М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан


  Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саясаты



Pdf көрінісі
бет20/56
Дата02.03.2023
өлшемі1,63 Mb.
#71073
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
7. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саясаты


34
7.1. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саясаты академиялық адалдық, 
талаптардың бірлігі, объективтілік және әділдік, ашықтық қағидаттарына 
негізделеді. 
7.2. 
Факультет деканы білім алушылардың үлгеріміне, академиялық берешегіне, 
академиялық айырмашылықтарына үнемі мониторинг жүргізеді. 
7.3. 
Білім алушылардың оқу жетістіктері білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік 
жүйесі бойынша бағаланады. Бақылаудың барлық түрлері бойынша білім 
алушылардың оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады. 
7.4. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалаудың негізгі түрлері: 
ағымдағы бақылау, аралық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау болып 
табылады.
7.5. 
Білім алушылардың үлгерімі ағымдағы, аралық бақылау және аралық және 
қорытынды аттестаттау кезеңдерінің құрылымы, дәйектілігі және саны білім беру 
бағдарламасымен, оқу жұмыс жоспарларымен, академиялық күнтізбемен, пәндердің 
оқу жұмыс бағдарламаларымен (силлабустармен) регламенттеледі. 
7.6. 
Бірінші оқу сабағында оқытушы міндетті түрде білім алушыларды пәннің жұмыс оқу 
бағдарламасының мазмұнымен (силлабуспен), оқу пәні бойынша жоспарланған оқу 
нәтижелерімен және оларды бағалау рәсімдерімен таныстырады. 
7.7. 
Үлгерімді ағымдағы бақылаудың мақсаты білім алушылардың пәндерді меңгеруін 
тұрақты және жеке бағалау, олардың өзіндік оқу/ғылыми жетістіктерін көрсетуге 
ынталандыру, оқу сабақтарын өткізу әдістемелерін жетілдіру болып табылады. 
7.8. 
Үлгерімді ағымдағы бақылау білім алушыларға оқу сабақтарындағы, оның ішінде 
дәрістік сабақтардағы, зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау, білім 
алушылардың өзіндік жұмысы (БӨЖ) тапсырмаларын және жұмыс оқу 
бағдарламасында (силлабуста) қарастырылған басқа да жұмыс түрлерін орындау 
арқылы теориялық материалды меңгерудің нақты бағасын қамтиды. 
7.9. 
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау оқу пәнінің әрбір модулі және оқу 
тапсырмасының әрбір түрі бойынша жүргізіледі.
7.10. 
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау нысандары жұмыс оқу 
бағдарламасымен (силлабуспен) анықталады. 
7.11. 
БӨЖ БОӨЖ шеңберінде ағымдағы бақылау кезінде бағаланады және курстық 
жұмыстарды/жобаларды, семестрлік тапсырмаларды орындауды, ағымдағы оқу 
сабақтарына дайындықты және пәннің жұмыс оқу бағдарламасында (силлабуспен) 
белгіленген басқа да нысандарды қамтиды. 
7.12. 
Аралық аттестаттау нысаны емтихан немесе курстық жұмыс/жоба бар пәндер үшін 
үлгерімді ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) аудиториялық 
және аудиториядан тыс сабақтардағы ағымдық бақылау бағасынан, аралық бақылау 
бағасынан құралады және мына формула бойынша есептеледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет