
болады: 
№ 
Сұрақ. 
Жауап. 

Алғаш іс-әрекеттегі зерттеу (AR) туралы қашан естідіңіз? 

Сіздің пәніңіз.

Өзіңіздің пәніңіз бойынша толық игерілмеген тақырыптар бар 
деп ойлайсыз ба?

Өзіңіздің пәніңіз бойынша толық игерілмеді деген тақырыпқа 
мысал келірсеңіз. 

Осы проблема бойынша сіз әріптестеріңізбен бөлісесіз бе? 
(Ойыңызды ашып жазсаңыз.) 

Осы проблеманы қандай жолдармен шешуге болады деп 
ойлайсыз?

Осы проблема бойынша қандай сұрақ қойылмады деп 
ойлайсыз? 
Жылдың аяғында «Комбинаторика негіздері» атты мұғалімдерге арналған 
нұсқаулық ұсынылды. 
Менің идеямның жүзеге асқаны осы нұсқулықтың кең көлемде қолданысқа ие 
болуына байланысты еді. Біз өз зерттеуімізден пайдалы нәтиже алғанда ғана, 
әріптестерімізге ұсыныстар жасай аламыз. Зерттеу жұмысының негізгі бағыты- оқыту 
бойынша пайдалы ұсыныстар жасап, оның дұрыстығын дәлелдеу. 
Келесі оқу жылында, мектептегі Action Research зерттеуі бойынша жетекшіміз, 
әріптесім Әмір Серікұлы бұл проблеманың өте ауқымды екенін айтып, тақырыпты 
өзгертуімді сұрады. Менің айтайын дегенім, тақырыпты таңдағанда, кең көлемді емес, 
керісінше, белгілі мерзімде орындай алатындай қол жетімді проблеманы қарастыру 
керек. 
Биылғы оқу жылында, Action Research зерттеуі бойынша мен «қайталау 
технологиясын қолдану арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін жетілдіру» 
тақырыбын алдым. Жоғарыда айтылып өткендей, тақырып маған жақын болды. Яғни, 
оны ашып, зерттеу қиын болмайды деп ойладым. Зерттеуге өзім сабақ жүргізетін 12 


335 
«А» сыныбының оқушыларын алдым. Жоспар бойынша оқушылар үш төрт рет 
дайындық бағалауға қатысып, оқу жылының аяғында математикадан он бір оқушы
сыртқы жиынтық бағалауға қатысады.
Жұмыс аяғында барлық нәтижелер енгізіліп, диаграмма, кесте, баяндау арқылы 
оқушылардың білім деңгейі динамикасы көрсетіледі. Нәтиже бойынша мен 
әріптестеріме ұсыныстар бере аламын. 
Осы мақала сіздің де Action Research шеңберінде өз зерттеуіңізді жүргізуге оң 
әсерін береді деп ойлаймын.
Жасалып жатқан шаралардың бәрі оқытудың тиімділігіне бағытталғандықтан, 
Қазақстанның жас ұрпағының білім деңгейі жылдан-жылға толыса бермек! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет