М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет18/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78
Байланысты:
open-file

 
Бақылау сҧрақтары: 
7. Фольклорлық үлгілердің тарихи романдағы қызметі 
қандай? 
8. Тарихи туындыларда шешендік сӛздердің қолданудың 
кӛркемдік мәні қандай? 
9. Тарихи романдардағы кӛркем уақыт пен тарихи 
кеңістіктің байланысын қалай анықтауға болады? 
 
 
 


170 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


171 
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
 
№1 практикалық сабақ
Тақырыбы. Кӛркем әдебиеттегі тарихилық мәселесінің 
зерттелуі 
Жоспары:
1. Тарихи романның зерттелуі 
2. Жанр және роман 
3. Тарихилық проблемасы 
4. Оқу және талдау: М.Әуезов «Абай жолы» 
Әдістемелік нҧсқау. Бұл сабақ топтық жұмыс түрінде 
ӛткізіледі. Сабақта студентке тӛмендегі жұмыстарды орындау 
ұсынылады. 
Бақылау сҧрақтарына жауап беру:
6. Тарихилық ұғымына анықтама беріңіз. 
7. Тарихилық қандай таным кезеңдерімен байланысты? 
Глоссариймен танысу:
Роман (ХІ-ХІІ ғасырларда роман тілдеріне жазылған әр 
түрлі шығармалар атауынан шыққан) – күрделі және дамыған 
сюжетті, кӛбінесе қара сӛзбен, кейде ӛлеңмен жазылған кесек 
тұлғалы эпикалық әдеби шығарманың бір түрі. Романның 
жекелеген нұсқалары ерте дәуірден белгілі. Дегенмен оның 
жаңалық сипаттары бертінде қалыптасты қазақ әдебиетінде 
М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Т.Жомартбаевтың «Қыз 
кӛрелік», С.Кӛбеевтің «Қалыңмал», С.Торайғыровтың «Қамар 
сұлу» романдарынан бастау алған бұл жанр Кеңес үкіметі
қалыптасып, жан-жақты дамыды. Қазақ романын кӛркейтуде 
М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің, Х.Есенжановтың, 
Ә.Нұрпейісовтің, 
І.Есенберлиннің, 
Т.Ахтановтың,
М.Мағауиннің т.б. еңбектерібар. Қазіргі заман әдебиетінде 
романның түрлі типтері қалыптасқан. Олар: әлеуметтік-
психологиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, т.б. 
роман-эпопеялардың пайда болуы романның дамуына кең 
мүмкіндіктерін танытты. Елдің жағдайына зор әсер еткен аса 
ірі тарихи оқиғаларды, халықтың тарихтағы шешуші күшін 
кӛрсететін роман-эпопеялар әдебиеттен барған сайын кең орын 
алып келеді. 


172 
Эпопея (грек. epopoiia – тудыру, жазу) – эпостық 
шығарманың бір түрі; белгілі бір немесе бірнеше тарихи 
дәуірдің типтік оқиғаларын кең кӛлемде суреттейтін, бірнеше 
ұрпақ ӛкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырыптың 
арнасында, кӛркемдік тұтастықта баяндайтын поэзиялық не 
прозалық кесек туынды. Алғаш Еуропа әдебиетінде эпопеялық 
шығармалар фольклорлық дәстүр арасында тақырыбы немесе 
бас кейіпкері ортақ жеке жырлардың (“Илиада”, “Одиссея”) 
жинақталуы 
нәтижесінде 
кӛрінді. 
Ал 
түркі-моңғол 
халықтарының ауыз әдебиетінде ерлік істерімен аты шыққан 
батырларға (мысалы, “Манас” эпосы) арнап айтылған мадақтау 
ӛлеңдерінің негізінде қалыптасты. Жаңа дәуірде бұл дәстүр 
жазба әдебиетінде дамыды. Осының нәтижесінде белгілі бір 
тарихи кезеңде немесе бір тарихи оқиғаны терең толғап, жан-
жақты суреттейтін роман не роман циклдері туды.Орыс 
әдебиетінде Л.Толстойдың 
“Соғыс 
және 
бейбітшілік”, М.Шолоховтың “Тынық Дон”, қазақ әдебиетін-
де М. Әуезовтің “Абай жолы”, т.б. романдар эпопеяға жатады. 
Эпопеяға тән ортақ қасиет – тарихи тақырыптың терең әлеум. 
идея арнасында баяндалуы, оқиғаның реалистікпен суреттелуі, 
кейіпкер сипатының байсалды түрде даралануы, тіл нәрлілігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет