Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым Комитеті
«Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ»
ШЖҚ РМК
ХҒТАР 19.31 «БЕКІТЕМІН»
ӘОК 007 «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік тіркеу № 0118РК00392 мемлекеттік университеті»
Инв. № ШЖҚ РМК ректоры
___________ А. Талтенов
«____» ______________2018 ж.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП
«МАСС-МЕДИА КОНВЕРГЕНЦИЯСЫ ШАРТТАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫ (KNOWLEDGE BASE НЕГІЗІНДЕ)»
(аралық есеп)
Университет ғылыми жұмыстар
жөніндегі проректоры, п.ғ.к. С.Н.Идрисов
Жобаның ғылыми жетекшісі,ф.ғ.к.: М.Мұқашева
Атырау, 2018
ОРЫНДАУШЫЛАР ТІЗІМІ
Жоба жетекшісі:
|
|
|
Бас ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының кандидаты, қауымд. профессор
|
___________________
|
М. Т. Мукашева (жобаға жалпы жетекшілік, кіріспе А, Б қосымшасы)
|
Жауапты орындаушы:
|
|
|
Жетекші ғылыми қызметкер,
PhD докторант
|
____________________
|
Б. Қ. Орынбетова (1-бөлім, Б қосымшасы)
|
Аға ғылыми қызметкер,
PhD докторант
|
___________________
|
Ұ. Сәйдірахман (2- бөлім )
|
Ғылыми қызметкер,
Әлеуметтік ғылымдар магистрі
|
____________________
|
А. Қ. Жұмабаева (қорытынды, Б қосымшасы)
|
Нормабақылаушы
|
____________________
|
С. К. Балтурганова
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
РЕФЕРАТ
Есеп 54 беттен, 2 бөлімнен, 9 пайдаланылған әдебиеттер, 2 қосымшадан тұрады
ТҮЙІН СӨЗДЕР: ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ, АШЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРС, KNOWLEDGE BASE, МЕДИА КОНВЕРГЕНЦИЯ, МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИНТЕРНЕТ СЕГМЕНТІ, КОНТЕНТ, ЖУРНАЛИСТИКА ТЕОРИЯСЫ, АҚПАРАТТЫҚ СТРАТЕГИЯ, ИНТЕРНЕТ-ЖУРНАЛИСТИКА.
Зерттеу нысаны мен өзектілігі. Дәстүрлі масс-медианың жаңа интерактивті электронды форматқа көшуінің негізгі проблемалары мен бағдарлары зерттеу негізгі нысан болып табылады. Ал интернеттегі ашық білім қорын қалыптастыру арқылы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуына тиімді әсер ету зерттеудің өзектілігін құрайды.
Зерттеудің мақсаты – әлемдік БАҚ-тың конвергенциялану процесі аясында отандық ақпарат құралдарының даму тенденциясына баға беру, нақты ұсыныстар жасау.
Зерттеу әдісі мен әдістемесі. Зерттеуде ғылыми тұжырымдамаларды, модельдерді салыстырмалы талдау, мәдени және әлеуметтік процестерді жобалаудың жүйелі тәсілі қолданылады. Зерттеу іргелі сипатқа ие болғандықтан, жіктеу, топтау әдістері түрлі үйлесімде қолданылады. Негізгі қолданылатын ғылыми әдістер: жүйелі талдау, құрылымдық-функционалды талдау, компаративті әдіс, абстрактіліден нақтыға өту әдісі, логикалық және тарихи сәйкестендіру. Зерттеудің теориялық әдістемесі сипаттамалық, салыстырмалы, салыстырмалы-тарихи әдістерді, философиялық көзқарастар негізіндегі жүйелі әдісті, интерпретацияны және бұрынғы көзқарастарды жалпылау әдістерін қамтиды.
Жұмыстың нәтижелері мен жаңалығы. Ғылыми жұмыс нәтижесінде жаңа медиа теориясы жүйеленіп, журналистік білімнің ашық электронды ресурсы жасалды. Қазақстандық электронды ақпарат құралдарының контенті сапасын арттыру, бәсекелестікке қабілетті мультимедиялық өнімдер дайындау жолдары көрсетілді. Интернет желісінің қазақстандық сегментіндегі қазақ тілді сайттарға тұрақты түрде мониторинг жасалынды. Электронды БАҚ журналистеріне арналған сайт түріндегі қолданбалы ақпараттық база («Knowledge Base ресурсы») құрылды. Журналистерге, журналистика факультетінің студенттеріне жаңа медиа құралдарын қолдану, ақпарат таратудағы жаңа технологияларды ұтымды пайдалану бойынша вебинарлар ұйымдастырылды.
Қолдану аясы. Жоба барысында дайындалған бағдарлама жасақтамалары мен ғылыми зерттеу нәтижесінде дайындалған еңбектер журналистика мамандығы бойынша білім алатын жоғарғы оқу орындарының студенттері, магистрлары мен PhD докторанттары, конвергентті редакциялардың журналистері мен азаматтық журналистика өкілдері арасында сұранысқа ие.
МАЗМҰНЫ
1 ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ КОНТЕНТ 14
ҚОРЫТЫНДЫ 48
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 53
ҚОСЫМША А 54
Жарияланған мақалалар тізімі 54
ҚОСЫМША Б 55
Күнтізбелік жоспар 55
КІРІСПЕ
Соңғы он-онбес жылда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ақпараттық қоғамның негізгі элементі ретінде қоғам өміріне, оның өмір сүру салтына елеулі өзгерістер енгізді. Қарапайым адам ғана емес, мемлекеттік органдар, құрылымдар, мемлекеттің өз «телекомуникациялық» тәуелділікке тап болды. Басты коммуникация құралы ретінде интернет ресурстарды пайдалану компьютерлік желілік технологияларды қоғамдық мәдениеттің бір элементіне айналдырды. Осылайша қоғамдық «сананың модернизациясы» орын алды. Интернет ресурстар, мультимедиялық құралдар тек халықты ақпараттандыру ғана емес, қоғам санасын манипуляциялау функциясын да қозғады. Сондықтан бұрын төртінші билік аталған БАҚ қазіргі уақытта «Soft Power»-ге айналды. Қазіргі уақытта елде төңкеріс жасау үшін ауыр артиллерияны, физикалық күшті, қару-жарақты пайдаланудың қажеті жоқ, тек сіздің позицияңыз бойынша ақпаратты біржақты беру, белгілі траекториямен халықтың санасын Ал отандық бұқаралық ақпарат құралдары дәстүрлі медиада жаңа медиаға конвергенциялана алды ма? Бұрынғы пәрменін арттырды ма әлде жоғалтты ма?
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлігінің деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта елімізде 1156 газет және 1269 журнал, 285 электронды бұқаралық ақпарат құралы (оның ішінде 269 телерадиокомпания) тіркелген [1]. Ал "Kaznic" Қазақ торап ақпарат орталығының 2018 жылғы қазан айындағы деректері бойынша kz және қаз домендерінің жалпы саны 142 430 жеткен [2]. Бұл ресурстар оқырмандарына қандай контент ұсынып отыр және сұранысын қанағаттандырып отыр ма? Жобаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде қазақстандық интернет ресурстардың аудиториясын анықтау мақсатында сауалнама жүргіздік. Осы сауалнама нәтижесінде респонденттердің 63 %-ы қазақ тілді интернет ресурстарды оқымайтынын, тек әлеуметтік желідегі кездескен кездейсоқ сілтемелерді көзі шалатынын айтты. Ал интернет ресурстар әдетте таргетке немесе СММ планерге кликабельді сілтемелерді қояды. Кликабельді сілтемелер сайттың негізгі контентін білдірмейді, ол тек оқырмандардың реакциясын тудыру ықтималдығы жоғары мақалаларды білдіреді. Әдетте ол трафик көп жинайтын қылмыс хроникалары, "жұлдыздар" өміріндегі скандал, шулар сияқты контенттен тұрады. Егер қазақстандық интернет ресурстардың zero.kz ұсынған рейтинг жүйесіне көз салар болсақ, республикалық басылым "Егемен Қазақстан" сайтынан stan.kz ресурсы хост бойынша екі есе озып, алға шыққанын байқаймыз [3]. Ал контент сапасы жағынан әншілердің өмірі мен "жаға ұстатарлық" қылмыс, оқиғалар арқылы трафик жинап отырған бұл сайт еліміздің бас газетіне бәсекелес болуы мүмкін емес.
Кесте-1 zero.kz ұсынған рейтинг (20 қазан 2018 ж. жағдай бойынша).
р/с
|
Интернет ресурс атауы
|
Сайттағы адамдар саны
|
Хост
|
Сайтқа кірушілер
|
Қаралым саны
|
1
|
Baribar.kz - Бәрі бар!
|
387
|
56 137
|
70 317
|
150 987
|
2
|
МИА Казинформ
|
163
|
42 128
|
49 161
|
70 902
|
3
|
Хабар: Последние новости Казахстана и мира
|
81
|
24 747
|
26 230
|
104 392
|
4
|
Телеканал КТК
|
106
|
24 060
|
24 795
|
66 564
|
5
|
STAN.KZ: Соңғы жаңалықтар, қазақша жаңалықтар
|
111
|
23 536
|
24 120
|
60 864
|
6
|
"Қазақстан" РТРК" АҚ
|
205
|
17 397
|
17 914
|
53 951
|
7
|
Baq.kz
|
40
|
14 054
|
14 438
|
21 174
|
8
|
Алаш айнасы
|
81
|
13 767
|
13 552
|
25 978
|
9
|
Сайт Атырауской газеты "Ак Жайык"
|
98
|
13 206
|
14 248
|
109 676
|
10
|
«Egemen Qazaqstan» RG
|
25
|
12 045
|
15 390
|
24 066
|
|
|
|
|
|
|
Жалпы БАҚ-тың біздің санамызға әсерін мойындамауға болмас. Интернеттің барлық кеңістікті жойып, адамның психикалық және физикалық реалийлеріне тікелей әсер ететін жаға кеңістік екенін ескерсек, оның пәрменін бағалау қажет. Осыдан бірнеше жыл бұрын-ақ мобильді журналистика назар аударатындай елеулі дүние болып көрінбесе, бүгінде оқырманға дәл жететін, оперативтілігінен озық тұратын жүйеге айналды. Бірнеше команда болып жасалған бейне роликтен де бір вайнердің жасаған вайны немесе вирал видеолары әлдеқайда өтімді. Неліктен дәстүрлі БАҚ өз позициясын жекелеген адамдарға, кезінде өзі оқырман болған блогерге, вайнерге немесе желінің белсенді пайдаланушысына жіберіп алды. Бұл жаңа медиаға бейімделе алмау ма әлде конвергенция кезеңінің кемшіліктері ме әлде аудитория сұранысының өзгеруі ме? Жоба барысында осы сұраққа жауап іздедік.
Жобаның басты мақсаты - Қазақстандағы қазақ тілді интернет ресурстар қызметінің жан-жақты анализі. Веб-кеңістіктің журналистика үшін ашқан интервактитілік, мультимедиалық сияқты мүмкіндіктері, әлеуметтік желілердің ақпараттың каналдар бойынша таралуына әсері қарастырылды. Қазіргі уақыттың алдыңғы жүзжылдықпен салыстырғанда артықшылығы – бұқаралық коммуникация құралдарының түрлерінің өзгеруі және олардың қолданатын тәсілдерінің түрленуі. Біздің қазіргі қоғамымыздың жалпы қоғамтану теорияларының біріне сүйенсек, ақпараттық қоғам аталуы да орынды. Оның негізі бар - ақпарат көптеген факторлар арқылы (ең алдымен саяси және экономикалық) күрес құралынан оның мақсатына айналып кетті. Ақпарат үшін көшбасшы елдер, ірі компаниялар, тұлғалар күресуде, және де дәл ақпарат көптеген конфликтер барысында шешуші рөл атқарады. Ақпарат нақтылы құндылығы бар әлеуметтік ресурсқа айналды. "Қарапайым сөз арасында "ақпарат" табиғат пен қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді білдіреді. Дәл осы контентте ақпарат ауызша, жазбаша немесе қандай да бір өзге жолмен бір-бірімен қажетті мәліметтерді бөлісуге қабілетті адамдардың қызметінен ажырамас дүние" [4].
Интернет-БАҚ қызметін талдау үшін алдымен ғаламдық жүйені коммуникация каналы ретінде қарастыруымыз қажет. Түптеп келгенде интернет коммуникация формалары/деңгейлерінен гөрі осы коммуникация туындайтын алаң, екінші реалий болып табылады.
Оған қоса, ғаламдық желіс бізге күнделікті үйреншікті заттар - почта, үй телефоны, факсты алмастыра бастады. Интернет-коммуникациялар - бұл стандартты протокол алмасу және ақпаратты ұсыну арқылы Интернет каналдар арқылы ақпарат таратылатын қарым-қатынас әдістері. Маңызды ерекшелік - ақпарат түрлі формада: дауыс, видео, мәтін, лездік хабарламалар, файлдар арқылы берілуі мүмкін.
Ғалымдар Бабаева Ю. Д., Войскунский А. Е., Смыслова О. В. желідегі коммуникацияның келесі түрлерін бөліп айтады: шынайы уақыт режимінде араласу (чат) және адресатқа ақпарат сәл кешігіп жететін қарым-қатынас [5]. Сонымен қоса, Интернеттегі коммуникацияның классификаторы ретінде келесі параметрлерді қабылдауға боолады:
• қауымдастықтың барлық пікірлесуге дайын адамдарға ашықтығы немесе оның бөгде адамдарға жабықтығы;
• қатысушылар қызметін қадағалаудың болуы немесе болмауы, бұл ретте бақылаудың жекелеген түрлері модерациялау, жабық каналға рұқсатсыз ену, тыңдау (lurking) болуы мүмкін;
• вербальді мәтін немесе мультимедиалықпен шектеу.
Сонымен қатар осы орайда Интернеттегі коммуникацияны төрт категорияға бөліп қарастыратын М.Моррис жіктеуішін де қарастырған жөн:
• асинхронды коммуникация «жекеден жекеге» (электронды хаттар, әлеуметтік желідегі жекеге хабарламалар);
• асинхронды коммуникация «көптен көпке» (спам тарату);
• синхронды коммуникация «жекеден жекеге», «жекеден бірнешеге», «көп көпке» (қарым-қатынас, коммуникация белгілі бір тақырып төңірегінде өрбиді, мысалы Фейсбукте жер мәселесін талқылау, мұнда бірнеше адам өз хабарламадларын біреуге арнап емес, жалпыға арнап сөйлесуі мүмкін);
• асинхронды коммуникация (пайдаланушы нақты сайтты табуға тырысады, алайда іздеу барысында басқа да "ақпараттық қоқысқа" тап болып, мысалы гороскоп, жарнамалық мәтін және т.б. адасып кетеді).
Жоғарыда айтылған екі классификация бойынша Интернеттегі коммуникацияның таралуы араласу әдістеріне байланысты болып тұр: достардың өзара хат алмасуы, чат немесе спам тарату. Коммуникацияның көп түрлі формасы - Интернеттің басты ерекшеліктерінің бірі. Екінші маңызды ерекшелік - анонимділік мүмкіндігі. "Тікелей контактінің болмауы салдарынан "психологиялық анонимділік" әсері туындайды - тұлға сыртқы бақылаудан қорғалған" [6].
Көптеген пайдаланушылар үшін бұл Интернеттегі қарым-өатынастың негізгі қасиеттері болып табылады. Нақты есімі, жас мөлшері, әлеуметтік мәртебесі жасырылады, нақты фактілер ойдан құрастырылған деректермен алмастырылады. Екінші жағынан ғаламдық желінің өзі пайдадланушылардың анонимдігіне жағдай жасайды - кез келген жарияланған ақпарат санаулы секундтарда тарап кетеді, әдетте авторы мен дереккөзін табу қиынға түседі. Осылайша ақпарат көпшілік иелігіне өтеді. Сондықтан да интернетте жалған ақпараттардың, фейктерді жүруі соңғы уақытта етек алды. Мұндай анонимділік кей топтарға ұтымды: жарнамалық мақсаттарда жасалған "вирустық видеолар" халық арасында кеңінен жайылады, кей жағдайларда болмашы ақпарат ағындары елеулі материалдық зияндарға да әкеліп жатады. Бұл онлайн-БАҚ-тарға да қатысты. Әдетте отандық бұқарат ақпарат құралдары желідегі ақпаратты контент етіп, фактчекинг жасамайды. Бұл ақпарат көзі ретінде ресурс беделін төмендетуі мүмкін факторлардың бірі. Кейде оқиға орнынан жазылған қысқа твит ("Твиттер" әлеуметтік желісіндегі 140 символдық хабарламалар) ресми БАҚ өкілдерінің сериялы мақалаларына себепкер болуы мүмкін. Иерархиялық ақпарат таралу әдісінің орнына гетерархиялық (тең құқылы, көлденең) әдісі орын алады. Қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының оның ішінде интернет ресурстарының ең осал жақтарының бірі де осы. Себебі оперативтілікке жетем деген арынмен журналистер фактчек негіздерін ұмытады, әлде мүлдем білмейді.
Мультимедиа - ақпараттардың барлық түрінің (графикалық, дыбыстық, видео) жиынтығы. Интернет сайттар материалдарында тек мәтін ғана емес, аудио, видеофайлдар, "кликабельді" фотолар (фотоға басқанда жақсы сапада қарау мүмкіндігі бар фото контенттер) анимациялар қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктер пайдаланушы алатын мүмкіндікті кеңейте түседі. Бұрынырақ оқырман үшін мәтін жеткілікті болса, кейін суретті мәтінге ұмтылды. Кейін видео мәтіндердә, аудиомәтіндерді, интерактивті визуальды контентті көрген соң, оқырман қарапайым стандартты материалға көңілі толмайды. Ал қазақ тілді аудиторияның басым бөлігі орыс тілді шетелдік ресурстарды, ағалшын тілді контентті де оқи алатынын ескерсек, қазақ тілдіконтент сапасының деңгейі жайлы әңгіме қозғалатыны заңды да сияқты. Оның үстіне бүгінгі интернет сайт оқырманы телевизия көрермені сияқты емес, ол көретін контентті, уақытын, түрлерін, ретін өзі таңдайды. Ақпаратпен коммуникацияда пайдаланушының еркіндігі - онлайн БАҚ қана емес, жалпы Интернеттің тағы бір ерекшелігі. Мультимедиалық материалды қызықты әрі тартымды етеді: тұтынушының бала кезінен ашық, жарқын көрнекі дүниелерге құмарлығы табиғи дүние. Сондықтан да жобаның барысында қазақ тілді сегменттің ресурстарын талдау барысында контенттің түрлеріне, берілу формасына ерекше көңіл аударып тұрдық. Сонымен қоса, Жамбыл, Өскемен, Тараз, Астана қалаларында аймақтық және қалалық журналистерге тренинг-семинар жүргізу барысында журналистер тарапынан мультимедиалық контент ұсыну жағынан қызығушылық және сұраныс туындағанын байқадық.
Қазақстандық электронды БАҚ контентіне талдау жасамас бұрын электронды ресурстарды талдау түрлерін қарастырып көрейік.
Сайт талдауының мақсаты мен міндеттері.
Сайт талдауы – ресурс жұмысындағы проблемаларды анықтайтын процесс. Бұл келесі аспектілерге қатысты болмақ:
техникалық қателіктер;
дизайн жеткіліксіздігі;
индексация мен дамытуға қатысты өзге де кемшіліктер;
төмен конверсия;
тиімсіз жарнама және төмен таралым.
Нәтижесінде сайттың рейтингісінің төмендігі және оқырмандар сұранысын қанағаттандырмау себептері анықталады. Веб-аналитикке қойылатын бірқатар мәселелер:
бір немесе бірнеше сұраныстар бойынша позицияның төмендеуі;
төмен конверсия немесе оның нашарлауы;
іздеу жүйесінің фильтріне түсу;
сайт оқырмандарының азаюы.
Сайт талдауының әдістері.
Талдау жүргізу үшін пайдаланушы, іздеу жүйесі және контент менеджер тарапынан барлық позицияны қадағалау қажет. Бұл үшін бірқатар әдістемелер мен тәсілдер бар. Талдау әдістері жиантықта қарастырылуы қажет, кері жағдайда алынған жағдай субъективті болмақ. Сапа көрсеткіштерінің талдауы - бұқара үшін ең көрнекі және қолжетімді әдіс. SEO негіздері бойынша цитаталық индекс тақырыбы мен PR көрсеткіштерін қадағалау қажет. Сонымен қатар базалық көрсеткіштер: домен жасы, индекстегі беттер саны, ішкі және сыртқы сілтемелер саны қажет. Көптеген плагиндер мен қосымшалар сайт иесі мен сырт пайдаланушылар үшін қажетті деректерді қадағалауға мүмкіндік береді.
Статистикалық деректерді салыстырмалы сипаттамалары.
Статистика құралдарының көмегімен, мсалы қазақстандық сайттардың жиі қолданатын «Яндекс.Метрика», Google Analytics көмегімен пайдаланушылардың әрекеттері мен қаралымдары туралы ақпаратты білуге болады. Олардың негізінде келесі ақпараттарды білуге болады:
трафик көзін анықтау;
жарнама тиімділігін бағалау;
ең танымал сұраныстар мен беттерді анықтау;
«бас тарту»(сайттан шығу) пайызын талдау;
мақсатты аудиторияның ерекшелігін білу.
Сайт юзабилити талдауы бізге көптеген проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы тым ұсақ шрифт, иконкалар мен блоктардың қате орналасуы, назарды бұратын баннерлер, тіркелу процесінің күрделі болуы. Егер сайт иелері осы көрсеткіштерге назар аударса, конверсия өсіміне, қысқа мерзімді ауысу санының төмендеуіне қол жеткізуге болады.
Сонымен қатар "Вебизор" функциясына назар аударуға болады. Ол сайттағы пайдаланушылар әрекетін видео түрінде қарауға мүмкіндік береді. Пайдаланушының тінтуірді қозғалтуы, сауалдар енгізуі, басқа да әрекеттері байқалады. Бұл мүмкіндікті «Яндекс.Метрики» пайдаланушылары көре алады.
Симплекс-әдіс.
Сайт контентінің талдауы кезінде сайт беттерінің іздеу сауалдарына сай келуін анықтауға болады. Жоба орындаушылары бірнеше жыл бұрын құрылған sanaq.kz сайттар каталогында байқағанындай әдетте сайт иелері сайт контентіндегі элементтерге өзге атаулар беріп, іздеу жүйесінде өзге сауалдар арқылы кіретіндей етіп жасағанын байқаған. Мысалы кей қазақ тілді сайттар мақала ішінде қолданған суреттерге мүлдем басқа кілт сөздер арқылы іздеу жүйесіндегі ағынды өз сайтына бұрады. Іздеу жүйесінен өз сауалымен кірген пайдаланушы әрине сайттан өзіне керек ақпаратты таппайды. алайда сайт иелері қысқа мерзімід эффектіге қол жеткізеді. Алайда бұл сайтта "бас тарту" процедураларының көбеюін назарға алмайды. Іздеу жүйеснің роботтары кейін мұндай жағдайлар көп қайталанғанда сайтты сенімді ақпарат көзінен шығарып тастайды. Сондықтан да сайт таза әдіспен аудитория жинағысы келсе де мүмкіндігі шектеулі.
Іздеу жүйелерінің беделіне келетін болсақ, цитатаны индексациялау тақырыбы, PR, Aleха Rankты қарастыруға болады. Цитатаны индексациялау тақырыбы (тИЦ) "Яндекс" іздеу жүйесімен беріледі. Оның мәні әрқашан 10 еселік, және оның цифрасы ұлғайған сайын сайтқа деген сенім жоғары. Алайда бұл көрсеткіш рейтинг жүйелеріне әсер етпейді, дегенмен "Я. Каталогта" позицияны жақсарту үшін қажет. Сайтқа сілтеме жасайтын беттер көбейген сайын, тИЦ жоғарырақ болуы тиіс. Сайттың PageRank (PR) дәл осындай жүйе тек ол Google-мен беріледі. Мәні 0-ден 10 аралығында болады. тИЦ ерекшелігі жалпы ресурсқа емес, әр бетке жеке жасалады. Мәні жоғары болған сайын Google іздеу жүйесіне шығу мүмкіндігі артады. Aleха Rank — интернеттегі барлық сайттардың рейтингісі. Жүйе ресурсқа оқырмандар мен олардың қараған беттер санына байланысты позиция береді. Параметрлер әдетте сілтее сататындар мен шетелдік сайттар үшін маңызды. Мәні аз болған сайын рейтингіде орны жоғары. Сайттың PR мен тИЦ және басқа да көрсеткіштерді тексеруге Seoquake сияқты плагиндер мен FastTrust. сияқты бағдарламалар көмектеседі.
Іздеу жүйелеріндегі сайт позициясының талдауы.
Іздеу жүйелерінде алатын орын - сайт жұмысының барлық жиынтық бағасының маңызды көрсеткіші. Сайт позициясының талдауы қандай бағытта жұмысты дамыту қажеттігін, бәсекелестерді анықтауғға мүмкіндік береді. Ресурстың қандай орында тұрғанын Semonitor, PositionMeter сияқты бағдарламалар көмегімен білуге болады. "Яндекс" пероснализацияланған іздеуді енгізген соң позиция тұрақты болмайтынын ескеру керек. Сондықтан да талдау барысында бірқатар сайттар өз орнын өзгертіп отырды. Бұл аудиторияның белсенділігіне байланысты болуы керек.
Сайтқа кіру көрсеткішін талдау.
Сайтқа кірушілер саны маңызды, дегенмен кейде оның маңызын тым арттырып жібереді. Басқа талдау деректеріне қарағанда ол оншалықты маңызды мәселелерді білдірмейді. сондықтан талдау барысында біз бұл көрсеткішке ерекше мән бермедік. Сайтқа кірушілер санын білу үшін арнайыесептеуіштер — HotLog, Liveinternet орнатуға болады, сондай-ақ «Яндекс.Метрика» сервисі де көмек бере алады.
Сайт беттерінің жүктелу жылдамдығы.
сайттың жүктелу жылдамдығы төмен болса бұл да келушілер санын азайтып, сайт оқылымына кері әсер етуі мүмкін. Бұл проблеманы шешу үшін осы параметрлерді тексеру қажет. Біздің зерттеу жұмысында Seogadget онлайн сервисі қолданылды.
Сайттың SEO-анализі.
Сайттың құрамы, контентімен қатар оның SEO талаптарына сай келуі маңызды. Бұл сайты контентінің бірегейлігі, кілт сөздерді жеткілікті пайдалану, тег, сипаттамалардың толтырылуы. Орыс тілді сайттарда орфографиялық сауаттылық маңызды, ал қазақ тілінің базасы болмағандықтан бұл проблема әзірге туындай қойған жоқ. Дегенмен google аудару жүйесінде, бірқатар әлеуметтік желілер интерфейсінде қазақ тілі енгізілді. сондықтан жақын болашақта бұл параметр де маңызға ие болмақ. Мәтін анализі үшін Advego Plagiatus бағдарламасын қолдануға болады. Ол мәтіннің сәйкестігін рерайтты, орфографияны және сөздерді қолдану жиілігін есептейді. Рерайтқа қатысты осы бағдарлама көмегімен мәтіндік талдау кезінде қазақ тілді көптеген сайттарда уникал контент жоқ екенін аңқартты. Қазақ тілді ақпараттық сайттардың 60 жуық пайызы авторлық құқық сақтамай, өзгенің контентін уникал етіп беруге тырысады. Бұл жөнінде алдағы бөлімде кеңірек тоқталамыз.
Сонымен сапалы сайттар деп оқырман талабына сай келу критерийлері бойынша келесі төрт принципті бөліп көрсетуге болады:
Мақсаты. Жақсы дизайн әрқашан міндеттер қоюдан басталады. Веб-парақшаның не үшін қажет екенін айқындаған жөн. "Айқайлаған" тақырып арқылы әлеуметтік желіден оқырманды әкелу оңай, алайда нашар дизайн болса, ең мқты таргеттің өзі көмектеспейді. SEO формуласы бойынша Жақсы дизайн = Көбірек сенім = Жоғары конверсия. Ол үшін веб-дизайн мен брендингті қолға алған жөн.
Сыртқы түр эстетикасы. Сайт әдемі әрі заманауи көрінуі керек. Егер оқырмандардың көпшілігі смартон арқылы кіретін болса, мобильді қосымшасына ерекше мән беру керек. Қазіргі уақытта кез келген сервис сайт оқырмандарының қандай құрылғы арқылы кіретінін, ол құрылғының габаритін, сипаттамаларын бере алады. Веб-дизайнның техникалық элементтері келесілерден тұрады: мобильді құрылғыларды бейімделуі, жоғары жүктелу жылдамдығы; іздеу оптимизациясы, SSL-шифрлену, сайт архитектурасы мен навигациясы.
Релевантты және бірегей контент. Сайт мазмұны басты компонент. Плагиат нашар және іздеу жүйелерімен жазаланады. Сайтта плагиат мәтін көбірек болған сайын сенімді дереккөз тізімінен шығу ықтималдығы артады.
Түсінікті навигация. Сайттың қолдану қарапайымдылығы өте маңызды. Кез келген парақша үш клик арқылы келесі бетке өтуге мүмкіндік беруі керек. Қарапайым әрі түсінікті навигация - конверсияға оң әсер етеді және іздеу жүйелеріндегі ранжирленуге ықпал етеді. Түсінікті навигация не үшін қажет деген сұрақ туындаса - «Яндекса» және Google роботтарына оңай жылжып, іздеу жұмыстарын жетілдіру үін деген жауап береміз. Пайдаланушы іздегенін оңай табуы керек. Үш клик принципін ұстану өте маңызды. Бұған жету үшін сайт картасын сызу керек.Мұны Slickplan атты құралмен жасау ыңғайлы: Сайт картасымен шамамен мынадай болуы керек:
Сурет 1- Сайт картасының үлгісі
Физикалық карта парақшалар арасында сілтемелердің жетісу-жетіспеуін көрсетеді. Сонымен қатар әрекетке шақыратын барлық сөздер сайттың жоғарғы жағында орналасуы тиіс.
Ал сайт жылдамдығын арттыру үшін парақшаларды кештеумен айналысу керек. Ол әдетте W3 Total Cache құралымен жасалады. Осы жоба барысында жасалған талдаулар негізінен «Яндекс.Метрика» және Google Analytics деректеріне сүйене отырып жасалды. Әдетте кейбір деректер бөгде пайдаланушыларға қолжетімсіз. Дегенмен ортақ көрсеткіштер, параметрлерді шығару үшін similarweb ресурсы да қолданды.
Достарыңызбен бөлісу: |