М. Вебердің әлеуметтанулық ілімдері және маркстік әлеуметтану

бет3/4
Дата21.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51577
1   2   3   4

М.Вебердің К.Маркстен айырмашылығы, ол экономиканы ұйымдастыруды стратификацияның негізі деп санамай, экономикалық сипаттамалардың бастапқылығы тезисінен бас тартты және ―стратификацияның үш автономды өлшемдері туралы өз ұғымын тұжырымдады. Оның ойынша стартификациялаудың үш өлшемі бар. Олар: 1. Байлық – экономикалық статус. 2. Билік - саяси статус. 3. Мәртебе - әлеуметтік статус. Осы үш өлшем арқылы қоғамды стратификациялауға болатындығы айтылады. Әлеуметтік тап - өте үлкен топ. Сол топқа кіретін адамдардың бәрінің де бірдейге жақын материалдық, әлеуметтік және т. б. жағдайлары болуы міндет.

М. Вебер айтқандай бір тапқа жату, не жатпау, адамның өмірлік мүмкіндіктеріне байланысты. Өмірлік мүмкіндіктері бірыңғай адамдар бір тапқа жатады. М. Вебердің түсіндіруінде тап деген адамдардың тек қана нарықтық экономикаға байланысты топтары. Ал нарықтық экономика тек капитализм дәуірінде пайда болады. Жалпы М. Вебер адамзат қоғамында тек қана екі типтік қоғам болады дейді. Бірі нарықтық емес, екіншісі нарықтық қоғам. Сонымен тап деген әлеуметтік топ тек қана капитализм қоғамында пайда болады. Осы қоғамда нарықтық экономиканың ең маңызды тірегі капитал. Бірақ та нарықтық экономиканың басқа да тіректері болады. Олар – мамандық, білім, жұмыс істеу қабілеті, т. б.

Капитализмнен бұрынғы қоғамда таптар орын алмаған. Ол қоғамдардағы стратификациялау процестерін сословие, каста, статус деген бөлінулерге байланысты делінеді. М.Вебердің түсіндіруі бойынша капиталистік қоғамда таптардан басқа, таптық деңгейге жетпейтін біраз статустық топтар да орын алады. Ол теңсіздіктің негізгі үш құрамдас бөлігін бөліп қарап, оларды өзара байланысты, бірақ сонымен бірге елеулі қатынастарда тәуелсіз деп есептеді: мүліктік теңсіздік, мәртебелік мерей және билік. Билік деп адамның (немесе адамдар тобының) жоспарларды іске асыру, іс-қимыл жасау немесе белгілі бір саясатты, тіпті басқа адамдар мен топтар тарапынан болған келіспеушілікке қарамастан, жүргізу қабілетін айтады.Стратификацияның үш тобы да бір қоғамның ішінде, бір адам материалында болады, әр түрлі конфигурацияларда, бір қоғамнан бір қоғамға және бір тарихи кезеңнен басқа бір тарихи кезеңге көшіп жүре береді. Капитализмдегі таптарды, топтарды М.Вебер мынадай ретпен белгілейді: 1. Меншік иелері (тап); 2. Интеллектуалдар, менеджерлер, әкімшілік қызметтегі адамдар тобы (тап); 3. Ұсақ буржуазиялық тап, ұсақ бизнесмендер, т. б.; 4. Жұмысшы табы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет