Типтік детальдарды базалау мысалдары. 1.19-суретте [24] негізгі жабдықтар (үш тірек) және екі бүйір беттер (екі және бір тірек) бойынша дайындаманың 1 жабдықтағы 2 алты тірекке 3 орнатылуы көрсетілген. І, ІІ және ІІІ беттер технологиялық базалар болып табылады. Берілген ба- залау сұлбасы бойынша дайындама барлық алты еркіндік дәрежесінен айрылған және қабылданған координаталар жүйесімен салыстырғанда белгілі бір жағдайға орналасқан.
Дайындаманы немесе бұйымды үш еркіндік дәрежесінен, яғни бір координата осі z бойымен жылжудан және басқа екі ось (х және у) бой- ынша бұрылудан айыратын бет І қондыру базасы деп аталады.
49
4–8708
1.19-сурет. Дайындаманы алты тірекке базалау:
1 – дайындама; 2 – бекіту жабдығы; 3 – тіректер; I, II, III – беттер
Дайындаманы немесе бұйымды екі еркіндік дәрежесінен, яғни бір координата ось у бойымен жылжудан және басқа ось z бойынша бұрылудан айыратын бет ІІ бағыттаушы база болып табылады. Ал дай- ындаманы немесе бұйымды бір еркіндік дәрежесінен, яғни бір коорди- ната осі х бойынша жылжудан айыратын бет ІІІ тірек базасы деп ата- лады. Дайындамаларды барлық алты еркіндік дәрежесінен айыратын базалау ережесі алты нүкте ережесі деп аталады [9,24].
Тәжірибе жүзінде дайындамаларды тек қана бес, төрт тіпті үш тірек нүктесін қолдану арқылы базалау жағдайлары кездеседі. Дайын- даманы базалау үшін алты нүктеден кем нүкте, яғни үш базадан кем база қолданған жағдайдың барлығында да жабдықтағы дайындаманың жағдайы бекітілмеген болып есептеледі.
Тірек элементтерінің белгіленуі. Базаның формасы мен жоғалтатын еркіндік дәрежелерінің санына байланысты тірек элементтері негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі тірек элементтері дайындаманы базалау үшін олардың әрқайсысы бір немесе бірнеше тірек нүктелерін жүзеге асырумен сипатталады. Жабдықтың ішінде орналасуымен қатар, таңдап алынған базалау тәсілімен олар тірек нүктелерінің (алтыға шейін қосып алғанда) қажетті жиынтығын құрайды. Мұндай элементтерге жа- татындар: тірек саусақтары мен табақшалары, центрлер, жүзетін және құрсауланған тіректер және т.б.
Технологиялық құжаттамада қолданылатын тіректердің, қысқыштар мен отырғызу қондырғыларының графикалық белгіленуі МЕСТ 3.1107-81 бойынша бекітілген. 1.20-суретте детальдарды орналастыру сұлбаларының мысалдары көрсетілген.
Детальдің қозғалмайтын тірекке бекітілуі пневматикалық қыс- қыштың көмегімен жүзеге асырылады (1.20-сурет а), детальдің
сфералық беті қосарлы қысқыштың көмегімен бекітіледі (1.20-сурет ә). Деталь центрдегі қозғалмайтын тірек арқылы цангалы қысқыда бекітілуі мүмкін болса (1.20-сурет б), ал конустық беттері бар детальді гидропластық құралбілік көмегімен бекітуге болады (1.20- сурет в).
1.20-сурет. Бұйымдарды орналастыру сұлбалары:
а – жылжымайтын тірекке пневматикалық қысқышпен;
ә – қосарлы қысқышпен; б – цангілі патронда; в – гидропластты құралбілік көмегімен
Достарыңызбен бөлісу: |