М. Ш. Нурманова м.ғ. к., «Мейірбике ісі» цикл әдістемелік комиссиясының төрайымы, жоғарғы категориялы «Мейірбике ісі негіздері» пәнінің оқытушысы



бет81/157
Дата16.06.2023
өлшемі360,06 Kb.
#101795
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   157
Теріге майды жағу


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Дайындаңыз: дәрілік майды, залалсыздандырылған апликаторды немесе шпательді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (майдың атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

  4. Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы қалып жасауға көмектесіңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

  6. Науқасқа қажетті мөлшердегі майды тюбиктен апликаторға сығып шығарыңыз.

  7. Теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз, оны қолмен жасамаңыз, өйткені кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылы да сорылады.

  8. Май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын науқастан сұраңыз.

  9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  10. Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  11. Қолыңызды жуып , кептіріңіз.


Теріге майды сылап жағу


Мақсаты: емдік.
Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.
Дайындаңыз: майды, сабынды, суды, сүлгіні, апликаторды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа майды таңдаңыз.

  3. Майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

  4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметті беріңіз.

  5. Науқасқа емшараны жүргізу үшін ыңғайлы қалып жасауына көмектесіңіз.

  6. Майды сылайтын тері аймағын қараңыз.

  7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  8. Науқастың терісін сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  9. Апликатормен қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.

  10. Тері бетіне дәрігер анықтаған майды жеңіл айналмалы қозғалыспен, терісі құрғақ болғанша сылаңыз.

  11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  12. Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.



Ескерту:

  • дененің шашты бөлігіне және тері зақымданғанда майды сылап жағуға болмайды. Қажет жағдайда шашты қырып тастайды;

  • егер де май теріні қатты тітіркендірмесе, онда науқас өздігінен майды сылап жағады (саусақтарының ұшымен). Саусақтардың қозғалысы жеңіл айналмалы болуы керек;

  • майды сылап жаққанға дейін және жаққаннан кейін науқасқа қолын жуу қажет екені туралы алдын-ала ескертіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет