2.2 Пәннің мақсаты: Студенттерде эпидемиялық емес микробтық аурулардың этиологиясы мен негізгі патогенезі туралы, шартты патогенді микроорганизмдердің биологиялық ерекшкліктері және экологиясы туралы, ауруханаішілік инфекцияларға микробиологиялық бақылау туралы білім қалыптастыру.
2.3 Міндеттері:
Емдеу профилактикалық мекемелердегі микробиологиялық (бактериологиялық) лабораториялардың міндеттерін;
Шартты патогенді микроорганизмдердің клиникалық ерекшеліктерін, этиологиясын және патогенезін;
Эпидемиялық емес микробтық аурулардың өсу себептерін;
Микробтардың антибиотиктерге тұрақтылықтарының генетикалық және биохимиялық механизімдерін;
Адам денесінің қалыпты микрофлорасының құрамы мен маңызын. Дисбактериоздың микробиологиялық диагностикасын, коррекциясын;
Ауруханаішілік инфекциялардың этиологиясын, таралуын және себептерін. Ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасын және микробиологиялық диагностикасын;
Госпитальдық штаммдардың биологиялық қасиеттерін. Түрішілік ажыратуды;
Иммунодефицит кезіндегі оппортунистік инфекцияларды;
Шартты патогенді саңырауқұлақтар шақырған микоздардың микробиологиясын;
Эпидемиялық емес микробтық аурулардың микробиологиялық диагностикасы. Лабораториялық зерттеу әдістерінің ақпараттылығын; Шартты патогенді микроорганизмдердің этиологиялық маңыздылығының критерияларын;
Биоматериалдарды алу, сақтау және лабораторияға тасымалдау ережелерін. Анаэробтық инфекцияларда материал алу ерекшеліктерін;
Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау әдістерін. Антибиотика терапияның микробиологиялық принциптерін;
Эпидемиялық емес микробтық аурулардың экспресс диагностикасын;