М. Т. Мукашева (жобаға жалпы жетекшілік, кіріспе А, б қосымшасы)



бет2/4
Дата20.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#141509
1   2   3   4
Байланысты:
kz 51564 212471 1545912630 (1)

1 ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ КОНТЕНТ




1.1 Интернет ресурстар және контент сипаттамасы
Соңғы онжылдықтағы әлемдегі саяси тектоникалық дүмпулер ақпаратты тарату, түрлендіру және тез тасымалдау мәселесін күн тәртібіне шығарды. Мазмұндар мен формалар әралуанданып, күннен-күнге – бұрынғы қарапайым сипатынан қашықтап бара жатыр. Солардың ішіндегі мультимедиалық контент кей тұстарда жалпы ескі форматтардың өмір сүру мәселесін алға қойып, әлемдегі барлық БАҚ-та өз әлеуетінің шеңберінде болса да интернет-форматтарға жаппай миграция басталды. Қазірде контент жасау жасау оның ақпарат каналдарымен мейлінше жеңіл «сырғанауының» мәселесі өз алдына дисциплина болып бөлініп шығудың алдында тұр.
Дегенмен, ақпаратты аудиторияның ығайына түрлендіруді қоғамтану, саясаттану ғылымдарында таңсық деуге болмайды. Ақпараттың ұғынықтылығы мен толассыздық мәселесі түрлі уақыттарда түрлі формаларда күн тәртібінде болған. Айталық, мәдениеттанушылар ақпаратты түрлендірудің бір пұшпағы – форма іздеу жұмыстарының ежелгі Римде де болғанын айтады. Мысалы, Рим империясының территориясы кеңейген тұста, жергілікті басыбайлы халықтардың «өз императорын тануы үшін» маңызды бекіністер мен қалаларда императорлардың сұсты, кейде түпнұсқадан әлдеқайда басқа мүсіндерін орнату әдетке айналған. Орта ғасырларға тоқталатын болсақ, шіркеу қоғамда абсолютті рөл ойнаған шақтарда, діни иерархтар тіпті жеке адамның тұрмыс салтының регламенттерін жасауға дейін барды. Шіркеу жасаған тәртіптер мен ережелер жинағы биік моралдық принциптерге негізделгендей көрінгенімен, түбінде шіркеу иерархтарының бүйрегі бұратын мемлекеттердің бүтіндігін көздеген болатын.
Контент қалыптастыру және оны тасымалдағыштарға бағыштаудың сандық және сапалық тұрғыда өлшеуге келетін қазақстандық тәжірибе - жиырмасыншы ғасырдың басында жинақтала бастады. Енді 1920 жылдардың басындағы қазақ елі – КСРО-ның субъектісі ретінде өмір сүре бастап, қауіпсіздік мәселесінде орталықтың жарғыларына бағынады.
КСРО – үгіт-насихат жұмыстары - өмір сүруінің мән-мазмұны болған алып ел болды. Біздер қарастырғалы отырған – қазақтілді контент қалыптастыруды ондай саяси-экономикалық конгломераттың өмірінен тыс қарауға келмейді. Тәуелсіз Қазақстанды – қоғам өміріндегі көптеген заңналамар мен ережелер бойынша КСРО-ның мұрагері деп алсақ, жалпы контент қалыптастыру ұғымының қазақстандық ерекшелігі, бағыты мен мазмұны айқындала түседі. Қазақтілді контентті объективті қарастыру үшін де біршама сенімді базис жасау мүмкіндігі болады.
Қазақ ақпарат айдынының үгіт-насихат алаңыңда өзінің орны, тіпті дәстүрі бар. Оның тақырыптық мазмұны біз үшін еліміздің түрлі уақыттардағы басымдылықтарын, ішкі саясатын айқындап бере алады. Қазақтілді контент қалыптастырудың ренессансы деп есептелетін 1990 жылдарды – үгіт-насихат жұмысында басты құрал боп кетті деуге болады: бұл кезде халықта ақпарат қабылдаудың электронды құралдары жеткілікті деңгейде көп тараған болатын. Әрі тәуелсіздік тұрсында барлығын жаңадан жасау шарты да болды.
Кеңжолақты интернеттің, онымен бірге – жаңа медиатехнологиялардың, азаматтық журналистиканың пайда контент қалыптастыруда дәстүрлі телевизия мен радио және газеттегі машықтарды ығыстыра бастады. Интернет-трансляцияның жеделдігі, мультимедиалық көркемдеудегі кең мүмкіндіктері (инфографика, интерактивті инфографика, видеокаст), жекелеген блогерлердің салалық дербес трансляторларға айналуы енді дәстүрлі ақпарат тасымалдағыштарды нарықтағы жалғыз ойыншы рөлінен айырып отыр. Мысалы, SmartTV принциптері бойынша кабельді телевизия технологияларына айтарлықтай жаңалықтар енгізілгенімен, бұрынғы көрермендерді көгілдір экран алдына қайтару барған сайын күрделене түсуде.
Еліміз әлемдік саяси-экономикалық процестерге тереңдеген сайын, оның бұқаралық ақпарат саласында түрлі дүмпулер болып тұрады. Мұны «дамудың кеселі» деп бағалауға болады. Бірақ сонымен бірге – біздер контент қалыптастырудағы методикалық түрдегі жұмыстарды көреміз. Ал ол жұмыстарды БАҚ-тың тиімділігінің сандық және сапалық көрсеткіштерінің нақты мәнін білмей жүргізу мүмкін емес. Қоғамды дүрліктірген оқиға бойынша қоғамға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге тиражы көп газетке бір көлемді мақала жеткілікті ме, әлде бірнеше күн бойы телевизиядан арнайы шығарылым жасау керек пе? Оның форматы, көлемі қандай болуы керек? Пайда болған форматтық тренд қысқамерзімді ме, әлде ұзақмерзімді тренд пе?
Тенденциялар.
Нарықтың жаңа ойыншылары билеуші саяси дегдар топпен біріккен. Соңғы жылдарда Қазақстанда жаңалықтар беретін бірде-бір тəуелсіз жаңа БАҚ ашылмады. Жаңа ойыншылар ешқашан сын бағытын ұстанбағанмен, бұл олардың өздерін мемлекеттік БАҚ-тардың немесе «Нұр-Медиа» холдингіне кіретіндердің бəсекелесі деп көрсетуіне кедергі жасамайды. Нарықтың жаңа қатысушылары түпнұсқадағы ақпарат форматтарын пайдалану үшін белсенді іс-əрекеттер қабылдайды. Өздерінің алдыңғы орындағы міндеттерінің арасынан олар бастапқыда сапалы жаңалықтар контентін құруды жариялайды, бірақ уақыт өте келе, олар ойын-сауық бағдарламаларына қарай ойысады.
Мұнай бағаларының көтерілуінен, оны өндірудің артуынан жəне жылжымайтын мүлік құнының ақтауға болмайтындай қымбаттауынан туған елеулі экономикалық өсу кезеңі 2008 жылдың соңында салдарлары бүгінгі күні де айқын сезіліп отырған қатал дағдарысқа ұласты. Соған қарамастан, экономикалық дүрбелең жылдарында жергілікті компаниялар коммуникациялық инфрақұрылымды жақсартып, жаңа стандарттарға көшуге, қызметтердің сапасын жақсартуға, бағалардытөмендетуге қолжеткізді. Бұл, өз кезегінде, жұртшылықтың кабельдік жəне жерсеріктік хабарлар алу мүмкіндігін кеңейтіп, сонымен қатар интернет-технологиялар нарығында қызметтердің жаңа ауқымдарына қол жеткізуге жағдай туғызды.
БАҚ-тар да, тұтынушылар да бірте-бірте интернетке көшіп жатыр, алайда ақпараттық онлайн-контент əлі де жұтаң. Кəсіби интернет-БАҚ-тардың өсуі мультимедиалық қызметтері технология тұрғысынан өзгеріп тұратын баспа басылымдарының онлайн-нұсқаларының пайда болуымен ілесе жүреді. Жаңа медиалардың қазақстандық БАҚ-тардың іс-тəжірибесіне енгізілуін бұрынғы премьер-министр Кəрім Мəсімов бірінші кезекте атқарылатын міндет ретінде белгіледі. Алайда көптеген белгілі БАҚ-тар интернетке оларға іс жүзінде қысым көрсетілуіне байланысты көшті.
Сөз жоқ, интернет сын айтатын дауыстарға пікірлерін білдіретін платформа береді, бірақ күні бүгінге дейін инновациялық құралдарды пайдалана отырып сапалы журналистика жасауға қабілеті бар беделді онлайн-БАҚ-тар аз. Блогерлердің, азаматтық журналистердің жəне терең пікірлі тілшілердің қатарлары бірте-бірте жаңа белсенділермен толығып келе жатқанмен, олардың қоғамдастықтары көп емес.
БАҚ-тардың мүдделерін қорғайтын белгілі құқық қорғау ұйымдарының күш-жігерлері кейбір жетістіктерге жетуге мүмкіндік бергенмен, азаматтық қоғамның мемлекеттік шешімдерге ықпалы мардымсыз күйінде қалып отыр. Сонымен қатар салыстырмалы түрде еркін пікірсайыс алаңы болып отырғанына қарамастан, интернеттің қоғамдастықтың назарын бірқатар маңызды əлеуметтік мəселелерге, оның ішінде интернетті реттеу мəселесінің өзіне де аударуға көмегі тигенмен, ақпараттық технологиялардың ықпалы да шектеулі.
Қазақстандық БАҚ-тардың саяси ахуалдың тұтқыны болып қалатын ықтималдығы басым. Парламенті осал, өзі күшті биліктің басымдығы, жұртшылықтың шешімдер қабылдауға елеусіз ғана қатысуы жəне шектеу қоятын заңнама – осының бəрі елдің ақпарат кеңістігінде үлкен еркіндікке жəне плюрализмге деген саяси ерік-жігердің жоқтығын дəлелдейді.
БАҚ өзінің қызметін реттейтін заңдардың əртүрлі оқылуынан зардап шегуі əбден мүмкін.Медиа-заңнаманы талдауға салалық үкіметтік емс ұйымдардың қатысуы қазір үкімет үшін үлкен дəрежеде ресми ғана сипат алып отыр, əрі болашақта да солай болып қалуы ықтимал. Медиа саласындағы өзгерістердің көпшілігі, əкімшілік шешімдер мен меншік иелерінің құрамындағы өзгерістерді қоса алғанда, сірə да бұрынғыдай саяси уəждерге негізделетін болады.
Саяси тоқыраудың мүмкіндігі медиа-активтерді өз меншіктеріне сатып алып жатқан таңдаулы топтардың нығаюы аясында елеулі тосқауыл болып табылады. Көпшілік жағдайларда БАҚ-тар үкіметтің бақылауында бола отырып, биліктің жаршысы міндетін жалғастыра береді немесе, ең жақсы дегенде, бейтарап ұстаным ұстанады. Алайда аймақтарда жағдай басқаша қалыптасуы мүмкін. Үлкен саяси еркіндік жағдайында тұтынушылар саясаттанған жалпыұлттық контенттен гөрі, жергілікті өзекті жаңалықтарды құп көреді.
Цифрлауға көшу үдерісі 2015 жылға қарай аяқталуға тиіс, бірақ нормативтік-құқықтық базаны əлі де дұрыстап жасап, өңдей түсу қажет. Қазіргі жағдай үкіметтің ақпарат кеңістігін бақылауда ұстауды сақтап қалатын ниетін көрсетеді. Цифрлау, өз кезегінде, жаңалықтар контентін берушілерге бақылау орнату үшін үкіметтің күш-қуатын нығайта түседі. Оның үстіне, қоғамдық мүдденің ескерілуі ықтималдығы аз: оның анықтамасын қазақстандық заңнама əлі күнге дейін ұғым деңгейінде бекіткен жоқ.
Кабельдік желілерде, IPTV-да жəне жерсеріктік хабар таратуда қолжетімді шетелдік, біріншікезекте, ресейлік БАҚ-тар Қазақстанның ақпарат кеңістігіндегі өздерінің берік шептерін сақтап қалады. Сонымен қатар үкімет жергілікті, əсіресе қазақ тіліндегі контентті дамытуға инвестиция салуды мемлекеттік БАҚ-тарды тікелей қолдау арқылы да, мемлекеттік тапсырыс желісі бойынша конкурстар арқылы да жалғастыра береді.
Дау жоқ, интернеттің енуі дəрежесі ұшқыр қарқынмен арта бермек. Жаңа медиа-жобалар пайда болады, алайда қазіргі саяси ахуал сақталған жағдайда, БАҚ-тардың азғантайлары ғана ақпаратты теңгерімді түрде беруді қамтамасыз ете алады. Интернет, қоғамдық пікірталастардың мейлінше еркін платформасы бола отырып, өзінің өзекті жəне жедел жаңалықтардың көзі ретіндегі рөлін күшейтеді.
Сипатталған оқиғалар, айтылған тұжырымдар мен келтірілген дәйектер ақпарат айдынында интернеттің - жетекші, ал телевизия мен басқа да дәстүрлі БАҚ - еруші болғанын айқын көрсетеді. Жалған ақпараттың медиациясы телевизияда басталғанда, ол интернетте аяқталып та үлгерді. Себебі коммерциялық банктер мен басқа да мүдделі ұйымдар алдымен мұны тез арада бірінші интернет кеңістігінде сейілтуге мәжбүр болды. Ол заңды да: себебі телевизиялық сюжет дайындау жанр заңдарына бағынуды талап етеді. Дәл сол уақытта интернеттегі белсенділер, банк саласына жақын инсайдерлер жалған ақпарат туралы тек ауызекі формада жаза салды.
Дегенмен, телевизия саласының Қазақстан үшін ұтымды тұстары да бар. Оның ең бастысы - ADSL-интернет таралып үлгермеген ауылдарды қамту қабілеті. Тағы бір ұтымды тұсы - ел арасындағы дәстүрлі БАҚ-қа деген сенім. Ертеректегі "тасқа басылған сөзге ғана сену" сияқты, телевизия да қазір ресмилік реңктегі БАҚ болып отыр. Дәстүрлі отбасында әлеуметтік, саяси, тұрмыстық көзқарастың драйверлері ересектер екенін ескерсек, телевизияның рөлін жоққа шығаруға болмайды. Алайда комьютерлік машық сауаты ересектер мен егделер арасында да күрт өсіп келеді. 2011 жылғы мәлімет бойынша олардың 25%-ы комьютер сауатты боп есептеледі. Оның үстіне орташа жас мөлшері - 25 жас екенін басшылыққа алсақ, телевизия саласынан интернетке ойысу тренді анық байқалады.
Ендеше, телевизия мен интернет арасындағы сандық-сапалық арақатынастың бұл деңгейі – жалған ақпарат, экстремистік үндеу, толқулар мен жаппай митингілерге үндеу сияқты қауіптерді сейілту үшін тамаша құралдар. Мемлекеттің, редакциялардың мақсаты – телевизия мен интернеттің мүмкіндіктерін шендестіріп, тақырып бойынша мейлінше ұтымды етіп дайындау. Бұл үлкен сараптамалық және әдістемелік жұмыс. Және бұл жұмысты – қолында өзекті статистикалық мәліметтердің барлығы тоғысқан Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен, TOP-20 кіретін телеарналар бірлесіп жасағаны қисынды сияқты. Олар жасаған әдістемелік нұсқау жалпыға жарияланып (яғни, тегін негізде), ескіретін сандық-сапалық көрсеткіштері мерзімдік негізде (ай сайын, тоқсан сайын) бюллетеньдермен жаңартылатын болса, бұл қазіргі ақпараттық қауіпті ұғынудағы үлкен секіріс болар еді.
Медиажүйелер арасындағы өзара әрекет проблемасы әрқашан болған. Айталық, 1931 жылы 25 шілде мен 5 тамыз аралығында өткізілген "алыптар онкүндігі" ақпараттық науқаны кезінде радио мен газеттердің өзара үндесе қимылдауының мәселесі туындаған. Ол мәселе радиода айтылғанды - газет бетінде жанама, жұмсақ формада растау, немесе керісінше - газетте жазылғанды - радиодағы хабарлармен бекіту арқылы шешілді. Бұл науқғанға аймақтық деңгейіне қарамастан, барлық радио және баспа органдары қатысты. Ірі металлургиялық зауыттар мен мемлекеттік газеттер және жергілікті, орталық радио арасындағы өзара қолдауды үйлестіруде қыруар жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде газеттер бір күнде "Ұжымдық радио тыңдау ұйымдастырыңыздар!" деген тақырыппен шығып, 57 радиостанция мен 3 500 радиотораптың тақырыптық, мемлекеттік маңыздағы үгіт-насихаттық хабарды тыңдайтын мейлінше көп аудиториямен қамтыды.
Бұдан басқа, радио мен баспасөздің арасындағы байланыстың көптеген мысалдары бар. Екінші дүниежүзілік соғыс, егін салу-ору науқандарында, әскери-патриоттық тәрбиеде радио мен баспасөз қоян-қолтық жұмыс істеуге мәжбүр болды. Байқасақ, медиа типінің автономды, өз алдына қарастырылуы сол кездерде-ақ жойылған. Кейін, медиаға телевизия қосылған соң да, біз мемлекеттік үгіт-насихат аппараты оны да сол кездегі "дәстүрлі БАҚ-тармен" шендестіруге әрекеттенгенін айқын көреміз.
Тәуелсіздік алғаннан кейін, біз енді үгіт-насихаттың жаппай түрімен маркетологтардың қаруланғанын көреміз. Бренд жасау немесе басқа да жарнамалық мазмұндағы сипаты бар хабарлар адамға барлық каналдар арқылы жеткізіліп отырды. Үш түрі ақпарат көзінен алған мағлұматтар адамның миында тоғысып, тақырып (айталық, тауар) жөніндегі аяқталған, дербес бейне құрай алса - ол жарнама жасаушының жеңісі деп есептелді. Міне, біздің де шүйлігетін тұсымыз осы. Адам (оны біруақытта - тыңдарман+көрермен+оқырман деп алсақ)үшін тақырып айналасында мемлекеттік мүдде тұрғысынан қажетті және тиімді бейне түзу - басты мақсат. Бұл ақыр аяғы - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәселесі.
Радио, телевизия және баспасөз - айтарлықтай өзара технологиялық ерекшеліктері бар медиақұралдар болса, интернетке келгенде ғылыми тұрғыдан да, тәжірибе жүзінде де қиындықтарға душар болып жатамыз. Басты сұрақтардың бірі - интернет технологиялық жағынан дәстүрлі БАҚ-тардың үшеуін де алмастырып тұрса, онда олармен қош айтысқан дұрыс емес пе деген тұжырым.
Оның үстіне, елімізде, неге екені белгісіз - интернеттің дәстүрлі БАҚ-тарға қарама-қарсы, антагонистік дүние ретінде қабылданып кеткені және бар. Қате де осы жерде: егер тіпті өткен ғасырдағы үгіт-насихатшылар соншама айырмашылығы бар медиақұралдарды бірі бірімен байланыстыра білсе, қазір көп жерде тек интернет-ресурс жеткілікті деген ойлар айтылып жүр. Дәл сол уақытта әлемдік практикада телевизиялық бағдарламалар мен интернет-ресурстарды ұштастыру тәжірибесі сәтті жүзеге асып келеді.
Мысалы, "Las Vegas Sun" газеті Лас-Вегастағы құрылыс басындағы қайғылы жағдайлардың көбейіп кетуін телевизия және интернетпен бірге жазып, бұл мәселені ақыры АҚШ Конгресінің күн тәртібіне енуіне қол жеткізді. Схемасына үңілсек: интернет-каналдар мен телевизия - жалпы, дүниеде осындай мәселенің барымен мейлінше көп аудиторияны құлағдар қылған да, ал газетте сол тақырып бойынша сараптамалық материалдар жариялаған (53 мақала мен 21 авторлық баған). Яғни дәстүрлі БАҚ-тың о бастан қалыптасқан, "салмақты дереккөз" ретіндегі имиджі ұтымды пайдаланылған.
Қазақстандық БАҚ мысалында біздер ондай үндестікті көре алмаймыз. Және бұған себеп болып отырған - журналистердің біліктілігінен гөрі, телевизия, газет, радио жанындағы интернет-ресурстардың ала-құла, көп жағдайда - энтузиастік сипатта екені. Оған тағы бір басты себеп - әкімшілік ұйымдастыруағы олықылықтар екенін қосамыз.
TNS Media Top-20 кіретін қазақтілді телеарналар да жоғарыда сипатталған проблемалардың зардабын тартып отыр. Мысалы, арнадағы студиялар жеке, ал интернет-редакциялар жеке жұмыс істейді. Бақылап отырсақ, кей тұстарда телеарнаның интернет-редакциясы хабарлар трансляция жасалып, көрсетіліп кеткенен кейін, эксклюзивті түрде емес, жалпы негіздеме бойынша алады. Дөрекі айтсақ, мұндай жұмысты телеарнаның жай, компьютерге білікті көрермені де атқара алар еді.
Екіншіден, мұны әлемдік тренд деуге болады - телеарна - телевизиялық хабар ғана тарататын ұйым емес, кез-келген деңгейдегі кновергентті ақпарат таратуға қабілетті медиаұжым деп қабылданбауы. Айта кету керек, тіпті әдетте прогрессивті деп есептелетін маркетологтар үшін бұл солай. Мысалы қазақстандық Top-20 телеарналардың бірінен де - интернет-сайтты медиақызмет түріне енгізегін көрмейсізЖәне телеарналардың көбінің интернет-ресурстарының қолдашуылар саны көрсеткіштері айтарлықтай тәуір болса да, монетизация жасамау себебін - интернеттің әлі де дәстүрлі БАҚ-қа қарағанда сенімсіздеу екенін аңғаруға болады.
Енді осы мәселенің мемлекеттік үгіт-насихат машинасына қалайша тежегіш болатынын ашып көрсетейік. Қазіргі трендтер көрсетіп отырғандай - оқиға бойынша түрлі сападағы ақпаратпен қамтамасыз ете алатын - жалғыз интернет қана. Ал телевизия үлкен заңдар мен мүдделердің ауданында ғана әрекет ете алады. Сондықтан, бүгінде - тұтынушының+оқырманның+көрерменнің синтезі болып отырған ақпарат қабылдаушы үшін - оқиға бойынша ресми көзқарас пен шешімдерді - мәселемен танысқан жерінде көрсетіп кеткен тек дұрыс қана емес, міндетті. Мысалы, телеарнаның интернет-ресурсында:"сел жүру қаупі бар. Арнамызда ол туралы қазір көрсетіп жатырмыз" деу қисынсыз. SMM-шілер мен PR-шылардың айтуынша, теріс трендтерді - адам онымен танысқан жере берген дұрыс болар еді.
Бұл айтылғандар бізге телевизиядағы интернет редакцияның - өз алдына дербес ұжым болуы керектігін растайды. Олар "қалдық принципімен" қаржыландырылып, репутация үшін ғана қолданылмауы керек. Интернет-редакция, жоғарыда айтып өткендей - дәстүрлі БАҚ-қа аудитория жинап беруде тамаша құрал бола алады. Бірақ атрибут ретінде емес, ең алдымен - өзі топтасқан медиатоптың мүдделерін таратушы ретінде. Жылдар бойы тек өсіп келе жатқан интернет-аудитория күні ертең ғана дәстүрлі БАҚ-тардан бөлек, өзіндік ықпалы бар автоном ретінде. Сонда ғана конвергентті хабар таратудың әлемдік тәжірибесіне қосылу мүмкіндігі бар.

1.2 Интернет ресурстардағы қазақ тілді контент: ерекшелігі мен даму тенденциясы.
Қазір Қазақстанда 2 мың 763 БАҚ жұмыс істейді, ҚР ақпарат және коммуникация министрлігінің мәліметінше, олардың басым бөлігі – баспасөз басылымдар. Маркетингтік зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, телевизия – БАҚ-тың аса танымал түрі болып қалып келеді. Отандық КТК телеарнасы – аса көрілетін, рейтингі ең жоғары – 13,8% арна. Сарапшылардың бағамынша, көрермендердің арасында ерекше танымал – ресейлік телеарналар. Кей сарапшылардың пікірінше, билік бәсекеге қабілетті медиакеңістікті оппозициялық ойыншылардан мүлдем тазартып, халықтың қоғамдық пікіріне ие бола алмай қалды. Жалпы құрылымдағы БАҚ-тың 86% – баспасөз басылымдары, 11% – электронды БАҚ, 3% – ақпараттық агенттіктер. Сонымен қатар, елде бірқатар шетелдік телерадиоканал жұмыс істейді. Ресми деректерге сүйенсек, олардың жалпы саны – 270: 185 – ресейлік, 24 – ағылшын, 11 – америкалық БАҚ, және т.б.
«Қазтелерадио» АҚ ақпараты бойынша, эфирлік–кабельдік телевизиямен 5-6 млн халық қамтамасыз етілген. Бұл ретте атап өтерлігі, басқа көптеген елдерге, айталық Ресейге қарағанда, қазақстандық телевизия жас көрерменін сақтап қала алған. Қазақстандық телекөрерменнің орташа жасы 36 болса, Ресейдегі бұл көрсеткіш – 49, Украинада – 54.
Қоғам қайраткері және саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірінше, ресейлік медиа – Қазақстан медиакеңістігіндегі басты ойыншылар болып табылады. Қазақша және орыс тіліндегі контентке қатысты 50 де 50 талабы орындалғандығына, сондай–ақ қазақ тіліндегі контентке сұраныс артқанына қарамастан, ақпараттық қауіпсіздік проблемасының өзектілігі төмендемей отыр. Сарапшының ойынша, елде ақпарат таратып отырған ресейлік телеарналардың кейбірлері анық пропагандалық бағытта жұмыс істеуде.
«Ресейлік медиалардың қазақстандықтардың дүниетанымына ықпалы әлі де болса күшті. Нәтижесінде біздегі халықтың біраз бөлігі «тәнімен Қазақстанда, басымен – Ресейде» өмір сүріп жатыр. Бұл қауіпті нәрсе. Әсіресе, Украинадағы конфликтен соң, қазақстандықтардың басым көпшілігінің әлемде және тіпті Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға пікірін ресейлік пропагандистер қалыптастырып отырған шақта. Оның үстіне Ресей гибрид соғыстар өткізетін кезде өзінің медиаресурстарын белсенді түрде қолдана бастағандығы салдарынан қауіп деңгейі өсе түседі. Интернет–трольдердің, хакерлердің тұтастай әскерлері жасақталып, басқа елдердің ішкі саяси процестеріне етене араласа бастайды. Негізінде, Қазақстан да келешекте осындай шабуылдардың нысанасы айналуы ғажап емес», – дейді сарапшы.
Оның сөзінше, қазірдің өзінде ресейлік БАҚ Қазақстанға қуатты ақпараттық соққы жасауды қолға алды. Масалға, мұндай шабуылдардың бірі елдің кирилл қарпінен латын қарпіне өтуі туралы шешім шыққанда жасалды. Ресейлік БАҚ мұны «қапыда жасалған қастандық» деп атады. Ақтаудағы Каспий елдерінің саммиті қарсаңында ресейлік БАҚ–та Қазақстан АҚШ–тың әскери базасын Каспий төңірегінде орналастыруына өз жерін берді деген жалған ақпарат шықты.
Сәтпаевтың ойынша, енді аздаған уақытта халық өз медиасынан гөрі ресейлік медианың тарататын ақпаратына көбірек сене бастайды. «Оның себебі – халықтың мемлекетке деген сенімінің жоғала бастауы, мемлекеттің басыбайлы ақпарат құралдарының таратып жатқан ақпаратының сапасы. Оларға деген сенім өте төмен. Есесіне, ресейлік медиакеңістік, әлбетте, алуан түрлі, яғни зомби–жәшікті көргісі келмейтіндер басқа телеарналардың контентін тұтынады, болмаса онлайн–порталдарды, оның ішінде оппозициялық бағыттағы ресурстарды көре алады», – дейді саясаттанушы.
Мемтапсырыс құтқара ма әлде керісінде дамуға кедергі келтіре ме, бұл туралы әртүрлі пікірлер айтылады. Соңғы жылдары БАҚ–та мемтапсырыс бойынша ақпарат жариялау саясаты өткір сынға ұшырап жатыр. Қоғамдық пікірге бақылау жасай алу үшін мемлекет телеарналарда, сайттарда, газеттер мен радиода ақпарат жариялауға қаражат бөліп келеді. «Құқықтық медиаорталық» қоғамдық қорының мәліметінше, 2009-2012 жылдардағы мемтапсырыс бюджеті жылына 3,2 млрд теңге болған, ал кейінгі жылдары күрт өскен. Сөйтіп, 2013 жылы бұл мақсатта 43,3 млрд теңге бөлінсе, 2014 жылы – 48,6 млрд теңге, ал 2015 жылы бұл сома бірден 51,7 млрд теңге болған. Мемтапсырыстың ең ірі алушылары – мемлекеттік БАҚ, ал мемлекеттік емес медиаресурстардың еншісіне түсетіні мардымсыз сомалар.
BISAM Central Asia компаниясының ҚР ақпарат және коммуникация министрлігінің тапсырысымен 2016 жылы жасаған зерттеуінің қорытындысына сүйенсек, мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың базалық бағалары нарықтағы шын бағаларға мүлдем сәйкеспейді. Осы себепті мемлекеттік емес БАҚ үшін мемтапсырыстың мәні жоқ.
«Қазақстанның интернет қауымдастықтары» ЗТТҚ президенті Шавкат Сабировтың пікірінше, мемлекет қазақ тіліндегі контентті қолдауы тиіс.
Сарапшы елдегі 3 млн адам тек қана қазақша сөйлейтіндігін, және олардың қатары жылдан жылға өсіп келе жатқанын атап өтті. Сұраныс үлкен, ал контент әзірге аз. Бұрынырақта интернеттегі қазақ тілін дамыту бойынша мемлекеттік кампания жүргізілген еді. Соның аясында көп шара атқарылды, бірақ контентті одан кейін дамыту туралы ойланбады. Қазақша сөйлейтін аудиторияға шоу-бизнес тақырыбындағы ақпарат көбірек ұнайды.
«Мемлекет қазақ тіліндегі контентке барынша қолдау көрсетуі тиіс. Мемтапсырыс негізінде жарияланатын контент алуан-түрлі болуы қажет. Әдетте мемтапсырыс айналдырған он шақты сайтта ғана жарияланады. Ал олардың саны 20-25-тен кем болмауы керек. Мемлекет материалдарды қазақ тілінде жариялап қана қоймай, тағы қосымша ақпараттық алаңдарының дүниеге келуіне қолайлылық туғызуы шарт. Не болмаса елдегі орыс тіліндегі басылымдарға қазақша редакция құруына материалдық тұрғыда көмек беруі артық болмайды. Мұнда БАҚ үшін табысты бизнес-модель құру өте қиын, өйткені біз азбыз, бар-жоғы 18 миллион. Ал интернет қолданатындар тіпті 8-9 миллион ғана. Географиялық тұрғыда алмағайып елміз. Аудиторияны қызықтыру үшін аймақтық жаңалықтарды жазу қажет. Мемлекет бас кезінде медианың аяғынан тұрып кетуі үшін қатысуы керек, уақыт өте келе бизнес өз шамасымен істей береді», – деп ойлайды Сабиров.
Аудиторияның қызығушылығына қатысты ойларға құлақ түрсек. Көптеген басылымдарда істеген журналист Денис Кривошеевтің пікірінше, қазақстандық аудиторияны қызықтыратыны әлемдік жаңалықтар емес, саяси жаңалықтар.
«Әлемдік жаңалықтар барлығына бірдей қызық емес, мұхиттың арғы бетінде не болып жатқандығында халықтың жартысынан астамының шатағы жоқ, анда-санда «ананы су алыпты, мынаны жаппай қырыпты» деген сыңайдағы жаңалық болмаса. Олардың табынатыны мен қызығатыны басқа нәрселер. Басқаларының не құлқы, не уақыты жоқ мұншама жаңалықты білуге. Айталық, солтүстіктегілердің біраз бөлігі елде не болып жатқандығынан хабарсыз, өйткені олардың тұтынатыны – «Триколор» мен «НТВ Плюс» тәрелкелері арқылы көрсетілетін дүние. Ол жақтағы қызметтердің сапасы әлдеқайда жоғары, бағасы айтарлықтай төмен. Өкінішке қарай, олар тіпті премьеріміздің атын да білмейді. Назары Ресейде, сол жаққа қоныс аударуға мүдделі. Мүмкін Қазақстанда болып жатқан нәрселерден шошып, ештеңені білгісі келмегендіктен көзін жұматын шығар. Бірақ бұлай өмір сүру қиын», — дейді журналист.
Оның есептеуінше, 18 миллион халық аса ірі сайттардағы әр жаңалыққа орташа алғанда 60-70 мың қаралым жинайды, қандай тілде болсын. Екі түрлі түсінікпен жазылып, түрлі дереккөздерден алынған бір жаңалықты бас-аяғы 1,5-2 миллион адам біледі, одан артық емес, бұл дегеніміз халықтың 10%-і. Ал халықтың басым көпшілігін жалпы жаңалық атаулы, оның ішінде ішкі жаңалықтар мүлдем қызықтырмайды, деп санайды Кривошеев,
«Қазақша контент дегеніміз қазір барлық ақпараттың тең жартысы болар. Мәселе оның мазмұндылығында және сапасында. Ал оны жақсартудың бірден біржолы – жарнама бюджеттерін немесе қаржылай қолдауды ұлғайту, алайда оның ешқайсы мүмкін емес немесе жосықсыз», – дейді Кривошеев.
Шетелдік БАҚ-тың ықпалы турасында сарапшы әр ел өз мүддесіне жұмыс істейді, ең алдымен өз көрерменінің сұранысына бейімделеді деген ой айтады. Оның пікірінше, мемлекет алдымен БАҚ не үшін керек дегенді анықтап алуы керек, сосын ғана оны дамыту мәселесімен айналысуы қажет.
Саясаттанушы Досым Сәтпаев жергілікті көрермендердің ресейлік БАҚ-тың ықпалына ауып кеткендігіне билік өзі кінәлі деген пікірде.
«Қазақстанда билік медиа кеңістікті тып –типыл тазалап, бәсекеге қабілеттілігін жойды, ал қалғандарын мемлекеттік тапсырыс инесіне отырғызып тастап, үлкен проблема туындатып отыр. Бір де бір оппозициялық медиаойыншы қалмады. Қазақ баспасөзінің бәсекеге қабілеттілігі қатты төмендеді. Халық өзіне қызық дүниені жергілікті БАҚ-тан таба алмағандықтан, шетелдікінен, әсіресе ресейлік медиадан іздейді. Қазақстанда мемтапсырыспен байланысы жоқ кезекті БАҚ–ты жапқан кезде аудиторияны басқа елдердің медиасының құшағына итере түседі», – деп атап өтті Сәтпаев.
Сарапшының пікірінше, саяси элита ақпараттық қауіпсіздік деген ұғымды өздеріне ыңғайсыз сұрақтарды қойдырмау, ел ішіндегі тексерулерді болдырмау деп ұғынады. Ақыр соңында ел билігі қоғамдық пікірді қадағалай алмай қалды, ал халық билікке сенуден қалды. Сондай-ақ Сәтпаев Ноам Хомскидің «БАҚ арқылы халықты алдап-сулаудың 10 тәсілі» мақаласын келтірді. Онда қазіргі Қазақстандағы біз куә болып отырған жағымсыз үрдістер жайлы айтылған. Айталық, көптеген қазақстандық БАҚ-тың интеллектуалдық өрісі әбден тарылып, оның орнын дым сапасы жоқ, көңіл көтеретін контент басып кеткен.
Сарапшының айтуынша, билік neo-надандық аясында мәдени-ағартушылық, білім беретін және сараптамалық бағдарламаларды қысқартып, тек қана сапасыз медиалық өнімдерді тұтынуға шамасы жететін әлдебір массаны тәрбиелеп шығаруды көздейді. Бірақ бұл мәселенің екі жағы бар. Надан қоғамды басқару оңай деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Алайда бұл масса сондай-ақ кез келгеннің ықпалының жетегінде кете береді, өйткені оның сыни пайымы жоқ. Ал бұл дегеніміз сырттан келетін манипуляциялық әрекеттерді емін-еркін іске асыруға, жартылай шындық пен фейк жаңалықтарды таратуға аса қолайлы жағдай.
«Елде бәсекеге қабілетті медиа кеңістік жасау керек. Яғни ең алдымен жергілікті БАҚ үшін осындай жағдайдың дамуына кедергі келтірмеу қажет. Кімнің аман қалатынын нарық өзі анықтап береді», – дейді Сәтпаев.
Сабировтың ойынша, елде мемлекеттік тілдегі БАҚ дамуы тиіс, өйткені қазақша контенттің дамуына олардан басқа ешкім мүдделі емес, ал сұраныс артып келеді. «Мемлекет тек жылдық мемтапсырысты таратып қарап отырмай, БАҚ–ты қолдаудың бірнеше жылға жоспарлы даму бағдарламасын жасап тастауы тиіс. Сұраныс болатындығы сөзсіз. Өйткені қазақ аудиториясы түгелімен біздікі. Аудитория өте белсенді, олар комментарий жазады, олар немқұрайлы емес екендігін статистика көрсетіп отыр», – деп түйіндейді Сабиров.
Интернеттің қазақтілді бөлігі соңғы жылдары жоғары қарқынмен дамып келеді. Деректер бойынша, 2009 жылы қазақ тіліндегі сайттардың үлесі Қазнеттегі барлық сайттардың 3% ғана құраған, ал қазір бұл көрсеткіш 13% асты. (Сандық көрсеткіште бұл дегеніміз 6 мыңнан астам домендік атау). Қазақтілді сегменттің қарқынды дамуын бірнеше фактормен түсіндіруге болады: бұл копьютерлердің жаппай таралып, интернет қолданушылардың санының ауылдық жерлерде де артуы; қазақша ойлайтын аудитория көлемінің ұлғаюы; интернеттің бұқаралық ақпарат құралы ретіндегі маңызының артуы. Соңғы жылдардағы маңызды үрдіс деп қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси бағыттағы сайттардың санының артуын айтуға болады. Осылайша, қазіргі уақыта желіде заманға сай, түрлі жанрдағы (сараптама, публицистика, очерктер, т.б.) ақпараттық өнімдерді өндіретін мемлекеттік тілдегі сайттар жұмыс істеп тұр, және олар қазақтілді ортада айтарлықтай танымал. Интернеттің бұл бөлігінің дамуына тән бірнеше ерекшелік бар: Біріншіден, қазақ тіліндегі сайттар міндетті түрде әлдебір пікірге негізделеді және жиі жағдайда білімді қазақ жастарына бағытталады. Қазіргі таңдағы қазақша интернет-басылымдардың журналистік пулы негізінен тәуелсіздік жылдарында білім алған жастардан тұрады? Сәйкесінше, бұлар – қазақстандықтардың жаңа толқыны. Өз жұмысымен олар қазақ журналистикасына стилистикалық және жанрлық жағынан байытатын жаңа үрдістер енгізді. (Жас журналистердің арасында танымал авторлар да пайда болды). Екіншіден, қазақ тіліндегі сайттар ұлтшыл патриоттар деп аталып кеткен, «қазақшылық идеясы» аясында біріккен, мәдени және шығармашыл интеллигенция өкілдерінің сөз сөйлейтін алаңдарына айналды. Әрине, әзірге қазақ ұлтшылдары туралы өз алдына бөлек саяси ағым деп айту қиын. Дегенмен, олар қазірден интернет-сайттардан сөзін өткізіп, болашақ саяси платформасын жасауға, сол арқылы Қазақстандағы ұлтшыл/ұлтшылдық қозғалыстың негізін қалауға әлденнен кірісіп кетті. Үшіншіден, қазақша сайттар елдің дамуына қатысты оқырмандардың алуан түрлі пікірлерінің айтылуына қолайлы жағдай туғызды. Тіпті комментарийлерді үстіртін қарап шыққанның өзінде, қазақ интеллигенциялық ортасында қандай ой-пікір қалыптасқандығы туралы мол түсінік алуға болады.
Осы айтылған жағдайлар интернеттің қазақ тіліндегі бөлігін зерттеуге үлкен қызығушылық тудырып отыр. Елдегі екітілділік жағдай орнауы салдарынан, қазақ және орыс тіліндегі коммуникация салалары бір арнада тоғыспай отыр. Тіпті Қазақстанда тілдік нышандарға қатысты екі бөлек әлем бар деген пікір де қалыптасқан. Осы орайда бұл зерттеу қазіргі заманғы қазақтілді саяси интернет-сегменттің басты ерекшеліктерін анықтап, мына сұрақтарға жауап беруге негізделген: Қазақ тіліндегі интернет-басылымдардың саяси бағыты қандай? Бұл сайттардың журналистері жиі жағдайда қандай қоғамдық және саяси мәселелерді көтеруге бейім? Бұл интернет-басылымдардың беттеріндегі әлеуметтік-саяси картина қалай таныстырылған? Және ең маңыздысы – қазақ тіліндегі сайттарының контентінде болашақ Қазақстанның келбеті қандай болып қалыптасып келеді?
Қоғамдық-саяси тақырыптарға негізделген қазақ тіліндегі интернет-басылымдардың басты ерекшеліктерін анықтауда қоғамдық-саяси бағыттағы 10 сайттың материалдары негіз етілді. Оларды іріктеу үшін мына критерийлер алынды:  Сайттың масштабы. Тек қана жалпыреспубликалың деңгейдегі интернет-басылымдар алынды.  Сайт тарихи. Интернет-басылымның шығып тұрғанына осы контент-анализ жасалған сәтінде (2013 жылдың наурызы) бір жылдан кем болмауы тиіс.  Сайт форматы. Тек қана электронды нұсқада шығатын және баспа түріндегі нұсқасы да бар басылым сайттарының үлесі тең.  Сайттың тұрақты жұмыс істеп тұруы. Материалдары тұрақты түрде жарияланбайтын сайттар алынбады.  Сайттың танымалдылығы. CounterZero аталатын интернет-статистики ресурсының көмегімен интернет-басылымдардың танымалдылық көрсеткіштері (келушілер саны) ескерілді.
5 Іріктеу нәтижесінде сұрыптамаға: 1. abai.kz, alashainasy.kz, halyksozi.kz , jaksy.kz , masa.kz , minber.kz , namys.kz, qazaquni.kz , qogam.кz, zhasalash.kz сайттары енді. Анализдің бірлігі ретінде жарияланым және оның сандық-сапалық көрсеткіштері алынды. Жарияланымдарды іріктеу әр сайтқа жекелеп есептелген қадам бойынша жасалды, яғни материалдар көлемі мен интернет-ресурстың жаңартылу жиілігі ескерілді. Жалпы іріктеп алынған жарияланымдардың саны – 2892.
Жарияланымдардың анализі арнайы жасалған кодтық парақтық көмегімен жүргізілді, мұнда материалдардың басты ерекшеліктері туралы деректер енгізілді. Одан кейін параққа түскен мәндердің сандық және проценттік негіздегі арифметикалық есептеуі жасалды. Анализдің негізгі санаттары болған:
 Материал түрі
 Таңбалар саны (бос аралықсыз)
 Қаралым саны
 Комментарийлер саны
 Материалдың сүйемелденуі
 Авторлық құқық
 Материал авторы
 Жарияланымның жанры
 Жарияланымның сипаты
 Жарияланымның реңкі
 Тақырыптың аясы
 Бөлім
 Бас кейіпкер
 Бас кейіпкердің имиджі
Интернеттің қазақ тіліндегі сегменті қазіргі уақытта белсенді түрде өсіп келеді. Есептеулеріміз бойынша, 2009 жылы интернетте қоғамдық-саяси бағыттағы 6 сайт қана болған. Бұлар – abai.kz, egemen.kz, jasqazaq.kz, qazaquni.kz, turkystan.kz, zamandas.kz. (Бұлардың ішінде тек 2 сайт аза интернет-жоба болған, қалған төртеуі – баспа түріндегі басылымдардың элекронды нұсқасы). Төмендегі диаграммадан көріп тұрғанымыздай, небәрі бір жылдың ішінде мұндай сайттардың саны екі есе артқан, одан кейінгі жылдары тіпті қарқынды өсіп келеді.
Соңғы жылдардағы маңызды үрдіс – тек қана электронды нұсқада шығатын басылымдар көбейді. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған 25 сайттың 68%-і (немесе 17-уі) интернет-басылымдар. 2010 жылдан бері олардың саны 3 есе өскен.
Сайттардың маңызды сипаты – олардың жаңартылу жиілігі. Жүргізген есептерімізге сәйкес, қарастырылып отырған сайттардың 40%-і күнделікті жаңартылады, ал демалыс күндері демалады (дегенмен бірнешеуі демалыс күндері де жаңартылған). Сайттардың 44%-і аптасына 2-3 рет жаңартылады, ал 16%-і аптасына бір рет қана жаңартылады. Күнделікті жаңартылатын сайттардың басым бөлігі бұрыннан бері шығатын басылымдар. Жаңа сайттардың ішінде күнде жаңарып отырған екі сайт қана – ult.kz пен zhebe.com.
Барлық 25 сайттың беттерінде аптасына орташа есеппен 600-ге тарта материал жарияланады. Алайда, бірқатар сайттың ішіндегі жарияланымдар санындағы алшақтық үлкен – аптасына 2-ден бастап (qazaq.kz) 80-ге дейін (aikyn.kz) материал.
Сайттардың 28%-і аптасына 10-нан кем материал салады. Сайттардың анализі көрсеткендей, басылымдардың 44%-і (11) редакциясының орналасқан жерін көрсетпейді. Ал 32%-інің редакциялары Алматы қаласында. Астанада сайттардың 16%-і шоғырланған. Жалпы байқалғаны – сайттар өздерінің деректерін жариялауда тым селқос. Мысалы, сайттардың тең жартысы редакторының кім екендігін де көрсетпеген.
Анализ кезінде критерийлердің бірі болған – сайтта тіркелмей-ақ коммент қалдыру мүмкіндігі. Анық болғанындай, іріктелген сайттарымыздың барлығында мұндай мүмкіндік бар. Бір ғана aikyn.kz-ті қоспағанда – мұнда тек аты жөні көрсетілген оқырмандар ғана пікір білдіре алады.
Қоғамдық-саяси бағыттағы қазақ сайттарының жалпы көрінісі жағымды әсер қалдырады. Қазіргі таңда қазақтілді интернет-журналистика өз дамуының жаңа сатысына көтеріліп отыр. Бұл туралы осы сегмент өкілдерінің өз өздерін ұйымдастыруға, кемелденуге алпыныстарынан ой түюге болады.
2013 жылдың басында Астанада қазақ сайттары редакторларының басқосуы өтті. Сол кезде қазақ сайттарының дамуына кедергі келтіріп отырған проблемалардың қатарында айтылғаны:
 Қазақ интернет-журналистикасының әлсіз дамуы
 Сапалы, оригинал контенттің жетіспеушілігі
 Сайттардың көркемдік және техникалық құрамдасының әлсіздігі
 Сайт қызметінің табыс табуға лайықталмағаны, жарнама берушілердің қызығушылығының төмендігі
Басқа елдердегі қазақ аудиториясын тарту үшін латын қарпіне көшу қажеттілігі
Пікірталас жүргізудегі мәдениеттің төмендігі.
Сондай-ақ редакторлардың өздері де онша айта бергісі келмейтін проблема – қазақ сайттарының төмен рейтингілері. Алайда, Қазақстанда интернет басылымдадың газет және телевизияға қарағанда маңызды артықшылығы бар. Егер телевизиялық және газет контентін жасау орталықтандырылған және бірнеше адамға тәуелді болса, интернет БАҚ ол жағынан тәуелсіз, әрі оперативті. Интернет басылымдар өзге редакциялардан ерекшелігі салынған контентін өзгерте алады. Тіпті дәстүрлі БАҚ көтермейтін тақырыптарды айту оған есі емес. Мысалы қоғамда, әлеуметтік желідегі трендтерді, «мемдерді» айту, шолу телевизия мен баспасөз басылымдары үшін ерсі болса, интернет ресурстарға жарасымды. Бұл сонымен қоса контенттің стилистикалық, жанрлық ерекшелігіне де әсер етеді. Мақалалардың жеткізілу стилі ойнақы, еркін және жеңіл. Алайда орыс тілді сайттардың аудиториясы қазақ тілді ресрустарға қарағанда әлдеқайда кеңірек. Сонымен қоса кейбір жаңа медиа құралдары, бағдарламалары, сервистер қазақ тілді шрифтіні қолдамайды. Бұл да контент форматына кері әсерін тигізеді. Ал аудитория азайған соң жарнама берушілер, маркетологтар қазақ тілді сайттардан гөрі орыс тілді сайттармен жұмыс жасағанды жөн көреді. Нәтижесінде сайт редакциясына қаржылық қолдау білдірілмейді. Қазақ тілді сайттардың жазылғандары тек тар аудиторияға арналады. Орыс тілді сайттардың қазақ тілді басылымдарға, интернет сайттарға шолу жасауы сирек. Дегенмен 2018 жылдың ортасына дейін ratel.kz ресурсы қазақ тілді сайттардағы маңызды мақалаларды аударып шолу ретінде жариялап тұрған еді. Ал орыс тілді БАҚ мазмұны қазақ тілді журналистердің назарынан тыс қалмайды. Тіпті кез келген оқиға, шараарда таратылатын баспасөз релизі әдетте орыс тілдерінде беріледі. Қазақ журналистері қазақша шыққан релизді күтіп оперативтілігі жағынан қалыс қалады немесе аудару арқылы мақала маңызы мен шұрайын жоғалтады. Себебі аударма ісі журналистикадан спецификасы ерекше. Мысалы facebook әлеуметтік желісінде Қазақ журналистері тобы бар. Бұл топта Болатбек Мұхтаров ақпараттық сайттардың журналистерін сауатсыз, қате мәтіндері үшін сынап отырады. Алайда ақпараттық сайт редакторлары брифинг, баспасөз конференцияларында орыс тілді журналистерге ыңғайлы жағдай жасалғанын, баспасөз релизі, аңдатпа орыс тілінде алдымен жіберілетінін, қазақ тілді спикерлер табудың қиындығын алға тартады. Түптеп келгенде қазақ журналистері журналистикамен емес, аудармамен айналысады деген пікір айтады. Қазақ тілді журналистердің реніштері кейде эмоциялық тұрғыда асыра кетіп, «шовинистік» сипатқа кетіні бар. Ал орыс тілді сайттар әдетте осындай тақырыптарды назардан қалт жібермейді.
Қазақ тілді журналдардың бірінде шоу-бизнес өкілдерінің бірі «мен орыстар мен еврейлерді жек көремін» деген тақырыппен берілді. Бұл әлеуметтік желілерде көп талқыланып, реакция тудырды. Бұл жерде журналистің де қателігі бар. Ішкі наразылығы оның адекватты ой қорытып, салқынқандылық танытуына кедергі жасады. Дәл сол фразаны сұхбат тақырыбына берудің еш реті жоқ еді. Осыдан соң стереотипті пікірлер қазақ тілді контент, журналистердің сапасына күмін тудырып жатады. Ал қазақ тілді аудитория, журналистер бұл тақырыпқа назар аудара қоймас еді. Осылайша қоғамдық цензураның төмендігі мен қазақ аудиториясының бейімделуі мемлекеттік тілдегі интернет басылымдардың ерекшелігін айқындады. Бір жағынан бұл жағдайлар қазақ тілді ортаның шығармашылық ойы мен интеллектуалдық пікірін көрсетеді. Екінші жағынан шағын ақпарат вакуумында талқылайтын тақырып табылып, қазақ тілінің жағдайы мәселесіне қайта оралуға мүмкіндік береді. Қазақ тілді интернет басылымдарында ең көп талқыланатын және трафик жинайтын тақырыптар – тіл мәселесі, дін және ұлттық мораль. Ақпараттық себеп жоқ кезде ресурстарға аудитория жинайтын контент береді. Интернет БАҚ арқылы бұрын дәстүрлі БАҚты оқуға мүмкіндігі жоқ оқырман онымен танысуға, өз пікірін ортаға салуға, талқылауға қатысуға қол жеткізді. Осылайша қазақ тлді аудитория арасында танымалдыққа ие бола бастады. Екінші жағынан жалпы саяси қоғамдық тақырыптағы медиа қалған әлемнен тұйықталған жабық жүйені елестетеді. Бұл жүйеге әсер ететін сыртқы регуляторлар өте аз және бұл жүйенің дамуы өз ішкі импульстер әсерінен жүруде. Нәтижесінде қазақ тілді интернет БАҚ көрсететін реалий жалпы ақпараттық контексттен алшақтап кетті. Сондықтан да сарапшы, медиа тұлғалар арасында қазақ тілді және орыс тілді медиа екі әлемде жүргендей деген пікірлер жиі айтылады. Масс-медиа теорияларының басты постулаттарның бірі БАҚ белгілі бір ақпарат жиынтығын бере отырып, адамдардың санасында белгілі бір көріністі қалыптастырады [7]. Яғни СМИ көзқарасы арқылы қалың оқырман үшін объективті болып саналатын реалий қалыптасады. Бұл адам өзі пікір қорыта алмайтын, сарапшылар пікіріне сүйенетін салаларға қатысты. Әсіресе ақпараттық қауіпсіздік ,ұлттық идеология сияқты мәселелерді бұл фактордың маңызы ерекше. Осылайша алғанда қазақ тілді интернет БҚ қазіргі уақытта қоғамдық-саяси реалийді, қоғамдық пікірді қалыптастыруда. Соңғы уақытта жаңа медиа, әлеуметтік желілердің пайда болуы, үлкен ақпарат ағыны адамды сындарлы ойлау, жеке пікір қалыптастыру мүмкіндігінен айыруда. Адам көзқарасы оның дүниетанымы арқылы емес, медиа, әлеуметтік желідегі бөгде адамдар пікірі негізінде қалыптасуда. Сондықтан қазіргі сайттардың беретін контентіне қадағалау, мазмұнына ерекше мн беру өте қажет. Бұл тек жаңа меиаға бейімделу, қазақ медиа нарығының дамуы үшін ғана емес, ұлттық идеологияның дамуы тұрғысынан құнды.
Қазақ тілді медиаортаның контентін зерттегенде, осы ақпарат айдынындағы басты кейіпкерлер мен контентке негіз болатын объектілер туралы тоқталған жөн. Қазақ тілді сайттарға жасалған контент анализ нәтижесінде мақалаларға арқау болған кейіпкерлерді анықтады. Төменде ұсынылған кестеден байқалғандай көптеген материалдардың кейіпкерлерін анықтау мүмкін болмады, себебі онда бірнеше кейіпкер аталады және олардың нақты деректері жоқ. Аталған себептерге байланысты зерттеу барысында бұл деректер лынып тасталды. Қалған материалдарда негізгі тұлғалар өнер, спорт, мәдениет және әдебиет өкілдері болды – 11%. Екінші орында қарапайым адамдар 7% болды, соңғы уақытта қарапайым адамдар өмірінен эпизодтар оқырманды көбірек қызықтыратыны анықталды. Жекелеген қоғамдық саяси қайраткерлер 6% және тарихи тұлғалар 5% да тізімге енді. Қызықтысы материалдар ішінде сирегірек кездескені президент (4%), үкімет мүшелері (3%), жергілікті атқарушы билік өкілдері (3%), бизнес өілдері (2%) күш құрылымдарының өкілдері (2%).

Кесте - 2 сайт жарияланымдарындағы басты тұлғалар рейтингісі





Сайт жарияланымдарындағы басты тұлғалар рейтингісі

%

өнер, спорт, мәдениет және әдебиет өкілдері

10,6

Қарапайым халық

7,2

Саясат, қоғам қайраткерлері

6,2

Тарихи тұлғалар

4,9

президент

3,7

Үкімет мүшелері

3,3

Қала облыс әкімдері, жергілікті билік органдары

3,2

Бизнес өкілдері

2,3

Құрылымдық күштер өкілдері

2,3

Парламент өкілдері

1,6

Партия мүшелері

1,5

Діни қайраткерлер

1,3

Криминалды элементтер

1,1

Өзге билік органдарының өкілдері

1,1

премьер-министр

0,7

МЕҰ өкілдері

0,7

Спорт, мәдениет өкілдерінің қайраткерлеріне қатысты материалдар үнемі әлеуеттік-мәдени тақырыптарды қамти бермейді. Егер орыс тілді медиа орта заң жобаларына, қоғамдық-саяси өмірге қатысты тақырыптарды талқылап жатса, қазақ тілді медиа шоу-бизнес, өнер жұлдызарының күнделікті өміріне қатысты мәселелерді көбірек талқылайды. Сонымен қоса мұндай мақалалардың аудиториясы да ауқымдырақ. Қазақ тілді аудитория осындай тұлғаларды жиі талқылау рқылы олардан медиа тұлға жасайды. Сылайша медиа тұлға әрі қарай өзіне тиімді трендтерді қалыптастырып, жаңа тақырыптардың қамтылуына мүмкіндік бермейді. Қазақ тілді контент бір вектор бойымен дамитыны да сондықтан болса керек.


Жалпы қазақ тілді интернет БАҚ беттерінде бұрынғы кеңестік өткен шақ тек нашар жағынан сипатталатын жаңа тарихи шындық қалыптастырылып жатқаны айқын. Бұрынғының қайғылы оқиғаларға саналы не бейсаналы түрде назар аударылады, ал жағымды сәттер ескерусіз қалады не оларға мән берілмейді. Ішінара мұны әдейі еске алу саясатын жүргізіп, яғни халықтың кеңестік кезең туралы түсінігін өзгертуге тырысатын ұлтшылдардың рөлімен де түсіндіруге болады. Тарихи оқиғаларға қайта баға беру, кеңестік кезеңге жағымды рөлін жоққа шығару, ұлт-азаттық қозғалыстар жетекшілерінің асқақтату Тәуелсіздік жағдайында туындаған кез келген ұлтшылдық қозғалыс эволюциясының ажырамас бөлігі екенін басқа бұрынғы кеңестік елдердің тәжірибесі көрсетті. Қазір әлеуметтік желілердегі талқылауларға және БАҚ материалдарына қарасақ, Қазақстанда тұрғын халықтың тарихи танымы үшін белсенді күрес жүріп жатыр. Негізгі сипаттамалары жоғарыда берілген тарихтың жаңаша баяндалуы 20-ғасырда Қазақстанда орын алған процестер мен оқиғалардың дәстүрлі түсінігіне қайшы келеді. Жақын арада қай түсіндірме басым күшке ие болатынын әзірге айту қиын, дегенмен өткенді бағалау тақырыбының өзектілігі арта түсетіні белгілі. Контент-анализ нәтижелеріне сүйенсек, тарих үшін күресте қазақ интеллектуалды ойы болашаққа қатысты талдау жасамайтындай әсер қалдырды. Мысалы, жиналған материалдар арасында елдің болашағы мен оның негізгі сипаттарына шолу жасап көрген жарияланымдардың саны саусақпен санарлықтай. Ал елдің қоғамдық және саяси өміріндегі ықтимал өзгерістерге болжамдар жасалған мақалалар мүлдем жоқтың қасы ( Google сайтында «Қазақ арманы» деген сұрау енгізгенде, ешқандай сәйкес нәтиже шықпайтынын айта кету керек). Болашақ тақырыбы «болашақта бәрі жақсы болуы үшін, мен айтып өткен мәселелерді шешу керек» немесе «болашағымыз мынадай факторларға байланысты» деген сыңайлы жарияланымдарда кездеседі. Талдау базасы болмағандықтан, келесідей процедура жасалды: Word бағдарламасына көшірілген жарияланымдар базасында іздеу функциясының көмегімен «елдің болашағы», «ұлт болашағы», «болашағымыз» сөздері бар мәтіндер алынды. Нәтижесінде талдау үшін біраз күш-жігерді қажет ететін айтарлықтай ауқымды материал жиналды. Алынған деректерді оқып шығып, жалпы жүйелегеннен кейін байқалған негізгі жәйттерді ұсынамыз. Біріншіден, болашақ жайында көбінесе қоғамдық, саяси және рухани салалардың белгілі тұлғалалары ой тастайды, олардың тәжірибесі мен мәртебесі тым болмаса алдағы бірнеше жылға көз салуға мүмкіндік береді. Екіншіден, болашақ туралы ойлар мемлекеттің даму перспективасы жөніндегі алаңдаушылықтар мен қауіптерден туындауда. Себебі болашақ өзгерістерді күрделі етіп қабылдау белең алған. Үшіншіден, болашақ туралы тақырыптарда «жастар – біздің болашағымыз», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген сияқты бір сарындылық бар. Төменде қолда бар деректердің негізінде қазақ тілді интернет БАҚ-тардағы жарияланымдар авторларының ойынша идеал болашақ қандай болып көрінетінін қарастырып көреміз. Бұл үшін «біздің елімізде.... болғанын қалаймын», «еліміздің жарқын болашағы үшін...керек», т.б. сөйлемдеріндегі тұжырымдамадар алынды. Қазақ тілді интернет БАҚ-тардағы мәтіндерде идеал болашақ таза схема түрінде мынадай келбетке ие:

Кесте-3 Қазақ тілді интернет БАҚ-тардағы идеал болашақ схемасы



Ұлттық идея

Нағыз Қазақ ұлттық мемлекетін құру

Саяси құрылым

Президенттік басқару формасы. Н.Назарбаевтың өз бағытының жалғастырылуымен қамтамасыз етуі

Сыртқы саясат

Жылы сыртқы саясат, тату көршілестік, бірақ Ресеймен интеграцияға жол бермеу

Ішкі саясат

Әлеуметтік теңдікті қалпына келтіру; Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықты құрту; Оралмандарды белсенді түрде қайтару арқылы қазақтардың санын арттыру; Қазақтардың ассимиляциясына жол бермеу, басқа ұлттарды ассимиляциялауға тырысу.

Экономика

Мұнай-газ секторынан түскен табысты әділ үлестіру.

Рухани сала

Орыс тілі мен мәдениетін қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы (әсіресе рухани және ақпараттық) басым күшінен айыру; Жастарды ұлттық дәстүрде тәрбиелеу;

Төменде «идеал қазақ болашағының» негізгі идеяларын қамтитын көрнекті мәтіндер ұсынылады.


«Ел-жұртымыздың болашағы жарқын болуы үшін салт-дәстүр мен ұлттық тәрбие басты орында тұруы керек.»
 ...бiздiң байлығымыз өз халқымызға қайтарылса, ана тiлiмiз мемлекеттiк дәрежеде бiр тiлдi болса, сәбилерiмiз шетелге сатылмаса, жемқорлық пен таныс-тамырлыққа балта шабылса, әр қазақ бай мен кедей деп бөлiнбесе, шенеунiктер халықтың қамын ойласа – мiне, сонда ғана Нұрланған Қазақстан деп айтуға болар едi. Бiрлiк болса, тiрлiк болады, оян қазақ!
 Әрине, оппозицияның өз ішінен қайта түлеп, енді оңала алмайтынын ескерсек, мұны жасау бір ғана адам қолынан келетінін ерекше атап өтуге тура келді. Ол – Нұрсұлтан Назарбаев. Қалыптасқан қазіргі қиын жағдайды түзетіп, қоғамның дамуына жаңа серпін беретін саяси процестерді тездетуге соның ғана саяси ерік-жігері жетеді. Бұған ешкім күмәнданбаса керек. Тек оған уақытты соза бермей елдің келешегі үшін өте маңызды шаруаны тездетіп бастаса екен, келешекте өзінің орнын басатын саясаткерлердің арнеға шығуына жағдай жасаса екен деген тілек айтқымыз келеді.
 Еңбастысы, Қазақ мемлекеттігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, оның баяндылығы үшін барыңды сарп ету – мақсат болғаны айқын. Алайда, ол орыстілді Қазақстан ба, жоқ – қазақ құндылықтарын паш еткен қазақтілді Қазақстан ба? Осының аражігі бүгінге дейін ашылмады. Қоғам екі тілдідейміз. Алайда екітілді тек қазақ қоғамы. Орыс қоғамы– екітілді болуға ұмтылмады, ұмтылғысы да келмейді. Өйткені оларға бұның қажеттілігі жоқ. 20 жылда қазақша сөйлеу қажет, үйрену керек деген сананы сіңіре алмауымыз – кімнің трагедиясы? Ал біз ХХІ ғасырдағы Қазақстанды дамыған,инновациялық технологияларымен алға озған, қазақтілді Қазақстан ретінде көргіміз келеді. Ол үшін тек қазақ қана емес, бүкіл Қазақстан тұрғындарының санасына осы құндылықты сіңіре білуіміз қажет!
 Қазақтың маңдайына біткен байлықтың шет-шегі жоқ. Соның арқасында, қазақтың асығы алшысынан түсіп тұр. Алайда, қазақтың шешілмеген бір мәселесі бар – ол Қазақ мәселесі. Қолда бар игілікті әуелі халыққа, оның рухани проблемасының шешілуіне жұмсаса дұрыс болар еді. Соның бірі – шеттегі қазақты көшіріп әкелу болатын.
 Бірақ қазақты өзге ұлтпен ұйыстырған мұндай «құдалық» қауіпсіздігімізге игі ықпалын тигізгенімен, ұлттың болашағына кері әсер етіп жүрмей ме деген беймаза ой да мазалайды. Себебі, жыл сайын жүздеген ұлт тарих сахнасынан тұтас ұлт ретінде мәңгілік жойылып кету қаупімен бетпебет келіп отыр. Сонда әлем бойынша 15 миллионға жетер-жетпес қазаққа не істемек керек. Қазаққа ең алдымен ірілік қажет. Әр қазақ өзгеге емес, өзгені сіңіріп алу әдісімен өмір сүруді игеруі керек. Еліміздің басты қазынасы, һәм ұлы мұрасы – тәуелсіздіктің тамырын нұрландырып, байтақ мекен Отанымызды ұрпаққа таза сақтап қалсақ деген ойымыз бар.  Кең байтақ жеріміз бар, әлемде теңдесі жоқ еліміз бар, қазір жаға жыртысатын, қырылысатын кез емес, бұл қазаққа жат қылық, билік те азаматтарымыз да ақылға салуы керек, сыртқы күштердің тілеуін орындамауы керек, "күш атасын танымас" дегенді еске алуы керек, тек болашақты ойлап, өз халқының мәселелерін шешіп, жағдай жасауы керек. Үлкен сынның алдында тұрмыз, оның обалын ешбір адам, ешбір партия көтере алмайды, бұл қателікті ертең жөндей алмаймыз, бір рет от алатын болса оны тоқтату қиын, мына Ливия, Сирия, Қырғызстан т.т. мысалдарды көрдік қой, біздің қазаққа оның керегі жоқ, оның арты қасірет болады бауырларым...
 Әдетте әңгіменің аяғында болашаққа жетелейтін қандай да бір сенімді болжаулар айтылады ғой. Ал мен, шынымды айтсам, ондай ештеңе айта алмай тұрмын. Біздің келешегіміз туралы менде ешқандай да қиял жоқ. Біздің елімізді қаншама рет тәуелсіз ел деп жария қылғанымен, ол әлі күнге дейін құлдықтан арыла алмай келеді. Егер де сөзіме сенбесеңіз, «Қазақстан» телеарнасын қосып қойып, 10 минуттай тыңдап отырыңыз. Егер де одан бір бизнесмен, не ғалым, не жазушы, не мұғалім, тіпті бір комбайнер де сөзінің арасында «елбасының бастамасымен» деген тіркесті қосып айтпаса, онда әңгіме басқаша болады. Кейде маған Ол кісінің аты сөз арасына ұйқас үшін қосылып айтылатын сияқты болады. Бірақ елбасыға тілек айтудың аяғы әлі алыста жатыр. Той әлі жалғасуда...
 Қазақ елінің болашағы әлеуметтік теңдік жүйесінде. Бізге билікті емес, жүйені өзгеру қажет. Ұлттық ерекшіліктерімізді ескере отырып, жаңа жүйе орнатуымыз керек.
 Егер ұлтымыздың іштей іруіне тежеу саламыз десек, тәуелсіздігіміз болашақта бекем болсын десек, жастарды шын мәнінде ұлттық рухта тәрбиелейміз десек балаларымызды қазақ мектебінде оқытуға мемлекет те, жекелеген азаматтар да белсенділік танытуы тиіс.
 Азаматтар, халайық! Ертеңгі ұрпаққа бодандық қамытын кигізбейік! Біз мемлекет үшін тарихи аса жауапты кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Бұғып қалып, мәңгілік құлдыққа күмп бермейік, болашақ өз қолымызда! Екінші Беловеж қайталанбасын! Біз барлық жағынан теңдікті қамтамасыз ететін одақтан еш қашпаймыз. Ал қазіргі интеграция - барлық жағынан өзіне басымдылықты қамтамасыз етіп отырған Ресейге бодан болу интегрциясы.
 Қазіргі таңда қазақ ұлтының бүгінгі тыныс-тіршілігі шынымен күрделі. Ұлтқа төніп тұрған қауіп ұлтсыздық. Асқынып кеткен дерт. Микробтары ұлттың организмін кеңінен жайлап алды. Бұл мәселеге немқұрайлылық таныту ұлттың түгелдей ассимиляцияға ұшырауына әкеледі. Осы бағытта жүре берсек: болашақта дамыған, өркениетті Қазақстан атты мемлекет болуы мүмкін, бірақ қазақ дейтін ұлттың болу-болмауы екіталай.
2 ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ КОНВЕРГЕНЦИЯЛАНУЫ

2.1 Интернет ресурсындағы конвергенция ұғымы


Бүгінгі таңда байланыс технологияларының, нарықтардың, БАҚ-тың, тұрмыстық және кәсіби техникалардың бірігуі – «конвергенция үрдісі» етек жайып келеді. Конвергенция латынша «convergere» - жақындау, қосылу деген мағынаны білдіреді.
Конвергенция – бұл нарықтардың қосылуы. Қазіргі уақытта БАҚ индустриясының телекоммуникациялық сектормен, тұрмыстық техника өндірісімен, ақпараттық технологиялармен бірігу үрдісі жүріп жатыр. Нәтижесінде мультимедиялық қызметтер, желілік қызмет көрсету және бағдарламалық өнімдерді жасау істері бір-бірімен тығыз байланыста болатын жаңа біріктірілген нарық пайда болды.
Конвергенция ақпараттық өнімді жасау, жинау және таратуға зор ықпал етеді. Конвергенция БАҚ құрылымын қайта құрып, ақпараттарды басқару тәсілін түбегейлі өзгертіп қана қоймай, мәтіндік, визуалды, аудио, аудиовизуалды, графикалық және т.б. элементтерден тұратын жаңа бизнестің негізін салып отыр.
Ақпарат құралдарының бір түрінің екінші түрге өзара ықпал етуі қазіргі медиа дамудың мультимедиялығын анықтайды.
Конвергентті журналистика – медиа холдингтің (интернет, радио, телевидение, пресса) құрамындағы ақпарат құралдарының барлық түрі үшін хабар тарататын редакция. Олар кросс-промоушн арқылы бір-бірін өзара қолдап отырады.
Конвергентті редакция – журналистер қызметінің жаңа моделі іспеттес. Ол журналистердің жұмысын барынша жедел, жақсы ұйымдастырылған әрі өнімді етуге мүмкіндік береді. Конвергентті редакция өз ішінде газеттегі мақала мазмұнының тереңдігін, бейне материалдардың эмоциялық әсерін жеткізетін толыққанды материал ұсынады.
Жаңа БАҚ байланыстар мүмкіндігін көбейтіп, қолданушы мен өндірушіге әртүрлі интерактивті өзара әрекеттесуді, сондай-ақ материалды таратуды ұсынып отыр. Осындай үрдіс барысында жеке модернизацияның дамуы жүріп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының арасында жаңадан тәуесіз БАҚ пен медиа ұйымдардың пайда болуымен ақпараттар ағымының көбеюіне алып келген үрдістер орын алуда. Нәтижесінде коммуникациялық, ақпараттық алаңдар туралы бұрын-соңды қалыптасқан пікірлер түбегейлі өзгеріске ұшырауда.
Қазақстандық нарық үшін «журналистиканың конвергенциясы» әлі тың тақырып болып қалып отыр. Десек те, Отандық ақпарат құралдары мультимедиялық редакцияларға көшуді белсенді қолға алып жатыр. Ірі медиа холдингтердің барлығы дерлік өз ішінде мультимедиялық кеңістіктерді құруда. Ендігі мәселе олардың жұмысының қаншалықты сапалы деңгейде ұйымдастырылуында.
Қазақстандық масс-медианың конвергенттілігі туралы айтқанда С.Демирел университетінің профессоры Молдияр Ергебековтың пікірін қосуға болады:
« Конвергенция дегеніміз бір-бірімен байланысы жоқ салалардың бір-біріне ықпал ете отырып бір бағытқа келуі. Экономика саласында пайда болған бұл термин журналистің практикасына 90-жылдары келді. Конвергентті журналист материалды толықтай өзі дайындап шығады. Ол видео түсіре алады, мәтін жазады, дыбысты көшіреді, сондай-ақ монтаждау жұмысынан хабары бар, графика мен дизайн жасай алады. Бүгінгі журналистика тілшіден конвергентті біліктілікті талап етеді». Бұл пікірді еліміздегі журналистерді дайындайтын бір жоғары оқу орынының оқытушысы айтады. Ал, шын мәнсінде, Қазақстанда журналистика пәнін оқытатын жиырмадан астам факультеттер бар. Ол бөлімдерді бітіріп, диплом алған мамандар сапасы қандай? Дипломды мамандар конвергентті редакцияларда жұмыс жасап кете ала ма?
Қазақстанда журналистикадан білім беретін 28 оқу орны бар. Меніңше, қай пәндердің міндетті, қайсысының таңдамалы болатынын сол бөлімдердің оқытушыларымен біріге отырып шешу қажет. Тілшіге заманауи маман болуды үйретін біз, ұстаздар жан-жақты болуға тиіспіз. Word-та теруді білмейтін әріптестеріміз бар. Қоғамда «жаңа технология – жастардың ісі» деген көзқарас қалып қойған. Жасы келген сайын адам технологиядан алыстау керек сияқты. Жоқ, керісінше оқытушылар болашақ журналистерге соны үйрете алуы қажет. Ковергентті бола алу үшін батылдық керек. Батылдықты журналист қайдан алады? Аудиториядан. Егер ұстаз қатал болса, онда ол жақсы ұстаз деп ойлаймыз. Меніңше, жақсы ұстаз – студентті тыңдай алатын, оған сөз құқығын бере алатын адам. Сонда ғана болашақ журналистер конвергентті болу үшін бойынан батылдықты таба алады, - дейді М. Ергебеков.
Қазіргі конвергентті редакциялардың басым бөлігінже журналист емес, блогер болып машықтанған адамдар жұмыс жасауда. Сондықтан да соңғы уақытта әлеуметтік желі белсенділері блогер мен журналисті салыстыруды әдетке айналдырған.
блогер Ринат Балғабаев әлеуметтік желіні БАҚ-пен бәсекеге түсе алатын деңгейге жетті деп есептейді. Таңертең ояна сала тісімізді жумаймыз немесе төсегімізді жинауға асықпаймыз. Сипаланып жүріп смартфонымызды іздейміз де, интернетін қосып, әлеуметтік желіні қарап шығамыз. Қазір дәстүрлі журналистика пойыздағы соңғы вагон сияқты. Қоғамда бір оқиға бола қалса, ол ең алдымен әлеуметтік желі арқылы тарайды. Фейсбук, Инстаграм жедел ақпарат алатын орталыққа айналды. Астанадағы құрылысшыларға байланысты дау болғанын білесіздер. БАҚ өкілдері ол туралы қанша рет жазса да, бір ғана адамның әлеуметтік желідегі жазбасы шуды басты. Ол қала әкімі Әсет Исекешевтің Фейсбук парақшасында «қазір ғана оқиға болған жерге келдім, шаруаны реттедік» деген сөзі болатын. Яғни желіні жұмыс бабымен де дұрыс пайдалануға болады екен.
Р.Балғабаев блогер мамандық емес, хобби екенін айта келе Қазақстанда әлеуметтік желі қолданушыларының статистикасын баяндады. «Жастардың желісі Вконтактені 12 млн 446 мың адам қолданады. Одноклассникиге Қазақстанның 10 млн 356 мың азаматы тіркелген. Елімізде аса танымал Инстаграм желісін 3 млн 500 мың адам қолданса, оның 69 пайызы әйелдер. 25-45 жас аралығындағы азаматтар белсенді қолданатын Фейсбукте 2 млн 100 мың адам отырады. Ал Твиттер әзірге 120 мың қолданушыға қанағат етіп отыр. Бір айда 3,5 млн адам 45 млн жазба қалдырады екен. Енді қараңыз, «Казахстанская Правда» газетінің сайтына 6000 адам тіркелген. Менің Телеграм парақшамда әр жазбамды 8 мың адам оқиды. Демек мен бір газеттің не бір сайттың аудиториясын алмастырып отыр екенмін. Динара Сәтжанның парақшасын аптасына 1 млн адам қарайды. Динара бүтін бір редакция еңбек еткен жұмысты алмастыра алады. Сондай-ақ адамдар газет, сайттан гөрі әлеуметтік желіде белсенділерге көбірек сенеді. Сондықтан әлеуметтік желіге сүлесоқ қарауға болмайды, – дейді блогер.
Әлеуметтік желі ақпаратты оқырманға түсінікті тілде жеткізе алады. Қазір ешкім ұзын-сонар мәтінді оқып отырғысы келмейді. Әсіресе бәріміз видео қарағанды жақсы көреміз. Телевидение, газет, сайтқа қарағанда аудитория тарту өте арзан. Аудиторияңыздың жас мөлшері мен қызығушылығын нақты білесіз. Сондай-ақ өзіңіз өшіріп тастамайынша жазбаңыз сақталып тұра береді. Меніңше, журналистер блогерлерге бұрын шүйіріп қарағанша әлеуметтік желінің артық тұстарын көре біліп, пайдаланып қалуы қажет деген пікірде Р.Балғабаев. Шындап келгенде қазақ тілді контенттің өз деңгейінде жұмыс жасамауына мамандар тапшылығы, медиа саласындағы жаңалықтарды жақсы меңгерген жаңа заман журналистерінің аздығы деуге болады.
Конвергенттік журналистика дегеніміз ақпараттық және комуникативтік технологиялардың ортақ ақпараттық ресурсқа құйылып, интеграциялануы. Павликова М. канадалық БАҚ және коммуникация зерттеушісі Дэни Макуэйдің анықтамасына келесіанықтама береді: " Бұл бір ғана мазмұнды тауардың әр түрлі арналармен, құралдар бойынша әр түрлі тәсілдер арқылы беріледі. Конвергенттік журналистика бұл беттесу процесі болып табылады, бір ғана ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың интеграциясы, толысуы." Ақпараттың және компьютерлiк, ақпараттық технологиялардың арқасында қазiргi саясат жаhандық саясатқа айналды. Бұл саясат үшiн ұлттық, мемлекеттiк және басқадай шекара жоқ. Ол қоғамдық өмiрдiң бүкiл саласына, ал ең бастысы адамның санасына дендеп ене бастады. Ақпараттың арқасында ол бұрын қалыптасқан дағдылы ұғымдарды жойып, жаңа мифтер жасау арқылы адамдардың психологиясына әсер етiп, оны өзгерту мүмкiндiгiне ие болды. Дүние келбетiне бұқаралық ақпарат құралдары себiн тигiзуде. Осы тұрғыдан келгенде, бүгiнде қандай да бiр мемлекеттiң қуаты әскери, бәлки экономикалық қауқарымен ғана емес, ақпараттық әлеуетiмен де өлшенетiнiн айтқан жөн. Ақпараттық қоғамда жаңа ақпараттық, компьютерлiк технологиялармен жұмыс iстеу, игеру, сұраныстан артта қалу, пәндер интеграциясының толық деңгейде ескерiлмеуi гуманитарлық және жаратылыстану даярлықтарына көңiл бөлмеудiң салдарынан болды. Негізінен алғанда ақпараттық технологиялар PR маманының жұмыс атқаруына зор үлесін қосады, тіпті бүкіл атқаратын қызметі осыған байланысты десек те болады. Кеңінен толғап айтқанда, ақпаратты тарату құралда пайдаланатынын білу де маңызды. Ақыр-соңында бұл құралдардың барлығын икемділігі, коммуникациялық хабарламаның ұзақтығы тұрғысынан талдау қажет. Ақпарат тарату құралдарын бағалау олардың неғұрлым қолайлысын, болмаса олардың жиынын таңдап алумен аяқталады. Жекеше коммуникация құралдары арасында таңдау клиентурамен тікелей байланыс жасайтын фирма қызметкерлері арқылы хабарлама беруге түсуі ықтимал; содай-ақ қажетті ақпарат таныс және жақын адамдардың пікірі, тәуелсіз мамандардың толғамдары арқылы таратылуы мүмкін. Соңғы екі арнамен хабарлама мақсатты аудиторияға күрделі түрде беріледі, дегенмен тұтынушылардың солардан алған ақпаратқа сенімі көбірек болады. Көпше коммуникация құралдары арасында бұқаралық ақпарат құралдарын бәліп алған дұрыс, оладың көмегімен ауқымды аудиторияны да, сондай-ақ тұтынушылырдың арнайы топтарын да қамтуға болады. Ақыр соңында, ақпарат таратудыңтаңдап алынған құралдарын пайдалану саласында бірқатар қажетті шараларды қабылдау қажет. Бұл шешімдер әрбір мақсатты аудиторияға арналған коммуникациялық хабарлардың жиілігі мен саны, сондай-ақ нақты хабарлама жасалатын жер мен уақыт сияқты проблемеларға қатысты болады. Қазіргі заман талабына сай қоғаммен байланыс саласында қалыптасып қалған әдістермен қатар ғаламдық интернет желісі беретін мүмкіндіктерді пайдалануға негізделген технологиялар үлкен мәнге ие.ПР саласы маманының көзқарасы тұрғысынан алғанда интернетті бірінші кезекте коммуникацияның жаңа каналы ретінде қарастыру керек.Барлық коммуникациялық каналдар үлкен екі топқа жіктеледі:табиғи (вербальді және вербальді емес) және жасанды (документальды және электронды).Интернет коммуникацияның жасанды электронды каналына жатады. Коммуникацияның жасанды каналдарының пайда болуы,олардың санының ұдайы артуы мен ақпаратты берудің техникалық әдістерінің күрделенуі,сонымен қатар табиғи каналдардың маңызының азаюы фиксацияланған тарихи тенденция болып табылады.Адамдардың дифференцияланған қоғам жағдайындағы қарым-қатынасқа деген қажеттіліктің артуы жасанды каналдардың пайда болуының негізгі себебі.Жасанды коммуникациялық каналдарды пайдалануды қажет ететін қарапайым оқиға коммуникациялық үрдіске қатысушылардың аумақтық алшақтығымен байланысты.Ақпараттық қоғам жағдайында қашықтық емес,берілген ақпараттың көлемі мен қиындық деңгейі маңызды орын алады. Алайда, интернет тек қана коммуникация каналы ғана емес,ақпаратты сақтау орны болып табылады. Тиімді желіде ПР-маманының жұмысын атқаратын ITтехнологиялардың анықтамасы мен сараптамасы:
- электронды почта;
- маркетингтік және әлеуметтік зерттеулердің жүргізілуі;
- корпоративтік вэб-сайт;
- БАҚ өкілдерімен жұмыс. Е.Н.Пашенцов «Bell корпорациясы электронды почтаны пайдаланудың арқасында прессаға арналған басып шығару материалдарына 50 % үнемділікке қол жеткізген. PR мамандары электронды почтаны келесі жағдайларда пайдаланады:
- Тапсырыс берушілердің сұранысына жауап беру үшін;
- Ұйым ішінде ақпарат тарату үшін;
- Ақпараттық бюллетендерді жіберу үшін;
- Дискуссиялық топтарға қатысу үшін;
- Журналистермен байланысу үшін.
Жоба аясында жүргізілген зерттеулердің нәтиесінде келесідей тұжырым қалыптастыруға болады.
Конвергентті журналистика - бұл ақпараттық және коммуникациялық технологиялар интеграциясының бірыңғай ақпараттық ресурсқа бірігу процесі. Бүгiнгі таңда қазiргi заманғы медиа - компаниялар ақпараттық және ойын-сауықтық өнiмдерiнiң өз спектрлерiн кеңейтедi және медиа өнiм берудiң «жаңа» формаларын қолданады: ол – онлайн газет, интернеттегі радио, веб-телекөрсетілім. Конвергенция сөзінің өзi латынша «convergo» - «жақындатамын» деген мағынаны білдіреді. «Convergence» ағылшын тiлiнде «бiр нүктеде жинақталу» дегенді бiлдiредi. Павликова М. БАҚ және коммуникацияларды зерттеушi канадалық Дэнис Макуэйлаға сүйене отырып, келесi анықтама бередi: «Бұл бiр маңызды өнiмнiң әртүрлi арналарға әртүрлі құралдармен таратуы». А.Г. Качкаева конвергенцияны төмендегідей жіктеуді ұсынады: Конвергенция – ақпарат берудің жаңа түрі. Сонымен, конвергенция – бұл бірыңғай контентті әр түрлі құралдармен (мәтін, дыбыс немесе видео) және коммуникацияның әр түрлі арналары (пресса, телекөрсетілім, радио, Интернет) арқылы тарату. Алғаш рет Хелемендик В.С. БАҚ қызметінің жаңа тәсілін және «бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі» анықтамасын 1977 жылы енгізді. Нәтижесінде БАҚ-тың дәстүрлі жүйесі өзгерді. Қазіргі газеттер, радио, телекөрсетілім және Интернет жақындасу пайда болатын мультимедиалық ортада қызмет етеді. Хелемендик бұқаралық ақпарат коммуникация координациясының негізгі принциптерін былайша көрсетті: ерекшелігі, мазмұнын жүйелі түрде түзетуі, қызметтің ортақтығы және басылым, радио және телекөрсетілімнің өзара тәуелділігімен, олардың өзара әрекеттесуін мойындау организациялық құрылымы өзгереді және қазіргі таңда дербес газет, радио, телекөрсетілімнің жалпы ақпараттық орталыққа бірігуі олардың бұқараға эффекті әсер етеді. «Медиа арасындағы шекараны жою – өзара коммуникация құралдарымен, мысалы: телефон, пошта, телеграф және бұқаралық құралдар коммуникациямен сияқты, мысалы: пресса, радио, телекөрсетілім» деп Итьель де Соло Пуль айтқан. Соңғы 20 жылда мультимедия туралы нақты айта бастады. Бұл хабар жүргізу әдісі ретіндегі компьютерлік техника мен компьютерлік желілердің дамуы мен өрлеуіне байланысты болды. Осы технологиялар бір сақтаушы компакт-диск ішіне әр түрлі коммуникация құралдарын – визуалды, мәтіндік, дыбыстық және сөйлеу – біріктіруде мүмкіндік берді.
Мамандардың айтуы бойынша, интернеттi дамыту үшiн үш түрлi жағдай әсер етедi екен. Бiрiншi, сол ұлттың өзiнiң хат алмасу торабы болуы қажет. Бiз Ресейдiң mail.ru тегiн почтасына тәуелдiмiз. Яғни, бiзге ұлттық хат алмасу торабы керек. Екiншi, өзiнiң iздеу торабы болуы тиiс. Үшiншi, интернет қымбат болмауы жөн. Осы үш мәселенi аттап өтпейiнше, ел тұтастай интернеттi пайдалана бiлмейдi. Пайдаланған күннiң өзiнде басқа елдiң мүддесiне қызмет етемiз, ақша басқаның қалтасына құйылады. Орысша бiлуге мәжбүр боламыз. Политехте оқитын Қуаныш Мағзуов деген баланың "Сөздiк" деген жобаны жүзеге асырмақ ойы бар. Ол жоба бойынша кез келген ағылшын тiлiндегi мәтiндi клавиатураның бiр түймесiн басып тегiн аудармаға қол жеткзiу көзделдi. Ригаға барғанымызда, осы жобаға демеушi болғысы келгендермен кездескенде, олар "Бұл үкiметтiң iсi ғой. Неге өздерi қолға алмаған?" деген сауал қойды. Бұл сұрақты естiгенде ұялып кеттiм. Ағылшын тiлiнен қазақ тiлiне аударатын сайт жасау үшiн басқа елден көмек сұрауға мәжбүр болып отырғанымыз бiз үшiн шынында ұят едi. Олар үшiн мемлекеттiк деңгейдегi мұндай iстерге бiздiң қоғамдық ұйымдардың деңгейiнде мән берiлiп жатқаны түсiнiксiз едi. Негiзiнен мемлекет тарапынан интернеттi дамытуға ақша бөлiнiп жатыр. Бiрақ, бұқара тарапынан нақты талап болмай отырған-сынды. Егер, бұқара тарапынан Парламентке, Мәжiлiске сұрау салса, қазақ тiлiн дамыту үшiн интернеттегi тiлдiң таралу аясын кеңейту керек. Ол үшiн бiрiншiден, мынадай параметрлерге ақша бөлiнсiн десе. Мәселен, тегiн онлайн жүйесiнде қазақ тiлiнен ағылшын тiлiне, орыс тiлiнен қазақ тiлiне мәтiн аударатын арнайы бағдарлама жасап шығару. Бiраз адамдар жасауға талпынып көрдi. Бiрақ, ол бұқараға тегiн ұсынылған еркiн бағдарлама емес едi. Оны пайдалану үшiн сатып алуың керек. Бiздiң айтарымыз, бұндай бағдарламалар тегiн болуы керек. Егер, бiз тiлдi дамытамыз десек, оны қолданушылар аясын кеңейтемiз десек, ағылшын тiлiнен қазақ тiлiне тiкелей аударатын сайт жасауымыз керек. Ондай заң кейбiр елдерде бар. Мысалы, АҚШ-та "Блогшылар туралы" заң қарастырлуда. Бiрақ, ол елдерде қабылданған заңдарға әлеумет белсендi атсалысады. Яғни, бұл заңдар интернеттi шектеу үшiн емес, реттеу үшiн әзiрленедi. Бiзде қабылданатын заң да интернеттi реттейтiн оның дамуына үлес қосатын заң болса құба-құп, керiсiнше, интернеттi бақылауды сылтау етiп, оның еркiндiгiне сызат түсiретiн болса онда ондай заңның қажетi жоқ. Қазiр бұқара интернет мүмкiндiгiн толық пайдаланып отырған жоқ. Сол себептi де олардың заңға атсалысуы мүмкiн емес. Қазақстанның өзiнiң блог тұғыры жоқ. Американың wordpress платформасында блогты тегiн дамытуға мүмкiндiк бар. Бiрақ, ол ағылшын тiлiнде. Бұл — бұқараға тегiн ұсынылып отырған өнiм. Сондықтан, оны аударуға да мүмкiндiк бар екен. Кореядағы қандастарымыз Жанарбек Матай, Бақытнұр Байтелұлы және осында тұратын Бақытгүл Салықова деген блогшылар оны қазақшалауды қолға алды. Ол платформада 3 мыңның үстiнде ұғым-түсiнiк бар едi. Жоғарыда аты аталған үшеуi оны бөлiсiп, өз ерiктерiмен аударуға кiрiстi. Бұл бiзге қандай мүмкiндiк бередi? Егер, бұрын блогты тек ағылшынша, орысша бiлетiндер жасай алатын болса, ендi оның қазақша нұсқасы да пайда болады деген сөз. Шетелге шығып келгеннен кейiн, Қазақстанға келiп қазақ газеттерiн ашқан кезде бiрден байқайтыным, қазақ журналистерi мақала мазмұнынан гөрi, эмоцияға көбiрек иек артады. Себебi, бiздiң оқырманның болмысы осыны талап етедi. Сондай-ақ, Кеңес Одағынан қалған бiр стереотип бар, журналист — ол тұлға, қайраткер, журналистiң сөзiне Құранның сөзiндей сенедi. Қоғам журналист не десе, сол деңгейде қабылдауға бейiм. Батыс журналистикасында, журналист оқиғаны тек қана баяндаушы, әңгiмелеушi. Ой қорытуды оқырманның өзiне қалдырады. Бiзде журналист оқырманға өз ойын қоса ұсынады да, оқырман мәселенi сараптап жатпайды, журналистiң ойын қаз-қалпында қабылдай салады. Қазақ журналистикасының ғылыми тұрғыдан базисi қалыптаса қойған жоқ.

2.2 Интернет ресурстарының конвергенциясы жағдайында қазақ тілді контент мәселелері


Бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) жүйесі ақпаратты өндіру және таратуды біріктіреді. Осылайша, әңгіме журналистік немесе пиарлық ақпарат, басқаша айтсақ, арнаулы түрде жиналған, өңделген және белгілі талаптар мен міндеттерді есепке ала отырып, ұсынылған ақпарат туралы болып отыр. БАҚ даму барысында жинақталған практикалық тәжірибені зерделеу негізінде кәсіби түйсіну және журналистиканы зерттеудің ғылыми әдістері тарихи қалыптаса бастады. Осы түйсінулерге бұқаралық байланыстар мен қоғам арасындағы өзара қатынастар қағидалары негіз болып табылды. Осылай, біртіндеп журнализмнің ғылыми мектептері және практикалық концепциялары жете зерттеле бастады (Немістердің «газеттануы»; ағылшын тілді журналистикадағы «жаңалықтар» теориясы; цензурадан өтетін орыс баспасөзінің «эзоп тілі»; А.Герценнің «ерікті сөзі»; большевиктік баспасөздің «ұйымдастырушылық қызметі»; посткоммунистік «жариялылық»; «төртінші билік»; М.Маклюеннің «ауқымды деревнясы»; Б.Гейтстің «Интернеті»). Қазіргі кездегі дүниеде осы заманғы журналистиканы зерттеудегі дәстүрлі тұрғыдан қарауды қолдану шегі мен мүмкіндіктері айтулы кеңейді. Таптық, постиндустриалдық және ашық қоғамда журналист тұлғасының бірдейлігін өте күрделендіріп жіберген журналистиканың коммерциялануы айқындалып келеді. Бұқаралық байланыстардың ауқымдану үрдісі ұлттық мәдениеттермен шиеленісе түсті. Әлеуметтік реформалар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының мәні онан сайын өсе түсті. Сапалық деңгеймен бекітілмеген мерзімдік басылымдардың үлкен сандық өсімі себепші болған БАҚ-на «сенім дағдарысының» күні туды. Ақпараттық саясатқа ықпал жасайтын, сырт көзге қасақана аулақтануға қарамастан, олигархтар идеологиясы мемлекеттік идеологияның орнын басты. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, біріншіден, қажетті материалдық базасы бар (ақпараттық технология құралдары: компьютерлер, программалық қамтамасыздандырылған, Интернетке қосылған, кабельдік, серіктік және басқа байланысы), екіншіден, осы салада ғылыми-практикалық және қолданбалы зерттеулер жүргізілсе және үшіншіден, барлық осы құралдар мен зерттеулер ақпаратты жалпыға бірдей, қолжетімді және оны өндіріске және көпшіліктің пайдалануына белсенді енгізуге бағытталған жағдайда ғана қоғамды ақпараттық деп атауға болады. Шұғылдылық талаптары журналистерді журналистік еңбектің өнімдігін арттыру туралы үнемі қам жеуді мәжбүрлейді. 80-жылдардың аяғынан бастап, журналист пен жұртшылықпен байланыс бойынша маманның жұмысында компьютерлік және ақпараттық технологиялар сапа тұрғысынан жаңа кезеңнің есігін ашты. Журналистің кәсіби қызметіндегі компьютерді қолдану түрлерінің көптігіне қарамастан, негізгі бес бағытын ерекшелеуге болады. 1. Журналистік мәтінді жасау, жазбаша және ауызша БАҚ арналған: мәтінді теру және оны техникалық әрі әдеби редакциялау. Осы міндеттерді орындау үшін журналист кез келген мәтіндік редакторды қолдануына болады. Барынша ыңғайлы мәтіндік редактордың бірі болып – Word табылады. Мәтіндік редактор мәтінді қайтадан термей, өзгерістерді өте жылдам енгізуге мүмкіндік береді: мәтін бөліктерінің орнын ауыстыру, бір сөздердің орнына басқасымен ауыстыруға, қателер мен жаңсақтықтарды түзету, мәтінді толықтыру немесе қысқарту және тағы басқалары. Барлық осы технологиялық жаңа енгізімдер шығарылымға арналған мәтінді даярлау кезіндегі журналистік жұмыстың жеделдігін елеулі арттырды. Баспа басылымын шығару процесіндегі мәтінмен жұмыс істеу жаңа компьютерлік технологиялардың арқасында анағұрлым жеңілденді және жеделденді. 2. Жариялауға дайындық кезіндегі ақпаратты жинау және өңдеу. Журналист дәстүрлі ақпарат жинаудың үш негізгі түрін жүзеге асырады: сұхбат, бақылау және жазбаша дереккөздермен жұмыс. Компьютердің пайда болуы және Интернеттің дамуы жоғарыдағы тәсілдердің екеуіне үлкен өзгерістер енгізді. Жазбаша дереккөздермен (құжаттар, әдебиет, анықтамалық-ақпараттық материал және басқалары) жұмысты да, сұхбатты да үйден шықпай-ақ, Интернет арқылы жүзеге асыруға болады. Зерттелетін жазбаша дереккөздер мөлшері өте көп болып кетті, өйткені Интернет Жер шарының кез келген жеріндегі ақпаратқа қол жеткізеді. Сұхбатқа қатысты, электронды пошта журналистің жұмысын елеулі жеңілдендіреді, өйткені, web-байланыстқа қатысушылардың өздерінің әрқайсысына ыңғайлы уақытта араласады. . Компьютердің ақпаратты өңдеуі және сұрыптауы бірнеше секундта жүзеге асады. Әр минут қымбат, әрі ақпарат ауқымды мөлшерде болғанда журналист жұмысындағы мұндай көмек өте пайдалы және маңызды. Осы саладағы мол мүмкіндіктер журналистік маманданудың жаңа түрінің – релятивтік, басқаша айтқанда, «тірі» мәліметтер базасымен жұмысқа негізделген зерттеуші интернет-журналистиканың пайда болуына әкелді. 4. Баспа басылымдарын макеттеу, беттеу және безендіру – бұл компьютердің пайда болуы нағыз технологиялық төңкеріс жасаған жұмыс саласы. Журналистер газетті немесе журналды жасаудағы бүкіл баспа алдындағы кезеңді толық бақылау үшін өндірістік процестің өте маңызды бөлігін редакцияның қабырғаларына көшіруге керемет мүмкіндігіне ие болды. 5. БАҚ жаңа түрінің пайда болуы және қалыптасуы – ішінде желілік бұқаралық ақпарат құралдарын, дәстүрлі БАҚ желілік нұсқалары мен сайттары бар желілік журналистика. Журналист ұйымдастырушы ретінде төмендегі міндеттердің бірсыпырасын орындайды: қоғамдық қызметтің әртүрлі салалары өкілдерін ынтымақтастыққа тарту, өз пікірін БАҚ арқылы жеткізуге аудиторияның кең қабаттарына қолжетімдікті қамтамасыздандыру, аудиториямен кері байланысты қолдау және нығайту, көпшілік аудитория мен ақпараттық өнімді жасауға өзінің тапсырысы бар оның жеке өкілдері арасындағы делдалдық. Журналист ақпараттық өндірістік процесінің қатысушысы ретінде ақпараттық өнімді тудырушы болып табылады – шығарылымдардың (мәтіндердің) авторы, редактор және «жарыққа шығатын», «эфирге шығатын» бұқаралық ақпараттық ағындарды шығаратын өндірістің ұйымдастырушысы. Қоғамның әлеуметтік практикасы көп жағдайда – практикалық қызметі мен оның практикалық ойлауын қалыптастыратын адамның рухани өмірімен өзара байланысты. Журналист немесе пиар-маманның практикалық қызметінің нәтижесі журналистік мәтін немесе – сәйкес – пиар-мәтін болып табылады. Тап сол уақытта осы мәтіндер әлеуметтік практиканың органикалық бөлігі болып шығады. Журналистер немесе «паблик рилейшнз» бойынша мамандар, сондай-ақ бүкіл қоғам қатысатын журналистік мәтіннің туындауы және қабылдану процестері тұтас алғанда, таным мен байланыстың психологиялық бірлігінде жүзеге асады. Сайып келгенде, журналистік ақпарат әлеуметтік ақпарат түрі болып белгіленеді. Әлеуметтік практика тұғырынан қарағанда, «Журналист – қоғам (социум)» өзара әрекетінің тізбекті тізбешесі «ақпарат – мәтін – ақпарат – қызмет» түрінде ұсынылуы мүмкін. Әлеуметтік практикада күн сайын ақпараттың орасан зор ағыны туындайды, оның бөлігі ғана журналистік мәтінге және пиар-мәтінге айналады. Ал өз кезегінде олар алынған мәліметті практикалық іс-қимылға түрлендіретін қоғамда ақпаратты таратады. Ақпараттық ықпал етудің тиімділігі журналистиканың суреттеу құралдарымен анықталады. Бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілік аудиториясы халықтың орта статистикалық кең қабаттарын қамтиды. Қамтудың кеңдігі бойынша оны: ықтимал, іс жүзіндегі және негізгі деп бөлуге болады. Аудиторияның әртүрлі секторлары әлеуметтік мәртебесіне тәуелді болғандықтан, мәтінде бар ақпаратқа әртүрлі әсерде (реакцияда) болады. Журналистің көрсетіліміне аудиторияның әртүрлі секторларының алатын ықтимал әсерлерін (реакциясын) болжамдау оның кәсіби қызметінің маңызды бөлігін құрастырады. Журналистің арсеналында социологиялық және психологиялық әдістер болуы қажет және оны белсенді түрде қолданғаны жөн. Журналист пен пиармаман қызметінің жемістілігі көбіне көпшілік аудитория мен мәтінге тапсырыс берушінің мүдделерін қорғау, мүдделі тараптардың әрқайсысы өзара келісімге келу қажеттігін түсіне алатындай, тапсырыс берушімен де, аудиториямен де жұмыс істей алу білігімен айқындалады. Ондай жағдай болмағанда, журналист немесе пиар-маман өз құйрығын шаққан жыланға ұқсайды, өйткені не көпшілік аудиториясының, не мәтінге тапсырыс берушінің сенімін жоғалтады және беделінен айрылады. Осылайша, журналист бұқаралық ақпараттық ағынға тікелей қосылған болып шығады. Журналистік ақпараттың дереккөздерінің алуан түрлілігі олармен жұмыс істеудің белгілі ережелерін ұстануға мәжбүрлейді. Бұл ережелер журналистің ақпаратқа қолжетімдік, рұқсаттама және оны алу, сонымен қатар деректердің шүбәсіздігін тексеру тәсілдерінің тәртібін белгілейді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы жарты ғасырда қаулап өсуі біздің адамзаттық мүмкіндігімізді, біздің мәдени кеңістігімізді белгілі бір мөлшерде кеңейтіп қана қойған жоқ, ол біздің өркениетімізді адам танымастай етіп өзгертіп жіберді. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси-биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді. Бұқаралық ақпарат құралдарының даму үдерісіндегі ең қуатты алғышарт компьютер мен Интернет бүгінде басқаларынан қара үзіп кетті. Ол барлық әлемді құшағына қамтып, кез келген ақпарат көзімен әп-сәтте-ақ байланысқа түсе алады. Бұл бір жағынан заман талабы, осы «коммуникациялық революция» тудырған процестен біз де қалыс қала алмаймыз. Біздің елде блогосфера жақсы қарқын алып келеді. Блог жүргізу бұқаралық сипат алып бара жатқандықтан ба, біздің қоғамда «блоггерлер қоғамдық пікір қалыптастыруда журналистерді басып озуы мүмкін» деген пікір қалыптасып келеді. Жалпы, блогосфера ертерек дамыған елдің өкілі ретінде «блоггерлер журналист бола алады» деген пайымға қалай қарайсыз? Сондай-ақ біздің елде шенеуніктерден бастап, әлеуметтік желілерді пайдалану үрдісі қанат жайып барады. Сіз бізге еліңіздегі әлеуметтік желілердің қоғамдағы рөлін айтып өтсеңіз... Блоггерлер мен журналистер бір-біріне ешқашан кедергі келтірмейді. Олардың көп болуы қоғамға ғана пайдалы. Біздің елде блоггерлер өте көп. Блогосфера бірнеше жылдан бері жұмыс жасап, дамып келе жатса да, ақпарат кеңістігінен дәстүрлі журналистиканы ығыстырып жіберген жоқ. Ығыстыра да алмайды. Себебі — екеуі екі бөлек ұғым. Блог авторлардың пікірінен ғана тұрады, жазба иесінің көзқарасына құрылады. Мықты блогтар белгілі бір аудиторияны қалыптастырып алған соң, жарнама жағына көп көңіл бөледі. Белгілі бір уақыт өткеннен соң жарнама берушілермен жұмыс істеп кетеді. Бізде белді әлеуметтік желілердің қоғамдағы рөлі өте күшті. Бізде ғана емес, бүкіл әлемде солай. Араб әлеміндегі оқиғалардың басты факторлары да осы әлеуметтік желілер болды. Тоталитарлық жүйедегі мемлекеттер бұлардан қатты қорқады. Ал сіздерде шенеуніктердің өзі көпке үлгі болып отыр екен. Бізде де саясаткерлер әлеуметтік жүйеде белсенді. Меніңше, әлеуметтік желілерді журналистиканы дамытуға пайдалану керек. Яғни дәстүрлі ақпарат құралдарындағы құнды материалдардың сілтемесін әлеуметтік желілер арқылы таратып, оқырмандардың санын еселеуге мүмкіндік бар. Себебі қазір кейбір желілердің пайдаланушыларының саны жарты миллионнан асты. Бұл — үлкен аудитория, үлкен күш. Сараптамалық фирма comScore баса айтып көрсеткендей, әлеуметтік желілердің рөлі күннен күнге маңызды болып барады және олардың дамуы белді жарнамаберушілердің назарымен де байланысты. Осыны әлеуметтік желілер мен жарнамаберушілер үшін басты онлайн тұғырнама ретінде танымал Yahoo Inc және Time Warner Inc’s AOL секілді интернет-компаниялар арасында болып жатқан жарыстардан байқауға болады. comScore зерттеуі бойынша, былтырғы жылдың екінші жартысында американдық интернет-хабарландырулардың 21.1 % әлеуметтік желілер арқылы жасалынған, ал соның ішінде көрсетілімнің 80% MySpace пен Facebook еншісінде екен. Бұл желілердің танымалдылығы тегін емес, біріншідіен – бұл сервистерде тіркелген адам саны 300 милионнан асады, екіншіден – осында кәсіби байланыс орнатуға, әріптестерді тауып алуға болады, үшіншіден – танымал брендтер мен компаниялардың ресми аккаунттарына жазылу мүмкіндігі бар. Қолданушы профильдері арқылы жарнаманы таргеттеудің тамаша мүмкіндігі бар: жынысы, жасы, мамандығы және т.б. арқылы. Осылайша компаниялар пайдаланушыға шынымен де қызықты болатын жарнаманы көрсете алады. Ең бастысы, қолданушы профилінде өзі жайында шынайы ақпарат беруі тиіс. Әлеуметтік желілерден ақша табудың ең оңай жолы – ақылы сервистер мен функцияларды ұсыну. Ақылы сервиске пайдаланушылардың назарын аудартуға арналған әдістер бар: ақылы функцияларды басында арзан бағамен ұсыну немесе алғашында тегін ұсынып, пайдаланушы оған әбден үйренген кезде ақылы етіп жасау стратегиясы, сонымен қатар, «кедергі» жасайтын функцияларды ақылы төлемдер арқылы өшіру. Ақша табудың тағы бір әдісі – виртуалды сыйлықтар, профиль үшін дауыс беру (пайдаланушының рейтингін көтеру үшін). Мысалы, ресейлік Vkontakte.ru атты әлеуметтік желіде дауыс беру мен виртуалды сыйлықтарды sms немесе webmoney, Яндекс.Ақша, пластикалық карталар т.б. арқылы сатып алуға болады. 10 дауыс – Билайн операторында – 400, Далаком операторында – 353, ал Кселл операторында – 400 теңге тұрады. «Мой мир» әлеуметтік желісінде юзерпикке (пайдаланушының суретіне) графикалық эффектті sms арқылы 2,99 доллар төлеп жасауға болады екен. Әлеуметтік желілер үшін жарнама да жақсы табыс әкеле алады. Бірақ ол үшін бағытты жарнама және арнайы құралдар болған дұрыс. Интернетжарнаманың бір артықшылығы – арнайы тұтынушыға арналған тауарды жарнамалау тиімділігі. Бұл телевиденияға да жат емес, мысалы, футбол матчтары кезінде косметика емес, сыра жарнамасы көрсетіледі. Алайда, интернет саласында бұл негізгі шарттардың бірі.
Бүгінде қоғамдық-саяси бағыттағы қазақ тілді сайттар белсенді түрде өсіп келеді. Олардың саны артуымен қатар, техникалық және мазмұндық сипаттарына сәйкес сегменттелуі де қатар жүруде. Ірі және шағын, жиі және сирек жаңартылатын, танымал және танымал емес сайттар бар. Мазмұнына қарай оларды үкіметке жақ, бейтарап және оппозициялық сипаттағы сайттарды бөліп көрсетуге болады. Сайттарды жіктеудің үлкен факторына олардың баспа нұсқасының болуы не болмауы да жатады.

  • Қазақ тілді интернет БАҚ-тардың дамуындағы ең басты кедергі аудиторияның шектеулілігі мен әлсіз ресурстық база болып қала береді. Көрсеткіштер мен жарнама берушілерге күрес барысында көптеген сайттар есептегіштерді жалған арттыру арқылы жоғары рейтинг жасап, көзбояушылыққа баруға мәжбүр. Бұл интернет-сегментке ешкім үлкен қаражат бөлгісі келмейді, рейтингінің төмен болуына байланысты бизнес оған қызықпайды. Мұндай жағдайда көптеген сайттар тек энтузиазм күшімен жұмыс істейді, оның салдарынан мазмұн мен техникалық сипаттар нашарлайды.

  • Қоғамдық-саяси бағыттағы интернет-сайттардағы жалпы контенттің 1/5 бөлігін басқа дереккөздерден алынған жарияланымдар құрайды. Интернет-басылымдардың контентінде бұл көрсеткіш біршама жоғары – 25%. Олардың ішінде орыс тілді басылымдардан аударылғандарының үлесі өте төмен (0,6%). Көбінесе орыс тілді БАҚ материалы тікелей аудармасыз жарияланады.

  • Баспа газеттердің сайттары қарапайым интернет-басылымдардан ертерек пайда болғанымен, олардың танымалдығы аздау. Талдау көрсеткендей, баспа газеттердің сайттары интернет-газеттерге қарағанда 2 есе азырақ қаралады. Интернет-басылымдардың оқырмандармен өзара әрекеттестігі (пікір қалдыру арқылы) де әлдеқайда жоғары.

  • Репортаждар мен ғылыми жарияланымдар басқа журналистік жанрларға қарағанда жиірек оқылады. Ал материалда фотосуреттердің не қарапайым суреттердің болуы оқырмандар қызығушылығын арттыра түседі.

  • Тарихи, діни және ішкі саяси бағыттағы тақырыптар басқаларына қарағанда оқырмандар тарапынан көбірек сұранысқа ие. Қазақ аудиториясын экономикалық және халықаралық мәселелер ең аз толғындырады.

  • Сайттардың өзі көбінесе ішкі саяси және әлеуметтік тақырыптағы материалдарды жариялайды. Әлеуметтік салада қылмыс, денсаулық сақтау және білім салалары ең көп қозғалады.

  • Тіл барьері мәселесі қазір де көкейтесті. Журналистер қатысатын шаралар орыс тілінде өтіп, баспасөз релиздері, ақпараттық қолдау өнімдері орыс тілінде беріледі. Бұл тұрғыда қазақ тілді журналистер оперативтілігін жоғалтуда. Ал қазіргі жаңа медианың басты ерекшелігі оперативтілігінде. Сонымен қоса қазақстандық медиа ортасына шетелдік сарапшылар кіре бастады. Олардың коммуникация тілі ағылшын тілі. Енді қазақ тілді журналистер орыс тілін ғана емес, ағылшын тілін де меңгергені жөн.

  • Жаңа медиа саласында жаңалықтар күнделікті болады. ЖАңа сервистер, бағдарламалар кұн сайын қосылуда. Осы салада қызмет ететін маман тұрақты түрде білімін жетілдіруі қажет. Себебі журналистің басты міндеті тек ақпарат берумен шектелмейді, сонымен қосымша аудитория тарту функциясы да журналист мойнында, оған қоса осы саладағы трендтерді, аудитория қажеттілігін білу үшін медиаменеджер, маркетолог машықтары қажет. Осы тұрғыда қазақ тілді журналистерге өзін өзі дамыту, ақпараттар базасы қажет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет