М. У. Анартаева


Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)



бет29/96
Дата06.02.2023
өлшемі1,3 Mb.
#65491
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   96
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
Тесттер:
1.Плазмокоагулаза түзу ... тән.

  1. гонококтарға

  2. пневмококтарға

  3. стафилококтарға

  4. менингококтарға

  5. стрептококтарға

2.Стафилококтар жұғындыда ... орналасады.

  1. тізбекті түрде

  2. жүзім шоғырына ұқсас

  3. жұптасып

  4. балықтардың шоғыры түрінде

  5. тетрада түрінде

3.Пневмококтардың негізгі патогенді факторы:

  1. ДНҚ-аза

  2. гиалуронидаза

  3. капсула

  4. протеаза

  5. гемолизин

4. ... жұғындыда жүзім шоғырына ұқсас орналасады.

  1. Пневмококтар

  2. Стрептококтар

  3. Стафилококтар

  4. Гонококтар

  5. Менингококтар

5. Полисахаридті капсуласы бар, ланцент пішінді немесе тізбектеліп орналасқан, грам оң диплококтарға ... жатады.

  1. стафилококтар

  2. стрептококтар

  3. пневмококтар

  4. гонококтар

  5. менингококтар

6... натрий хлориді бар қоректік агарда өсуге қабілетті.

  1. Стрептококтар

  2. Стафилококтар

  3. Пневмококтар

  4. Гонококтар

  5. Менингококтар

7. ... көптүрлі антигендерге ие, солардың ішінде протеиннің диагностикалық мәні бар.

  1. Пневмококтар

  2. Стафилококтар

  3. Стрептококтар

  4. Гонококтар

  5. Менингококтар

8. Стафилококтардың фагоцитозды тежемейтін патогенділік факторларына ... жатады.

  1. гиалуронидаза

  2. ақуызы

  3. капсуласы

  4. тейхой қышқылы

  5. токсиндері

9. Стафилококктар ... тәрізді пішінге ие.

  1. шар

  2. жіп

  3. оқ

  4. ланцет

  5. спираль

10. Стрептококтар жұғындыда ... орналасады.

  1. балық шоғырына ұқсас

  2. тізбектеліп

  3. бұрыштанып

  4. жүзім шоғырына ұқсас

  5. тетрада түрінде

Жағдайлық есептер:

  1. Науқастан бөлінген дақылдың антибиотиктерге деген сезімталдығын анықтады. Полипептидті антибиотиктерге-полимиксинге және ристомицинге қоректік агарда диск бойынша қайталап зерттегенде тұрақтылық байқалады. Бірақ сериялы түрде араластырғаннан кейін осы микроорганизмдерде антибиотиктерге сезімталдығын өте төменгі концентрацияның өзінде байқалды. Осы зерттеу әдістерінде сезімталдықтың әр түрлі болу себебін дәлелдеңіз?

5.


1. Тақырыбы: Ауруханаішілік инфекциялардың микробиологиялық зерттеуі. Түрішілік ажырату.
Стационардағы эпидемиялық жағдайдың бағасы, госпитальді ортаның санитарлы-бактериологиялық жағдайын бақылау.
2. Мақсаты: Студенттерді ШПМ диагностикасында микробиологиялық әдістермен және оппортунистік аурулардың пайда болуындағы ШПМ ролімен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты: Студенттерге ағзада қоздырғыштың орнығуын, ұсынылған диагнозбен байланысты аурудың патогенезі және динамикасындағы зкрттелетін материалды іріктеуді үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Ауруханаішілік инфекция кезіндегі микробиологиялық зерттеу.

    2. Госпитальды ортаның сантарлы- бактериологиялық ортаның жағдайын бақылау.

    3. Стационардағы эпидемиялық жағдайын бағалау.

    4. Қоршаған ортаның микробиологиялық бағалау.

    5. Асептика және антисептика.

    6. Стерилизация және дезинфекция әдістері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет