М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Дəріс №16 .  Тақырыбы:Қоршаған ортаның ластануынан болатын зияндардың



Pdf көрінісі
бет19/51
Дата04.11.2023
өлшемі386,7 Kb.
#121996
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Байланысты:
Табиғатты пайдалану экономикасы.

Дəріс №16

Тақырыбы:Қоршаған ортаның ластануынан болатын зияндардың 
экономикалық бағалануы. 
1. Қоршаған ортаның ластануынан болатын зияндардың экономикалық 
бағалануының бар əдістеріне шолу. 
2. Автокөлік шығарындыларымен ауа ортасының ластануынан болатын 
зияндар. 
Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиян экономикалық, экологиялық 
жəне əлеуметтік болуы мүмкін. Экологиялық зиянда қоршаған ортаның, 
гидросфераның, флора мен фауна жағдайлары нашарлап, ахуалы төмендейді. 
Қоршаған ортаның ластануынан болатын экономикалық зиянның құрамына 
табиғатты қорғау шығындарын, зиянның өтелу шығындары мен уыстан 
шыққан пайданың алынбаған табыс түрін немесе əсерін де есепке алу 
қажет.Атмосфераның ластануынан болған экономикалық зиянды анықтау –
зиян шамасының өзгеруіне факторлық талдау жасау əдістемесі болып 
табылады. 
Дəріс №17.
Тақырыбы:Экологиялық мониторинг. 
1. Мониторинг түсінігі. 
2. Негізгі түрлері. 
Экологиялық мониторинг- қоршаған ортаның өзгерісін бақылау, баға беру
кешенді ақпарат жинақтау, ұлттық, аймақтық, жергілікті деңгейде қоршаған 
ортаның жай-күйіне баға беру.Экологиялық мониторинг түсінігі 1972 жылы 
Стокгольм конференциясында енгізілді. Мониторинг жүйесі бірнеше бақылау 
тобын 
біріктіреді.Мониторинг 
құралдары- 
физикалық, 
химиялық 
биологиялық зерттеу əдістерін ұсынады.Негізгі түрлері: биологиялық, 
геоэкологиялық, биосфералық; 

Дəріс№18.
Тақырыбы:Биосфера ресурстары. Табиғатты пайдаланудағы негізгі 
басқарулар. 
1. Негізгі түсінік. 
2. Табиғатты пайдаланудың негізгі 2 құрамдас бөлігі. 
Табиғи орта адамның өз қажеттіліктерін өтеу мақсатында табиғи обьектіні
табиғи ресурсты, табиғи кешенді біріктіреді.Табиғи обьектінің негізгі 
белгілері:
-
табиғи шығу тегі 
-
табиғи ортамен экологиялық байланысы 
-
табиғи құндылығы 
Табиғатты пайдалану- бұл табиғаттың миллиардттаған жылдар бойы 
құрғанын қалай тұтынуды үйрететін ғылым.Адамзат өз ресурстарын құру 
алдында тұр.Адам баласы құрған жаңа ресурстарды экономикалық тұрғыдан 
бағалау табиғи қорларды үнемдеуге мол мүмкіншілік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет