1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС. ELECTRONICS WORKBENCH БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАНЫСУ
Зертханалық жұмыстың мақсаты: Электрлік сұлбаларды моделдеудегі дағдыларды игеру және компьютерде жұмыс істеу дағдыларын көтеру.
Electronics Workbench (ары қарай-EWB) бағдарламасы Windows ортасында жұмыс істеу үшін есептелген, және әртүрлі арналымдағы аналогтық және сандық радиоэлектрондық құрылғыларды схемотехникалық моделдеу үшін арналған [1,3,4].
Бағдарламаның ерекшелігі-барлық бақылап-өлшеуіш құралдардың бар болуы, сыртқы түрі және сипаттамасы бойынша өнеркәсіптік аналогтарға аса жақын болуы. Олардың көмегімен әр-түрлі функционалдық қызмет атқаратын электротехникалық, электрондық құрылғыларды тәжірибелік тұрғыдан зерттеуге және аса қарапайым тәсілмен жинауға болады.
Windows ортасында EWB бағдарламасын эмблемасы арқылы іске қосқан кезде компьютердің экранында EWB бағдарламасының жұмыс терезесі шығады [2].
сурет - EWB бағдарламасының жұмыс терезесінің көрінісі
Бағдарламаның жұмыс терезесі жұмыс алаңынан, лента тәріздес 4 қатардан және екі ажыратқыштардан тұрады:
Жоғарғы, бірінші қатар - мұнда EWB бағдарламасының эмблемасы және аты-жөні көрсетілген –тақырыптар қатары.
Төменірек, екінші қатар – басты мәзір қатары орналасқан. Мұнда 6 басқару тобы (File, Edit,Circuit, Analysis, Window, Help) 1.2 суретте көрсетілген. Осы 6 командаларды таңдау тышқанның көмегімен орындалады [2,3,4].
1.2 сурет - Басты мәзір қатары
Үшінші қатарда-пернетақтаның түймелеріне (батырмаларына) ұқсас жасалған 15 белгішелер (пиктограммалар) орналасқан және олар 3 бөліктен тұрады. Алғашқы 1-ші бөлігі 4 түймеден, команда File- (New-создать - құру, Open – открыть-ашу, Save-сохранить-сақтау, Print-печатать-баспаға шығару), екінші бөлігі 3 түймеден, команда Edit- (Cut-вырезать - кесіп алу, Copy-копировать - көшіру, Paste-вставить - қою) және үшінші бөлігі 5 түймеден, команда Circuit - (Rotate - белсендірген элементті сағат тіліне қарама-қарсы 900-қа бұру, элементтерді айна бейнесімен тіке немесе көлденең орналастыру, масштабты үлкейту немесе кішірейту түймелері) көрсетілген. Бұл командалар және бұйрықтар (пәрмендер) қатары – пәрмендер панелі деп аталды. Төртінші соңғы қатарда-компоненттер панелі орналасқан. Мұнда әр-бір зертханалық жұмыс кезінде сұлбаларды модельдеп құру үшін керекті элементтердің және бақылап-өлшеуіш құралдардың шартты графикалық белгілерімен кескінделген пернетақтаның түймелеріне ұқсас 14 түймелер (батырмалар) секілді белгішелер орналасқан.
Инструменттер мен компоненттер панелдерінің соңына қарай экранның оң жақ жоғарғы бөлігінде сұлбаны іске қосу батырмасы вкл/откл және Pause батырмасы орналасқан.
Жұмыс терезесінің төменгі жиегінде күй жолағы орналасқан, онда жұмыс кезінде әртүрлі ақпарат көрсетілетін болады.
Жұмыс терезесінің негізгі орталық бөлігін жұмыс алаңы алады, онда компоненттер панелінде орналасқан элементтер мен өлшеу құралдарынан жинақталып электрлік сұлба құрастырылады.
Сұлбаның элементтерін таңдау
Компоненттік панель, компоненттік топтардың 14 белгішелерінен тұрады, ал компонент тобы элементтердің шартты графикалық кескіндерінен тұрады. Компоненттік топтардың 14 белгішелерінен 1-ші топ Favorites бос, онда элементтер жоқ, сондықтан ол бағдарламада ескерілмейді. EWB бағдарламасындағы барлық элементтер, құралдар және индикаторлық құрылғылар компоненттер панелінде шоғырланып, 13 белгішелердің топтарына бөлініп элементтердің түрлері мен атаулары бойынша төмендегі тізбекте және 1.3 суретте көрсетілген [1]:
Sources- қорек көздері және басқарылатын көздер тобы, активті элементтер. Мұнда, EWB бағдарламасында барлық қорек көздері идеалды.
Basic- Passive- пассивті элементтер және коммутациялық құрылғылар тобы (базалық элементтер).
Diodes- диодтар тобы.
Transistors- транзисторлар тобы.
Analog ICs- аналогтық микросхемалар тобы.
Mixed ICs- аралас типті микросхемалар тобы.
Digital ICs- аралас типті сандық микросхемалар тобы.
Logic Gates- логикалық сандық микросхемалар тобы.
Digital- сандық микросхемалар тобы.
Indicators- индикаторлық құрылғылар тобы.
Controls- аналогты есептеу құрылғылары тобы.
Miscellaneous- аралас типті компоненттер тобы.
Instruments- электр сұлбаларының талдауын жасауға мүмкіндік беретін бақылап-өлшеуіш құрылғылар тобы.
сурет - Компоненттер панелі [1]
Жоғарыда аталған компоненттер панелінде орналасқан 13 белгішелердің беттерінде әрбір топтың бастапқы элементтерінің графикалық белгілері бейнеленген. Мысалы, осы 13 белгішелердің 1-ші түймесінің бетінде Sources- қорек көздері 1-ші тобының бастапқы элементі, - тұрақты кернеу көзі аккумулятор батареясының шартты графикалық белгісі бейнеленген. Бұл 1-ші топта өздерінің шартты белгілерімен кескінделген 23 элемент бар.
Сол секілді 2-ші топ Basis-Passive-пассивті элементтер тобының бастапқы элементі, -резистор- кедергінің шартты графикалық белгісі (бағдарламаны ойлап тауып құрастырған елдің стандарты бойынша) бейнеленген. Бұл 2-ші топта өздерінің шартты графикалық белгілерімен кескінделген 20 элемент бар. Сондай-ақ, 10-шы топ Indicators-индикаторлық құрылғылар тобының бастапқы элементі,- амперметр мен вольтметр. Бұл топта 9 элемент, ал 13-ші топ Instruments –бақылап-өлшеуіш құрылғылар тобының бастапқы элементі,- мультиметр. Бұл топта 7 элемент бар.
Зертханалық жұмыс барысында біздерге керек болатын және өте жиі қолданыста болатын элементтер, олар: 1- топ, Sources- қорек көздері; 2- топ, Basic-Passive -пассивті элементтер; 13- топ-Instruments -бақылап-өлшеуіш құралдар және 10 - топ-Indicators -индикаторлы құрылғылар тобында жинақталған. Әр зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтарда көрсетілген сұлба, мұғалімнің тапсырмасы болып саналады. Осы сұлбаның құрамында қандай элементтер бар және ол элементтерді қай топтардан таңдап шығарып аламыз соны жақсылап түсініп алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |