фрикционды (феррокерамика, металкерамика) – мұнда үйкеліс коэффициенті жоғары болады (текстолит, шойын, болат 46,47, марга- нец)
антифрикционды (шойын, қола, жез, баббит), бұларға қойылатын талаптар: шектік қабаттың пайда болуындағы жоғары температура кезінде статистикалық және динамикалық беріктіктің жеткіліктілігі, төмен үйкеліс коэффициенті, технологиялылығы, дефицит еместігі.
тозуға төзімді (қабат-қабат тілімшелер жапсырмасы түріндегі метариалдар, фрикционды муфталардың дискілері), тозуға төзімділік беріктеу технологияларымен қамтамасыз етіледі.
Бір материалда бұл қасиеттердің барлығын табу мүмкін емес. Сондықтан үйкеліс жұптарында материалдарды таңдау, конструкция- сын есепке алу, үйкеліс тораптарының арналуын, пайдалану жағдайла- ры мен беріктік бойынша талаптарды, жұмыс істеу мерзімін, сенімділік пен құнын, пайдалану шығындарын және т.б. ескеру қажет.
детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивті әдістері
Көлік машиналарының негізгі агрегаттарының көпшілігі үйкеліс то- раптары болып саналады. Ертеден келе жатқан ең көп үйкеліс жұптары: дөңгелек-топырақ және дөңгелектің күпшегі-осі жұптары.
Үйкеліс тораптарының жоғары жұмыс істеу мүмкіншілігін қамтамасыз етудің конструктивті тәсілдері аясы әрбір элементі үйле- сімді мәселені жүйелі шешетін топтардан тұрады.
Сондықтан конструктордың негізгі жұмыс бағыты төмендегідей (1.2-сурет):
Үйкеліс торабының арналуын анықтау. Жобалауға техникалық тапсырма жасау.
Торап конструкциясын жасау. Ұқсамалар мен түпнұсқаларды қолдану.
Кинематикалық сипаттамаларды қамтамасыз ету
Жорамалды қамтамасыз ету
Температуралық орнықтылықты қамтамасыз ету
Динамикалық орнықтылықты қамтамасыз ету
Экологиялық талаптарды қамтамасыз ету
Конструкциялы сипаттамаларды таңдау
Майлау матер-н таңдау жəне майлау жүйесін жобалау
Дайындау мен жинаудың технологогиялық əдістерін таңдау
Торапты, стендті, пайдалану сынақтарын ұйымдастыру
ISO-9000 сəйкес сапаны қамтамасыз ету жүйесін жасау
Жөндеу мен жаңарту технологиясын жасау
Үйкеліс тораптары мен майлау жүйелерін енгізу мəселелерін шешу
1.2-сурет.Үйкелістораптарыконструкциясынжасаудыңнегізгіэлементтерініңжалпысұлбасы