М. Утемисова. Международная научно-практическая конференция открылась приветствиями акима зко н. А. Ногаева и Генерального



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата22.12.2016
өлшемі7,12 Mb.
#173
1   2   3   4   5   6   7   8

№ 6(12), қараша, 2014 жыл

(Голос Махамбета - Makhambet’s voice) 

“Махамбет” ғылыми-зерттеу орталығының жаршысы

 Ұрпақ үні 

 Елбасы

Елбасы – кемеңгер, қайраткер

 

 

 



 

 

 



 

«Адамзат тарихында ерекше бір мерзімдер болады,  

 

 

 

 

 

 

 

болашақ өркениет тағдыры осыған байланысты өрбиді».

   

Неміс философы Карл Ясперс

Баршамызға мәлім, 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан 

Республикасының  алғашқы  Президенті  болып  Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев сайланды. Содан бермен қарай Елбасымыз 

қазақ елінің тізгінің берік ұстап, басқарып келеді. 

Қазақта «Игі істі жақсы бастайды» деген ұғым бар. Сол 

сияқты  елдің басшысы қандай болса, елдің әлеуметтік-тұрмыс 

тіршілігі  де соған тікелей байланысты болмақ. Тәуелсіздікке 

қол жеткізген жылдардан бастап өзге елдермен тереземіз тең 

болып жатқаны, әрине, қуантады.  Елбасының көрегендік сая-

саты арқасында  емін-еркін күй кешудеміз. «Тәуелсіздікке қол 

жеткізген қиын болса, ал тәуелсіздікті ұстап тұру қиынның 

қиыны» - деп  Елбасы атап  айтпақшы,  қазіргі таңда  дербес 

мемлекет  үшін  Президент  жан-жақты  өнегелі  істер  жасап  

жатқанына да куәміз. 

Елді алға бастаушы көшті қалай сүйресе, арттағы көш солай 

беттемей ме?! Бабалар салған сара жолдан тайынбай, әрі қарай 

көштің басына ұмтылып келеміз. Өсіп келеміз. Өніп келеміз.  

Президенттің  биылғы  «Нұрлы  жол»  -  болашаққа  бастар 

жол» атты жолдауы қазақ қоғамына  серпіліс туғызды. Қазақтың 

арғы-бергі тарихы, тілі, әдебиеті, экономикасы мен болашағы 

жайлы айтқан Нұрсұлтан Әбішұлының келелі пікіріне еліміздің 

әр  тарапынан  зиялы  қауым  өкілдері  үн  қосып,  өз  пікірлерін 

білдіруде.    Тұңғыш  Президент  өндіріс,  денсаулық,  білім  беру 

салаларына    аса  ден  қойып,  әрқайсысын  одан  әрі  жетілдіру 

барысында өзінің тиімді саясатын іске асырып келеді.  Және 

бұл  саясаты іске  асып, өз  нәсібін  беруде.   Жалпы, Елбасы  – 

Қазақстанның ғана емес, бүкіл дүние жүзінің беталыс бағдарын 

болжай білетін  кемеңгер қайраткер.

Дамушы Қазақстанды одан әрі ілгерілетіп, озғын елдердің 

қатарына  енгізуге деген Елбасының ұмтылысы өз ісіне деген 

сенімділігінің  айқын  дәлелі  емес  пе?!  Қазіргі  таңда    Басшы 

басқарған  ел  –  ең  бай  мемлекет,  халқы  -  ең  бақытты  халық. 

Елбасының  бастауымен  Отанымыз  әлемге  танылды.  Елім 

елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Әлемдік деңгейде тойланатын 

Президент күні де кеше біздің ел күнтізбе тарихында өз орнын 

алып, тойланып келеді. Бұның өзі де еліміздің дамушылығын 

аңғартып тұрғандай. 

Кеудесінде «қазағым» деп соққан нар тұлғалы Елбасымыздың 

есімі  өмір  кітабында  алтын  әріппен  жазылатыны  сөзсіз. 

Ынтымағы  жарасқан  қазақ  халқы  барда  Елбасымыз  мәңгі 

жасайтынына кәміл сенемін.

Риза ҚҰРМАНИЯЗОВА,   

М. Тілеужанов атындағы  шәкіртақы иегері

Махамбет – қазақ халқының мақтанышы

 

 

Бір кездері керемет ерліктің үлгісі боп көтерілген   



 

 

Махамбет бүгінде егемен елдіктің өшпейтін рухымен астасып жатыр.                                                                                                     

З.Қабдолов                                                                                                               

Заманнан  заман  озған  сайын  ұмытылмайтын,  ел  есінде 

үнемі  есімі  жаңғырып,  жасарып  тұратын  батырлар,  ақындар 

жайлы ойлаған сәтте-ақ Махамбет есімі ойға оралады. Ол неге 

ұмытылмайды? Махамбет батырға не үшін сүйсінеміз?

Махамбеттің  өмірі  қайғы-қасіретті,  өлеңі  телегей  теңіз 

тегеурінді, құдіретті. Махамбетті алыстан жарқыратып көрсетіп 

тұрғанда, міне, оның осы ерекше қасиеттері. Бұл – құдайдың 

бар пендесінің басына бұйыра бермейтін, бар пенденің басына 

қона қоймайтын тағдыр – құдірет. Өтемістен туған он баланың 

тоғызына емес, тек Махамбетке ғана бұйырған тағдыр сыйы. 

Махамбет  жайында  жазба  деректермен  қоса  ел  аузында 

аңыз-әңгіме өте көп. Махамбет халық тағдырының күйзелісті 

қиян-қыстау  шағында  дүниеге  келген  алып  тұлға,  атқан  оғы 

Еділ-Жайық тең өткен адуынды батыр екені де белгілі. Халық 

қозғалысының  ұйымдастырушы  көсемі,  ту  ұстаған  тарлан 

десекте болады. 

1837 жылдың қара күзінде Исатай, Махамбет, Қобыланбай, 

Үбі төртеуі төрт жасақ құрып, хан ордасының аңдысын аңдап, 

Орданы  шабуға  тас-түйін  дайындалып,  жігіттерді  сойылмен 

ұруға, қылыштасуға, найзамен шабуға, жебемен атуға үйретіп 

жатады. 


«ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетімізде адам 

образын сомдауда Махамбет тамаша шеберлік танытқан» 

деген  Қажым  Жұмалиевтің  тұжырымына  бұрын  да,  бүгін  де 

ешікм шек келтірген емес, сондай-ақ ақын өлеңдері тақырыптық, 

кезеңдік жағынан топтастырылып, тілдік, құрылымдық жағынан 

да сараланады. 

Бір  сөзбен  айтқанда,  Абайды  әлемге  танытқан  Мұхтар 

Әуезов  болса,  ал  Махамбетті  жарқырата  ашқан  Қажым 

Жұмалиев  десек  те  болады.  Оған  профессор  Ханғали 

Сүйіншалиев те біраз үлес қосты. 

Махамбеттің жалынды жырлары, қағаз бетінде емес, көп 

жылдар, ел  есінде  –  халық жүрегінде  сақталады. Әрі  батыр, 

әрі  ақын  бабамыздың  бір  қыры  күйшілігі  болып  табылады. 

Оның  батырлығына  сай  адуынды,  серпінді  күйлер  шығарған 

домбырашы болғанын да ұмыт қалдыруға болмас. 

Қазақтың қандай да болмасын ақын-жырауы немесе сал-

серісі  қолына  домбыра  ұстамауы  көңілге  қонбайтын  сияқты, 

әрі  батыр,  әрі  ақын,  әрі  күйші  Махамбеттің  домбырасының 

болуы заңды да. 1982 жылы «Өнер» баспасынан жарық көрген 

«Шашақты  найза,  шалқар  күй»  деген  атпен  жарық  көрген 

Махамбеттің  жебелі  жеті  күйінің  нотасы  және  шығу  тарихы 

баяндалған. 

Тегінде  атақты  адамдардың  еңбектерінің  бағаланып, 

халыққа  танылуында  бір-біріне 

ұқсамайтын  өз  тағдыр-талиғасы,  

бақыт-баяны  болады.  Олардың 

бірқатарының  сөзі  мен  ісі  бірдей 

еліне  жетеді,  ал  кейбіреулері 

зерттеушісі  мен  жоқтаушысын 

күтіп жатып қалады. Бірақ, бұл қағида біздің кейіпкерімізге еш 

қатысы жоқ деп есептеймін. Қаншама ғасырлар, заманалар өтсе 

де, қазақтың аспанында Махамбет атты темірқазық жұлдызы 

мәңгі жарқырап тұрар, жарқырай бергін, рухың жасай берсін, 

Батыр бабам!

Гүлфани ЕРСАЙЫНОВА

«Филология: қазақ тілі» мамандығының 

02405-топ студенті

Құрметті  оқырман!  Жаршымыздың  өткен  санында 

университетімізде  ұйымдастырылған  «Махамбеттің 

жыр-семсері»  атты  мүшайрада  бас  жүлде  жеңіп  алған 

жеңімпаздың өлеңін жариялаған болатынбыз, осы санына 

аталмыш  мүшайрада  1,  2-орын  алған  «Қазақ  тілі  мен 

әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттері Сәкен Тұрсынай 

мен Батуова Раббинаның өлеңдерін ұсынуды ұйғардық. Жас 

талапкерлер туындыларын қабыл алыңыз!



Сәкен ТҰРСЫНАЙ,

«Қазақ тілі мен әдебиеті» 

 мамандығының 02202-топ студенті

Махамбетке арнау

Жасампаз ұлы жұмыр білекті халқының,

Жеткені рас  тарапқа түпкі даңқының.

Күресті батыр жағалай жатқан өр елін,

Жүздерін дағы баспасын деп жалпы мұң.

Жоқ еді онда намысы шіркін қайтатын,

Елім деп жықты бойында күш қайратын.

Қызыл тіл еді қаруы оның оқ өтпес,

Нөсердей соғып бұлқынып тұрып айтатын.

Жалынды жырды найзамен бірге қосақтап,

Патшаның сол кез құрсауын болды босатпақ.

Ақжолтай досы Исатай сынды батырмен,

Серік боп жүрді қарсы күресте қос аттап.

Нарынның ұлы ереуіл атқа ер салған,

Халқының мұңын арқалай жүріп жер шалған.

Үстемі биік қас батыр келген қарсыны,

Шындыққа дағы шықпастай десті енді алдан.

Қашырып құтын жауының өтті күресте,

Ар күшін мықтап лапылдап шықты күреске.

Бастауын беріп найзағайдайын жарқырап,

Сілтеді жолды азаттық дейтін ірі іске.



            

              

Раббина БАТУОВА,

«Қазақ тілі мен әдебиеті» 

мамандығының 

02201-топ студенті

Біздің жақтың 

таулары

Біздің өлке аталатын Нарын деп,



Ол туралы шырқалатын сарын көп.

Деседі жұрт Нарын деген ми дала,

Не таулары, биік шығар шыңы жоқ.

Жо-жоқ күнім!

Нарын құмда төбелер бар керемет,

Биіктігі батырлықпен өлшенет.

Біздің жақта тау жоғы рас, бірақ та,

Таудан биік Исатай мен Махамбет.

Рухты жалын алаулады кеудеде,

Мақтанамыз, бабам батыр деп елге.

Нарын құмның жер жастанған төбесі,

Біздер үшін Гималайдан биікте.

Біздің жақтың тауларында сыр тұнды,

Әр төбенің биігінде жыр тұнды.

Махамбет пен Исатайдың биігі

Хан Тәңірі шыңынан да тұғырлы. 



“Махамбет дауысы”- “Голос Махамбета”- “Makhambet’s voice” жаршысының жауапты редакторы- С.Ғ. Шарабасов, 

тілшілері- 

Гүлнұр Исмағұлова (орталық әдіскері), Мөлдір Латифова (“Филология: қазақ тілі” мамандығы, 02205-топ студенті) 

Тілім – теңдігімнің айғағы

Тіл дегенде тұманды ойлар маза алған,

Қарғыс үндер шығып жатыр мазардан.

Тіл дегенің теңдігіңнің айғағы,

Тіл болмаса мына барлық азар жан.

Тілді ойласам кетер жаным қамығып, 

Құлатардай жақындасам жар – үміт.

Соры батпан тілім жатыр зар илеп,

Абай, Мұхтар, Шәкәрімд і сағынып.

Қап-қара бұлт торлап жүр ғой аспанды,

Көз  түк емес, жүрегіңнен жас тамды.

Келер болса, Бабаларым тіріліп,

Жұлып мүлде тастар ма еді бастарды?!

 Оян, Қазақ, есіңе алып өткенді,

Тілім менің батпан мұңды көп көрді.

Өз елінің өрлігін еш көре алмай,

Ақын бала заманына кектенді.

Шертеді тіл сыр ғып байтақ даласын,

Тіл – ақиқат, тіл – тым биік дара шың.

Тіл дегенің – ұлылардың ұлысы, 

Тану міндет адамзаттың анасын.

Тіл – мәңгілік таусылмайтын мол дастан,

Анам тілі әлдиімен көзді ашқам.

Тілім үшін жаным құрбан, себебі,

Маңдайыма  «қазақ» деген мөр басқан.



Асланбек ШЫҒЫРОВ,

«Филология: қазақ тілі» мамандығының 02105-топ студенті 

№ 9 (904) қараша 2014 жыл

15

 Көшбасшы студент



 Елбасы Жолдауы - студент-жастар қолдауы

 Үздік эссе



* Отан отбасынан басталады.       

  

 

    * Любовь к родине рождается у семейного очага.      

 

    * Love for the country begins with a  family.          

Филология факультетінің жаршысы, 2014 жыл, қараша, №3 

   «Патриот» (Patriot) жаршысының жауапты 

редакторы – Мөлдір Латифова («ФҚТ»), тілшісі 

- Хорлан Батырниязова («РЯЛШНЯО»)

Жарайсың, Жанерке!

Ең с е л і  е л д і ң  т і з г і н ш і с і 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың: 

«Жастар  –  елдің  болашағы. 

Ертеңгі  күннің  жарқындығы, 

с ә у л е л і   б о л у ы   с о л а р ғ а 

байланысты.  Аға  ұрпақ  өмірден 

озады.  Олардың  орнын  бүгінгі 

Тә у е л с і з д і к   б е л б а л а л а р ы 

басатын болады» деген көлемді 

Жолдауынан  үзікті  жолдарын 

саралайтын  болсақ,  қоғамдағы 

б е л с е н д і л і г і м і з д і  а р т т ы ру 

керектігін ұғынамыз. Мемлекеттің 

маңыздылығын  арттыра  түсу 

үшін де ауызбіршілігі мен ақылы 

жарасқан жастардың қоғамға тигізер қуатты ықпалы болуы 

қажет. Тұтқиылдан туындайтын ауыртпалық пен елге салмақ 

салар  жағдайларға  қарсы  тұратын  белсенділігі  жоғары 

студент-жастардың  қатары  көбейіп  келе  жатырғанына 

көпшілік  куә.  БҚМУ  –  елжанды  ұл-қыздарға  ие  бағы 

бар  оқу  орны  деп  есептеймін.  Қоғамдағы  жұмыстарға 

қарқынды  үлес  қосып  жүрген  студенттердің  өзі  бір  төбе.  

Университет  мақтаныштарының қатарына кіретін, белсенді 

студенттердің бірегейі – 



Тапаева Жанерке Тауылбайқызы

Қажырлы  еңбегінің  арқасында  шыққан  шыңдарынан  өзге 

арқалап  жүрген  қызметтерінің  өзі  талайды  таңқалдырады. 

Қайсар  қыз  -  2013-2014  ж.ж  жасыл  ел  «Аманат»  жасағы 

командирінің  орынбасары,  2011-2012ж.ж    «Жасыл  ел» 

жасағының  жауынгері



,  2012-2013  ж.ж  жасыл  ел  «Томирис» 

жасағының  командирі,  орыс  филологиясы  бөлімінің 

студенттік  деканы,  қызметтерін  атқарып,  БҚМУ-дың 

№1  жатақхана  кеңесінің  төрайымы



,  облыстық  «Жасыл 

ел»  штабының  менеджері



.  Бүгінде  зор  жауапкершілікті 

мойнына  арқалаған  бойжеткеннің  бағындырған  белестері 

де  аз  емес.  2013-2014  ж.ж  облыстық  жасыл  ел  жастар 

еңбек  жасағының  ІІІ  еңбек  маусымында  облысымызды 

көркейту ісіндегі адал әрі нәтижелі еңбегі үшін  «Үздік пиар-

менеджер»  номинациясы  иегері,  2013  жылы  М.Өтемісов 

атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің 

ректоратының ұйымдастыруымен «Халықаралық студенттер 

күні»  мерекесіне  орай  университеттің  қоғамдық  өмірінде 

жоғары белсенділік қабілетімен танылып, көшбасшылардың 

қ атарында  болғаны  үшін  «Үз дік  ұйымдастырушы» 

номинациясы иегері, 2012-2013 ж.ж облыстық жасыл ел жастар 

еңбек  жасағының    «Үздік  командир»  номинациясы  иегері 

атанса, ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне орай жоғары және 

арнаулы оқу орындарының студенттері арасында өткізілген 

облыстық  пікір-сайыс  турнирінде  үлгілі  ойын  көрсетіп, 

ерекше  белсенділік  танытқаны  үшін  алғыс  хат  иегері,  ҚР 

Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Батыс Қазақстан облыстық 

ішкі  саясат  басқармасының  қолдауымен  Батыс  Қазақстан 

Гуманитарлық  академиясының  студенттерінің  бірлестігі 

«Дәуір» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отырған 

«Тәуелсіздік және жастар» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік 

конференциясына  белсенді  қатысқаны  үшін  құрмет 

грамотасының иегері, ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне орай 

өткізілген  «Ел  бірлігі  –  тәуелсіздік  тұғыры»  атты  облыстық 

пікір-сайыс турнирінде үлгілі ойын көрсетіп, шешендік өнерін 

танытқаны  үшін  «ТОМИРИС»  командасы  алғыс  хат  иегері, 

ҚР  Тәуелсіздігінің  20  –  жылдығына  арналған  М.Өтемісов 

атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің 

студенттері  арасында  волейбол  спартакиадасында  үздік 

ойыншы  номинациясы  бойынша  диплом  иегері,  Жастар 

арасында  ұлттық  ойындарды  жандандыру,  асық  ойынын 

кеңінен  тарату  мақсатында  ұйымдастырылған  асық  ату 

жарысына белсене қатысып, жүлделі ІІ орынмен қанжығасын 

майлаған.  Сонымен  қатар,  Астана  қаласында  оздырылған 

республикалық  «Жасыл  ел»  жастар  еңбек  жасағының 

Республикалық  слеті  мен  Алматы  қаласында  өткізілген 

республикалық «Қазақстан Республикасы Ұлттық студенттер 

одағы»  қоғамдық  бірлестігінің  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ 

көшбасшысы,  ҚР  Ұлттық  студенттер  одағының  І  құрылтай 

жиналысының  қатысушысы  және  де  республикалық, 

облыстық деңгейдегі бірқатар сертификаттар табысталған. 

Пысық қыз жуырда атаулы жетістігімен қуантты. «Жасыл 

ел»  штабы  ұйымдастырған  республикалық  жарыстан 

«Үздік  сарбаз»  номинациясымен  жеңімпаз  атанды.  Астана 

қаласынан олжалы оралған студент бойжеткенге университет 

басшылығы,  алғыс  білдірді.  Жанеркенің  БҚМУ-ына  айтар 

«сүйіншісі» мұнымен толастамасына сенім мол.                                            

Ептілік  пен  табандылық,  тектілік  пен  әралуандылық 

қасиеттерін көрсете білген көшбасшымыздың  аса белсенділігі, 

ортасының  алды  болуы  оқу  ордасы  үшін  үлкен  мақтаныш. 

Қайрат  пен  жалынды  жігерді  бойына  жиған  Жанеркенің 

қанжығасына жетістіктер байлана беріп, күші сарқылмасын 

дейміз.  Ендеше,  кейінгі  іні-сіңілілеріне  үлгі  болып  жүрген 

«көшбасшымыздың» ізін басатын белсенді студенттеріміздің 

қатары көбейе бергей!



Мөлдір ЛАТИФОВА,

«ФҚТ» мамандығы, 02205-топ

Ғылымға бастар «нұрлы жол»



Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандықтарға арналған әр Жолдауы маңызды рөлге ие. Тәуелсіз 

мемлекетіміздің мүддесі үшін жарыққа шығып жатырған тұлғамыздың аузынан түскен әр сөзі қашан да бағалы. Президент 

бастаған іс Қазақстан тарихындағы айтулы кезең саналады.  «Нұрлы жол – біздің креативті ырғақты жастарымыздың 

мол күш-жігер жұмсап, кең құлаш сермейтін тұсы», - деп, Жолдаудың негізінде жастар жағдайын баса айтты. Тұғырлы 

елдің текті ұл-қызына тән саналы тәрбие, жан-жақты білім және қажырлы еңбек қасиеттері барша жастар қауымынан 

көрінуі тиіс. Сонда ғана алдағы күннің шуағы сезіледі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаменті ұйымдастыруымен  

2014-2015 оқу жылының жоспары бойынша, «Нұрлы жол – жастарды ғылымға бастар жол» тақырыбында филология 

факультетінің  студенттерінің  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  конкурсының  факультетішілік  кезеңі  жеті  секцияға  бөліне 

өткізілді. 

Оқ у  бағдарламасының  барлық  бағытын 

қамтыған білім додасының бірінші кезеңі басталды. 

Қарашаның  25-інен  бастап  студент-жастарды 

ғылымға баулыған жетекшілер шәкірттерінің ғылыми 

баяндамаларын  көпшілік  назарына  ұсына  білді. 

Нәтижеде Елбасының нұрлы жолымен жүруді жөн 

көрген  студент-жастар  әр  тақырыпта  еңбектеніп, 

өзекті мәселелерді талқыға салды.

Студенттік  ғылыми  жұмыстар  конкурсының 

алғашқы  күнінен  бастап,  университет  ғалым-

ұс таз д ары  с ек циялар ғ а  б өлініп,  ү йр енуші 

үміткерлерінің  баяндамаларын  тыңдау  сағатын 

ұйымдастырды. Бағдарламада берілген секцияларға  

жетекшілік ететін тұлғаларды тізбектейтін болсақ, 

«Шет тілін оқытудың әдістемесі» секциясына п.ғ.к., 

доцент  Қисметова  Ғалия  Нағымқызы,  «Шет  тілінің 

теориясы»  секциясына  ф.ғ.к.,  доцент  Чечетко 

Маргарита Владимировна, «Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясына 

ф.ғ.к., доцент Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы, «Филология: қазақ 

тілі» секциясына ф.ғ.д., доцент Хасанов Ғабит Қайыржанұлы, 

«Орыс  тілі  мен  әдебиеті»  секциясына  ф.ғ.к.,  доцент  Умарова 

Гульнара  Сидегалиевна,  «Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  және 

шешендік  өнер»  секциясына  п.ғ.д.,  профессор  Қыдыршаев 

Абат  Сатыбайұлы,  «Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі 

қазақ тілі мен әдебиеті» секциясына ф.ғ.к., қауымдастырылған 

профессор  Сұлтанғалиева  Рита  Бекжанқызы  төрағалық  етті. 

Аталмыш  ғылыми  жұмыстар  байқауына  1-4  курс  аралықтағы 

студенттер қатысты. Ғылымға уақыт бөлген жастардың белсенді 

атсалысуы,  көптеп  қатысуы  көңіл  қуантты.  Ғылыми-зерттеу 

жұмыстары  конкурсы  барысында  қатысушылар  жан-жақты 

материалдар дайындаған. Тіл біліміндегі мәселер мен атақты 

абыз, ақын-жыраулар туралы түрлі еңбектердің берер пайдасы 

жайында  тақырыптар  кең  көлемде  қозғалып,  конкурсанттар 

сана деңгейлерінің жоғары екендігін көрсетті. Факультет ішінде 

оздырылған  ғылыми  сайысқа  қатысқандардың  барлығының 

жасаған  жұмыстары  елеусіз  қалмайтындығы  айтылды.  Ендігі 

кезекте жүзден жүйрік жас ғалымдар екшеліп,  олардың ғылыми 

еңбектерін одан әрі тереңдету мәселесі қолға алынбақ.

Елдің тірегі – жастар. Жүктелген жауапкершілікті абыроймен 

атқару кез- келген ХХI ғасыр азаматының мойнында. Ғылыммен 

айналысу  –  биік  білім  деңгейіне  ұмтылған  парасатты  қадам. 

Жаратылыстану,  техника,  әдебиет,  мәдениет  салаларын 

байланыстыра отырып елге зор пайда әкелер жаңалықтар ашу 

– алдағы міндеттердің бірі. Ендеше, жас дос, алтын уақыттың 

қадірін  кетірмей,  ілім  қуар  жолда  болайық!  Яғни,  Елбасының 

артынан ерер «Нұрлы жолға»  бағыттайық!

Тәуелсіз елім гүлденсе деймін 

Көгінде қыраны қалықтаған, жазиралы 

даласында тұлпары ойнақтаған, атырабы 

қырмызы гүлге толған, бесіктегі ұл-қызы 

тектіліктің жырын құлағына құйып өскен, 

жауынан  қаймықпайтын    батыры,  қара 

қылды  қақ  жарған  билері  бар  қазақ 

даласы,  қазақ  халқы  неткен  керемет. 

Бүгінгідей «қой үстіне бозторғай  жұмыртқалаған» заманға жету 

үшін де қазақ халқы  маңдай терін төгіп, аянбай жан берісті. Аттан 

түспеген батыры елім деп еңіреп, жерім деп қабырғасы қайысса, 

үш жүздің басын қосуды мұрат еткен ханы, даналықтың дәнін 

сепкен  қариясы,  тәуелсіздікті  тұғырлы  етсем  деген  жастары 

бар    ұлы  даланың  қойнауы  ғибратты  тарихқа    толы.  Қазақ 

хандығының  шаңырағын алғаш көтерген – Керей мен Жәнібек, 

елге  тұрақтылықты  енгізген  –  Есім  мен  Тәуке,  алты  алаштың 

басын қосқан – ер Абылай, дұшпанға дес бермеген – Кенесары 

хандары да асқар Алтай мен  маңғаз Жетісудың, қарт Каспиймен, 

сылқым Ақжайықтың һәм есінде. Сан қатпарлы, толғанысқа толы, 

ашылмаған  беттері бар, маржан да, жаһұт та - біздің тарих! 

Міне, осындай батыл да батыр, кемеңгер де данышпан, тәуелсіз 

ұлттың  өкілімін  мен!  Қаһарымен  жауын  жасытқан,  дұшпанын 

білектің де, жүректің күшімен де ала білген, менің қазағым! Ендігі 

менің басты өзіме қояр сауалым, елімді көркейту үшін нендей үлес 

қоса аламын. Осы сұрақ уақыт өткен сайын мені толғандырып 

келеді.  Мен  қазір  Махамбет  бабам  атындағы  университеттің 

III  курс  студентімін.  Алға  қойған  мақсат,  мұраттарым  айқын. 

Қалтамда қаражатым емес, жасымаған жігерім, тасқындаған күшім, 

жақсылықты қалайтын жүрегім бар. Дәл қазіргі уақытта мен үшін 

ең басты міндет- оқуымды жақсы оқып, сапалы білім алу. Тек білікті 

маман ғана, еліміздің саяси-экономикалық бағытын өзгертуге ат 

салыса алады. Бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді. Елімнің 

патриот жасы ретінде менің үлесім өзенге тамызған тамшыдай.  Өз 

өлкемді көркейту, жасылдандыру бағытында атқарылатын «Жасыл 

ел» бағдарламасына сүбелі үлесімді үш жыл бойы қосып келемін. 

Бұл  жұмыс  мен  үшін  ауыр  емес,  себебі,  елімнің  әрбір  тасын, 

қырмызы гүлін, бойшаң теректерін шын көңілмен жақсы көремін. 

Еңбек ете жүріп қуанасың, жаның жадырайды, сен отырғызған 

теректер бірнеше жылда күнмен таласа өсіп, шаршаған жанға 

медеу, демалыс орны, ал жайқалған гүлдер көз қуаныш болады. 

Бұл  жұмыс  жан  рахаты!  Бұған  қоса  саяси  позициямызды 

айқын  жеткізу  үшін,  ой  алмасу  үшін  ұйымдастырылған  түрлі 

конференциялардың  да  бел  ортасындамын.  Жаңа  толқын 

жастардың пікірлерімен санасатын ұйымдар, жиылыстар жаңа 

серпін, жаңа рух сыйлайды. Абай атамыз айтқандай, «кірпіш болып 

қалануына» негіз  болады. Өзін-өзі жетілдірудің ең басты жетекші 

күші - ғылыми жұмыстармен шұғылдану. Бұл бағытта да азды-көпті 

қалам тербеп жүрмін.

Қазақ  ғылымы,  соның  ішінде  қазақ  тілі  бағыты  бұрыннан 

зерттеліп, жаңалықтармен толығып келеді. «Ғылым шыңының 

қырандарынан» мен тәрізді шәкіртке үйренетін нәрсе өте көп. 

Бүгін-ертең жаңалық ашып,айды аспанға  шығарамын деп айта 

алмаймын, бірақ, жастық жігерім, таудай талабым бар да, әлі де 

болса зерттеуді қажет ететін тың тақырыптарды тауып, зерделеп, 

жаһұт-маржандарын  жарыққа шығаруға сеп болсам деймін. Әзірге 

бұл талпыныстарым қолдау тауып, жұмыстарым түрлі аталымдарда 

жүлдеге ие болып жүр. Қазақ поэзиясын, соның ішінде сыншыл 

Абайды, сыршыл  Мұқағалиды, жігері жасын Қадырдың өлеңдерін 

жастанып жатқа оқып өсіп келе жатқан ұрпақпын мен. Қазақ өлеңі- 

тәж басындағы гауһардай ең асыл қазынамыз, мәңгілік   мұрамыз. 

Бұл бағытта мәнерлеп оқу сайыстарының облыстық, республикалық 

жеңімпаздар қатарына кіремін.

Ендігі ретте елімнің көркеюіне, гүлденіп, жаңаруына білек түріп 

кіріспекпін. Нұрлы болашаққа деген сенімім кәміл. Құшағыңды 

айқара аш күллі адамзат, ұрандатып, асқақтатып қазақ баласы 

келеді. «Ей, тәкаппар дүние, Маған да бір қарашы. Танисың ба, сен 

мені, Мен – қазақтың баласы»,- демей ме, қазақтың Қасым ақыны

.

Ағиса РАҚЫМҒАЛИЕВА,

«ФҚТ» мамандығы,  02305-топ


№ 9 (904) қараша 2014 жыл

16

МЕНШІК ИЕСІ: 



М.Өтемісов атындағы 

Батыс Қазақстан мемлекеттік 

университеті.

Газет айына бір рет шығады.

ҚОЛЖАЗБАЛАР АВТОРЛАРЫНА КЕРІ  ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ. ДЕРЕКТЕРДІҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН  АВТОР  ЖАУАПТЫ.  ЖАРИЯЛАНЫМ АВТОРЛАРЫНЫҢ ПІКІРЛЕРІ   РЕДАКЦИЯ  КӨЗҚАРАСЫН  БІЛДІРМЕЙДІ.

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және 

қоғамдық келісім министрлігінде 14.06.1995ж. тіркеліп, тіркеу 

туралы нөмірі №11390-Г куәлігі берілген.  

ҚР  Байланыс  және  ақпарат  министрлігі  Ақпарат  және 

мұрағат комитетінің келісімімен мерзімді баспасөз басылым-

дарын және (немесе) ақпарат агенттіктерін 10.12.2012ж. қайта 

есепке алу туралы №13213-Г куәлігі берілген. 

Индексі 090006.  Таралымы 2000 



РЕДАКТОР: 

Марта Орынбасаровна ДЖУМАГАЛИЕВА

 

ТІЛШІЛЕР: 

Гүлфани ЕРСАЙЫНОВА, 

Мәдина ҚОЙШЫҒАРАЕВА

Достық даңғылы, 162, тел.: 50-94-45. Біздің сайт: www. wksu.kz, e-mail: IC_SMI@wksu.kz 



БЕТ ҚҰРУШЫ & ДИЗАЙН: 

Асель АБДУЛЛИНА



ФОТОСУРЕТ:  

Рафхат ХАЛЕЛОВ, Оқу теледидары және 

графикалық жобалау зертханасы

Газет Редакциялық баспа орталығында теріліп, беттелді. 

«Полиграфсервис» 

ЖШС баспаханасында басылды.

«Күз ханзадасы мен ханшайымы» 

атты байқау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет