М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет16/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78
Байланысты:
open-file

Бақылау сҧрақтары: 
1. Аңыздар 
мен әпсаналардың кӛркемдік қызметін 
анықтаңыз. 
2. Тарихи ӛлеңдер мен жырлардың тарихилық принципі. 
3. Тарихи 
туындыларда этнографиялық дәстүрлерді 
суреттеудің қандай маңызы бар? 


149 
14-дәріс. Мақал-мәтелдердің кӛркемдік қызметі 
Трилогияда батырлар мен билердің мінез-құлқын, ақыл-
парасатын, ой-ӛрісін бейнелеуді жиі қолданған ұсақ
жанрлардың бірі – мақал-мәтелдер болып табылады. 
Жазушының мақал-мәтелдерді кӛп қолдануы шығарманың 
кӛркемдігін, поэтикалық қуатын арттыра түседі. 
«Алмас қылыш» романында хан, хандық, билік туралы 
«Таста тамыр, ханда бауыр жоқ», «Хан сырын білгеннің қаны 
тӛгілсін», «Жауыз ханнан құтылғың келсе, оның жауыз 
баласына сені хан етем де», «Қара қазақ баласы – әкесінің 
баласы, хан тағының баласы – әкесінің ажалы», «Нар мойны 
кесілген, Бердібек хан ӛлген кез» деген мақал-мәтелдер 
кездеседі. Ал мәмілегерлік, келісімге келу, халық тұрмысы 
туралы мақал-мәтелдер «Аталы сӛзге арсыз тоқтамас», «Кӛктен 
сұрағаны жерден табылады», «Жылы-жылы сӛйлесе, жылан 
іннен шығады», «Кигіз жамылған су болмас», «Күз келері 
кӛктемнен мәлім», «Мал ашуы – жан ашуы» түрінде кездеседі. 
Мақал-мәтелдер арқылы автор Хақназардың егіз ұлынан
бірдей айрылса да, егіліп ез болмай, қайтпас қайсарлы қатты
мінезін «таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ» деп
бейнелесе, Тәуекел ханның жау оғына ұшып ауыр
жараланған кезде жанына жақын адам таба алмай жалғыз
қалған халін күшті кезінде серік болған одақтастарының
енді жалғыз тастап кеткенін «жалған дос кӛлеңке тәрізді, күн
шықса жаныңнан қалмайды, аспанда бұлт торласа қасыңда
болмайды» деп бейнелейді. Жазушы мақалдарды бірде 
кейіпкерінің аузына салса, енді бірде ӛз кӛзқарасын білдіру
үшін қолданады. Ал «Асылдан асыл туады», «Әке – балаға 
сыншы», «Аға ӛлсе, ініге мұра», «Аға тұрғанда іні сӛйлеу – 
сӛкет», «Аға тұрғанда, іні алға шықпас», «Ағайын жоқ болсаң 
бере алмайды, бар болсаң, кӛре алмайды», «Алтау ала болса, 
ауыздағы кетеді», «Тірінің тіршілігі бар», «Он бесте отау иесі», 
«Құм жиылып тас болар», «Құс ұша түзеледі», «Тісі шыққан 
балаға шайнап берген ас болмайды», «Қарға қарғаның кӛзін 
шұқымас» секілді мақал-мәтелдер үлкенді сыйлауға, кішіге 
қамқор болуға, бірлікті сақтауға үйретеді.


150 
Ғибрат сӛздер романның тұла бойына ӛң беріп, ажар кіргізіп 
тұрады. Мақал-мәтелдерді қай қырынан қолданса да автор
жетістігі – кейіпкер бойындағы ақылдылық, әскери
дарындылық, табандылық, айлакерлік секілді қасиеттерді
таныта алғандығы. Отан қорғау, батырлық, ерлік туралы 
туындаған халық мақал-мәтелдері негізінен халықтың ой-тілегі, 
арман-мүддесі, отансүйгіштік сезімі қандай екенін байқатып 
отырады.
«Қаһар» романында да І.Есенберлин жазушылық шеберлігін 
танытқан. Кейіпкерлердің қай-қайсысы да бос сӛзділікке 
салынбайды, ӛзінің ойын тиянақты, тұжырымды, қысқаша 
жеткізеді. Тарихи шығарманың идеясы батырлық, қаһармандық, 
отансүйгіштік тәрбие беруге негізделетін болғандықтан, 
шығармадағы ерлікке, ел басқару ісіне, адамгершілікке арналған 
«Ет жарасы біткенмен, ер жарасы біте ме?», «Ер шекіспей 
бекіспейді», «Есің барда, елің тап», «Қоянды қамыс, ерді намыс 
ӛлтіреді», «Құрыш отта асылданады, халық күресте шынығады», 
«Ел ӛссе, ер ӛседі, ер ӛссе, шер ӛшеді», «Ажалың келсе, алтын 
сандық ішінде тығылып жатсаң да табады, ал ажалың жоқ болса, 
жаңбырдай жауған оқтан да адам тірі қалады», «Қашқан жауға 
қатын ер», «Қорқақ ит үреген келеді», «Сақтықта қорлық жоқ», 
«Берсе қолынан, бермесе жолынан» секілді нақыл сӛздер жас 
ұланды Отанын қорғауға, елін-жерін сақтауға тәрбиелейтіні хақ.
Сонымен қатар қазақ халқының шешендігі, аталы сӛзге 
тоқтаған тоқтамы бар екені, сӛз қадірін түсінуге баулитындығы, 
адам мінезінің қыр-сырын түсінуге тәрбиелейтіндігі «Бас 
кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Әліпті таяқ деп білмеу», «Ақ 
дегенім – алғыс, қара дегенім – қарғыс», «Аңдамай сӛйлеген, 
ауырмай ӛледі», «Аталы сӛзге арсыз тоқтамас», «Қырық бір 
жақ, қыңыр бір жақ», «Бүйректен сирақ шығару», «Топпен 
кеңесіп пішкен тон келте болмас», «Ел құлағы елу», «Қалауын 
тапса қар жанады» деген нақыл сӛздерден кӛрінеді.
Ал жазушының оқиға орайына қарай қолданған әрқилы 
мағынадағы 
мақал-мәтелдері, 
нақыл 
сӛздері, 
ғибратты 
тіркестері шығармаға ерекше ӛң беріп, жарасымды орын тапқан. 
«Суға кетер бала дариядан шегінбейді», «Диірменде туған 
тышқан дүрсілден қорықпас», «Түсіп қалған мұзалимнің (кӛне 


151 
түркі тілі: қызмет дәрежесі деген мағынада) биігі жаман», 
(«Алмас қылыш» романы), «Таста тамыр жоқ, ханда бауыр 
жоқ», «Ер азбай, ел азса – айдын кӛлдің суалғаны, ел азбай ер 
азса – зор бәйтеректің құлағаны» («Жанталас» романы), «Бүлік 
басы бұзықта», «Ӛзен қайда құйса, тамшы да сонда құяды», 
«Қыран жете алмас қия жоқ, жаужүрек ӛте алмас мия жоқ», 
«Дастарқан басында отырып қонақ аяғын алшақ кӛсілмес 
болар», «Жемін сезсе жиырылған кірпі бауырын жазады», 
«Сабасына қарай піспегі, сақалына қарай іскегі», «Бӛлтірікті 
қанша асырасаң да тоғайын аңсайды», «Қақпанды қоя білмеген 
қасасын алдырар», «Қыран қартайып ӛлмейді, қайғырып ӛледі», 
«Жылы-жылы сӛйлесе жылан іннен шығады, қатты-қатты 
сӛйлесе мұсылман діннен шығады» («Қаһар» романы) секілді 
сӛз оралымдарында адам мінезінің күрделі иірімдеріне бойлау, 
адам санасының тереңіне сүңгу, адам қиялының қиянына самғау 
байқалады. 
Кӛркем 
туындыда 
мақал-мәтелдер 
шығарма 
тілін 
шұрайландырып, 
кӛріктендіріп, 
айтар 
ойдың 
жүйесін 
қиыстырып, 
арттырып, 
ширатып 
тұрады. 
Жазушы 
Қ.Мұханбетқалиұлының шоқтығы биік туындысы «Тар кезең» 
тарихи романында тақырыптық жағынан әр алуан мақал-
мәтелдер қолданылған. Бұл романға арқау болған – тар кезеңде 
жерге байланысты туындаған халықтың ыза-кегіне суырылған 
ақ семсерлі, айбарлы, намысты азаматтардың қара қазан, жас 
бала үшін тәуекел деп атқа қонуы. Тарихи романда қарадан хан, 
айырдан нар болған қазақтың шешен биі Байбақты Сырым 
батыр бастаған Кіші жүздің ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы ұлт-
азаттық кӛтерілісіне арналған және сол қозғалыстың шынайы 
шежіресі зерделенген.
Романда кейіпкер бейнесін ашу үшін «Ханның намысы – 
халықтың намысы», «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына», 
«Қарашасының қыбын таппаған ханнан без, елінің еркіне 
жығылмаған бектен без»; портрет жасауда «Келіннің аяғынан, 
қойшының таяғынан», «Біткен істің кемі жоқ, бітірген ердің 
кемі жоқ»; кейіпкердің ішкі жан дүниесін, психологиясын 
беруде «Құсы ауған кӛл жетім, елі ауған жер жетім», «Кӛз – 
қорқақ, қол – батыр»; кейіпкердің әлеуметтік жағдайын кӛрсету 


152 
үшін «Еруліге – қарулы», «Ӛсер елдің баласы бірін-бірі 
батырым дейді», «Текпен озған тӛреден мимен озған қара 
артық», бағалау, басу айту, сабырлыққа шақыру мақсатында: 
«Темірді қызған кезінде соқ», «Сабыр түбі – сары алтын», 
«Құдай салды, біз кӛндік», «Ағайынның азары болғанмен, безері 
болмайды», ғибрат, ӛсиет айту, ұлттық дүниетанымды (салт-
дәстүрді) сипаттау үшін «Келісіп пішкен тон – келте болмақ 
емес», «Сӛз қуған – бәлеге жолығады», «Үндемеген – үйдей 
бәледен құтылады», «Әр елдің салты басқа, иттері қарақасқа», 
«Мейманыма тиіссең – маған тиіскенің болады», «Батамен ел 
кӛгерер», «У ішсең – руыңмен», «Аңдыған – алмай қоя ма», 
«Жау жағадан алғанда, бӛрі – етектен» деген ғибрат сӛздер 
сюжетке жымдаса қолданылған. 
Тіл байлығын жазушының молынан пайдаланғандығы 
романға әр беріп, кӛріктендіре түседі: «ары аяққа басылған», 
«намысқа буынып ӛле жаздаған», «мың қаралы адам», «жаумен 
жан аямай шайқасқан жігіттер», «жер аяғы кеңісімен», «аттың 
жалы, ататны» қомында», «етек-жеңін тез жиып алған», «қас 
пен кӛздің арасынша», «кӛзден таса болғанша», «тоқсан ауыз 
сӛздің 
тобықтай 
түйіні», 
«тұқымын 
тұздай 
құрту», 
«бақайшығына дейін мұздай қаруланған», «қанын шелектеп 
тӛккізгенін», «сап тиыла қалды», «терезесі темірмен 
шілтерленген», «табан тіреп тұрып», «аш ішектей созылып 
жатқан». Бұл фразеологизмдер орынды қолданылуы себепті 
туындының кӛркемдігіне қызмет етіп тұр.
Ал кейіпкерін сомдауда «жалбыраған ақшулан қабағы 
жауып кеткен кішкене сұрғылт кӛзін ашып», «қазықтай 
шаншылып отырған хан», «дауысы шолақ мылтықтың 
дыбысындай келте шықты», «сонардың кіршіксіз ұарындай сұп-
суық боп тына қалып», «білектей-білектей қап-қара қос 
бұрымы», «тӛре қыздарына тән сабаудай ұзын кірпіктерін анда-
санда ған бір қағып», «шытырадай аппақ шалмасын басына 
жеңіл ғана орай салған молда жігіт» секілді сұлу тіркестерді 
мінездеу үшін қолданса, «қаймана қазақтың қалаңғыры мен 
қасаңғырынан әлгіндей сӛз естігенше», «міскін халге душар 
болу», «қысастығы кеңірдектен келген», «жүні жығылыңқы 
елдің еңсесі», «жалтаңкӛз жат адамның мойнындағы 


153 
ажырғысынан, жалынышты кӛзқарасынан жүрегің сыздап», 
«ондай обыр құлқын иесінің оппа ӛңешін» сынды сирек 
кездесетін тіркестер қаһарманның ішкі жан-дүниесін, кӛңіл-
күйін суреттеу үшін орынды пайдаланылған. 
Қ.Мұханбетқалиұлының 
«Тар 
кезең» 
романында 
қолданылған мақал-мәтелдердің дені халықтық сипатқа ие, 
автор оларды негізінен түпнұсқа күйде берген. Жазушы ұлттық 
тілдің бай қазынасы – сӛздік құрамын мейлінше шебер 
пайдаланып, әр сӛзін, сӛйлемін, тұтас мәтінін мәнерлі, ӛткір 
шебер тілмен ӛрнектеген және оларды белгілі бір стильдік 
мақсатпен ұтымды пайдаланып отырған. Жазушы шығарма 
тіліндегі суреттеліп отырған заман мен оқиғаны жан-жақты 
ашып кӛрсету және мүмкіндігінше шындыққа сай беру үшін 
басқа тілден енген сӛздерді молынан қолданады. 
«Тоқсан ауыз сӛздің тобықтай түйіні бар» демекші, ауыз 
әдебиетінің қазынасында мақал-мәтелдің алатын орны ерекше. 
Егер эпостан халықтың бастан кешкен қаһармандық 
оқиғаларының кӛркемделген ізін, сол істердің жинақталған 
ұғымын елестетсек, айтыста замананың кӛкейкесті мәселелеріне 
баға мен үкім берілсе, мақал-мәтел ел ӛмірінде орын тепкен 
барлық құбылыстарға тұжырымды, қысқаша қорытынды 
жасаған энциклопедия тәрізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет