Дене дайындығы



Дата31.12.2021
өлшемі15,99 Kb.
#22193
Байланысты:
2.10.21ж Дене шынықтыру


Жалпы дене дайындығы және қозғалмалы ойындар. 

Тапсырмалар:



  1. Жалпы дене дайындығы дегеніміз не?

Дене дайындығы, спортшының жан-жақты және дене мүмкіншілігінің дамуы болып табылады. Осыған байланысты ол жалпы және арнайы деп бөлінеді. Жалпы спортшы өз денесін үйлесімді жетілдіруге ағзаның қозғайтын бұлшық еттерді дамытуға, организмнің барлық мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, функционалды және үйлесімді қозғалыстарды жақсартуға, күшті, жылдамдықты, шыдамдылықты, икемділікті және иілгіштікті өсіруге бағытталған. Осы міндөттерді шешу көп жағдайда дененің жан-жақты дамуы мен денсаулық деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Арнайы дене дайындығы спорттың маманданып жатқан түрінің талаптарына сәйкес спортшы ағзасы мүмкіндіктерінің, барлық дене мүшелері мен жүйелерін жоғары деңгейде дамытуға бағытталған. Жалпы денені дамытатын және арнайы дайындықта пайдаланылатын сан-салалы жаттығулар түрлі тәсілдермен орындалады. Оның негізгі түрлері: қайталау, аралас, аралық, бірқалыпты, екпінді, бақылау, "барынша", өте жоғары қарқындылық, жеделдету, ойындық, жарыстық. Осы тәсілдердің әрқайсысы спорттың әр түрінің ерекшеліктері мен түрліше дене қасиеттерін дамытуға сәйкес көлетін тәртіптері бар

2. Қозғалмалы ойындардың пайдасы туралы ақпарат даярлау. Қандай қозғалмалы ойындарды білесіз? 

      Қозғалмалы ойындар – ұзақ ақыл-ой іс-әрекетінен кейінгі жақсы белсенді демалыс, сондықтан олар мектеп қоңырауларында, ұзақтылған күн топтарындағысабақтар аяқталған кезде немесе мектептен келгеннен кейін үйде өте қолайлы.

      Қозғалмалы ойындар сауықтандыру әсерін беретін ойын үрдісіндегі балаларда туатын функционалды және эмоционалды көтерілу аурушаң балалардың денсаулығын қалыпқа келтірудегі арнайы емдік мақсаттарға да қолданылады.



Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен (жалпы қолданылған, жетекші немесе ойнаушылар орнытқан) бөлшекті шектелуі мүмкін. Қозғалмалы ойындар мазмұны оның сюжеті (тақырыбы, идеясы), ережесі және қозғалыс әрекеттері қарайды. Мазмұны ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзат тәжірибесінен келіп шығады.       Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс әрекеттері алуан түрлі. Олар болуы мүмкін, мысалы, еліктеуші, бейнелі – шығармашылық, ритмикалық (ырғақты); ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуы мүмкін. Ойындарда бағыттың аяқ асты өзгеруі және қозғалыс кідірісі бар қысқа жігірулер; қашықтыққа және нысанаға әртүрлі лақтырулар; кедергіні секіріспен, күш қолданумен жеңіл шығу; арнайы дене даярлықтары үрдісінде меңгерілген алуан түрлі қозғалыстардың қолданылу білігін талап ететін әрекеттер кездеседі. Осы барлық әрекеттер әртүрлі комбинациялар мен үйлесімдер орындалады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет