М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Лимфа жүйесінің эволюциясы мен морфологиясы



бет44/165
Дата10.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66983
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   165
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы УМКД

Лимфа жүйесінің эволюциясы мен морфологиясы


Эволюция (тарихи даму) барысында дене сыртына жақын жəне терең орналасқан торлы лимфа тамырлары алғаш сүйекті балықтардан табылды. Олар бір-бірімен қабырғалары эндоте-лиймен қапталған лимфа саңылаулары (синустар) арқылы бай-ланысқан. Мұндай тамырлар мен саңылауларда етті қабат бол- майды. Сондықтан, олар жиырыла алмайды, тек резервуар ролін атқарады. Балықта лимфа тыныс алған кезде ғана ағады.
Қосмекенділердің лимфа жүйесі жақсы зерттелген. Мəселен, келбақа терісінің астында белгілі бір ырғақпен жиырылатын 2 лимфалық жүрек (алдыңғы жəне артқы) болады. Олар ет ткані-«ен тұрады, ішкі жағынан эндотелиймен қапталған. Вена жүйесі ұласатын тесіктің тұсында айшықты қос қақпақша болады. Көл-

  • бақаның лимфалық жүрегінде өзіне лайық жүлын талшықтары тарамданған. Құста еқ алғаш лимфа түйнектері пайда болады да, лимфа жүректері жойылады (соңғылар тек эмбрионда бола-ды). Лимфа тамырының қабырғасы 3 қабықтан тұрады, қақпақ-шалары болады.

Сүтқоректілер мен адамның лимфа жүйелері құрылысы жағы-•нан өзара ұқсас. Оларда лимфа жүректері болмайды, бірақ лим-фа түйіндері ете кеп болады. Ағза ішіндегі, оның сыртындағы .лимфа тамырларының қақпақшалары болады.
Адамның лимфа жүйесі капиллярлардан басталады. Олар көкбауырда, ми мен жұлында, көз алмасының қапшығында, шы-рышты қабықтың эпителий қабатында, шеміршекте, тері эпидер-мисінде, қағанақта, көз бұршағында басқа да ағзаларда тарам-данбаған. Ол ілмекше не саусақтар тəрізді, не болмаса жабык, тор тəрізді болып басталады (37-сурет). Қан капиллярларынан кендеу, өте созылғыш келеді, диаметрі 10—100 мкм, орта есеп-пен (20—40 мкм). Ағза қызметіне қарай саңылау аумағы өзге-ріп отырады. Лимфа капилляр қабырғасы тек бір қабат эндоте-
тұрады, өзін сырттай қоршаған тканьдермен тығыз байла-яьіскан, тіпті бірігіп кеткендей. Лимфа капиллярының бір ерекше-|ГІ — оның арнайы микрожіпшелері болады. Сол жіпшелерімен капилляр керші тканьге «байланып» тұрғандай болып көрінеді. Кейбір болжамдарға қарағанда бұл микрожіпшелер тканьдегі ,,усым күшейген кезде лимфаның капиллярларда қысылып қал-^ауын қамтамасыз етеді, сондай- ақ эндотелийлік аралық саңылау 'цакпақшаларының негізі болуы мүмкін. Лимфа капилляры қабыр-?асының
қызметіндегі ерекшеліктер клеткааралық байланысқа ңегізделген жəне клеткааралық каналшалардын, саңылауына бай-данысты. Лимфа капиллярлары ағза ішінде тарамданып, одан да ұсак лимфаға айналады. Белгілі бір ағзадан не дененін, бір бөлігі-Нен шығарда экстра ағзалық (ағза сыртындағы) шығарушы тамыр ретінде міндетті түрде бір не бірнеше лимфа түйіндері арқылы
етеді.
Ересек адамда 450—700 лимфа түйіндері болады. Олардың жалпы салмағы дене салмағының 1%-іне тең. Лимфа түйінінің сырты дəнекер тканінен тұратын капсуламен (жұқа қаппен) қап-талған. Капсуладан түйінінің ішіне қарай көптеген перделер — трабекулалар шығып түйінді бірнеше бөлікке бөледі. Трабекула- лар арасында ұлпа жəне қыртысты құрылымнан тұратын лимфа лық ткань болады. Лимфа ткані мен трабекуланы саңылау бөл|п тұрады. Оны синус деп атайды. Лимфа синуске құйылып, лимфэ түйініне өтеді. Түйінде лимфа ағысы баяулайды да жол-жөнекеб іліккен лимфоциттерді қосып алып, сыртқа шығаратын лимфа тамырларымен ағып өтеді. Лимфа түйіндерінде кептеген қан та-мырлары, жүйкелер тарамданған (38- сурет).
Лимфа түйіндерімен салыстырғанда шырышты қабық пен ба-дамша бездерде лимфа əкелуші тамыры болмайды, тек лимфа əкетуші тамыры ғана болады.
Лимфа түйіндері белгілі бір тəртіппен орналасқан. Ішкі ағза-ларға кіретін жерде, яғни «қақпасында» топ-топ болып орна-ласқан. Бұндай түйіндер тізеасты, шап-қолтық, бел, мойың жəне т. б. жерлерде бар.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет