М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау



бет125/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   142

4.9. детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау


Детальдарды немесе жинақ бірліктерін немесе қосылыстарды қалпына келтіруге кіріспестен бұрын техникалықпен қатар экономикалық сұрақтарды да шешіп алуға тура келеді. Техникалық сұрақтарға жөнделетін нысанның құрылымдық және технологиялық ерекшеліктері жатады, ал экономикалық сұрақтарға қалыпқа келтірудің тиімділігін жатқызуға болады.


Бөлшектер мен жинамалы бірліктердің құрылымдық-технологиялық ерекшеліктері былай бөлінеді: құрылымдық сипаттамаларына – форма- лары, мөлшерлері, материалдары, термиялық өңделуі, дайындау дәлдігі, беттердің қаттылығы мен кедір-бұдырлығы, ілінісу сипаты кіретін бол- са, жұмыс жағдайына – жүктеменің сипаты мен шамасы, үйкеліс түрі, тозу сипаты мен шамасы жатады.
Жөндеу практикасында бөлшектердің тозған беттерінің дұрыс фор- масы мен өлшемін номинальді қалыпқа келтіру үшін металл жамылғыны дұрыс көреді. Қалыпқа келтіру үшін металл жамылғыны дұрыс көреді. Қалыпқа келтіру құны жөндеу кәсіпорнының мамандандырылғанына, қуатына, технологиясының жетілгендігіне, өндірісті ұйымдастыруына және технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуіне байланыс- ты болады. Бөлшектерді тұтастай етіп қалыпқа келтіру үшін төменде берілген негізгі байланысты пайдаланады:
Mp = 08МП кДи,
мұндағы, Mp бөлшектерді Сш – қалпына келтіруде толықтай өз құнының пайызындағы жөндеу материалдарының шығыны; МП – бөлшектерді СТ – қалпына келтіруде толықтай өз құнының пайызындағы материалдарының шығыны; Ди – бөлшектерді СТ – қалпына келтіруде толықтай өз құнының пайызындағы төлемақы шығындары; К – аталған бөлшектерді қалпына келтіру мен өндіріс кезіндегі шығындарға байла- нысты коэффициент.
Бөлшектердің ақауларын жоюдағы әдісті таңдау кезінде қолдану критерийі мен техникалық экономикалық критериін басшылыққа алуға болады [18].
Қолдану критерийі төменде берілген функциямен беріледі:
КМ = (MД; ИД; ПД, НД, Ti ),
мұндағы: MД бөлшек материалы;
ФД; ПД; – бөлшек бетінің қалыпқа келтірілетін формасы мен диаметрі;
ИД; – қалыпқа келтіруге жататын бөлшектің тозуы;
НД; – жүктемені бөлшектің қабылдауындағы шамасы мен сипаты;

Ti
– рациональды қолданудың аймағын анықтайтын әдістің

технологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
Қолдану критерийі аталған бөлшектерді қалыпқа келтіру үшін ақауларды жойып жіберетіндей әдісті таңдауға мүмкіндік береді.
Ұзаққа жарамдылық критерийі төмендегі функциямен белгіленеді:
КД = f1(kT, kш, ki),
мұндағы, kT, kш, ki – ілінісудің, шыдамдылықтың, тозуға төзімділіктің коэффициенттері.
Ұзаққа жарамдылық критериі қалпына келтірілген бөлшектердің жұмысқа жарамдылығын анықтайды.
Техникалық-экономикалық критерий екі аргументтің функциясы түрінде анықталады:
Ккэ = f2(КП, Э)
мұндағы, КП – өнімділік әдісінің коэффициенті; Э – әдіс үнемділігінің көрсеткіші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет