М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет118/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Балқыту және балқытып қаптастыру


Балқытумен әртүрлі ақаулары бар детальдар мен металқұрылымдар жөнделсе, балқытып қаптастыру арқылы тозған детальдарды қалпына келтіреді. Балқытып қаптастыру арқылы кез келген қалыңдықтағы металл қабатын өсіруге болады. Балқытудың ең көп тараған түрлері


– доғалық және газдық болса, балқытып қаптастырудың түрлері –
электрдоғалы, газдық, дірілдоғалы, индукциялы, электр жанамалы, плазмалы және электршлакті.
Электрлік доғаның жану кезінде металды балқытуға негізделген электрдоғалық балқыту мен балқытып қаптастырудың бірнеше түрлері бар. Олардың негізгілеріне қолмен және механикаландырылған, ашық доғамен, флюспен және қорғау газы ортасында өңдеу жатады.
Қолдық доғалы балқытуды жөндеу жұмыстарын орындау кезінде тұрақты (балқыту агрегатынан) және айнымалы (балқыту трансфор- маторынан) токпен жүргізеді, тұрақты ток кезінде балқыту процесі орнықты болады да, жақсы сапамен қамтамасыз етіледі, ал айныма- лы токпен жұмыс кезінде пайдалану шығындары төмен және П.Ә.К-і жоғары болады да, қарапайым да арзан жабдықтар қолданылады.
Газдық балқыту, яғни жанғышта газ-оттекті жалынмен металды балқыту әдісінің ашық доғалы балқытумен салыстырғанда сапасы жоғары болады, себебі газдық орта қорғау функциясын атқарады. Со- нымен бірге, газдық балқыту кезінде детальдың қыздыру температу- расын кең көлемде реттеуге, отырғызу материалын қыздыруға болады. Сондықтан да жауапты детальдарды жөндеу барысында газдық бақылау кең көлемде қолданылады. Алайда олардың өзіндік кемшіліктері де бо- лады: табылуы қиын газдарды (оттегі мен ацетилен) пайдалану; доғалық балқытумен салыстырғанда термиялық әсер ету аймағының үлкендігі; балқытушының жоғары біліктілігінің болуы. Орталықтандырылған жөндеу кезінде автоматтық балқыту процестері кеңінен қолданылады: флюспен автоматтық балқыту, электримпульстік балқыту және т.б.
Флюспен автоматтық балқыту және балқытып қаптастыру кезінде (4.9-сурет) [8] электрлік доға мен сұйық металл ауаның кіруінен балқытылған флюстің эластикалық қабатымен қорғалады.
Сондықтан жоғары сапалы электродты доғалық және газдық балқытып қаптастырумен салыстырғанда балқытылған металда оттегі мен азот үлесі едәуір төмен болады. Бұл процесс жазық бетті және цилиндрлік детальдарды балқыту мен балқытып қаптастыруға жарам- ды. Қорғау газдары ортасындағы балқытып қаптастырудың бірқатар артықшылықтары бар: қарапайымдылығы; жану аймағының ашық көрінуі; барынша жұқа қабаттарды алу мүмкіндігі.
Автоматтық электримпульстік балқытып қаптастыру, оны дірілдоғалы және дірілжанамалы деп те атайды, флюс қабатында неме- се электролит ағынында металды дірілді электродпен өсіруден тұрады. Дірілдегіш элемент арқылы өткізілген электрод балқытылатын детальға қатысты 100 Гц жиілікпен тербелістер жасайды.
Машина детальдарын қалпына келтіру әдістерінің алдыңғы қата- рында тозған беттерді таспамен және сыммен электржанамалық балқытып қаптастыру тұр. Бұл әдістің мәні детальдың тозған бетіне



4.9-сурет. Флюс қабаты арқылы автоматты пісіру (балқытып қаптастыру): а – автоматты пісіру бастиегінің сұлбасы; ә – пісіру аймағының бойлық тілімі; б – жазық бетті пісіру сұлбасы; в – цилиндрлік бетті балқытып қаптастыру сұлбасы; 1 – балқытылатын (пісірілетін) деталь; 2 – флюсті шанап; 3 – мүштік; 4 – серіппе; 5 – қыспалы аунақша; 6 – сым тазалағыш;
7 – электродты сымды кассета; 8 – беру аунақшасы; 9 – беру механизмі; 10 электрқозғалтқыш; 11 аппарат жәшігі; 12 ток көзі; 13 электрод- ты сым; 14 газдық шар; 15 балқытылған металл; 16 төгілгіш флюс; 17 құбырша; 18 шлак қабаты; 19 пісіру генераторы; 20 сұйық флюсті
қабықша; 21 – электр доғасы; 22 – балқытылған қабат

жанамалы балқытумен электродты сымдарды балқытудан тұрады. Бірмезгілде отырғызу сымына бағыттаушы аунақша арқылы қысым беріледі. Электржанамалы балқытып қаптастырудың артықшылықтары: жоғары өнімділік, отырғызу материалының минимал шығындары, детальдің минимал қызуы, қара және түсті детальдарды болат пен шойынның әр түрлі маркаларына балқытып қаптастыру жасау мүмкіндігі, еңбек жағдайының едәуір жақсаруы.


Индукциялық (жоғары жиілікті) балқытып қаптастыру (4.10-сурет) кезінде материалды балқыту үшін қыздыратын детальді қамтитын өткізгіш-индуктор бойынша өткізілетін жоғары жиілікті токты пайда- ланады [8,12].

4.10-сурет. Цилиндрлік (а) және жазық (ә) детальдарды индукциялы (жоғары жиілікті) балқытып қаптастыру сұлбалары:
1 балқытылған деталь; 2 мөлшерлегіш; 3 индуктор; 4 трансформатор; 5 бағыттағыштар; 6 индукторды салқындатуға арналған су;
7 шихта (балқытылатын материал) қабаты

Индукциялы балқытып қаптастыруды цилиндрлік және жазық беттерді қалпына келтіру үшін қолданады.


Плазмалық балқытып қаптастыру қыздыру көзі ретінде жанып тұрған электр доғалы арнадана плазма тәріздес газды (аргон, гелий) өткізетін плазмалық ағынды қолдануға негізделген. Плазмалық ағынды балқыту, кесу, дәнекерлеу кезінде де пайдаланады.
Электршлакты балқытып қаптастыруды үлкен массалы металды балқыту кезінде қолданады (4.11-сурет) [12]. Оны алдын ала флюсті (шлакты) шомылғыда балқытады да, сонан соң деталь бетіне құяды.


4.11-сурет. Қысқышты кранның нүктебелгісін электршлакті балқытып қаптастыру әдісімен жөндеу сұлбасы:
1 отырғызылатын металл; 2 шлакті шомылғы; 3 балқытылған металл; 4 – кокиль; 5 – нүктебелгі

Балқыту мен балқытып қаптастырудың технологиялық процестерінің параметрлері әр түрлі сипатталады. Флюстегі электрдоғалы балқытып қаптастыру мен дірілді доғалы балқытып


қаптастырудың режимдері параметрлерінің жобалық шамалары 4.1 және 4.2-кестелерде берілген [8].


4.1-кесте




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет