М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз «командасын» жинады. Партия мен мемлекет басшылығына жаңа адамдар келді



бет2/2
Дата17.01.2023
өлшемі22,07 Kb.
#61578
түріКонспект
1   2
Байланысты:
9 сынып тарих Қайта құру

Тезистер

  • КСРО құрамындағы одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі кезең басталды.

  • 1985 жылдың көктеміне қарай елде экономикалық реформа жүргізу қажеттігі айқын сезілді.

  • 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің бас хатшысы болып М.С. Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды.

  • М.С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз «командасын» жинады.

  • 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды.

  • Онда қоғамды түбегейлі өзгерту жөне әлеуметтік экономиканы дамытуды тездету тапсырылды.

  • М.С. Горбачев саясатының ұраны: жариялық, жеделдету, қайта құру.

  • Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды.

  • Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді.

  • М. Горбачев командасы экономика мәселелерін әлі бұрынғыша әмір беру әдістерімен шешуге болады деген сенімнен арылмады.

  • Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады.

  • 1987 жылғы Маусым пленумы әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды.

  • Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды.

  • 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-нің егемендігі жөніндегі декларация қабылданды.

  • Қазақстанда одақтық заңдардан республикалық заңдардың басымдығы туралы ұстаным жария бола бастады.

  • 1990 жылы желтоқсанда Қазақстан президенті болып Н.Ә. Назарбаев бекітілді.

  • Қазақстанда «Қазақ КСР-індегі меншік туралы заңның» қабылдануы экономикада түбірлі бетбұрыс жасап, нарықтық қатынастарды енгізудің бастамасы болды.

  • Алайда республика бұрынғыша шикізат көзі болып қала берді. Рухани идеологиялық өмір отарлау жүйесінің толық ықпалында болды.

  • Ғылым мен ағарту саласында қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды.

  • Аса маңызды мәселелердің барлығы Мәскеуде шешіліп отырды. Республикалар егемендігі сөз жүзінде ғана болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет