ШПМ – бұл үлкен және әртүрлі микробтар тобының жүйелік қарым-қатынасы, яғни адамда арнайы жағдайда ауру шақырады. Олардың өкілі бактерияларда, саңырауқұлақтарда, қарапайымдыларда кездеседі. Көптеген белгілері бойынша ШПМ – ға вирустың бірнеше түрлері жақын (а-герпес вирустары 1 және 2, β-герпесвирустар, паповирустар, кейбір аденовирустар, Коксаки және ЕСНО вирустары).
ШПМ-ар кейбір жағдайда адам ағзасымен симбиоздық /комменсализм, нейтрализм/ кейбірлері конкуренттік қатынасқа түсіп, ауруға алып келеді. Сондықтан олар «шартты-патогенді» микробтар, яғни адамдар үшін төменгі патогенділікке ие болғанымен, ағзаның иммунды статусы төмендеген кезде аура тудырады. ШПМ-ар әдебиеттерде жиі «микробтар оппортунисттер» (ағылшын тілінен «to take opportunity»), олар шақырған аурулар «оппортунистік инфекциялар» деп аталады.
ШПМ-дер экологиялық тұрғыдан біркелкі емес, олардың арасында еркін өмір сүруші топтар түрлері болып, негізгі мекен етуші ортасы әр түрлі биорганикалық субстраттардан (тағам өнімдері, су, дәрілік препараттардың аэрозольдары ).тұрады. Көбінесе осы түрлердің көбі адам ағзасында мекендейді және қалыпты жағдайда ауру жақыруы мүмкін (сапроноздар), олардың түрінің сақталуы және көбеюіне тірі ортаның болуы маңызды емес, ауруханалық стационарларда осы түрлерден клебсиеллалар, протейлер, серрацилер, псевдомонадалар, ацинетобактериялар мекен етеді.
Адам ағзасындағы (биотоптарда) көптеген мүшелерде мекен ететін ШПМ-дар тұрақты «қалыпты» болып, симбиотикалық қатынаста болады. Белгілі жағдайда олар қожайынымен қарсыластық қатынасқа түсіп, әр түрлі аурулар тудыруы мумкін, бірақ бұл құбылыс оларға биологиялық үстемдік бермейді, кейбір жағдайда қожайынын жоғалтуға әкеліп соқтырады.