М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет39/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Тесіктерді үңгілеу. Тесіліп қойған тесіктердің диаметрлерін ұлғайту, сонымен бірге құйылған немесе қалыпталған дайындамаларда тесіктерді жасау үшін біртұтас немесе отырғызу үңгісі қолданылады (диаметрі 32...100 мм болатын тесіктерді өңдеу үшін). Үңгілердің төрт кескіш жиектері болады және құралбіліктің көмегімен станоктың артқы тұғырының сүйеутөлкесінде бекітіледі.
Кішігірім припускті алатын және үш немесе төрт табақшамен бағытталған үңгімен өңделген тесіктің диаметрі мен түзу сызықтылығының бұрғымен өңдеумен салыстырғанда дәлдігі жоғары болады. Үңгілеу кезіндегі берілістер де тесумен салыстырғанда үлкен болады. Үңгімен өңделген тесік бетінің кедір-бұдырлығы төмен болғандықтан, үңгілерді тек қана қаралтым өңдеуде емес, тесуден

соңғы тесіктерді жартылай таза өңдеуде де, қаралтым үңгілеуде де, тіптен тесіктерді соңғы өңдеуде де қолданады.
Үңгілеудің геометриялық параметрлері 2.8-суретте көрсетілген. Үңгі тісінде үш өткір жүз болады: басты (а-в), өтпелі (в-с) және көмекші (с-d) (2.8-сурет а).


2.8-сурет. Қатты қорытпалы тілімшелі үңгілердің геометриялық параметрлері: а тістің кесу қыры; ә айналма жону

Үңгі мен дайындама материалдарының қасиеттеріне байланысты үңгілердің алдыңғы бұрышы g = 0...30°, артқы бұрышы = 8...10°, бұрандалы бунақтың еңіс бұрышы w = 10...30° болады. Жылдам кескіш үңгілер үшін пландағы басты бұрыш = 45...60°, қатты қорытпалы үңгілер үшін = 65...75°. Басты өткір жүздің еңіс бұрышы l = 5...15°. Жоңқаның беріліс бағыты бойынша қозғалуы үшін l бұрышы теріс мәнді болуы тиіс. Өтпелі өткір жүздің орташа ұзындығы 1 мм, ал 0 = 0,5 болуы керек.


Радиалды бағытта үңгі дірілін жою үшін сақиналық жонуды (2.8-сурет ә) жүргізеді. Осы сақиналық жонуда орналасқан в-с өткір жүзінің Д1 диаметрі үңгінің сыртқы Д диаметрінен 0,4...0,8 мм шамасында кем болады. Шынықтыру жасалмаған болаттар- дан және салқындатылған дайындамаларды өңдеу кезінде қатты қорытпалы үңгілердің кесу жылдамдығы v = 40…150м/мин, ал салқындатылған шойындардан жасалған дайындамаларды өңдеу кезінде v = 50…175 м/мин болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет