М. Ш. Нурманова м.ғ. к., «Мейірбике ісі» цикл әдістемелік комиссиясының төрайымы, жоғарғы категориялы «Мейірбике ісі негіздері» пәнінің оқытушысы


ХI. Клизмалар. Жел шығаратын түтік



бет99/157
Дата16.06.2023
өлшемі360,06 Kb.
#101795
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   157
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ (1)

ХI. Клизмалар. Жел шығаратын түтік


Тазарту клизмасын қою


Мақсаты: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.
Қолдану көрсетілімдері: іш қату, улану, босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған гсморройда.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұштықты, Эсмарх крушкасын, штативті, вазелинді, шпательді, қолғапты, мақта немесе дәке тамнондарын, пинцетті, шылапшынды, дәрет ыдысы судноны (егер де процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-22°С-дағы 1,5-2 литр суды, салфеткаларды, әжетханалық қағазды, су термометрін, клеенканы, жаялықты, клеенкалы алжапқышты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты. Қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқасты кермемен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған капсырмалы шымылдық) қоршаңыз (егер де емшара палатада орындалса).

  3. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  5. Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз.

  6. Науқастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке крушканы іліңіз, оған ұштықты кигізіп, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.

  7. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.

  8. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.

  9. Кушетка үстіне клеенканы шылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

  10. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек.

  11. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз.

  12. Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұраңыз (егер де су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгертіңіз), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егер де нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.

  13. Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.

  14. Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.

  15. Егер де емшара палатада орындалса, науқасқа дәрет ыдысын (судноны) беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.

  16. Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.

  17. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  18. Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз.

  19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет