М. Вебердің әлеуметтанулық ілімдері және маркстік әлеуметтану



бет2/4
Дата21.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51577
1   2   3   4

М.Вебер түсінуші әлеуметтану концепциясын жасап дамытты. Оның міндеттеріне біріншіден, адамдардың өз талаптарына ұмтылуы қандай ойластырылған әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде, қандай себептермен бұларды жүзеге асыра алатынын немесе асыра алмауын ұғынып түсіндіру; екіншіден, әлеуметтанушыға түсінікті болған олардың талаптарының салдарлары басқа адамдардың мінез-құлқына қалай әсер ететінін ұғындыру негізге алынды.

К.Маркс пен Ф.Энгельс те әлеуметтану ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдар. Маркстік әлеуметтану тарихи процесті зерттеуді өмірдегі адамдарды, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін, адамдардың өзара қарым-қатынастарын және өзара әрекеттерін алғышарт етіп қарастырудан бастады. Қоғам өзіне тән қоғамдық қатынастар жүйесі, материалдық өндіріс, саясат және өзге де әлеуметтік институттар арқылы адамдар қызметінің мазмұнын дұрыс арнаға бағыттайды, белгілі бір дәрежеде оны анықтайды, әрбір адамның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды.

Макс Вебердің әлеуметтік құрылым туралы концепциялары М. Вебердің бұл мәселе туралы көзқарасы К. Маркстің көзқарасына өте жақан деуге болады. М. Вебер де К. Маркс сияқты таптың экономикалық негізіне көбірек көңіл бөліп, тапты экономикалық категория деп түсінген. Бірақ та М. Вебердің К. Маркстен бұл мәселе бойынша айырмашылықтары бар. Біріншіден, М. Вебердің пікірі бойынша таптың белгілерін тек қана, К. Маркс сияқты, меншікпен доғаруға болмайды. Таптың көптеген әлеуметтік белгілері бар. Оның ішінде, мамандық, білім деңгейі, қызметкердің қабілеті, дипломы, т. б. белгілері бар.

Екіншіден, әлеуметтік құрылымдағы маңызды мәселенің бірі статус деп аталады. Статус, престиж деген категориялар қоғамды тапқа бөлуде аса маңызды роль атқарады. Ал ондай категориялар К. Маркстың таптық құрылым теориясында орын алмайды. Жалпы осы статус деген ұғым М. Вебердің социологиясында үлкен орын алады. Әлеуметтік стратификация проблемасына қазіргі заманғы көзқарастың негізін Макс Вебер қалаған болатын, ол әлеуметтік құрылымды таптармен жҽне оларды тудырушы меншік қатынастарымен қатар ҽлеуметтік мәртебе мен билік те маңызды орын алатын көп өлшемді жүйе ретінде қараған.

  • Екіншіден, әлеуметтік құрылымдағы маңызды мәселенің бірі статус деп аталады. Статус, престиж деген категориялар қоғамды тапқа бөлуде аса маңызды роль атқарады. Ал ондай категориялар К. Маркстың таптық құрылым теориясында орын алмайды. Жалпы осы статус деген ұғым М. Вебердің социологиясында үлкен орын алады. Әлеуметтік стратификация проблемасына қазіргі заманғы көзқарастың негізін Макс Вебер қалаған болатын, ол әлеуметтік құрылымды таптармен жҽне оларды тудырушы меншік қатынастарымен қатар ҽлеуметтік мәртебе мен билік те маңызды орын алатын көп өлшемді жүйе ретінде қараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет