2. Зар заман кезеңінің белгілі өкілдері



Дата26.12.2023
өлшемі17,98 Kb.
#143557
Байланысты:
7-сынып әдебиет 2-тоқсан БЖБ2


БЖБ

  1. «Зар заман» толғауының авторы?

А)Шортанбай Қанайұлы Ә)Қазтуған жырау Б)Махамбет Өтемісұлы В)Мұхтар Әуезов
Г)Қатаған жырау
2. Зар заман кезеңінің белгілі өкілдері?
А)М.Әуезов, А.Құнанбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы Ә)М.Өтемісұлы,Ш.Қанайұлы,М.Мөңкеұлы
Б)Ш.Қанайұлы,Ж.Нәжімеденов В)М.Мұқағали, Ф.Оңғарсынова Г)М.Жұмабаев,Ж.Жабаев
3. 1815-1898 жылдары өмір сүрген ақын:
А)М.Мөңкеұлы Ә)М.Өтемісұлы Б)Ш.Қанайұлы В)А.Құнанбайұлы Г)С.Аронұлы
4.Толғау дегеніміз не?
А)қара сөзбен жазылған шағын шығарма Ә)троптың бір түрі Б)ойды астарлап жеткізу
В)дидактикалық сарынды,белгілі оқиғаны баяндайтын, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындалатын жанр Г)бірнеше оқиға тізбектелген жыр жолдары
5. Сүйінбай кімдермен айтысқан?
А)Бармақ ақынмен,Жамбылмен Ә)Тезек төремен,Қатағанмен Б)Күнбаламен,Мұса ақынмен
В)Шәкәріммен,Құлмамбетпен Г)Үкілі Ыбыраймен,Жұбар ақынмен
6. «Басыңан өлең жаудырып,
Бір құрайын тезімді!» - үзіндіде қандай көркемдегіш құрал қолданылған?
А)ассонанс Ә)эпифора Б)аллитерация В)теңеу Г)анафора
7. Дұрыс нұсқаны белгіле:
А)Эпифора-өлеңнің әр жолының соңындағы сөздің қайталанып аяқталуы. Ә) Эпифора - өлеңнің әр жолының бірдей сөзбен қайталанып басталуы. Б)Әдебиетте ойды астарлап жеткізу-метонимия деп аталады. В)Ассонанс – өлең жолдарының дауыссыз дыбыстардан үндесе қайталануы. Г)Аллитерация – өлең жолдарының дауысты дыбыстардан үндесе қайталануы.
8.Үзіндіде көркемдегіш құралдардың қай түрі қолданылған?
Бір пара жанды малды қып, Бір пара жанды малсыз қып.
А)Ассонанс,эпифора Ә)Теңеу,метафора Б)Кейіптеу,эпитет В)Аллитерация,анафора,эпифора
Г)Метафора,синекдоха,ассонанс
9.Әдебиетке «зар заман» терминін енгізген:
А)Ш.Қанайұлы Ә)М.Мөңкеұлы Б)Ш.Құдайбердіұлы В)Ш.Уәлиханов Г)М.Әуезов
10. Сүйінбай шығармалары бар қатарды белгіле
А) «Ереулі атқа ер салмай»,«Айныман» Ә)«Сұраншы батыр»,«Қарасай батыр» Б)«Зар заман»
В) «Мөңке бидің болжамы» Г) «Жаман мен жақсы», « Ақжолтай батыр»
11. Айтыстың түрлері:
А)Бәдік айтыс,жұмбақ айтыс Ә)Өлең айтыс,Сүйінбай айтысы Б)Философиялық айтыс, поэзиялық айтыс В)Психологиялық айтыс,салт айтысы Г)Жар-жар айтысы,поэтикалық айтыс
12.Тезек төре,Бөлтірік батыр,Бәйтін қай шығарманың кейіпкерлері?
А) «Зар заман» Ә) «Жабай батыр» Б) «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы» В) «Еңлік-Кебек»
Г) «Қыз Жібек»
13.Кейіптеу дегеніміз не?
А)ойды астарлап жеткізу Ә) астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз Б)жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл В)заттың,құбылыстың ерекшелігін бейнелі түрде танытатын ұғым Г)салыстыра суреттеу
14.Сүйінбай мен Қатағанның айтысы қашан болды?
А)1848 жылы Ә)1847 жылы Б)1948 жылы В)1947 жылы Г)1854 жылы
15. Метафора грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
А) «үйлесім» Ә) «қайтадан атау» Б) «пернелеп айту» В) «би әні» Г) «ауыстырып қою»
16. «Үмбетәліге», «Төрт биге», «Өтеген батыр» шығармаларының авторы:
А)Сүйінбай Ә)Шортанбай Б)Қасым В)Мұхтар Г)Сарыбай
17. Үзіндіде қандай көркемдегіш құрал қолданылған: «Мынау заман қай заман?
Азулыға бар заман»
А)теңеу Ә)риторикалық сұрау Б)эпитет В)аллегория Г)кейіптеу
18. М.Әуезов «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» деп атаған ақын?
А) Шортанбай Ә)Бөлтірік Б)Сүйінбай В)Қатаған Г)Жамбыл
19. Зар заман ақындары....
А) Халықтың мұң-зарын тыңдап,халық жағдайын жақсартуға үлес қосты Ә)Ресеймен 20 жыл бойы жанқиярлықпен күрес жүргізді Б)Жарғы,басқару ережесіне араласты В)Аға сұлтандар билігін қолдады Г)Соғысқа қатысты
20.Шортанбай Қанайұлының туған жері:
А)Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданы Ә)ОҚО,Түркістан ауданы Б)ОҚО,Сарыағаш ауданы
В)Алматы облысы,Қарақыстақ ауылы Г)Атырау облысы,Қызылқоға өңірі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет