М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан


  Оқу үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру саясаты



Pdf көрінісі
бет18/56
Дата02.03.2023
өлшемі1,63 Mb.
#71073
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
5. 
Оқу үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру саясаты 
5.1. 
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да оқу үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау және іске 
асыру оқытудың кредиттік технологиясы (ОКТ) бойынша жүзеге асырылады.
5.2. 
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да оқу жылының ұзақтығы академиялық күнтізбемен 
анықталады, ол университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.
5.3. 
Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады және ол академиялық кезеңдерден - теориялық 
білім алу семестрлерінен (ұзақтығы 15 апта), білімді аралық бақылаудан (емтихан 
сессияларынан), қорытынды аттестаттаудан (бітіру курсы үшін), кәсіптік 
практикадан, жазғы семестрден, каникулдан тұрады.
5.4. 
Қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру, академиялық қарызды немесе оқу 
жоспарларындағы айырмашылықты жою, басқа білім беру ұйымдарында білім 
алушылар үшін өзінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымында міндетті түрде қайта сынақтан өте отырып, оқу пәндері мен кредиттерді 
игеру, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру, аралас немесе қосымша білім беру 
бағдарламасын игеру үшін, оның ішінде ақылы негізде қос дипломды білім беру 
шеңберінде (ақылы негізде білім алушылар үшін, сонымен қатар білім беру гранты 
мен мемлекеттік тапсырыс иегерлері үшін) 6 аптадан кем емес мерзімде жазғы 
семестр ұйымдастырылады. Жазғы семестр 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс.
5.5. 
Жазғы семестр бітіруші курс студенттері үшін ұйымдастырылмайды.
5.6. 
Жазғы семестр білім алушыларға пәндер бойынша қанағаттанарлықсыз бағаны 
жоюға, қайта қабылдау немесе ауысу кезінде пайда болған пән айырмашылығын 
жоюға, бұрын игерілген пререквизиттерге байланысты жеке жоспарға түзетулер 
енгізуге мүмкіндік береді. 
5.7. 
Жазғы семестр шеңберінде білім алушы аптасына 2 кредиттен артық емес кредит 
меңгеруге құқылы.
5.8. 
Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі академиялық кредиттермен немесе 
академиялық сағаттармен өлшенеді. Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа 
тең. Бір академиялық сағат 50 минутқа тең. 
5.9. 
Университетте оқудың барлық кезеңінде білім алушы ЖБМЖБС және 
ЖООКБМЖБС анықтайтын кредиттердің қажетті санын меңгеруі тиіс.
5.10. 
Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі 60 академиялық кредит немесе 1800 
академиялық сағатқа сәйкес келеді. 
5.11. 
Семестр ішінде білім алушыларға академиялық кредиттердің аз немесе көп санын 
игеруге жол беріледі, бұл ретте оқу мерзімі артады немесе азаяды. 


26
5.12. 
Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу нәтижелері бойынша жеке оқу жоспарлары 
негізінде жұмыс оқу жоспарлары құрылады, әрбір ББ және кафедра бойынша оқу 
жүктемесі мен штаттық бірлік саны анықталады. 
5.13. 
Оқужұмыс жоспарлары факультет кеңесінің отырысында бекітіледі. 
5.14. 
Оқу сабақтары кестеге сәйкес жүргізіледі. Оқу сабақтарының кестесі оқу жылының 
әр семестріне құрастырылады және оны Академиялық мәселелер жөніндегі 
проректор бекітеді.
5.15. 
Оқу сабақтарының кестесі ББ жұмыс оқу жоспарларына сәйкес «Пән – Оқытушы» 
қағидаты бойынша жасалады. 
5.16. 
Сабақ кестесі оқытушылар мен білім алушылардың міндетті түрде орындауына 
қажетті құжат болып табылады.
5.17. 
Оқу сабақтарын тиісті кафедралардың ПОҚ-ы жүргізеді: профессорлар, доценттер, 
аға оқытушылар, оқытушылар, өндірістен тартылған тәжірибелі мамандар. 
5.18. 
Дәрістік сабақтарды ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты ғылыми 
дәрежесі, философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор дәрежесі, 
ғылыми атағы (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) бар, сондай-ақ 
тиісті ғылым магистрі дәрежесі бар және (немесе) аға оқытушы лауазымында 
кемінде үш жыл өтілі немесе бейіні бойынша кемінде бес жыл практикалық жұмыс 
өтілі бар оқытушылар қамтамасыз етеді. Дәрістерді оқуға және (немесе) басқа да оқу 
сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбек сіңірген мәдениет, 
өнер,спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе тәжірибелі 
мамандар тартылады. 
5.19. 
Дәрістік сабақтар мен оқу сабақтарының басқа да түрлерін өткізуге ғылыми 
қызметкерлер, 
мәдениет, 
өнер, 
спортқа 
еңбегі 
сіңірген 
қайраткерлері, 
шығармашылық одақтардың мүшелері, өндірістен тәжірибе-мамандар тартылуы 
мүмкін. 
5.20. 
Дипломдық жұмыстарды, дипломдық жобаларды, магистрлік диссертацияларды, 
магистрлік жобаларды, докторлық диссертацияларды басқаруды білім деңгейіне 
сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келетін оқытушылар жүзеге асырады.
5.21. 
Кафедра меңгерушілері семестр бойы ПОҚ-тың оқу сабақтарының өткізілуін, өзара 
сабаққа қатысуларын бақылайды, уақытша жұмысқа жарамсыздығы немесе ПОҚ-
тың іссапарлары болған жағдайда оқу сабақтарын ауыстыруды ұйымдастырады. 
5.22. 
Факультет декандары ПОҚ-тың оқу сабақтарын өткізуін, білім алушылардың оқу 
сабақтарына қатысуын, білім алушылардың ағымдағы үлгерімін және рейтинг
нәтижелерін, аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелерін, аралық және 
қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібін бақылайды. 
5.23. 
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да оқу үдерісі келесі оқу-әдістемелік құжаттамамен 
қамтамасыз етіледі: ББ; жұмыс оқу бағдарламалары (силлабустар); пәндердің 
электронды оқу-әдістемелік кешендері (ЭОӘК). 
5.24. 
Оқу-әдістемелік құжаттамалардың формасы, құрылымы, әзірлеу және бекіту тәртібі 
СҚУ 53 ІНҚ М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да Білім беру бағдарламаларын жасау және 
рәсімдеу ережесі және СҚУ 39 ІНҚ М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да оқу-әдістемелік 
құжаттарды ресімдеу және әзірлеу бойынша талаптар мен әдістемелік ұсыныстармен 
анықталады. 
5.25. 
ББ-ны Академиялық комитеттер әзірлейді, сараптамалық бағалаудан (ішкі және 
сыртқы) өтеді, Ғылыми кеңес бекітеді.


27
5.26. 
Кафедра меңгерушілерінің, факультет декандарының ББ жобалау және әзірлеу 
бойынша академиялық комитеттердің жұмысына араласуға құқығы жоқ. 
5.27. 
ББ бакалавриат білім алушыларына негізгі ББ-мен (Major) қатар қосымша ББ-ны 
(Minor) меңгеру мүмкіндігін беруі тиіс.
5.28. 
Даярлаудың барлық деңгейлерінің ББ модульдік қағидат бойынша құрылады, ұлттық 
біліктілік шеңберіне, салалық біліктілік шеңберіне және кәсіптік стандарттарға 
сәйкес әзірленеді және оқыту нәтижесіне бағдарланады. 
5.29. 
ББ, модуль, пән, кәсіби практика бойынша оқытудың әрбір нәтижесінің бағалау 
критерилері болуы тиіс және тиісті бағалау құралдарымен тексерілуі тиіс. 
5.30. 
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың қосымша ББ (Minor) БП циклі ЖОО компонетінің 
4 пәнінен тұрады, әрқайсысының көлемі 5 академиялық кредит, бір модульге 
біріктірілген. 
5.31. 
Жоғары білім берудің негізгі ББ (Major) мазмұны үш циклдік пәндерден тұрады: 
жалпы білім беретін пәндер (ЖБП), базалық пәндер (БП) және бейіндік пәндер (БП). 
ЖБП циклы міндетті компонент (МК) және таңдау компоненті (ТК) пәндерін 
қамтиды. Базалық пәндер мен бейіндік пәндер циклдары жоғары оқу компоненті 
(ЖООК) мен таңдау компонентінің (ТК) пәндерін қамтиды. 
5.32. 
ЖБП, БП, Бейіндеуші пәндер циклдерінің ЖООК және ТК жоғары білім беру ББ 
пәндерінің көлемі 5, 7 немесе 8 академиялық кредитті құрайды, ерекше жағдайларда 
2, 3, 4 кредит құрайды. 
5.33. 
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ББ екі цикл пәндерінен тұрады: ЖООК және 
ТК пәндерін қамтитын бейінді пәндер мен базалық пәндер. 
5.34. 
БП циклының ЖООК және ТК жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ББ 
пәндерінің көлемі ЖҚМЖМС-ға сәйкес анықталады, бейінді пәндер циклының 
көлемі 3 және одан да көп академиялық кредиттерді құрайды. 
5.35. 
ЖБП циклының «Дене шынықтыру», «Шет тілі», «Қазақ (орыс) тілі» пәндерінен 
басқа әрбір оқу пәнінің қайталанбайтын бір атауы болуы тиіс. 
5.36. 
Пәндер бірқатар білім салаларының түйіскен жерінде кадрлар даярлауды 
қамтамасыз ететін пәнаралық және көпсалалы сипатта болуы тиіс. 
5.37. 
Шет тілі, қазақ, орыс тілдерін оқыту деңгейлік моделге сәйкес жүргізіледі. Тілді 
меңгеру деңгейі мен сипаттамасы шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық 
құзыреттілігіне сәйкес келеді (А1, А2, В1, В2, С1, С2). 
5.38. 
Білім алушыларды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің әрбір ББ 
бойынша элективті пәндердің мазмұны туралы хабардар ету мақсатында ББ 
құрылымдық элементі болып табылатын элективті пәндер каталогы (ЭПК) 
әзірленеді. ЭПК-ге ЖБП, базалық пәндер және бейінді пәндер циклының ЖК және 
ТК –ның барлық пәндері енгізіледі. 
5.39. 
Оқу пәндерінің мазмұны, оқу процесін ұйымдастыру нысандары ЖБП циклінің 
үлгілік оқу бағдарламаларымен және пәндердің оқу жұмыс бағдарламаларымен 
(силлабустармен) айқындалады. 
5.40. 
Пәндердің оқу жұмыс бағдарламаларын (силлабустар) барлық пәндер бойынша дәріс 
сабақтарын жүргізетін оқытушы әзірлейді және факультет кеңесінің отырысында 31 
мамырға дейін бекітіледі. 
5.41. 
Пәннің бекітілген жұмыс оқу бағдарламасын (силлабус) М. Қозыбаев атындағы 
СҚУ-дың электрондық кітапханасында орналастырмаған оқытушы оқу сабақтарына 


28
жіберілмейді. Әрбір оқу сабағында оқытушыда бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы 
(силлабус) болуы тиіс. 
5.42. 
Кәсіптік практикалардың барлық түрлерінің мазмұны практикалардың оқу 
бағдарламаларымен анықталады. Кәсіптік практиканың әрбір түрі бойынша 
практиканың жеке оқу бағдарламасы әзірленеді. 
5.43. 
Практиканың оқу бағдарламаларын кафедра әзірлеп, 31 мамырға дейін факультеттің 
ОӘК бекітеді. Негізгі білім беру бағдарламасы (Major) және қосымша білім беру 
бағдарламасы (Мinor) іске асырылған жағдайда практика базасы болып негізгі білім 
беру бағдарламасының (Major) бейініне сәйкес келетін ұйым (кәсіпорын) 
анықталады. 
5.44. 
Бекітілген практиканың оқу бағдарламасы М. Қозыбаев атындағы СҚУ электронды 
кітапханасында орналастырылады. 
5.45. 
Білім алушыларды практиканың әр түрінің ерекшеліктері, кәсіптік практикадан 
өтуге қойылатын талаптар, оқу құжаттарын толтыру ережелері туралы хабардар ету 
мақсатында кафедралар кәсіптік практиканың әдістемелік ұсыныстарын әзірлейді, 
олар оқу жылы басталғанға дейін факультеттің ОӘК бекітеді және М. Қозыбаев 
атындағы СҚУ электронды кітапханасына орналастырылады. 
5.46. 
Қорытынды аттестаттау кестесін СТҚКО жасайды, Академиялық мәселелер 
жөніндегі проректор бекітеді. Аралық аттестаттау кестесін АҚД ОҮҚБ жасайды, 
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор бекітеді.. 
5.47. 
Егер ББ сәйкес қорытынды аттестаттау нысаны дипломдық жұмыс (жобаны) жазу 
және қорғау болып табылса, кафедра оқу жылы басталғанға дейін факультеттің ОӘК 
бекітетін дипломдық жұмыстарды (жобаларды) орындау бойынша әдістемелік 
нұсқаулар әзірлейді және ол М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың электрондық 
кітапханасына орналастырылады. 
5.48. 
Білім алушылардың пәндердің оқу жұмыс бағдарламаларымен (силлабустармен), 
практикалардың оқу бағдарламаларымен, қорытынды аттестаттаудың кешенді 
емтихан бағдарламасымен, кәсіптік практиканың әдістемелік нұсқаулармен, 
дипломдық жұмыстарды (жобаларды), магистрлік диссертацияларды (жобаларды), 
докторлық диссертацияларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулармен 
қамтамасыз етілуіне кафедра меңгерушісі оқу жылы басталғанға дейін жауапты 
болады. 
5.49. 
Оқу және оқу-әдістемелік материалдарды (оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, оқу 
құралдары, әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар, дәрістер курстары, тестілер, 
электрондық оқу басылымдары және т.б.) оқытушының бекітілген жеке 
жоспарларына, кафедралардың жұмыс жоспарларына, оқу және оқу-әдістемелік 
әдебиеттерді басып шығару жоспарларына сәйкес ПОҚ әзірлейді. 
5.50. 
Академиялық адалдық лигасының талаптарына сәйкес, аралық аттестаттау кезінде 
пәндер бойынша емтихандардың 90% жазбаша түрде, 10% компьютерлік және 
шығармашылық түрде жоспарланады.
5.51. 
Білім алушының оқу жүктемесі аудиториялық және аудиториядан тыс болып 
бөлінеді.
5.52. 
Білім алушының аудиториялық жүктемесіне дәрістік сабақтар, практикалық 
сабақтар, зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар жатады.
5.53. 
Білім алушының аудиториялық жүктемесінің үлесі пән көлемінің кемінде 30% 
құрайды. Пән көлемі 2 академиялық кредит болған жағдайда аудиториялық жүктеме 
көлемі 18 академиялық сағатты құрайды, пән көлемі 3 академиялық кредит болған 


29
жағдайда – 30 академиялық сағат, пән көлемі 4 академиялық кредит болған жағдайда 
– 45 академиялық сағат, пән көлемі 5 академиялық кредит болған жағдайда – 60 
академиялық сағат, пән көлемі 7 академиялық кредит болған жағдайда – 75 
академиялық сағат, пән көлемі 8 академиялық кредит болған жағдайда – 90 
академиялық сағат; 
5.54. 
Білім алушының аудиториядан тыс жүктемесіне білім алушының өзіндік жұмысы 
жатады. Білім алушылардың өзіндік жұмысы оқытушының басшылығымен 
орындалатын өзіндік жұмысқа (БОӨЖ) және білім алушының толығымен өз бетінше 
орындайтын жұмысына (білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ) бөлінеді.
5.55. 
БОӨЖ дәріс сабақтарын жүргізетін оқытушыға, дәріс сабақтары болмаған жағдайда 
практикалық сабақтар жүргізетін оқытушыға жоспарланады. 
5.56. 
БОӨЖ кафедра меңгерушісі бекіткен жеке кесте бойынша орындалады. Жұмыстың 
бұл түріне оқу бағдарламасының неғұрлым күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру, 
тапсырмаларды орындау, семестрлік жұмыстарды, есептерді және өзіндік жұмыстың 
басқа да тапсырмаларын бақылау кіреді.
5.57. 
Өзіндік жұмыстың барлық түрлері жұмыс оқу бағдарламасында (силлабуста) нақты 
тапсырмаларды, бағалау критерийлерін және оларды тапсыру кестесін көрсете 
отырып, міндетті түрде сипатталады. БӨЖ тапсырмалары пән модульдерінің 
санымен, ал тапсырмаларды тапсыру мерзімі модульдерді оқуды аяқтау 
мерзімдерімен анықталады.
5.58. 
Егер білім алушыға өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау қиын болмаса немесе 
оны алдын ала орындаса және пән бойынша БӨЖ тапсырмаларының барлық 
түрлерін тапсырса, БОӨЖ кестесі бойынша оның аудиторияда болуы міндетті емес. 
Сонымен қатар, білім алушының тапсыра алмаған жұмыстарын және ұпайларын 
көтеру бойынша тапсырмаларын оқытушы тек БОӨЖ-де қабылдайды. Басқа уақытта 
оқытушы білім алушының ұпайларын өтеуі және жетілдіруінен бас тартуға құқылы.
5.59. 
БОӨЖ кестесіне сәйкес оқытушының аудиториядаболуы міндетті болып табылады. 
БОӨЖ-дерді дәріс, практикалық, зертханалық немесе студиялық сабақтармен 
ауыстыруға рұқсат етілмейді. 
5.60. 
Пән бойынша білім алушының жалпы оқу жүктемесінде теориялық білім берумен 
қатар (аудиториялық және аудиториядан тыс жүктеме) 1 академиялық кредитке 3 
академиялық сағат есебінен емтиханға дайындалуға және тапсыруға жүктеме 
жоспарланады. 
5.61. 
Барлық ББ бойынша ҚБТ қолдана отырып, оқыту аудиториялық, БӨЖ, қашықтықтан 
оқытылатын сабақтардың үйлесіміне негізделеді. 
5.62. 
ҚБТ қолданылатын ББ бойынша аудиториялық, аудиториядан тыс сабақтардың, пән 
бойынша емтиханға дайындалу және тапсырубойынша академиялық сағаттардың 
ара қатынасының өзгеруі мүмкін. 
5.63. 
ҚБТ қашықтықтан оқыту сабақтарын on-line, off-line режимінде өткізу және білім 
алушылардың өзіндік жұмысы арқылы іске асырылады:

дәріс – бейне-сұхбат, вебинар; 

тәжірибелік және семинарлық сабақ – бейне-сұхбат, вебинар, форумдағы пікірталас, 
"Moodle" ҚББЖ-да on-line/off-line режимінде файлдармен және хабарламалармен 
алмасу;

зертханалық 
сабақ 

мультимедиа-технологияларды, 
ГАЖ-технологияларды, 
имитациялық модельдеуді және т.б. пайдалана отырып, бейне сабақ, файлдармен 
алмасу, 
виртуалды 
зертханалық 
практикумдар; 
тренингтік 
компьютерлік 
бағдарламалар (оқыту, ойын, зерттеу, тестілеу және т.б.), компьютерлік модельдердегі 
сабақтар, қашықтықтан қатынасу зертханаларындағы сабақтар; 


30

білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – вебинар, "Moodle" ҚББЖ-да
on-line/off-line файлдармен және хабарламалармен алмасу; 

өзін-өзі тексеру режимінде компьютерлік тестілеу (on-line, off-line). 
On-line режиміндегі оқу сабақтары сандық технологияларды (вебинарлар, 
бейнеконференциялар, Интернет желісі бойынша хабарламалар алмасу арқылы) 
қолдана отырып, нақты уақыт режимінде оқу кезінде өзара әрекеттесу үдерісін 
көздейді. 
Off-line режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы 
асинхронды өтетін (білім алушыға оқу материалын өзіне ыңғайлы кез келген 
уақытта меңгеру және байланыс құралдарын пайдалана отырып, педагогтармен 
қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін) оқу кезінде өзара әрекеттесу 
үдерісін көздейді. 
Бейнеконференциялар аясында келесі платформаларды пайдалануға болады: 
Bigbluebutton, Zoom, Microsoft Teams. 
Ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау түрлі технологияларды пайдалана 
отырып өткізіледі, оның ішінде онлайн-прокторинг технологияларын пайдаланады. 
5.64. 
ҚБТ бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда білім алушыларға 
әдістемелік көмек көрсету жүйесі ұйымдастыру апталары кезеңінде, сондай-ақ 
сессиялар арасындағы кезенде жүргізіледі және консультацияларды бірнеше 
нысанда көздеуі мүмкін: 

бетпе-бет жеке; 

e-mail, on-line хабарламалар арқылы қашықтықтан жеке; 

"Moodle" ҚББЖ форумы арқылы қашықтық топтар.
5.65. 
ҚБТ бойынша білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру 
үшін пәндердің электронды оқу-әдістемелік кешендері (ПЭОӘК) әзірленеді. Пәннің 
электронды оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы «М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да 
оқу-әдістемелік құжаттамаларды рәсімдеу және әзірлеу бойынша талаптар мен 
әдістемелік ұсыныстар» 39 ІНҚ 6.1. т. сәйкес анықталған. Материалдар контенті 
(ЖОЖ (силлабус), ПЭОӘК бейнематериалдар, электрондық оқулықтар) М. Қозыбаев 
(www.nkzu.kz) атындағы СҚУ-дың «Электронды кітапхана»ИС бас порталында 
орналастырылады. 
5.66. 
ПЭОӘК-ні оқытушы немесе оқытушылар тобы әзірлейді және 31 мамырға дейін 
факультет кеңесі отырысында бекітіледі. 
5.67. 
Электрондық кітапханада орналастырылған, бекітілген ЭОӘК болмаған жағдайда 
оқытушыға оқу жылына оқу жүктемесі жоспарланбайды. 
5.68. 
Білім алушылардың ЭОӘК-мен қамтамасыз етілуіне осы пән бекітілген кафедра 
меңгерушісі жауап береді. 
5.69. 
Экономика салаларының нақты қажеттіліктерін ескере отырып, білікті кадрларды 
даярлау моделін жетілдіру және практикалық-бағдарлы оқытуды іске асыру 
мақсатында М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да дуальді оқыту элементтері іске 
асырылуда.
5.70. 
Негізгі ББ бойынша оқу үдерісін үш тілде жоспарлау және ұйымдастыру мүмкіндігі 
бар: оқу тілінде, екінші және ағылшын тілдерінде. Бұл ретте оқу пәндерінің 50% оқу 
тілінде (мемлекеттік немесе орыс тілінде), 20% оқу пәндері – екінші тілде 
(сәйкесінше орыс немесе мемлекеттік) және 30% оқу пәндері ағылшын тілінде 
оқытылуы көзделеді. 


31
5.71. 
Интернатурада оқу сабақтары клиникалық кафедралар базасында ұйымдастырылады 
және өткізіледі.
5.72. 
Төтенше жағдай режимі және/немесе карантин режимі және/немесе шектеу 
шаралары режимі кезеңінде білім беру процесі М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 
қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру үдерісін 
ұйымдастыру ережелеріне сәйкес аралас және/немесе қашықтықтан және/немесе 
дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. 
5.73. 
Төтенше жағдай режимі және/немесе карантин режимі кезінде
5.61-тармақтардың 
қолданылуы тоқтатыла тұрады. 
5.74. 
Оқу сабақтары университетте бекітілген платформаларда өткізіледі. Пандемия, 
төтенше жағдай, карантин жағдайында білім беру процесі қашықтықтан білім беру 
технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қашықтықтан білім берудің 
негізгі жүйесі - LMS Moodle.nkzu.kz. Университет Moodle-ден басқа YouTube білім 
беру технологияларын қолдайды: Zoom, BigBlueButton, Google Classroom, YouTube 
арналары арқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет