Өнеркәсіп салаларының біразында машина детальдарын орталықтандырып жөндеу өндірісті қажетті қосалқы құраммен қамтамасыз етудің тиімді жолдарының бірі болып қалды. Жөнделген детальдардың құны жаңа детальдар құнымен салыстырғанда едәуір төмен. Жөндеу кезінде беріктендіру әдістерін тиімді пайдалану жөнделген детальдар ресурстарын жаңа детальдар ресурстарымен салыстырғанда едәуір жоғары етуге мүмкіндік жасайды. Мұның барлығы да қалпына келтіретін жөндеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың жоғары тиімділігін айқындайды. Машиналардың көп санды парктерінде бұл материалдардың, энергия мен еңбекшығындарының әжептеуір үнемділігін қамтамасыз етеді.
4.1-сурет.Машинадетальдарынжөндеу(қалпынакелтіру)әдістері Көлікте, құрылыста және де машиналарды жөндеудің орталық- тандыру кең көлемде қолданылатын өнеркәсіптің басқа да салаларын- да жөндеу техникасы дамуының маңызы арта түскен және ол қалпына келтіру әдістерінің кең арсеналына ие.
Механикалық өңдеумен жөндеудің екі түрі бар: жаңа размер- мен және номинальді размермен жөндеу. Жөндеудің бірінші түрінде детальдің номинальді размерін бастапқыдан бөлек етіп қабылдайды, мысалы, 100 мм болған еді, 98 мм болды, мұнда жөндеу жеке және жөндеу размеріне сәйкес болуы керек. Жаңа размерге келтірілетін жеке жөндеуде ең бағалы детальдарды ондағы ақаулар жойылғанша өңдейді (мысалы, отырғызу бетінің өзгерген формасын түзегенге дейін).
Жанасқан детальдарды қайта дайындайды немесе осы жаңа раз- мерге келтіреді. Жөндеу кезінде металдың минимал қабаты алынатын болғандықтан, жекежөндеу негізгі детальдің жұмысқажарамдымерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Алайда ол өзара ауыстырымдылықты бұзады, бұл жөндеудің бірліктік өндірісінде ғана мүмкіндік болады. Жөндеу размеріне келтіріп жөндеуде бастапқыдан бөлек жаңа номинальді (жөндеу) размерін бекітеді, бірақ алғашқы шақтаманы сақтап қалады, бұл берілген размер аумағында өзара ауыстырымдылықты сақтап қалуды қамтамасыз етеді. Бұл, әрине, жөндеу кезінде ірі сериялы өндіріс әдістерін пайдалануға мүмкіндік жасайды да, оны арзандатады және қарапайым етеді.
Номинальді размерге келтіретін жөндеуде (4.2-сурет) детальдың бастапқы номинальді размерлері мен шақтамаларын металдың ақаулы қабатын жою немесе оның ақаулы бөлігіне қосымша жөндеу деталін (втулка, сақина, орама және т.б.) қою арқылы механикалық өңдеумен қалпына келтіреді.
4.2-сурет.Механикалықөңдеуденоминальдіөлшемгекелтіруарқылыжөндеутәсілдері: а–втулканытесіккеқоюарқылы;ә–втулканыбіліккетығыздапқондыруарқылы;б–жазықбеткетабақшаныбалқытуарқылы;в–ақаудыжойып,жұлдызшағажаңа тәждібалқытуарқылы; 1–тозғанбет;2–механикалықөңделгенбет;3–втулка;4–білік;5–жазықдеталь;6–жансырма;7–күпшек;8–тәж;d–номинальдідиаметр Осы әдіспен, яғни жөндеу втулкасын, гильзасын, сақинасын қою арқылы тегіс бетті тесіктер; втулканы, сақинаны немесе жартылай втулканы престеу арқылы біліктер; тілікшелер мен жапсырмаларды қою арқылы жазық беттер және т.б. жөнделеді. Аталған әдіс бойын- ша жөндеудің технологиялық процесі мынадай сатылардан тұрады: детальдың ақаулы қабатын немесе ақаулы элементін жою және беттік қосылысты дайындау; жөндеу деталін немесе оның ауыстыратын бөлшекті жасау; қосымша жөндеу деталімен қосу немесе оның ауыс- тыратын бөлшегін негізгі детальмен біріктіру және бекіту; соңғы механикалық өңдеу және жөндеу сапасын бақылау.