М., Симбаева С. О. ҚАзіргі қазақ Әдебиеті



бет1/36
Дата31.05.2022
өлшемі122,48 Kb.
#36090
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ
Искакова Ж.М., Симбаева С.О.


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
(оқу құралы)

Нұр-Сұлтан, 2019
ӘОЖ 821(075.8)
КБЖ 83.3 я73
Р 24
Пікір жазғандар:
Маретбаева М.Ә. – Қарағанды медициналық университетінің доценті, ф.ғ.к.
Әшірбекова А.Б. – Қарағанды медициналық университетінің доценті, ф.ғ.к. Карипжанова Г.Т.- «Тұран-Астана» университетінің профессоры, ф.ғ.к.


Р 24


Искакова Ж.М., Симбаева С.О.
Қазіргі қазақ әдебиеті (60-90 жж.) : оқу құралы/ Ж.М., Искакова С.О. Симбаева. -Нұр-Сұлтан:«Тұран-Астана» университеті, 2019.
73 б.

ISBN 978-601-7871-7

Оқу құралында қазіргі қазақ әдебиеті бойынша дәрістер жинақталған. Сонымен қатар семинар сабақтарының тақырыптары мен жоспарлары, студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар, өзін- өзі бақылау сұрақтары мен тест сұрақтары берілген.


Оқу құралы жоғары оқу орындарының «Қазақ тілі мен әдебиеті»,
«Тарих» мамандықтарының студенттеріне арналған.
ӘОЖ 821(075.8)
КБЖ 83.3 я73
Баспаға «Тұран-Астана» университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған
ISBN 978-601-7871-7 © Искакова Ж.М., Симбаева С.О. 2019
© «Тұран-Астана» университеті, 2019

М Ы
АЗМҰН



Қазіргі қазақ әдебиетінің даму сипаты

4

Тәуелсіздік тақырыбындағы романдар

8

Тарихи тақырыптағы романдар

10

Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасы

14

Мемуарлық шығармалар

23

Дүрбелең жылдар шындығының бейнеленуі

27

Хикаят (повесть) жанрының дамуы

38

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелері

44

Поэзияның дамуы

49

Поэма жанрының дамуы

55

Драматургияның дамуы. Драмалардың тақырыптық жүйесі

58

Ш.Құсайынов пьесасындағы тарихи-аңыздық оқиға

62

Драмалық дастандар

66

Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары

74

Семинар сабақтарының жоспары

81

Тест тапсырмалары

93



Қазіргі қазақ әдебиетінің даму сипаты.


Мақсаты: Қазіргі қазақ әдебиетінің даму сипатын таныстыру. Саяси-әлеуметтік өзгерістердің әдеби дамуға әсерін таныту. Әдебиетке жаңаша көзқарасты талдау. Ә. Нұрпейісовтың шығармаларымен таныстыру. «Соңғы парыз» роман – диалогиясын оқыту, талдау.
Негізгі ұғымдар: проза, роман, «техникалық өрлеу», символикалық суреттеулер, әдеби даму, жаһандану, тәуелсіздік әдебиеті, жаңа бағыттар, «ақтаңдақ» беттер.

Жоспары:


  1. Қазіргі әдеби процесс.

  2. Саяси-әлеуметтік өзгерістер және әдебиет

  3. Көркемдік ізденістер мен жаңалықтар.

  4. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» роман-дилогиясы.

  5. Романда суреттелетін Арал қасіреті.

  6. Адамгершілік мәселелері.

  7. Жәдігер мен Әзім, Бәкизат бейнелері.

XX ғасыр соңы мен XXI ғасырдың басында қазақ әдебиеті ел тәуелсіздігі жағдайындағы дамуға бет бұрды. 1991 жылғы тамыз төңкерісі Кеңестік империя билігін құлатып, сол империя құрамында болған елдер егемендіктерін алды. Сөйтіп ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жетті. Тәуелсіз ел әдебиеті рухани өркендеуімізді жаһандық деңгейде таныта бастады. ЮНЕСКО- ның қолдауымен көркем сөз шеберлерінің мерейтойлары әлемдік деңгейде атала бастады. Мәселен, Абай мен Жамбылдың 150 жылдығы, Мұхтар Әуезовтің, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдығы, Дулат пен Махамбеттің 200 жылдығы сияқты әдеби шаралардың өтуі қазақ халқының есімін әлемге әйгілі етті. 1991 жылдан қазақ әдебиетінің жаңа кезеңі басталды. Бұл кезеңде әдебиеттің ұлттық келбеті айқындалып, идеялық-эстетикалық болмысы жаңғырды. Бұл кезең әдебиетінің бір ерекшелігі Кеңес кезіндегі әдебиетпен, әсіресе, оның соңғы жылдарында қосылған “ақтаңдақтармен” сабақтастығы. Сталиндік нәубет кезінде әдеби мұраларымыздың қаншасы жыртылып, жоғалғаны мәлім. Әдебиетіміздің ақтаңдағы аталған осы тұстар қайта қалпына келтіріле бастады. Кеңес Одағы ыдыраудан сәл бұрын 1988 жылдың сәуір айында Шәкәрім Құдайбердиев, желтоқсанның аяғында Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытовтар халқымен қайта қауышты. Басқа да ондаған ақын-жазушылардың еңбектері шаң жұтып жатқан “жабық қор” қоймаларының құлпы алынды. Тұтас дерлік оқылуға, жариялауға тыйым салынған ақын-жыраулар, фольклор шығармалары халық игілігіне қайта қызмет ете бастады. Ұлттық-демократияшыл әдебиеттің қайта туып, жаңғыруы тәуелсіздік кезеңінің әдебиеті мен ғылымына айтарлықтай әсер етті. Мағжан Жұмабаев поэзиясы, Ахмет Байтұрсыновтың ілімі, Міржақып Дулатовтың “Оян, қазағы” өзге де қастерлі қазынамыз әдебиетке жаңа рух, тың тақырып ала келді. Енді ұлттық идея, ұлт тағдыры, ел тәуелсіздігі – бүгінгі Қазақ сөзінің өзекті арнасына, алтын арқауына айналып отыр.
Қазақ әдебиетінің XX ғасырдың ақырғы он жылында проза жанрында да іргелі туындылар жарық көрді. Алдымен тілге оралатын туынды жазушы Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз»
роман-дилогиясы (1999). Бұл шығарма Кеңес дәуірінде жазыла бастағаны белгілі. Алғашқы нұсқалары кітап болып жарияланып үлгерген.
Қаламгердің «Қан мен тер» трилогиясы эпикалық сарында жазылып, дәуірдің тұтас кескін-кейпін бейнелесе, құлашы кең
«Соңғы парыз» ел, жер тағдырын қозғайды, осы арқылы ұлттық әрі әлемдік адами проблемаларға жетектейтін маңызы зор құбылыстарға бойлайды.
«Соңғы парыз» - идеялық-көркемдік өрісі кең шығарма. Дилогияда адам, қоғам, табиғат, проблемалары бір өрімде жарасымды бейнеленген. Олар ұлттың ғана емес, жалпы адамзатқа ортақ проблемалар. Жазушылар Герольд Бельгер мен Анатолий Кимнің орыс тіліне тәржімаланған биік сапалы аудармасы арқасында шығарма қазірдің өзінде халықаралық әдеби қауымның назарына іліге бастады.
Роман оқиғалары басынан аяғына дейін сең үстінде, қақаған суықта, аязды боранда өтіп жатады. Осының өзінде үлкен символдық мән жатыр. Балықшылардың жүзі өрт сөндіргендей түтігіп кеткен. Өйткені теңізге жайған аудың тор көзі балық түгіл, шабақ қағудан да қалған. Осы пейзаж, суреттер Жәдігердің жүрегін ауыртады, ашуын келтіреді. «Жұт – жеті ағайынды» дегендей, балығы түгіл, бақасы жоқ теңізбен шаруасы жоқ белсенділер «жоспарды орындауға тиіссің» деп қысады.
Арал қасіреті – адамзаттың экология мәселесін елемеуден туған немқұрайдылықтың бір ғана көрінісі. Роман күнәнің арғы тегін адам баласының күнкөріс тірлігінен іздейді. Табиғат ананы аялап, қастерлеп, қадірлеудің орнына оған жыртқыш көзбен қарайды. «Техникалық өрлеу» алдымен табиғаттың ықылым заманнан уыздай ұйып тұрған тамаша тепе-теңдігін тас-талқанын шығарды. Жәдігер бейнесін сомдағанда жазушы Арал төңірегінің ерекшеліктерін, табиғатын, кейіпкерлердің қалыптасқан мінез- сипатын суреттейді. Жәдігер бейнесі адамзаттық биіктен көрінсе, бұл қасиет оған бала кезден табиғатты сүюден, қадірлеуден орныққан. Жәдігер характері – ұлттық характер. Қазаққа тән жуас, ұяң мінездері де, ашуы келсе бұрқ ете түсетін шамшылдығы да бір басына жетерлік. Жәдігер сонымен бірге табанды да өр мінездің адамы. Жас баланың еңбегіндей
былқылдаған мұз үстінен жүк машинасын жүргізіп, балықты түбекке шығаратын көзсіз ерлігі, әйелінің қарсылығына қарамастан, балықшылар еңбегінің ыстық-суығына бірдей төзіп, үйіне қарасын көрсетпей кететіндігі іштей рухы берік жан екенін білдіреді. Жәдігер бейнесі қазақы көрікте шыңдалған нағыз азаматтың бейнесі. Ал, оның әйелі Бәкизат болса басқа адамға тұрмысқа шықпақшы. Өйткені ол Жәдігерге сүймей қосылған. Өзі ғашық болған Әзім мансаптың соңында жүріп, бұған теріс қарап кетті. Романда Бәкизаттың жан дүниесінің жұтаңдығы аңғарылып қалады. Қандай жағдайда да күйеуінің беделін сақтау

  • қазақ әйелінің ежелден қасиет тұтқан әдеті. Ал, Бәкизат болса адал еңбек етіп жүрген Жәдігерді өзінен төмен санап, кемсітіп отырады. Сөйлесе қалса: «Әй, осы сенің ит мінезің-ай», «Сен дені дұрыс кісі болғанда» деген сияқты сөздер шығады.

«Соңғы парыз» – «Сондай бір күн болған», «Сондай бір түн болған» деген екі кітаптан тұрады. Екінші кітаптың соңғы беттерінде Бәкизат басқа кісідей өзгеріп сала береді. Жүрегіндегі жақсысы жаманға, жаманы жақсыға ауысып үлгереді.
Жазушы әйел жүрегіне психологиялық «төңкеріс» жасау үшін әдепкі жағдайдан бөлек тәсіл пайдаланады да, бұл екі рет қайталанады. Біріншісі – романдағы үштік – Жәдігер, Әзім мен Бәкизаттың жағадан ажыраған сең үстінде қалып қоюы кезінде. Екіншісі – Беларанның арасынан ыққан соң Боз биенің тұмсығына ілігіп барып қайта ажыраған шақта. Кімнің кім екені осы тұстарда сынға түседі.
Әзім ат-көлігі суға кетіп, өздері теңіз толқынында ыққан сеңде қалғанында-ақ естен тана жаздайды. Ол бұл қатерге тап болғанын Бәкизаттан көреді. Бәкизат болса, Әзімді жас баладай қорғаштап, ішікпен қымтап әлек болады.
Екінші жағдайда сең жағаға тұмсығын тіреген кезде, Әзім жалма-жан жан ұшырып жағаға қарай жүгіре жөнеледі. Мұны күтпеген Бәкизат қалшиып, бір орында қатып қалады. Осы арада бұрынғы ерлі-зайыптылар бірін-бірі құтқаруға кіріседі. Бәкизатты қолынан жетелей жөнелген Жәдігер «ажал мен азап – аяқ астынан» дейтін жағдайға тап болады. Байқаусызда суға толы мұз жарығына бір аяғын сұғып алып құлайды. Бәкизат әзер дегенде суырып алғанша, бір аяғы үсіп, сіресіп қалады. Жәдігер
Бәкизатқа: «Маған қарама, жағаға жет», – дейді. Бастапқыда жүгіре жөнелген Бәкизат сеңнің жағадан қайта жырақтағанын бір-ақ көреді. Оның жан дүниесіндегі өзгеріс осы кезде басталады. Әзімнің өзін қиын жағдайға қалдырып кеткеніне, әрі сеңнің жағадан қайта қашықтағанына қапаланғаны сондай, жиегін су шайып жатқан мұзға мінбелеп, әлде не сұмдық іске бел байлайтын қалыпқа енеді. Дәл осы кезде жетіп үлгерген Жәдігер, құлай берген Бәкизатты жұлқа тартып, көтеріп алады. Осы кезден ерлі-зайыптың арасындағы мұз ерігендей болады: «Бәкизат атып тұрады. Жанарын жапқан аппақ қырау кірпігін алақанымен бір сипап жіберіп, жалма-жан дыбыс шыққан жаққа қарап еді; сөйтсе... мынау шынында да бұның өзі ойлаған Жәдігер екен. Бораған қар үстінде бар дүниеден баз кешіп, өлімге басын байлап жатқан әйелді жалғыз тастап кете алмай, қасында айналсоқтап, аяғын сылтып басып жүр екен. Бәкизат ләм деп тіл қатпай, үн-түнсіз келді де, қолтығынан алды». Сол тұста арыстай азаматтың қадірін білмегенге Бәкизат өкінеді. Енді ол Әзімге теріс айналады, тіпті жүрегінен өшіріп тастайды.
Бұл роман адамға да, табиғатқа да тән құбылыстарды, қайшылықтарды көркем әрі шынайы суреттеген туынды. Роман түйініндегі Жәдігердің қазасы, Бәкизаттың жан дүниесінің жаңаруы символикалық суреттеулермен астасып, тың тәсілмен берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет