коптеген физиологиялық төжірибелер бақамен орындалатындықтан оны жансыздандыру керек. жансыздандырудың бірнеше тесілдері белгілі, олардың негізгілері төмендегідей:
эфир арқылы уйыктату. ол үшін тегіс заттың үстіне қойылған воронканың немесе төңкеріліп қойылған эксикатордың астына бақаны отырғызады да, жанына эфирге шыланған мақта талшығын қояды. біраздан кейін бақа үйықтайды.
миорелаксант арқылы үйыктату. бақаның лимфа қапшығына шприц арқылы миорелаксант жібереді. миорелаксант - қозудың нервтен бүлшық етке етуін тежейтіндіктен бақаның қаңқа еттері босаңсып қалады. бақа үйықтаған сияқты болып көрінеді.
орталық нерв жүйесін бүзу аркылы жансыздандыру. бүл төсілді екі жолмен орындауға болады:
а) бақаның басын кесу арқылы жансыздандыру (деісапитация). ол үшін бақаның алдыңғы екі аяғын денесін параллель етіп созып, басын ашық қалдырып салфеткамен орайды да кайшының бір үшын бақаның аузына тығып жогарғы жақ сүйегін екі кездің арт жағын ала кесіп тастайды. аршылған омыртқа каналына ине тығу арқылы жүлынды бүзады.
б) бақаның басын кеспей жансыздандыру. бақаны жоғарыдағы едіспен салфеткаға орайды да сол қолмен үстап басын сүқ саусақпен темен қарай еңкейте басады. бас пен соңғы омыртқа арасында ойық пайда болады. сол жерге инені тығады да үшын бас миына қарай бағыттап, миды бүзады, сосын иненің үшын жүлынға бағыттап, жүльшды бүзады (5-сурет).
жансыздандырылганбақанытақтайшагабекіту. көпшілік тəжірибе-лерде бас миы бүзылып, жүлыны сақталған бақалар қолданьшады.
олармен төжірибе жүргізу үшін бақаны арнаулы тақтайшаның стіне бекітеді. ол үшін бақаның аяқтарын тақтайшаның төрт тесігінен өткізеді де астыңғы жағынан байлап тастайды (6-сурет).
сурет.ми мен жүлынды бұзу арқылы бақаны жансыздандыру. а -баканың басын сүк саусақпен төмен ию; б - бас сүйек пен соңғы омыртқа арасындағы ойық арқылы инені миға бағытгау; в - инені жүлынға баіытгау