М., Симбаева С. О. ҚАзіргі қазақ Әдебиеті


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет4/36
Дата31.05.2022
өлшемі122,48 Kb.
#36090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Искакова Ж. М., Симбаева С. О-конвертирован

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.


  1. Тарихи романдардың тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктерін таныта білу.

  2. «Дарабоз» роман-дилогиясының кейіпкерлер жүйесін талдау.

  3. Қабанбай бейнесін тарихи мәліметтермен, халықтық жырлармен салыстыру.

Әдебиеттер:


  1. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. А., 2015

  2. Дүйсенов М. Ақын мұраты. А., 2011

  3. Елеукенов Ш. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 2010

  4. Кәкішев Т. Дәуір дидары. А., 2015

  5. Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. А., 2013

  6. «Қазақтың 100 романы». Астана, 2014

  7. Тәуелсіздік тудырған романдар. Астана, 2012

Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасы.




Мақсаты: Роман-хамсаның мазмұндық, көркемдік сипатымен танытыру. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясымен салыстыра түсіндіру. Құнанбай бейнесіне тоқталу. Роман композициясын таныту.
Негізгі ұғымдар: роман-хамса, роман-эпопея, кейіпкерлер жүйесі, қаһарманның ішкі әлемі, дүниетаным, өмір шындығы, тұлға.


Жоспары:


  1. Романдағы оқиғалар жүйесі.

  2. Кейіпкерлері. Абай мен Құнанбай тұлғасы.

  3. Кейіпкерлер жүйесі.

  4. Романның көркемдік-идеялық мәні.

Жазушы Рамазан Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы” романы 1999 жылы жарық көрді. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Абайдың жұмбағы» роман- хамсасында жазушы ақын өмірінің барлығын қамтып, туғаннан бастап дүниеден өткен шағына дейін уақыт кеңістігінде, тұтас бір дәуір панорамасын толық көрсетуді мақсат еткен. Қазақ елінің екіталай тағдырын, сол кездегі толғақты мәселелердің өмірге Абай сияқты данышпанды әкелуі заңды құбылыс деген түйін жасаған жазушы ақын өлеңдерінің өн бойында қазақ өмірінің шындығы мен мұңы жатқандығын көрсетеді. Бұл мәселелер төңірегінде тек Абай ғана емес оның тұстастары да болғанын қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов, оның орыс досы Федор Достоевскийдің Семей қаласында бас қосып, заманының келелі мәселелері туралы кеңескендігін көркем тілмен бейнелейді.


Романда жасалған әр түрлі характерлер, олардың әрқайсының өзіне ғана тән көзқарастары, айналаға қарым- қатынасы, дүниетанымы автордың негізгі идеясына қызмет жасап
қана қоймаған, сол заманнның шынайы суретін, бейнесін жасауға септігін тигізген.
Р.Тоқтаровтың роман-хамсасындағы кейіпкерлер ұдайы қозғалыста, іс-әрекет үстінде, ішкі-сыртқы қайшылықта, қақтығыс үстінде көрсетіледі және әр қаһарманының ішкі әлемі психологиялық тұрғыда бейнеленеді. Бұл орайда шығармадағы Абай, Шоқан, Достоевский т.б. өнер, шығармашылық адамдарының болмыс-бітімі, рухани жағынан ширатылып, драмалық тұрғыда суреттеліп, талай тағдырлары талқыға түскен заманда өздерін қалай ұстағаны мен болмыс-бітіміне көбірек назар аударылады. Ақын Абайдың осы қиын-қыстау кезеңдердегі психикалық құбылыстары, сыртқы келбетінің кейбір деталь- штрихтарымен қатар алына отырып сипатталады.
Жазушының М.Әуезовтен кейін бұл тақырыпқа бару себептері де жоқ емес. Біріншіден, романның прологындағы
«Ілтифат хат» деп аталатын тұсында ұлы М.Әуезовтен кейін бұл тақырыпқа бару себебін былай түсіндірген: «Мұхтар Әуезов “Абай жолы” эпопеясында ақын өмір сүрген дәуір мен оның айналасына күн көзіндей күшті жарық түсірді. Бірақ “елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан” деген сөз бар, енді қайтып айналып келмейтін Абайдың қатпары мол дәуірі санада ол роман бойынша өзгермей сақталғанымен, Абайдың өзі заман озған сайын сан түрге еніп, әр жайда құбылып көрініп, көп сөздеріне уақыт ыңғайымен басқа түсініктер енеді. М.Әуезов Абайдың әрі салса дәуірін, бері салса бір қабат өмірін көркемдікпен шебер бейнелеп берді. Бірақ Абай поэтикасының қуатты көзі, өзінің жұмбақтығы “толық ашылды, шешілді” деп ешкім де тұжырып айта алмас. Мен Абайды жазуға мүлде басқа қырынан келемін». Екіншіден, шығармашылық иесі Абай ақынның ішкі жан дүниесін мейлінше ашуға, сол арқылы бүкіл адамзаттың бойындағы қасиеттерді көрсетуге күш салған. Үшіншіден, әр адам Абайды өз танымының елегінен өткізіп барып, бейнелейді.
Ұлы Абай – ұлттық поэзияда реформа жасаған жаңашыл ақын. Ол ақындық әлеміндегі шынайы көркемдіктің ауылы қай жақта екенін өз замандастарына да, келешек ұрпаққа да көрсетіп кеткен ақын. Сол шынайы көркемдікті, бір жағынан өз
шығармасы арқылы көрсетсе, екінші жағынан, өлең өнерінің шартын ақындық тілмен өрнектеп, ұстаздық жолмен насихаттап өткен, сөйтіп соңына тұтас бір эстетикалық, әсемдік мектебін қалдырған ақын.
Абай заманы патшалық отарлау саясаты әбден дүрілдеп тұрған кез еді. Бұл кезде қазақ даласындағы өмірдің патша әкімшілігіне тәуелді болмаған, отаршылдықтың қатал заңына бағындырылмаған бірде-бір саласы қалған жоқ еді. Абайдың өмірі мен шығармашылық қызметі отарлау саясатының осы кезеңіне тұспа-тұс келді. Әкесі Құнанбай аға сұлтандық құрып тұрғанда, сол әке ырқымен шығарып алынып, ел билігінің шет жағасына араластырылған жас жігіт кейін ел тіршілігінен қол үзе алмай, неше түрлі талас-тартыс пен дау-шардың ортасында қалып қояды.
Ел ішінің не бір күрделі мәселелері қазақтың ежелгі төрелік айту жолымен шешіліп келген әке билігі кезінде әрдайым әділет жағында болып, талай жапа шеккен әлсіздердің қорғанышы ретінде жұрт алдында беделі артып, жақсы атымен танылып қалған ақын ел тағдырының бұдан былайғы тетігі патша әкімшілігінің қолына көшкеннен кейін елдің өткен тарихын, қазіргі тұрмысын, салт-дәстүрін білмейтін, тілі, діні жат билеушілер алдында көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар қажет екенін ерекше сезінген еді.
Абай осы зәрулікті түсінгендіктен де ел тіршілігінен бойын аулақ сала алмады. Бірде төреші, бірде би бола жүріп, ел ішінің тыныштығын көздейтін, зорлықшыны тезге салып, жәбірленушінің теңдігін әперетін жерде өзінің ақыл-парасаты мен қажыр-қайратын іркіп қалмады. Сөйтіп жүріп ол халықтың Абайы атанды. Бірақ ел ішінде дүрдараздықтың тамыздығын алып келіп, озбырлық отын маздата түскен отаршылдар саясаты ел ішін бүлдірмей қойған жоқ. Сондай күйзелісті кезеңдердің бәрінде ақын бойына жаңадан рух беріп, туған халқының болашағы үшін қайтадан қайратқа мінгізіп отырған ғаламат күш бар. Ол – даналықтан нәр алған ақындық дарын, биік азаматтық санадан арна тартқан сарқылмас мол шабыт еді.
Міне, осының барлығы жинақталып келгенде, өз заманының барлық шындығын ақындық жіті көзбен көріп, өтімді өлең сөзбен өрнектеп кеткен халық өмірінің шежіресіне айналды. Міне, өнер туын биікке көтеріп, өлең абыройын арттыру бағытындағы Абай тағылымының күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығының дәлелі.
Бірқатар қаламгерлеріміздің «Әуезовтен кейін Абайға барудың не қажеті бар» деген біржақты пікірлеріне ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді: «Мұхтар Әуезовтің жалпақ әлемге жайылған «Абай жолы» дәуірнамасынан кейін Абай бейнесіне бару – тайғанақ-тайғақтағы тәуекел емес, дәрменсіз дәме де емес, көзжұмбайдың кеудемсоқ өлермендігі де емес, өнериеттегі өжеттілік, талант табандылығы!». Идеялық- көркемдік дәрежесі биік реалистік романда ішкі кеңістік әдеби бейнелердің типтік қасиеттеріне, терең психологизміне, компоненттерінің композициялық, стильдік бірлігіне қарай жасалады. Туындыда Абайдың ұлылығын – бүкіл адамзаттық биік дәрежеге көтеріле алғандығын, Абайдың үш-төрт ауыз өлеңінің өзінде көптеген ұлы теңеулер кездесіп отыратындығын дәлелдеген автор ақынның зор тұлғасын шебер беруге талпыныс жасаған. Әсіресе, Абайдың адамгершілік туралы ұғымын жаңа биік сатыға көтеруге, адамзат қауымына үнемі жаңа идеялар ұсынып отырғандығын бүкпесіз жазады. Жазушы Абайдың дәуір озған сайын жұмбағы тереңдей беретін тұлғасына, өмірден не алып, не нәрселерден көбірек қуат алды, айналасында кімдер болды соларды өзгеше қабылдаумен беруге ұмтылды.
М.Әуезов «Абай жолы» шығармасы арқылы ұлы ақын есімін әлем оқырмандарына танытты. Ол – Абайдың ақын-азамат ретіндегі шынайы көркем бейнесін жасаумен қатар, ақын мұрасын жинау, зерттеу, саралау, оларды әр түрлі теріс көзқарастардан қорғап, саф қалпында бүгінгі оқырманға жеткізуде де үлкен қызмет атқарған қайраткер. М.Әуезов өз романында Абайдың дүниетанымындағы өзгерістер мен өзіндік көзқарастардың, өмірлік күрес жолының қалыптасуына тереңінен үңілген және Абай таңдаған жолдың тарихи себептерінің көзін табуға айырықша мән берген.
Автордың бұл роман-хамсасы бірнеше бөлімнен тұрады, алғашқы кітап “Толғақ”, екінші кітап “Жұлдыз құрбандық”, үшінші кітап “Қызғаныш”, төртінші кітап «Хақиқат мекені», бесінші кітап
«Нұрсипат» деп аталып, Абайдың балалық, жасөспірім шағынан өмірінің соңғы кезеңдеріне дейін толық бейнеленеді. Осы тарау аттарының өзі романның тұтастығын сақтай отырып, дербес қабылдауға жетелейді. Абай жас шағында-ақ ірі істерге қатысарлық сана-парасаты жетілген, жас жігіттің кемелденгенге дейінгі өмір оқиғалары, естіген, көргендері, өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі, елеулі болмыс-бітімі іріктеліп, шығарма желісіне өрілген.
“Абайдың жұмбағы” роман-хамсаның басында-ақ, Абай дүниеге келген сәт айрықша суреттеліп, жаңа туған нәрестенің өсу жолының өзіндік заңдылықтарын қарт әжесі Зере мүлт жібермегендей:
- Тіпә-тіпә… тілім тасқа! Алтын тақта отырар айбарым келіпті ғой…- деді де сол тұрған жерінде жеңсізінің омырауын ашып жіберіп, жыбыр қағып қозғалған нәрестені кеудесіне баса қойып: - Өзімнің балам… Өзім асырып ер жеткізем… - деп күбірлеп сөйлеп кетті”,- дейді. Абайдың өр мінезі жасөспірім кезінде көріне бастағанын, жанары оттай, өткір, шымыр, шыншыл, дос-жанды, жайдары болып өскенін кейіпкер мінез- құлқын бергенде, өз бойына шақ бояу, өрнектері ашық, әрі үйлесімді етіп суреттеледі.
Жазушы романда Абайдың балалық шағы мен жастық дәуренін алғашқы кітаптарда топтап, есейіп, ес жиған өмір кезеңдерін де әрбір нақтылап, сенімді күрес, тартыс арқылы шебер суреттеген. Бұл романда адам өмірі шығармашылықпен жүзеге асырыла отырып, замана қаһарманын, оның рухани жан- дүниесін, мақсат-мүддесін, ой-сезімін шыншылдықпен өрнектеп, Абай характерін ашуды биік мұрат тұтқан. Абай өмірдегі өз қалпын сақтап, шынайы сөзін айта алғандай әсер етеді.
Көркем шығармада адам бейнесін мүсіндеудің жолдары көп екені аян. Адам бейнесін айқындайтын көркемдік компоненттердің бірі - портрет. Портрет әр адамның өзіндік сипатын, өзара бітімін танытуға да елеулі қызмет етеді. Сонымен
қатар, портрет – адам характерінің негізгі өзгешелігін де білдіріп отыратын шығармадағы көркемдік компонент. Жазушы ойының түпкі қазығы, кейіпкерге деген оның негізгі көзқарасы, суреткерлік позициясы осы портрет арқылы көрінеді. Шын мәнінде жоғарыдағы Абай бейнесі де бірнеше жерде портрет арқылы есте қаларлықтай етіп мүсінделгеніне куә боламыз. “Абайдың осындай қақтығыстар кезіндегі орамды тілді шешендігі, әсіресе үлкен отыр екен деп қаймықпай қарсы шабатын түр-тұлғасы тым ерте қалыптасты. Мұндайда төбесінен нұр шалқығандай боп, даусы да саңқылдап ашық- жарқын шыға бастайтын еді. Тегінде адам баласы жарық дүниеге келгенде көзін тырнап ашқаннан не нәрсеге бұрын әсерленсе, ғұмыр бойы соған ұмытылып өтетін сияқты.
...Өз көңілі, жүйрік ойы кеудесінен құс болып ұшып шығып, көз жетпес алыс-алыс қырларды бір-бір шолып қайтпай, одан күнделікті тірлігіне лайықты сурет таппай тынымы жоқ. Және өткені, көргені, қазіргісі қосарлана бірге жүріп қызмет етеді. Қай ауылда, кімнің үйінде, соның от басы, ошағының қасында не болып жатқаны оның ойы мен бойында еріксіз бірге өмір сүреді”, - дейді. Бұл роман-хамсадағы Абайдың Сүйіндік қызы Тоғжанға бір көргеннен құлай ғашық болып қалған тұсын суреттеген жазушы қыз портретін: “Жұқалтаң ақшылт өңді, ұзынша қыр мұрынды, бойын қаққан қазықтай тіп-тік ұстап, жүретін осы қыз оның күндіз ойынан, түнде түсінен шықпай қойды. Өзімен-өзі оңаша қалған кездерінде шолпысының сылдыры мен күлкісінің сыңғырын құлағынан кетіре алмайды. Нұр шашқан өткір қара көздері қандай әсем еді”- деп мінез құбылысын, сөйлеу мәнерін, кескін-келбетін шебер танытқан. Романдағы осы портрет-мінездемелерден Абайдың түр-тұлғасын есте сақтап қалуға мүмкіндік жасалған. Келе-келе ақын- азаматтың болыс-билерге қарсы шыға бастағаны, ірі әрекеттерге араласуы нақты оқиғалар негізінде баяндалады.
Бұл тұстардан роман кейіпкерлерінің адамдық, азаматтық және қайраткерлік сипатын тани отырып, Абайдың іс-әрекет үстіндегі шын келбетін, таза табиғатын адастырмай аңғартатын көптеген суреттер бар. Басты бейненің әділдікті аңсағанын, сол жолда жанын аямай қызмет еткенін, “азаматтық, адамгершілік”
деген әдемі ұранның байыбына терең барғанын, аса шытырман, қиын сәттерін де көрсету арқылы автор қаһарман бейнесін білгірлікпен сенімді ашқан. Романдағы Абай мен Шоқан байланысы, әсіресе Шоқан өлімі қазасы қатты күйзелтіп жібергені туралы кеңінен айтылады. Абайдың соншалықты қайғырғанын көрген дос-жарандары да бас айналар бақытсыздық болғанын түсінеді. Бұл туралы жазушы жеріне жеткізе жаза біледі. Оның дәлелі ретінде мынадай түйіндер беріледі:
«Абайдың осы құлазыған сұмдық халінен аз да болса сейілткен – Омбыдағы оқуынан келіп жатқан Халиолла еді. Жүріс-тұрысы, кескін-келбеті Құнанбай балаларының біріне ұқсамайды; жайшылықта бос-болбыр, «қой аузынан шөп алмас» момын деуге де келеді. Қызынып сөйлеп кеткен кезінде ғана түсі өзгеріп, ақжарқын, момақан шырайының қаны қашыңқырап, кісіге кешіріммен қарайтын жуасыңқы көздеріне шейін сұрғылт тартып кетеді»,- деп, Шоқанды еске алған тұстарда өңі қаракүреңденіп кететін Халиолла бейнесі суреттеледі. Дүниені, тыныштықты сақтайтын қара күш иесі, әскер де емес екенін, ойшыл адамдар ісі, солардың өздерін құрбандыққа шала жүріп істейтін адамгершілік харакеттері екенін жазушы осы Халиолланың аузына салу арқылы айтқызады.
Роман-хамсадағы кейіпкерлерге ден қойғанда байқағанымыз
- жазушы бейне сомдауға шебер. Жазушы шығармасындағы Құнанбай, Қодар, Кенесары, Абай, Ербол, Зере, Шоқан, Тәттімбет, Алшынбай, Ұлжан, Тоғжан т.б. көптеген кейіпкерлер

  • өмірде болған адамдар. Автор олардың әрқайсысының жекелеген бейнелерін бере отырып, сол кезде өмір сүрген адамдардың типтік бейнесін жасауды мақсат тұтады.

Р.Тоқтаров туындысындағы жан-жақты ашылған, тұтас сомдалған типтік бейнелердің бірі – Қодар. Бұл бейнені автор:
«Енді, міне, жуан торы атының үстінде өңкиіп, қанын ішіне тарта сұрланып өзі келе жатыр. Бергі қабақтағы қалың қауды қабырғалап өте бере іш киімінен басқасын шешіп тастап, қолындағы жарық-жұрқ еткен бірдемесін ерсілі-қарсылы құлаштай сермеп жүрген еңгезердей зор денелі туысқанын көрді. Қодар – осы. Ол-дағы өзіне қарай тура салып келе жатқан Құнанбайды қиядан шалып, қолындағысын анадай жерге


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет