Авторлық суреттеудің өзегіне алынып, шығармада көрініс тапқан ақиқат болмыстағы заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы қандай ұғымдыбілдіреді?
А)образ В)сюжет
С)тақырып Д)композиция Е)идея
Автордың түпкі ойына сәйкес шығарманың құрылымын айқындап, көркемдік детальдан бастап шығарма атауына дейін қамтитын тақырыптық мазмұнды белгілейтін ұғымқайсы?
А) мазмұн
В)проблематика С)образ
Д)идея Е)композиция
Әдебиеттің әлемдік, аймақтық, ұлттық көлемдегі белгілі бір кезеңін,сондай-ақ тұтастай
тарихын қамтитын, туу, қалыптасу және дамуынан тұратын тарихи қозғалыстағы ағымы қандай ұғымды білдіреді?
А) әдебиет тарихы В)әдеби үрдіс
С)идея сабақтастығы Д)көркемдік бейнелеу Е)образды ойлау
Объектіге немесе субъектіге қатысты танымдық бағыты мен өзінің сөздік қолданыс сипаттарының типтері бойынша ұқсас келетін әдеби туындылар қатары немесе көркемдік бейнелеу актісінің өзі әдебиетке тән категория тұрғысынан қалайаталады?
А) әдеби тек В)әдеби ағым С)әдеби жанр
Д)әдеби бағыт Е)әдеби түр
Қаламгер бейнелеген өмір суреттерінде дүние мен адам ара қатынасын белгілейтін шығарма құрудың негізгі тәсілдері немесе әдеби көркем шығармашылықтың жинақы типі ретінде неніатаймыз?
А) әдеби жанр В)әдеби ағым С)әдеби түр Д)әдеби бағыт Е)әдеби тек
Суреттелетін оқиғалар уақыт тұрғысынан ғана ұштасумен шектелмей, сол оқиғалардың өзара байланыстылығы, олардың болуының түпкі себептері тереңнен дәлелдене көрінетін сюжеттер қалайаталады?
А) лирикалық сюжет В)хроникалы сюжет С)көшпелі сюжет
Д)бір орталыққа шоғырланған сюжеттер
Е)классикалық сюжет