Беріктігі жоғары тартуды жүргізудің екі тәсілі бар:
сомын бұрағышпен жобалау мәнінің 90%-ын құрайтын күш жасау керек;
келесі тарту жұмыстарын динамометрлік кілтпен жаймен бұрау керек.
Тарту бағытындағы кілт қозғалысы кезінде айналу моменті пайда болады.
Айналдырудың нақты моменті мен есептік моментінің ауытқуы 20%-дан аспауы тиіс. Болттарды жеткізбей тартуға рұқсат жоқ. Беріктігі жоғары болттарды дайындау және жөндеу кезіндегі тартуды бақылауды динамометрлік кілттермен жүзеге асырады. Ал бақылау қосылыстағы барлық болттарды тартып болған соң 8 сағаттан кем емес уақытта іске асырылады.
Қосылыстағы болттар санына m байланысты бақылауға түсетін болттар саны төмендегідей болуы тиіс
m, дана------------5 ке дейін------------5...20 21 және одан көп
n, ---------------100% -------------------5 дана 25 %
Егер қосылысты бақылау барысында есептік мөлшерге дейін тартылмаған бір болт байқалса, онда бақылауға қосылыстың барлық болттары түседі.