Күздің тамаша күндерінің бірінде студенттік билетті
табыстау мақсатында оқытушы Сабырғалиева Назгүл
Бақтығалиқызының ұйымдастыруымен салтанатты
кеш өткізілді.
Студенттік билет
табысталды
Шара барысында ІІ курс студенттері би билеп, ән
шырқаса, енді бірі жайдарман әзілдерді, поэзиялық туын-
дыларды мәнерлеп оқу сияқты өнерлерін ортаға салды.
Сонымен қоса, студенттік өмірдегі сапалы білім, өнегелі
тәрбие жайлы қызықты әңгімелер айтылды. Түрлі ойындар
ойналып, студенттерге бұл кеш көтеріңкі көңіл-күй мен
естен кетпес қуаныш сыйлады. Шара соңында курато-
рымыз оқытушы-магистр Н.Б.Сабырғалиева сөз сөйлеп,
студенттерге ақ жол, жарқын болашақ тіледі. Осы кеште
студенттер өздерін «нағыз студент» ретінде сезінді. Кеше
ғана мектептен түлеп ұшып, жоғары оқу орнына түссем деген
ізгі ой қалықтаған буын, бүгінде студент атанды. Махамбет
университетінің білім алушы жас толқындарына жаңа леп
қосылды. «Болашаққа – нық сеніммен!».
Назерке ТҰРАРБЕК,
08101-топ студенті
Қарашаның 27-і күні Халықаралық студенттер күніне орай “Мәдени-тынығу жұмысы” мамандығының студенттерінің
ұйымдастыруымен “Ой түбінде жатқан сөз” атты танымдық ойын өткізілді.
ОЙ ТҮБІНДЕ ЖАТҚАН СӨЗ
Бір ел – бір кітап
Бастанғыдан басталады небір дастан
Қараша айының 19-күні мәдениет және өнер факультетінде халықаралық студенттер
күніне орай ұйымдастырылған «Бастаңғы»тақырыбындағы жастардың ұлттық ойын-сауық
кеші өтті.
Бастаңғы –ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрді, ойын-сауықты жаңғырту, жастардың қарым-
қатынас мәдениетін қалыптастыру, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында болды.
Қазақтың «Бастаңғы» ойын-сауығы мән мағынаға толы, салт-жоралғыны сахнамен ұштастырыла
отырып, көрерменге көрініс түрінде тарту етілді. Ән айтылып, күй тартылып, қазақтың ұлттық
биімен өрнектелді. Қыз-жігіттердің арасындағы мақал-мәтел тартысы, «Сақина салмақ», «Ақ сүйек»
секілді ойындар ойналып, көрерменге ерекше әсер қалдырды. Халқымыздың төл өнері айтыс та
қайта ұлықтап, ұмыт қалмады. Бұл шараға «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының студенттері
белсене қатысты.
Кеш соңында «Мәдениет және өнер» факультетінің деканы Исатаев Мейрам Исатайұлы сөз
сөйлеп алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.Бастаңғы ойын-сауық кеші арқылы жастарымызда бос
уақытын тиімді өткізді.
Акманар АЙДЫНГАЛИЕВ,
мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 3 курс студенті
18 ноября в корпусе №3 факультета истории, экономики
и права состоялась интеллектуальная игра «Эрудит».
Интеллектуальные игры во все времена служили мерилом
человеческого потенциала и способом развития творческого
начала. Кроме этого, это самый нескучный способ организовать
свой досуг. А для молодежи это особенно актуально.
В игре приняли участие 3 команды - «Veni Vidi wins»
(факультет истории, экономики и права), «United
» (физико-
математический факультет) и «Art end music» (факультет
культуры и искусств).
По правилам игры команды должны были пройти 5 туров.
Первым был – представление команды, или знакомство.
Команда «Art end music», участником которого была автор
этих строк, подготовила видео, на котором каждый представил
себя лично. Здесь же шла оценка эмблемы команды.
Во 2 туре нужно было в течение 1 минуты ответить на
большее количество вопросов. В основном эти вопросы были
на логику, из 10 вопросов наша команда ответила на 9.
В следующем туре опять же в течение 1 минуты нужно было
ответить на предложенный жюри вопрос. Вопросы, упакованные
в конверты, были не из легких.
Четвертый тур был представлен конкурсом капитанов.
Задача капитанов была в том, чтобы правильно разложить
карточки в хронологической таблице.
Самым интересным был последний, пятый, тур. Участники
выбирали рубрику и вопросы, представленные на интерактивной
доске по разным темам и категориям сложности.
В рубрике «В мире искусств» команда факультета культуры
и искусств - будущие профессионалы! - ответила почти на все
вопросы. Интересными были и другие темы.
По итогам всех туров жюри сложило общие баллы и места
распределились следующим образом:
1-ое место заняла команда факультета истории и права,
2-ое место — команда факультета культуры и искусств, 3-е
место — команда физико-математического факультета.
Победителям были вручены грамоты и книги об истории
ЗКГУ.
Мне очень понравилось участвовать в этом конкурсе, тем
более быть капитаном прекрасной команды. Я узнала очень
много интересного и значительно расширила свой кругозор,
вспомнив даже то, что читала много лет назад. Так здорово –
ощущать себя интеллектуалом, как бы громко это ни звучало!
Марина ПЛЫГОВА,
студентка 1 курса специальности КДР
Бұл ойынның мақсаты студенттердің орынды сөйлеу
қабілеттерін арттыруымен қатар, шапшаңдық және ой
ұшқырлығын дамыту. Сонымен қатар студенттерді ұлттық
дәстүрімізге сай қасиеттерге бағыт-бағдар бере отырып,
олардың бойындағы қарапайымдылық, әсемділік, өнерге
қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін
арттырып, салт-дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға себепші
болуға баулу. Ойынға келетін болсақ, ол үш бөлімнен тұрады.
Бұл сайысқа мәдени-тынығу жұмысының 1-4 курс студенттер
арасындағы жастар қатыстырылды.
Қатысушылар өзара “Жалынды жастар” және “Тапқыр
достар” болып, екі топқа бөлінді.Ойын барысы әртүрлі
қызыққа толы айдарлармен көңілді өтті. Ойынға қатысушылар
өз өнерлерін жан-жақты көрсетіп, мимикамен, сөйлеу
шеберліктерімен ойлау қабілеттері келген көрермендерді таң
қалдырды. Ойын соңында белсенділік көрсетіп,шапшаңдығымен
және тапқырлығымен көзге түсіп, 1-орынға ие болған “Жалынды
жастар” тобы көрерменнің зор қошеметіне ие болды.
Сайыс қызығымен көрерменнің жадында қалып,тәрбиелік
мәні зор мәдени іс-шара өз мәресіне жетті.
Ментай ТАБЫЛДИЕВА,
“Мәдени-тынығу жұмысы” мамандығы
2014 жылдың 11 қарашасы
күні мәдениет және өнер
факультетінің «Кітапхана ісі»
мамандығының студенттерінен
құрылған «Сырлы парақ» үйірмесі
«Бір ел – бір кітап» акциясы
аясында университетіміздің
№2 жатақханасында Сайын
Мұратбековтың шығармаларына
арналған әдеби кеш өткізді.
Кеште биылғы жылы көпшілік
оқуға таңдалған С.Мұратбековтың
«Басында Үшқараның» және «Жусан
иісі» шығармалары талқыланды.
Студенттер аталған шығармалардан
үзінділер оқып, өз ойларын білдірді.
Осы тақырып аясында «Сайын
даланың самалы» атты кітап көрмесі
ұйымдастырылып, университетіміздің
к і т а п х а н а с ы н д а ғ ы ж а з у ш ы
кітаптары жатақхана студенттеріне
таныстырылып, насихатталды.
К е ш к е Б а т ы с Қ а з а қ с т а н
г у м а н и т а рл ы қ а к а де м и я с ы н ы ң
ф и л о л о г и я ф а к у л ь т е т і н і ң
а ғ а о қ ы т у ш ы с ы Т.Т. Қ у а н ы ш ,
университетіміздің жастар тәрбие ісі жөніндегі жетекшісі
А.С.Жақсығалиева, Ж.Молдағалиев ат.ОҒӘ кітапханасының
кітапханашысы Б.Такушева, университетіміздің ғылыми
кітапханасының директоры Т.Е.Алимбекерова мен кітапхана
ұжымы және кафедра оқытушылары қатысып, кеш соңында өз
ойларын ортаға салып, лебіздерін білдірді.
«Сырлы парақ» үйірмесі студенттері
№ 9 (904) қараша 2014 жыл
7
«Дана» журналының бас редакторы журналист Қазбек Қабжанов Құттымұратұлы бүгінгі таңда Батыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің филология: қазақ тілі мамандығының 02305 топ студенттеріне «Бұқаралық коммуникация
құралдарының тілі мен стилі» пәні бойынша дәріс береді.
ЖУРНАЛИСТ
Қазбек Қабжанов Құттымұратұлы
20 ноября 2014 года в Западно-Казахстанском государственном университете имени М.Утемисова прошла встреча
студентов кафедры русской филологии с учителями русского языка и литературы школ города. Встречу открыла за-
ведующая кафедрой, к.ф.н, доцент Умарова Гульнара Сидегалиевна.
Будущим учителям наука
Мероприятие было проведено с целью знакомства студентов с новыми формами и методикой обучения в современной
казахстанской школе.
Перед студентами выступили учителя Подстепновской лингвистической гимназии Умит Тухтарова, Венера Максутовна
и учитель школы №1 г. Уральск Жанар Амангельдиевна Кусанова.
Гости рассказали студентам о современных методиках и подходах к изучению русского языка и литературы в школе, а
также об инновациях, которые можно использовать на уроках. В отличие от методики советской системы, работа ученика
не оценивается отрицательно. Тухтарова акцентировала внимание будущих учителей на равноправные отношения между
обучающим и обучающимися. В обучении по новой технологии школьники принимают участие в оценивании работы на заня-
тиях. Студенты, заинтересованные темой встречи, задавали учителям вопросы касательно ведения уроков, роли учителя и
ученика в познавательном процессе. В завершении мероприятия было решено продолжить практику встреч и обмена опытом.
Встреча прошла в дружеской обстановке. Студенты задавали вопросы, на которые учителя с удовольствием отвечали.
Подобное мероприятие проводится на кафедре не впервые. Студенты и преподаватели планируют в дальнейшем рас-
ширять контакты с коллегами.
Алия ЕРБОЛАТ, Татьяна ЛИТВИНОВА,
магистранты 1 курса филологического факультета
Жоғары білімді ұлағатты ұстаздан білім нәрімен
сусындап жатқанымызға қуаныштымыз. Журналист
болудың қыр-сырын үйретуде Қазбек Қабжанов
Құттымұратұлының тәжірибесі мол. Студенттерді
өз мамандығының хас шебері болуға білімімен қоса
ақыл-кеңесін беріп үлкен дәрежеге жетуге баулуда.
Осындай үлкен дәрежеге жету мақсатында қажырлы
еңбек еткен Қазбек Қабжанов Құттымұратұлы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы бойынша
журналистика мамандығын бітірген ең білікті, озық
ойлы журналисттердің бірі. Журналистика саласы
қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін сала. Болып
жатқан оқиғаны дер кезінде халыққа жеткізуді және
дұрыс ақпарат беруді талап етеді. Журналистер тек
ізденіс үстінде жүреді деген Қазбек ағайдың осы сөзін санамызға
сіңірдік. Мен болашақта Қазбек Қабжанов Құттымұратұлы
сияқты мамандығымның адал қызметкері болу үшін көп
еңбектенемін. Және осы журналистика саласы бойынша Қазбек
Қабжанов Құттымұратұлынан сауалнама алдым.
-Қазбек ағай журналистика мамандығын таңдауға кім
себепкер болды?
-Ағам Жәнібек Әбілпейісов журналистика мамандығында
оқыды. Ол - журналист, әрі ақын. Қызығушылығым содан артты
деп ойлаймын. Ағамның көмегі арқылы ҚазҰУ–нің журналистика
факультетіне оқуға түстім.
-Іс-сапарларда немесе жұмыс кезінде болған қызықты
оқиғаларыңызды айтсаңыз?
-Көбіне іс-сапарларда қызықты оқиғалар орын алады.
Жаңақала ауданы, Бекетай құмы шегі мен шеті жоқ жерге іс-
сапарға шықтым.Бір кезде төбемізден тарс етіп бірдене атылды.
Негізі ол жақта ешқандай үй жоқ. Уаздан басқа көлік жүрмейді
екен. Осындай қиын жерлері болды. Және «Орал өңірі» газетінде
жұмыс жасап жүргенде бір қарт адам келді. Оралманмын
ауыл әкімі күн көрсетпейді, олай ете берсе көшеміз деп хат
әкелді. «Елім деп келген қазақты неге өз жерінен тебеміз» атты
мақала етіп шығардық. Бағанағы қарт басқа бір адамның атын
жамылып жалған хат әкелген екен. Газет бетіне жарияланғаннан
кейін бір адам редакцияға телефон шалды. «Неге сіздер
тексермедіңіздер менің аты-жөніммен мақала жазыпсыздар.
Мен олай ештене жазған жоқпын, енді ауыл әкіміне қай бетіммен
қараймын?» - деді. Біз хатты әкелген қартты іздеп таба алмадық.
Газеттің келесі санына редакциямызға телефон шалған қарттан
кешірім сұрап мақала бердік. Бір жағынан бұл бізге үлкен
сабақ болды. Енді кім қандай мақала әкелсе де сол адамның
төлқұжатымен тексеріп алатын болдық.
-Болашақ журналисттерге айтар кеңесіңіз?
-Журналист- жауапкершілігі мол болуы керек.Сақ болуы
керек.Өйткені оның жазған бір сөйлемінің өзі бәрін өзгертеді.
Сондықтан әр жазған мақаласына мән беріп,тексеріп ой елегінен
өткізіп жариялағаны жөн.
-Қазбек Қабжанов Құттымұратұлы сауалнамаңызға
улкен рахмет.
Жұмысыңыз жемісті болсын.
Ұлмекен ЫСҚАҚОВА,
филология: қазақ тілі мамандығының 3 курс студенті
Заңға бағыну, заң талаптарын орындау әрбір
тұлғаның қоғам алдындағы міндеті. Заң аясында барлық
азаматтардың мүдделері мен бостандықтарымен
тең дәрежеде қарастырылады. Қазіргі таңда заңға
бағынбау, заң талаптарын орындамау, заңға қарсы шығу
сияқты аталмыш факторлардың жиынтығын қоғамнан
көріп, бұқаралық ақпарат құралдарынан да хабардар
болу үстіндеміз. Осы орайда қазіргі жастардың тәртіп
бұзушылықтары, арадағы кемшіліктерін, кішігірім
қылмыстардың орын алуын жиі еститін болдық. Сол
себептен де олардың алдын алу мақсатында заңгер
аға-апаларымызбен қарашаның 12-ші жұлдызында
1-курс студенттерімен жиналыс оздырылды. Бұл
жиналыста берген мағлұматтардан үлкен кеңес
алды деген сенімдемін. Атап өтетін болсам, бұл
жиналысқа Қ.А.Исмаг улқызы, Қ.Ф.Гусманқызы,
С.Д.Анастаевич секілді аға-апаларымыз ат басын
тіреді. Заң аясында қоғамда болып жатқан күнделікті
тәртіп бұзышылықтарды және оның алдын алу туралы
кеңінен тоқталды. Ата заңымызға 2013 ж. 1-ші қаңтарынан
бастап жаңа заңдардың қолданысқа енгізілгенін тілге
тиек етті. Бұл орайда студенттердің негізгі құқықтары
мен бостандықтарын С. Д.Анастаевич атап өтті.
Қоғам болмысы –
заңмен тең
Қоғамдық орындарда, мәдениетті болып, тәртіп бұзбау
туралы оқыс оқиғаларды болдырмау туралы кеңінен
тоқталды. Жастық шақта тәртіп бұзған студент болашақта
мемлкеттік жұмысқа орналасуының өзі қиынға соғатынын
атап өтті. Жұмысқа орналасқанда әрбір тұлға еңбек шар-
тымен келісім жасасып, өз құқықтарын қорғау туралы сөз
болды. Әкімшілік құқық кодексінде ең алдымен тергеу,
сөзін тыңдау, тексеру кейін әділ жаза қолдану туралы атап
көрсетті. Бұл негізде де, жеңілдіктер қарастырылған. Жүкті
әйел адамға, көп балалалы анаға, әлеуметі төмен отбасы-
дан шыққан тұлғаларға жеңілдіктер қарастырылған. Жылма
– жыл жазаны жеңілдету, өлім жазасын болдырмау сияқты
заң аясымен тоқтайды.әлемнің жаһандану үрдісінде, ғылым-
білімнің дамыған заманында адам санасының өзгеруі, заң
бұзушылыққа жол беруі өмірдің қалыптасқан үрдісі секілді.
Елбасының 2050 – стартегиясында әрбір қазақстандықтың
бас бостандығын, адам құқықтарының тең дәрежеде болып,
әлем елдерімен бәсекеге қабілетті болу туралы өз жол-
дауында атап көрсетті. Қазіргі қоғамда тәртіп бұзушылық
қарапайым темекі тұқылын, сусындар мен ішімдіктердің,
шағудың (семечка) қалдықтарын тастаудан басталады.
Мысалы, 3-10 күн аралығындағы жалақыны қысқарту немесе
осы кезге дейін 5000 теңгеден 18000 теңгеге дейінгі аралықты
қамтыған болса, мұның мөлшері кейінгі жылы 20000теңгені
құрайтыны туралы сөз болды.
Кәмелетке тоқ та лмаған дардың іс і жөнін де де
сөзге тоқталды. Түнгі сағат 22:00 –ден кейін жүрмеу
жасөспірімдердің ішімдіктерге әуес болуы, мектеп
сабақтарына қатыспауы, үйге келмеуі секілді күнделікті
орын алып жатқан факторларға тоқталды. Бұл орайда ата
– анасының құзырында болғандықтан да тікелей ата-анасы
баласы үшін жауап беріп, айыппұл төлеуге міндеттеледі.
18-жасқа дейінгі жасөспірімдерді түзету коллониясына
режимін өтеу туралы жағдайларда қарастырылады. Жастар
арасында есірткіге салыну үдеп бара жатқан үлкен
қасірет. Бұл дегеніміздің өзі ересек тұлғаларымыздың
денсаулығының нашар, өмір жасының төмен болатынына
шүбә жоқ. Бұл орайда оның алдын алу және оны болдырт-
пау, көрген жағдайда тез арада құзырлы мекемелерге
айтып, заң бұзушылыққа жол бермеу туралы көзделеді.
Қазіргі жастардың арасында кішігірім ұрлықтардың орын
алуы да үлкен қылмыспен тең. Себебі тұлғаға материалдық
моральдық шығын келтіреді. Айыппұл мөлшері 3704теңгеден
басталады. Біз өскелен жас ұрпақ заң бұзушылыққа жол бер-
мей әдепті, мәдениетті тұлға болып қалыптасып, еліміздің
жаһандану үрдісіне атсалысайық!
Аида ХАСАНОВА,
06101 топ студенті, педагогика факультеті
Жұмыр жерден жұртымды іздеп келемін...
19 қараша күні ақын, жазушы, драматург, аудармашы Берқайыр Аманшин Сәлімұлының 90 жылдық мерейтойына
орай М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы мен қазақ филологиясы
кафедрасы және Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы бірлесе отырып «Жұмыр жерден
жұртымды іздеп келемін...» атты әдеби кеш өткізді.
Ә д е б и к е ш т і қ а з а қ
ф и л о л о г и я с ы к а ф е д р а
меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент
З.Мүтиев өзінің алғы сөзімен
ашты.
Кеш тізгінін ұстаған БҚМУ
м а г и с т р і А б д р а х м а н о в а
Индира Б.Аманшиннің өмірі
мен шығармашылық жолына
қысқаша тоқталып, баяндама
жасады.
Кешке арнайы шақырылған
Қ а з а қ с т а н Ж а з у ш ы л а р
Одағының мүшелері Айтқали
Нәріков пен Серік Ықсанғали
ерекше құрметке ие болды.
Ардагер ұстаздарымыз өз
естеліктерімен бөлісіп, жылы
лебіздерін білдірді. Кеш еркін
сұхбат негізінде басталып,
02203 -топ ст удент терінің
ұйымдастыруымен шағын
мерекелік концерт жалғасын тапты.
Топ студенттері Н.Ахмет, А.Аманғалиева, А.Қалабай,
А.Жылқышева ақынның сыры терең, сыңғыры бөлек, сыршыл
өлеңдерін нақышына келтіре оқыса, 1 курс студенттері
А.Шығыров, А.Ниязбаева, Н.Қ айырова, А.Зинелова,
А.Қоңырбаева өздерінің жүрек жарды туындыларымен
кештің көркін қыздыра түсті. Қаржаубай Кәмшат ақынның
шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік туындысы –
«Махамбеттің тағдыры» романының мазмұнынан қысқаша дерек
беріп өтсе, мәдениет және өнер факультетінің 1 курс студенті
Қойшин Алтынбек қара домбыраның күшімен «Көңіл толқыны»,
«Адай» күйлерін төгілтіп жіберді.
Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына
арналған кітап көрмесі жасақталып, слайд шоу көрсетілді.
Қорытынды сөз доцент, ф.ғ.к. Р.Қазиқызына берілді. Сөз
кезегін алған Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-
ғылыми кітапхана директорының орынбасары С.Кенжебаева
келген қонақтар мен студенттерге алғыс айта отырып, осындай
кештердің жалғасын таба беруіне тілектестік білдірді.
Кеш соңында университетіміздің ғылыми кітапхана
директоры Т.Алимбекерова кеш қонақтарына толағай табыстар
тілей отырып, естелік сыйлықтар табыс етті.
Ақсана ЖҰМАБАЕВА,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті
№ 9 (904) қараша 2014 жыл
8
ЖАС ТАЛАНТТАР ӨЗ ӨНЕРЛЕРІН ПАШ ЕТТІ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мәдениет және өнер факультеті деканатының
ұйымдастыруымен, 10-29 қараша күндері аралығында факультет студенттеріне «Студент жастардың мәдени –
шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңа технологиялары» атты ғылыми-тәрбиелік айлық оздырылды. Осы айлық
барысында оздырылған ең тамаша жоба «Талант 2014» фестивалі өткізілді.
Оқу ордасының төрінде мәдениет және өнер факультетінің 1 курс студенттері бас қосып, жарыса шапқан бұл жоба қараша
айының 29 ші жұлдызында өз мәресіне жеткен болатын. Ендеше өнер додасының басталуы мен шешуші кезеңіне дейін қалай
өткізілгендігін еске түсіріп көрелік....
Жалпы ережесіне тоқталатын болсақ:
Осы ереже М.Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
мәдениет және өнер фак ультетінің
студенттерінің өнереге деген құштарлығы
мен талантын арттыруға арналған
«Талант-2014» жобасының өткізілу
тәртібі мен шарт тарын анық тайды.
Байқауда факультеттің 1 курс студенттерін 2
топқа бөліп, сайыстырды. Топ ұжымдарына
мәдениет және өнер фак ультетінің
студенттік деканының мәдени- тынығу
жұмысы бойынша орынбасары Жұмат
Райымбек жетекші болып бекітілді.
Байқаудың негізгі мақсаты мен
міндеті:
Бірінші курс студенттерінің арасындағы
достықты қалыптастыру, сонымен қатар
бір – бірімен жақын таныстыру, ұжымның
ауызбіршілігін арттыру арттыру және білім
алушылардың таңдаған мамандығына де-
ген білім алушылардың қызығушылықтарын
арттыру;
Студенттер арасынан таланттыларды анықтау және
ынталандыру;
Байқаудың өту барысы:
Қараша айының 13 жұлдызында «Заңғар шың» тақырыбында
1-курс студенттері өз өнерлерін ортаға салып таңдаған
тақырыптарын ойдағыдай көрсетіп, қатысушы көрермендермен
қазылар алқасының көңіліннен шығып жоғары деңгейде
ұйымдастырды.
Қараша айының 15 күні сағат 15:00 екінші топ ұжымы да
сахна шымылдығын ашып, университет студенттеріне өнерлерін
ұсынды. Концерт бағдарламасына сенбі күніне қарамастан
мәдениет және өнер факультетінің деканы Исатаев Мейрам
Исатайұлы қатысып, көрермендермен концерттік бағдарламаны
тамашалады.
Шоу бағдарламаларында барлық өнер түрі болды десем
қате айтпаған болар едім. Мың бұралған бишілер, күміс көмей
әншілер, термешілер, күйшілер, тіпті, ақиық ақын Мұқағали
Мақатаевтың «Қош махаббат» атты мұңды драмасынан үзінді
де қойылды.
Көрермендерге бұл концерт ұнаған болуы керек,
орындарынан тұрып қол шапалақтап, қошемет көрсетті. Ең
алғаш Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің сахнасына
шығып тұрған 1 курс студенттері үшін бұл үлкен жетістік болды.
Достарыңызбен бөлісу: |