М. Нажипқызы 1,2*, Н. Қуантай



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата03.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47174
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2. Тәжірибелік бөлім
CVD әдісімен көміртекті нанотүтікшелерді алу үшін 
катализатор тасымалдаушы ретінде гидрофобты құм 
пайдаланылды. Көміртекті нанотүтікшелердің синтезі үшін 
қажетті катализатор ретінде никель металының тұзы, ал 
көміртекті 
тасушы 
ретінде 
пропан-бутан 
қоспасы 
падаланылды. 
1-ші 
суретте 
эксперименталды 
қондырғының сызбанұсқасы келтірілген.
Алынған нанотүтікшелердің морфологиясы мен құрамы 
«Quanta 
200i 
3D», 
сканирлеуші 
электрондық 
микроскопымен (FEI, АҚШ), «DM 6000M Leica Microsystems» 
оптикалық микроскопымен (Германия) және элементтік 
талдау (AMETEC Materials Analysis Division, АҚШ) арқылы 
және SolverSpectrum құрылғысында комбинациялық 
шашырау спектроскопиясы (NT-MDT, Ресей) әдісімен 
зерттелді. 
Функционализацияланған нанотүтікше үлгілерінің 
сапалық бағалауы ИҚ-спектроскопия әдісімен жүргізілді 
(Spectrum 65, Perkin Elmer). КНТ-мен функционалды топтар 
арасында байланыс түзілу үшін көпқабатты нанотүтікшенің 
беткі қабаты HNO
3
:H
2
SO
4
қышқылдарының 1:1 (2 мл:2 мл)
және 1:3 (2 мл:6 мл) қатынастағы концентрлі ерітінділерімен 
өңделді. Өңдеуді жүзеге асыру үшін 0,05 г мөлшерде 
көпқабатты 
көміртекті 
нанотүтікшеге, 
HNO
3
:H
2
SO
4
қышқылдарының 1:1 (2 мл:2 мл) және 1:3 (2 мл:6 мл) 
қатынастағы концентрлі ертінділерінің құйылып, 50°С-қа 
дейін, 20 минут ультрадыбысты моншада қыздырылып, 
орта бейтарап болғанша дистилденген сумен шайылды. 
Ары қарай үлгі сүзіліп, ерітінді кептіргіш шкафта 90°С 
температурада, 20 мин кептірілді. Функионализациялау 
нәтижесінде, үлгінің салмағы бастапқы салмағынан 10 
есеге артқандығы байқалды.
2. Зерттеу нәтижелері және оларды талдау
Гидрофобты құм бетінде синтезделген көміртекті 
нанотүтікшелердің 
сканерлеуші 
электронды 
және 
оптикалық 
микроскоппен, 
элементтік 
талдау, 
комбинациялық шашырау спектроскопия әдісімен алынған 
нәтижелері 2-ші суретте келтірілген. 
Көміртекті 
нанотүтікшелердің 
сканерлеуші 
электронды микроскоп арқылы алынған көріністерінен 
үлгінің құрамында көміртекті нанотүтікшелердің бар 
екендігін анық байқай аламыз (2, а сурет). 
Оптикалық 
микроскоп 
арқылы 
алынған 
үлгі 
көріністерінен гидрофобты құмның беткі қабатында ақ 
көміртекті нанотүтікшелердің өскендігін көруге болады (2, 
ә сурет).
Сонымен 
қатар, 
алынған 
нанотүтікшелердің 
көпқабатты екендігіне Раман спектрлері дәлел болып 
отыр. Көміртекті нанотүтікшелердің Раман спектрлерінің 
сипаттамалары жайлы [10] жұмыста терең қарастырылған. 
Раман спектрлері ең негізгі G және 2D көміртекті 
шыңдармен сипатталған. G шыңының 1577 см
-1 
- ге, ал 
2D-ның 2720 см
-1
-ге ығысуы аз қабатты графенге, сонымен 
қатар, нанотүтікшелерге сәйкес келеді (2, б сурет).
EDAX талдауы көміректі нанотүтікшелердің синтезі 
үшін катализатор ретінде қолданылған никельдің бар 
екендігіне көз жеткізе аламыз (2, в сурет). 
Сұйық 
фазалы 
функционализациялауды 
қарқындандыру үшін әртүрлі физика-химиялық әдістер 
қолданылады [11]. Оның ішінде азот және күкірт 
қышқылының қоспасын тиімді пайдалану болып табылады. 
1– кварц түтікше, 2 – пеш, 3 – газдың енуі, 4 – газдың 
шығуы, 5 – үлгіге арналған қайық
6 – КНТ, 7 – катализатор


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет