/1/1.Х.Н.Сəтпаева „Адам физиологиясы 306-322бет
Апта 13
Дəріс №26
Тақырыбы: Өрбу физиологиясы
Дəріс мазмұны:
Өрбу физиологиясы
Жыныс тəрбиесінің принциптері, формалары жəне əдістері
Əйел ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
1 Өрбу физиологиясы
Жер бетіндегі тіршіліктің үздіксіздігі тірі организмдердің ұрпақ жаңғырту қасиетіне негізделген. Соның нəтижесінде. адам-заттьщ барлық өмір сүрген уақытында өмірден кеткен ұрпақтар-дың орнына жаңа ұрпақтар келеді. Мұны адамның жыныс əре-кеттік жүйесі атқарады.
Бұл жүйе жыныс клеткаларының (гамета) жетілуі, жыныстық құштарлық (либидо), галт жоралары (ритуал), жыныстық қаты-нас (копуляция), ұрықтану, жүктілік, босану, сүтпен емізу (лак-таЦия), ұрпақ тəрбиелеу іспеттес процестерінен кұралады. Осы-ның бəрі организмнід жыныстық əрекеттерінің əркелкі көріністе-рін камтитын біртұтас əрекеттік жүйе арқылы реттеледі.
Жыныстық əрекеттік жүйенің ерекшелігі ер мен əйел орга-низмінін, əртүрлі өзі реттелетін меха*низмдерінен турады. Олар биологиялық жəне əлеуметтік нəтижеге жету, яғни өрбу мен түр жалғастыру үшін қарама-қарсы жынысты серіктердің өзара бел-сенді əрекеттесуін түзеді.
Табиғатта өрбу маусымдық, рефлекстік, оралымды болып үш түрге белінеді. Жалпы аналық организмде жыныстық ырғак-тылық ерекше қалыптасқан. Аталық организмдердің тұқымдылы-ғы мен жыныстық құштарлығы солардың ерекшеліктеріне бейім-деледі.
Жыныстық əрекеттік жүйенің қызметі арнайы ішкі сөлініс бездерінде түзілетін жыныстық гормондардың (андр1оген, эстро-ген) қандағы мөлшеріне тəуелді келеді. Жоғарыда айтылғандай, жыныс гормондары тканьдердегі зат алмасу процестерімен қатар, жалпы жыныстық əрекеттік жүйені тікелей қоздырады. Жыныс гормондарының сөлінісі планета (Күннің, Айдьщ, су тасуы мен қайтуының) əсерлеріне сəйкес болады.
Жыныс саласының анатомиялық құрылымы мен физиологиялық əрекетін жыныс мүшелерімен бірге орталық жəне шеткі жүй-
ке жүйесі, ішкі сөлініс бездерінің, яғни нейроэндокриндік аппараттьщ əртүрлі бөлімдері қамтамасыз етеді.
Жыныс мүшелері (гениталий); жыныс бездері (гонада), ұрық жолдары, жатыр, қосалқы, жыныс бездері жəне шағылысу (ко-
пуляция) мүшелерінен тұрады.
Жыныс бездері аралас əрекетті бездерге жатады. Олардың сыртқы сөлініс қызметі — жыныс клеткаларын (сперматозоидтар мен аналық клеткасын) бөліп шығару, ішкі сөлініс əрекеті — қан мен лимфаға ететін.жыныс гормондарын түзу.
Достарыңызбен бөлісу: |