М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың технологиялық әдістері



бет98/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың технологиялық әдістері


Үйкеліс жағдайын жақсартудың технологиялық тәсілдеріне жата- тындар:



      • кесумен өңдеу,

      • пластикалық деформациялау,

      • беттерді, гальваникалық жабуларды термиялық, химия-термиялық және химиялық өңдеу,

      • тозаңдатып металдау,

      • бетті қатаңдандыру,

      • электр беріктендіру және т.б.

Кесумен өңдеу. Кесумен өңдеу кезінде беттің қажетті кедір- бұдырлығы қамтамасыз етіледі, тереңдігі 0,05-0,5 мм болатын берік қабаттың пайда болуы арқылы өңделген беттің қаттылығы 20 30%- ға өседі. Беттік қабаттағы 3,7 МПа болатын қысымдық қалдық кернеуі тозуға оң әсер етеді.

Кедір-бұдырлықтың мәніне кесу процесінің келесі технологиялық көрсеткіштері әсер етеді:

    • кесу жылдамдығы жоғары болған сайын, кедір-бұдырлық та өседі;

    • беріс өскен сайын, қақталма тереңдігі де өседі, демек кедір- бұдырлық та өседі;

    • кесу тереңдігі (оның әсері аз болады).

Пластикалық деформациялау. Бетті пластикалық деформа- циялаудың әр түрлі әдістері болады: бөлшектеп өңдеу, бөлшекті абразивті өңдеу, центрге тартып өңдеу, аунақшамен жүргізіп өңдеу, дірілдік сырғанатып өңдеу, шарикпен сырғанатып өңдеу, беттік сырғанату, шекімемен беріктеу, дірілді соққылы өңдеу.
Термиялық және химия-термиялық өңдеу. Химия-термиялық өңдеудің мүмкін болар түрлерінің ең көп тарағандары төмендегідей:

    • көміртектендіру – аз көміртекті (0,3%-ға шейін) болаттардың беттік қабатын көміртекпен қанықтыру. Бет қатты болады, ортасы

жұмсақ, қабат қалыңдығы tk = 0,2...0,3 мм, жылдамдық 0,08 0,1 мм/
сағ., мұндайда әрдайым шынықтыру қолданылады;

    • азоттау – болат пен титанды азотпен қанықтыру. Процесс тем-

пературасы Та = 520 560°, азот нитриді қолданылады, қанықтыру
жылдамдығы 0,01 мм/ сағ, процесті аяқтау үшін 60 70 сағат қажет, пайда болатын беттің қалыңдығы 0,6 0,7 мм.; қаттылығы: HRC=56 58, тозуға төзімділігі 8 20 рет өседі;

    • циандау – азот пен көміртек бір мезгілде пайдаланылады (530- 6500С– төменгі температурасы, 800-9300С – жоғары температурасы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет