БАқылАу СҰРАқТАРы
Механикалық өңдеумен жөндеудің қандай түрлерін білесіз? Олар- ды сипаттаңыз, қолдану аясын айтып беріңіз.
Жөндеу өлшемдері бойынша жөндеу әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
244
Қысыммен өңдеп жөндеу әдістерінің қандай түрлерін білесіз? Оларды қандай жағдайларда қолданады?
Газдық, электрдоғалық және дірілдоғалық балқытудың мәні неде? Бұл әдістермен бұзылулардың қандай түрлерін жоюға болады?
Пісіру және балқыту кезінде материалдардың қандай түрлері қолданылады?
Флюстер не үшін қажет?
Құбырлы электродтың құрылысы қандай?
Металдандыру процесінің мәні неде? Осы процестің түрлерін атаңыз және сипаттаңыз.
Металдандыру процесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атап көрсетіңіз.
Электролиттік өсіру процесінің мәні неде?
Электролиттік өсіру процесінің түрлерін атаңыз және жөндеу тәжірибесінде не үшін қолданылады?
Детальдар мен жинақ бірліктерді дәнекерлеп қалпына келтіру қалай жүргізіледі?
тарау. МАшинА дЕТАлЬдАРы МЕн ТОРАПТАРын ЖөндЕу ТЕхнОлОГияСы
Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен)
Біліктер класына айналу денелеріне ұқсас пішіні бар және айна- лу моментін бере алатын детальдар жатады. Біліктер мен осьтерде төмендегідей ақаулар болуы мүмкін: отырғызу мойыншаларының то- зуы; бұранда, оймакілтек ойықтарының жұмыс беттерінің мыжылуы мен тозуы; біліктің майысуы; сызаттар мен бүлінулер және т.б.
Біліктің немесе осьтің майысуын оны салқын күйінде немесе ал- дын ала қыздыру арқылы түзетеді. 1 м ұзындықтағы диаметрі 80 мм- ге және майысуы 8 мм-ге дейінгі біліктерді салқын күйінде престерді пайдалану арқылы, ал өлшемдері бұдан жоғары біліктерді қыздырудың көмегімен түзетеді. Өңделген біліктердің үлкен емес майысуларын (1 м білік ұзындығына 0,1...0,3 мм) ажарлаумен-ақ жөндейді. Түзетуден соң ішкі кернеулерді түсіру үшін білікті термиялық өңдеуге салады (4500С- қа дейін қыздырып, осы температурада 0,5...1 сағ аралығында ұстау).
Біліктердің отырғызу мойыншаларын номиналды өлшемге дейін балқытумен, металдандырумен, электролиттік жабындымен, полимер- лермен, пластикалық деформациялау тәсілімен, втулканы престеумен және т.б. қалпына келтіреді. Отырғызу мойыншаларының өлшемдерін қалпына келтірудің ең көп тарағаны – балқыту тәсілі. Балқытуды көбінесе бұрама сызық бойымен орындайды (5.1 а-сурет), ал қаттылығы жоғары емес біліктерді жөндеуде білікшелерді біртіндеп қою тәсілі қолданылады (5.1 ә-сурет). Балқымадан соң білікті қажетінше түзейді, мойыншаларды номиналды өлшемге дейін ажарлайды.
5.1-сурет. Біліктерді балқытып қаптастыру сұлбалары:
1 – бұрама сызығымен; ә – білікшелер қоюмен; сандар білікшелерді қою ретін көрсетеді
Біліктердің оймакілтекті беттерінде тозық, майысу және жұмыс беттерінің желінуі байқалуы мүмкін. Диаметрі 80 мм-ден
жоғары біліктердің оймакілтекті бөліктерін қолдық немесе бойлық білікшелермен автоматты түрде балқытады. Біліктің деформациясын азайту үшін балқыманы 5.2-суретте көрсетілгендей кезекпен қояды. Оймакілтек ені 5 мм-ге дейінгі оймакілтекті беттерді көбінесе толықтай балқытады. Жөндеудің кез келген тәсілінде оймакілтектердің соңғы өлшемдерін механикалық өңдеумен алады.
5.2-сурет. Оймакілтектік біліктерді балқытып қаптастырудың реті (сандар балқытып қаптастырудың кезегін көрсетеді)
Кілтек ойықтарында да оймакілтектердегідей ақаулар болуы мүмкін. Кілтек ойығының ені бойынша 15%-ға дейін тозуы байқалған жағдайда оның жөндеу өлшемін фрезерлеу арқылы алады. Егер ойық енін үлкейту арқылы оның геометриялық формасына қол жеткізе алмаған жағдайда, бұзылған ойыққа 90...1200С-қа жылжытып, жаңасын фрезерлейді, ал ескісін балқытып жауып тастайды. Шамалы желінген бұрандаларды токарь станогінде бұрандакескіш көмегімен немесе темірұсталық әдістермен түзетеді.
Білік класына жататын детальдарды топтық әдіспен жөндеудің типтік технологиялық маршруттарын жасау үшін оларды төрт технологиялық топқа біріктіреді.
Бірінші топқа токарлық-бұрамакескіш және дөңгелек ажарлау ста- ноктарында ұсталық және механикалық өңдеу арқылы жоюға болатын ақаулары бар біліктер жатады.
Екінші топқа токарлық-бұрамакескіш, фрезерлік және дөңгелек ажарлау станоктарында ұсталық және механикалық өңдеу арқылы жоюға болатын ақаулары бар біліктер кіреді.
Үшінші топқа тозған (бүлінген) беттерді өсіруді талап етіп, сонан соң токарлық-бұрамакескіш және ажарлау станоктарында ұсталық және механикалық өңдеу арқылы жоюға болатын ақаулары бар біліктерді біріктірілген.
Төртінші топқа токарлық-бұрамакескіш, фрезерлік және ажарлау ста- ноктарында ұсталық өңдеумен, тозған беттерді өсірумен және өсірілген беттерді механикалық өңдеумен жоюға болатын ақаулары бар біліктер кіреді. Жөндеу кезінде өңдеу сипатына байланысты алынған біліктер
класына кіретін детальдар классификаторының жобалық мазмұны мен көп кездесетін ақаулары 5.1 және 5.2-кестелерде берілген.
5.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |