Тойтармалық қосылыстардың жұмыс істеуін қалпына келтіру әдістерінің біріне тойтармаларды толық немесе бөлшектеп болттық қосылыстарға ауыстыру жатады. Бұл кезде болттық-тойтармалық қосылыстар немесе жоғары берікті, жоғары дәлдікті болттарды қолдану
арқылы таза болттық қосылыстар пайда болады. Бір тойтарманы бір жоғары берікті болтқа алмастыру қажет.
Құрамында 10-ға дейін тойтармасы немесе болты бар тораптардағы және бірікпелердегі ақаулы тойтармалар мен болттарды ауыстыру ба- рысында бір мезгілде бір тойтарманы немесе бір болтты ғана алып тастауға рұқсат етіледі. Ал тойтармалар мен болттар саны көп то- раптар мен бірікпелерде бір мезгілде олардың санының 10%-ын ғана алып тастауға болады. Ақаулы тойтарманы алып тастау тойтарманы зақымдамай газдық кескішпен, пневматикалық қашаумен немесе тесу арқылы жүргізіуі тиіс. Ақаулы тойтарма алынып тасталған соң, ол тесіп тексеріледі, егер онда қисықтық, қиғаштық секілді ақаулар байқалса, онда ең жақын өлшемге келтіріп кеңейтіп тесу жүргізіледі.
Ақаулы (босаған) тойтармаларды беріктілігі жоғары болттармен ауыстыру кезінде болттар диаметрлері 8.8-кестеде көрсетілген мән- дерге сәйкес болуы керек.
6.3-кесте
Ауыстырылатын тойтармалар диаметрі (тойтарма астындағы тесік диаметрі)
|
Беріктігі жоғары болттар диаметрі, мм
|
3/4// және 19...21 мм
|
18
|
7/8// және 23...25 мм
|
22
|
1// және 26...27 мм
|
24
|
28...30
|
27
|
Бірігу элементтерінде тотбасу шамасы оныңалғашқы қалыңдығының 20%-нан асатын жағдай байқалса, онда ол элементті ауыстыру керек болады. Үйкелу коэффициентінің мәні тазалау және жанасу беттерін өңдеу тәсілдеріне тығыз байланысты болады.
Болттардың әрбір партиясының беріліп отырған детальдардың стандарт талаптарына сәйкестігін көрсететін сертификаты болуы тіис.
Қосылыстыңқажеттіберіктігі болу үшінберіктігі жоғарыболттардың белгілі бір тарту күші болуы тиіс. Беріктігі жоғары болттардың айнал- дыру моменттерінің есептік мәндері және олардың осыған сәйкес тарту күштерінің шамалары 6.4-кестеде келтірілген.
267
6.4-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |