М. С. Шалов Т. Рысқұлов ауданы, Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебінің химия пәні мұғалімі



бет2/8
Дата14.10.2022
өлшемі0,56 Mb.
#43085
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Шалов М.С

«Сен білесің бе?»
Бұл элемент ерте заманнан бері адамға белгілі болған. Біздің жыл санауымыздан 900 жыл бұрын Гомердің «Одессей» атты шығармасында осы элементтің аластаушы және түссіздендіруші қасиеті туралы айтылады. Ол ауадағы ауру тудыратын микроағзаларды өлтіреді, паразит жәндіктерді жояды.
Алайда бұл элемент аурудан адамды ғана емес, өсімдіктерді де қорғаған. Онымен өсімдіктерде зиянкестер пайда болған жағдайда ыстаған, ал ұнтақтарын өсімдіктің жапырақтарына сепкен. Ол үшін ұнтақты сабынды сумен араластырып, өсімдікке бүріккен. Білесің бе, бұл қай элемент туралы айтылған?
1 PISA тапсырмасы «Баға беру» әдісі: (жеке жұмыс)
А) S + сабын → _____________________________________
Б) S + O2 → _________________________________________
Бұл тапсырмада оқушылардың білу және түсіну деңгейлері қалыптасты. Осы тапсырманы орындау барысында күнделікті өмірде қайда, қалай қолдану керектігін білді. Мысалы, медицинада, тұрмыста жертөлені және қоймаларды аластау үшін, оқ-дәрі және сіріңке өндірістерінде қолданылатындығын анықтайды. Осы тапсырманы орындау үшін «Баға беру» әдісі қолданылып жеке жұмыс орындау барысында көз жеткізді. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары анықталғаннан кейін, тақырып бойынша үш тілде сөздікпен жұмыс жасадым.
Сабақ ортасында: Working with text (Мәтінмен жұмыс «Әрекет» жаттығуы арқылы жұптық жұмыс орындалды. Әр жұп екі сұрақтан дайындап, басқа жұптарға қойды.). Топтық жұмыста «Венн диаграммасы» әдісін қолдандым. І-топ: Күкірт диоксидінің қасиеттері, формуласы, ерекшелігі, ІІ-топ: Күкірт триоксидінің қасиеттері, формуласы, ерекшелігі, ІІІ-топ: H2S-нің қасиеттері, формуласы, ерекшелігі. Әр топ бір-бірін «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалады. ҚБ тапсырмалары орындалды. Дескриптор:

  • күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстырады;

  • күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін анықтайды.

  • H2S-нің қасиеттері, формуласы, ерекшелігімен танысады.

Сабақтың ортасында PISA тапсырмасын «Атмосфера орнату» әдісінде қышқыл жауындар туралы тапсырманы қолдандым. Бұл тапсырма оқушылардың қолдану, талдау деңгейлерін қалыптастырады.
2 PISA тапсырмасы: Қышқыл жауындар, олардың табиғатқа әсері
Төмендегі берілген суретте Кариатидами деп аталатын, Афинадағы Акрополда 2500 жыл бұрын тұрғызылған мүсіндер келтірілген. Бұл мүсіндер мрамор деп аталатын тау жынысынан сымбатталған. Мрамор карбонатпен кальцийден тұрады.
1980 жылы мүсіндердің түп нұсқасы Акропольдың музейіне ауыстырылып, ал оның орнына көшірмесі тұрғызылды. Мүсіндердің түпнұсқасын қышқыл жауындар жеп қойған.


Қышқыл жауындардың мраморға әсерін үлгілеп білу үшін, мраморды бір түнге сірке суына салып қойса болады. Сірке суымен қышқыл жауынның қышқылдық деңгейі шамамен бірдей. Бір кесек мраморды сірке суына салғанда газдың көпіршіктері пайда болғанын бақылауға болады. Құрғақ мрамордың массасын тәжірибенің басы және аяғында өлшейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет