10. Гепатит В вирусы ... әулетiне жатады.
энтеровирустар
парамиксовирустар
аденовирустар
гепадновирустар
тоговирустар
Жағдайлық есептер: Лабораторияға қақырықты тексеруге пневмониямен ауырған адам түсті. Осы зерттелетін материалмен ақ тышқанды зақымдағанда тышқан 10 сағаттан кейін өледі. Ішкі органдарынын ланцет пішінді, капсуламен қапталған, грам оң қосарлана орналасқан коктар бөлініп алынды. Қандай қоздырғыш бөлініп алынады? Капсуланы қандай жолмен анықтайды?
22 жастағы Н. атты ауру урологқа жыныс мүшелерінен іріңді бөліндінің шығуына, зәр бөліну кезінде ауырсынуға шағымданып келді. Соңғы аптада пенициллин қабылдаған, 10 күннен бері ауру. Қандай ауруға күдіктенуге болады? Қандай зерттеу әдісін ұсынасыз? Қандай жағдайда микроспопия нақты жауап береді? Зерттеуге қандай материалды алады? Неге материалды жылдам жеткізу қажет? Неге соңғы жылдарда жиі бактериологиялық зерттеуді қолданамыз? Контактта болғандарға қандай алдын алу шараларын жүргіземіз?
Эндо ортасындағы қызыл колониялардан алынған микробтық дақыл О55+О26+О3 қан сарысуының комплекстерімен агглютинация реакциясын тудырады. Қандай ауру туралы айтылған және аурудың қоздырғышын қалай анықтаймыз?
№ 9.
1. Тақырыбы: Оппортунистік урогенитальді инфекциялар. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, лабораториялық диагностикасы, алдын алуы және емдеуі.
2. Мақсаты: Студенттерді ШПМ шақырған оппортунистік урогенитальды инфекциясының себептерімен, оппортунистік инфекцияның емдеу және алдын алу принциптерімен таныстыру.