Аты-жөні:
Құмабекова Салтанат
Асанқызы
Туған жері:
ОҚО, Бәйдібек ауданы,
Шаян ауылы
Сүйікті ісі:
Әсем әуен тыңдап,
кітап оқу, ғаламтор
әлемін шарлау
Мақсаты:
Өз-өзімді игі
қалыптастырып, өз
мамандығымның биік
шыңына жету
Сүйікті шығармасы:
Ш. Мұртаза «Қызыл
жебе»
Ұстанымы:
Еңбек етсең ерінбей,
шыдап егер,
Тікен де гүлге айналып
шыға келер.
13
- Қалайша өрмекшіден?
- Менің бұл шаңырақта тұрғаныма 50 жылдан асты. 70-ке келдім, ес
білгелі тоқыма тоқып келемін.Бір күні таңертең бақшаға шықсам, өрмекші
құрған өрмекті көрдім. Ертеңіне тағы бардым.Қайтадан өрмекті көрдім, бірақ
кешегіден өзгерек.
Содан, «ол қалай пайда болады, неге күн сайын өзгеріп тұрады» деген
оймен күні бойы бақыладым. Күндіз ештеңе байқалмады, түнде де бақылап
жүрдім. Бірде сондай кіп-кішкентай өрмекші келіп өз өрмегін түзіп кетті.Айдың
түсірген жарығы әлгі өрмекті тіпті әдемілендірді. Сол сәттен бастап мен де
киім тоқуға талаптандым. Мен ең алдымен өрмекшінің еңбекқорлығын
бағалаймын. Күнделікті үздіксіз еңбек етеді. Ал мен содан өзімнің бойыма
үлкен өнерді сіңіре бастадым.Содан бері жыл сайын 365 тоқыма тоқып,
бүгінге дейін шатаспасам,10950 тоқыма тоқыппын.Жұлдызым, сен де тоқып
көрші, - деп өтініп сұраған әжесінің сөзін Жұлдыз аса елемеді.
- «Әже сосын келемін», - деп жүре берді. Жұлдыздың бар ойы өрмекшінің
өрмек салғанын өз көзімен көру еді. Түнде Жұлдыз үйінен шығып, бақшаға
қарай жүрді. Біраз күтті. Жалығып енді жүре бергенінде өрмекші келіп өрмегін
сала бастады. Жұлдыз қатты таңқалды, тіпті өз қолымен ұстап көргісі келді.
Бірақ әжесінің айтуы есіне түсіп, қолын тартып алды да үйге келді.Таңертең
әжесі тұт ағашының тұсына келді. Бірақ әжесінен бұрын Жұлдыз бірінші келіп
үлгеріпті.
-Тоқуды үйренемін,-дейді. Кешегідей емес, шын ықыласын білдіріп тұр.
Әжесі мен немересі бірлесе тоқыма тоқып, күллі әлемге әйгілі тоқымашылар
атанды. Алайда, бұл жеңістің құпиясы жай ғана кіп-кішкентай өрмекшіде
екенін ешкім де білмеді.
13
14
Ерте,
ерте, ертеде, біздің
байтақ
өлкеде
Тобанаяқ атты қораз
өмір сүріпті. Ол қақаған қыста бір аяғын үсітіп
алып, содан «Тобанаяқ» атаныпты. Соған
қарамастан, Аллаһ Тағала оның бойына ерек-
ше ғаламат күш дарытыпты. Ол жер бетіндегі
барлық табиғат иесімен тілдесе алады екен.
Тобанаяқтың достары көп болғанымен, ол
ұнататын ешбір мекиен болмапты.
Күндердің бір күнінде Тобанаяқ өсімдіктер
әлемін зерттеп жүріп, сонау гүлмайсада ең
таңдаулы шөптерді теріп жүрген ақ ұлпа қанатты
кептерді көріп, оған ғашық боп қалады.
- Көк гүлдер, көк гүлдер, айтыңдаршы, анау
сүйрік тұмсықты, ақ кептер кім?-деп сұрады
Тобанаяқ гүлдерден.
Аты-жөні:
Айгүл Әбуталапқызы
Туған жері:
БҚО, Теректі ауданы,
Көнеккеткен ауылы
Сүйікті ісі:
Кітап оқу, ән тыңдау
Мақсаты:
Қазақ анимациялық
мультфильмдерін әлем
деңгейіне шығару
Сүйікті шығармасы:
Ғ. Мүсірепов «Қазақ
солдаты»
Ұстанымы:
Сенбе жұртқа тұрса да
қанша мақтап,
Әуре етеді ішінен
қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді
алып шығар,
Еңбегің мен ақылың
екі жақтап.
(А. Құнанбаев)
15
- Ол Кермиық ханшайым. Гүлмайсаға жиі келіп тұрады, басқа ештеңе
білмейміз,- деді көк гүлдер.
- Кермиық ханшайым? Жығасының өзі жылт-жылт еткен неткен сұлу еді!
Естимісің, самал жел, Кермиық ханшайым туралы не білесің?- деп Тобанаяқ
енді желден сұрайды.
- Кермиық ханшайым Кемпірқосақ елінің Сұрқанат атты патшасының
жалғыз қызы, - дейді жел.
- Қараңдаршы, оның жанары мұңға толы. Неге? Ақша бұлт, ханшайым
туралы не білесің? – деп Тобанаяқ тағы да сұрады.
- Естімеген екенсің ғой. Кемпірқосақ елінде құрғақшылық болып, халқы
ашаршылыққа ұшырапты. Соған мұңайып жүрген шығар...
- Иә, Кемпірқосақ елінің халқы ашаршылыққа ұшырап, Сұрқанат пат-
ша мынадай жарлық шығарыпты: «Кімде-кім халқыма жақсылық жасап,
ашаршылықтан құтылудың амалын тауып, оларды аман алып қалса,
қызымды соған беріп, өз орныма хан қыламын», -депті. Сен де өз бағыңды
сынап көрсеңші?- деп қосылды жел де.
- Бақ деймісің? Қайтсек болады? Халыққа қалай көмектесем?- деп
Тобанаяқтың шақшадай басы шарадай болады. Дәл осы сәтте самал жел-
мен ұшып келген кішкентай дән Тобанаяқтың алдына келіп:
- Рұқсат берсең, мен саған көмектесейін,- дейді.
- Сен бе? Сен әрі кішкентайсың, әрі жалғызсың, маған қалай
көмектеспексің? – деп таңғала сұрады Тобанаяқ.
- Мен өзім кішкентай болғанмен, саған берер көмегім зор. Сен білмейді
екенсің. Мені алып жерге егіп, күтіп-бақ, сонда менің бір өзімнен қырық дән
өсіп шығады,-дейді кішкентай дән.
Тобанаяқ қуанып, жалғыз дәнді алып, Кемпірқосақ еліне аттанады.
Сұрқанат патшаның алдына барып, халқына көмектесуге рұқсат сұрайды.
Оның аяғының кемсітігін көріп, алғашында Сұрқанат патша Тобанаяқты
менсінбейді. Дегенмен, «Қалай көмектеспекші?»- деген оймен оған рұқсатын
береді. Таң ата Тобанаяқ халық жиналған алаңға барып, жалғыз дәнді жер-
ге егеді. Мына қызықты қараңыз. Көзді ашып жұмғанша жалғыз дәннен,
шынында да, қырық дән өсіп шығады. Тобанаяқ лезде қырық дәнді қырық
жерге шашып жібереді. Сол қырық дәннен лезде тағы да мың алты жүз дән
өсіп шығады. Ал сол мың алты жүз дәннен алпыс төрт мың дән өседі. Сөйте-
сөйте таңның атысы мен күннің батысына дейін алқап таудай үйілген дәнге
толып, бірнеше қырман астық жиналады.
Осылайша халық молшылыққа кенеледі. Сұрқанат патша Тобанаяққа
риза болып, өз уәдесінде тұрып, қызын соған береді.
Сөйтіп Тобанаяқ кішкентай жалғыз дәннің арқасында сүйгеніне қосылып,
бақытты ғұмыр кешіпті.
16
К
ешегі өткен заманда, мына біздің
ғаламда, төрткүл дүние аманда, көкке
керіп кеудені, бір мұхитта жердегі
тәкәппар бір мұз бопты. Бойы биік, көлемі
үлкен, қаһары суық мұз қарсы келген кемені
қиратады екен егесіп. Алдынан шыққан көк
киттің тұмсығын бұзды тиіп тым. Өтті күндер
қарбалас, өзіне таппай қарсылас бағындырам
деп құрлықты, қара жерге мойнын бұрыпты.
Ағаларының кеңесін тыңдамай, жағаға қарай
бет алды батыр боп, шіркін, тұрғаны-ай.
Құрлықты жаулап алам деп ентелеп кірді
бүйірден. Жағадан алыстамай-ақ, сары құмға
сіңіп жоқ болды, қызыл күн көкте күйдірген.
Батыр еді ержүрек берілмес, буға айналды
көзге көрінбес. Өткен күндер ертегіге айнал-
ды, желдің салған құрығына байланды. Жел
ұшырып көк аспанды шарлатты, бу ғой жеңіл
жоғалтқан бар салмақты. Бір күні жылап жел-
ге байғұс жалынды «қайтаршы» деп баяғы
өз һалімді. «Болмаймын мен тәкәппар һәм
сорақы, дара мұз, түзелдім ғой, бәрін түсіндім
қараңыз.» «Жарайды онда түзелсеңіз боп-
ты» деп, мұхит жаққа айдап буды соқты жел.
Жаңбыр қылып төкті буды мұхитқа, алды
ақылын желдің тыңдап ұғып та. Қазір енді до-
стар жайлы айтады ән, суық суда мұзға ай-
налды қайтадан. «Түсіндім» деп өзімнің бар
қатамды бұл күндері «мейірімді мұз» атанды.
Аты-жөні:
Зухра Рахимова
Туған жері:
Алматы облысы,
Балқаш ауданы,
Бақбақты ауылы
Сүйікті ісі:
Би билеу, ән айту, сурет
салу
Мақсаты:
Сүйікті жар, аяулы ана
болу
Сүйікті шығармасы:
Виктор Гюго «Эсми-
ральда»
Ұстанымы:
Жанжалдың шоғы
қызарса – ақылдың
суын сеп
17
М
ысық Әмина ананың орнынан
тұрғанын күтіп отырды. Әйелдің
көзін ала бере кереует үстіндегі жіпті
тістеп алып, сыртқа қарай жүгіре жөнелді. Ау-
лада жиналған отын жанында байлаулы тұрған
Алабай жібін тартып алатындай жүгіре басып,
қора ішіне кіріп кетті.
Дәл сол кезде Әмина ана да шай ішіп болды.
Кереуетке келсе, жіп жоқ. Қызы Айшаға: «Күнім-
ау, мына кереуеттің үстіндегі мен иіріп отырған
жіп қайда, тауып әкеле қойшы?!» - деді. Ана-
сы «тауып әкел» деген соң Айша кереуеттің
астын қарады – жоқ, бесіктің ішін қарады –жоқ,
сандықтың артында да – жоқ. Үйдің ішінен таба
алмай, енді ауладан іздей бастады, онда да жоқ
болып шықты. «Бір барса, сонда барады ғой
деп»,-деп Айша қораға кірді. Іші қараңғы екен.
Көзін қараңғыға үйрете алмай біраз тұрды. Ке-
нет қора түкпірінен бір нәрсенің тықырын естіді
де, солай қарай жүрді. Міне, қызық: мысық
шүйкені тарқатып, бұрышқа төсеп жатыр.
Таңқалысын жасыра алмаған Айша көрген-
білгенін анасына айтқанша асығып, үйге қарай
сүріне-қабына жүгірді. Кірер-кірмес сәтте-ақ,
бәрін баяндап шықты. Анасы қызынан естігенін
өз көзімен көргісі кеп қораға келеді.
Мысық қызу жұмыс үстінде. Жаңағы жіпті
тарқатып жайып тастапты. Оның үстінде екі
соқырын жатқызып қойып, үшіншісін желкесінен
тістеп әкеліп жайғастырып жатты.
Керемет көрініске таң-тамаша болған Әмина
апа: «Мен өз баламның қамын ойласам, мысық
та балаларының қамын ойлайды екен ғой», -деп
мысыққа да, жіпке де тиіспей қорадан шықты.
Аты-жөні:
Айнұр Арматқызы
Туған жері:
БҚО, Зеленов ауданы,
Белес ауылы
Сүйікті ісі:
Кітап оқу
Мақсаты:
Жеткіншектерге
арналған журнал ашу
Сүйікті шығармасы:
Б. Соқпақбаев
«Өлгендер қайтып
келмейді»
Ұстанымы:
Сен мінсіз болсаң, се-
нен де мықтылар бар
18
С
әкен мен Дәулет далада асыр салып,
ойнап жүрген. Кенеттен олардың көзі
араның ұясына түсті. Ойын қуған
балалар істің соңы немен бітерін аңғармай,
араның ұясын бұза бастады. Аралар өз ұясын
сақтап қалуға тырысты. Осы уақытта Дәулетті
ара шағып, бар даусымен айғайлап, қатты жы-
лады. Ал Сәкен болса досын жұбатудың орны-
на үйіне қаша жөнеледі.
Ұшып жүрген аралар Сәкеннің қылығына
таңғалып, бастарын шайқады. Сәкен мен
Дәулетті жақсы әрі адал дос деп санайтын.
Бірінші ара қасындағы жолдастарына:
- Сәкен қандай жаман бала! Жолдасын
қиын сәтте қалдырып кетті. Кімнің дос екені
осындай сын сағаттарында көрінеді, - дейді.
- Иә, достар, бір-бірімізге көмектесуіміз ке-
рек. Өмірдің мәні адамгершілік пен адалдықта,
- деп екінші ара да өз ойын білдіреді.
Бала араларын тыңдап тұрған Ана ара
оларға риза болды.
Дәулет сол күні ерте ұйықтап қалған. Сәкеннің
ұйқысы келмей, көп ойланды. Апасының күндегі
ертегісін де тыңдағысы келмеді. Апасы:
- Ботам, сен бүгін дұрыс жасамадың. Бірақ
бұл қателігіңді енді қайталама! Сен жақсы аза-
мат болуың үшін адал достықты бағалай білуің
керек,- деп Сәкеннің басынан сипап, ақылын
айтады.
Ертеңіне Сәкен мен Дәулет күнделікті ойын-
дарына келеді. Олар кешегі оқиғаны ұмытып
кетті. Бірақ аралардың ұясын енді бұзбайтын
болды. Өткен істен сабақ алды. Ал Сәкен өзінің
қателігін енді қайталамауға өзіне-өзі серт етті.
Аты-жөні:
Гүлназ
Сатыбалдықызы
Туған жері:
Алматы
облысы, Жаркент ауда-
ны, Ақжазық ауылы
Сүйікті ісі:
Кітап оқу,
таза ауада серуендеу
Мақсаты:
Адамгершілікті ту етіп
ұстау
Сүйікті шығармасы:
Ш. Мұртаза «Қызыл
жебе»
Ұстанымы:
Іздесең –
табасың, талаптансаң
– жетесің, зейін салсаң
– ұғасың.
19
Е
рте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде,
аспан мен жердің ортасында көбелектер
патшалығы өмір сүріпті. Бұл патшалықта
әсемдігі жарасқан сан мың көбелек тату-тәтті
ғұмыр кешіпті. Күндердің күнінде көбелектердің
әсем мекеніне екі аяқты жануарлар шабуыл жасау-
ды бастапты. Олар патшалықтың ақ қанатты әсем
кербез көбелектерін аяусыз аулап, бетке жағар
опа-далап ретінде пайдаланып, оларды жоюға
кірісті. Бірде көбелектер патшалығында қартайған
кейуананың жар дегенде жалғыз қызын екі аяқтылар
тұтқындап алып кетеді. Кейуана қайғыдан зарығып,
қанатынан шырақ жанып тұратын жалғыз қызын
іздеуге шығады. Қайғысы шерге толып, жынданған
шақта кейуананың көзіне сағым жарық көрінеді.
Сол жарықты өз қызына балаған көбелек-кейуана
жарықты айналып ұша беріпті. Міне, содан бері
көбелектердің бір тобы жарық көрсе шыр көбелек
айналатын болыпты-мыс.
Екі аяқтылар көбелектер әлеміне қиянатын
тоқтатпады. Күннен күнге азайып, өмірлерінен сән
кеткен бейкүнә жәндіктер жиын өткізіп, өз жауларынан
кек қайтарар жол іздепті. Жауынгер көбелектерден
жасақталған сан мың қол дұшпандарына жорыққа
шықса керек. Талай тау тасты, көлді артқа тастаған
жәндік жауынгерлер екі аяқты жауларының
бау бақшасына тап келеді. Күн ұясына кірген
сәтте бақшадағы орамжапырақ, қызылша біткен
жемістердің барлығын бүлдіріп тастады. Ертесінде
екі аяқтылар бау бақшаға улы дәрі сеуіп тастайды.
Екінші рет жорыққа шыққан жауынгер көбелектердің
біразы уланып, сол жерде қырғынға ұшырайды. Со-
дан бері адам баласына қасарысқан көбелек біткен
орамжапырақ, қызылша сынды жемістерді көрсе
бүлдіретін болыпты.
Аты-жөні:
Руслан Меделбек
Туған жері:
ШҚО, Тарбағатай ауда-
ны, Жаңа ауыл ауылы
Сүйікті ісі:
Интернет әлеміне сая-
хат, веб-ресурстарды
игеру, спорт додаларын
тамашалау
Мақсаты:
Қазақ спорт журнали-
стикасына тың серпіліс
әкелу
Сүйікті шығармасы:
Ә. Нүрпейісов «Қан
мен тер»
Ұстанымы:
Адалдың ақ жолы –
бақыттың басталуы
20
А
йтқан тілді алмайтын, қой десе де
қоймайтын, атасы мен әжесінің еркесі
Ербол деген балақан болыпты. Ол
ашуланған кезде әжесінің тәттісіне де қарамайтын
еді. Оны тек атасының шертпелі күйі ғана жұбата
алатын. Өйткені балақанның бесікте жатқан кездегі
әлдиі осы күй болатын. Бір күні әжесі балақанға
берген уәдесінен кешігіп, шәркейді уақытында
тоқып бітіре алмағаны үшін балақан ашуға
булығып, қатты жылады. Дегенмен, бұл оның күй
тыңдау мақсатында әдейі шығарған сылтауы еді.
Кенет, атасының күмбірлеген күйі, жаңбырдан
кейінгі бұлттардың арасынан жарқырап шыққан
күн секілді болды. Ал балақан болса, сол күнге
тура қарауға тырысып, көзін уқалай домбыраның
тиегіне ұмтылды. Әдеттегідей тиекті қызық көріп,
жұлып алды.Сонда жылап тұрған домбыраға тіл
бітеді:
Аяғыңды жұлып ап,
Ойнап жүрсе қайтесің?
Қоямын деп жылап ап,
Қоймай қойса не етерсің?
Аты-жөні:
Сағыныш Назарова
Туған жері:
Қызылорда қаласы,
Тасбөгет кенті
Сүйікті ісі:
Спортпен айналысу,
домбырамен ән айту,
әдеби кітаптар оқу
Мақсаты:
Халқына теңізге тамған
тамшыдай болса да
үлес қосу
Сүйікті шығармасы:
Ә. Нұршайықов «Ма-
хаббат, қызық мол
жылдар»
Ұстанымы:
Білгенім бір тоғыз,
білмегенім тоқсан
тоғыз
21
Айналайын балақан,
Домбыра үнін байқашы.
Күйімді мен сый қылам,
Тиегімді қайтаршы?
Осы кезде балақанның да көзіне жас келіп:
-Енді тиегіңе ешқашан тиіспеймін. Бұдан былай сені мен тартамын. Ата,
маған домбыра тартуды үйретесіз ғой, иә?
- Әрине қалқам. Алдымен домбырадан кешірім сұра. Осы кезде
балақанның тіліне мына бір тақпақ орала кетеді.
- Кешіре гөр мені шын,
Қымбаттысың мен үшін.
Күмбірлетіп сенімен
Таба білем келісім
«Нағыз қазақ домбыра»,
-Деп айтатын аташым.
Көңілдерге қондыра,
Күй тартады боташың.
Атасы мен домбыраның көзіне қуаныштан жас оралады. Бірнеше жыл-
дардан соң балақай мектептегі кештерде домбыра тартатын болады. Ал
мектепті бітіріп, атақты күйші – Ербол атанады. Бірақ әлі күнге дейін бала
кезіндегі қылығына ұялады екен.
21
22
Ерте,
ерте, ертеде Жар-
мыш
тауының
бөктеріндегі Жеме-
ней деген ауылда Жасұлан атты торсықтай ұл
дүние есігін ашыпты. Әкесі ұлды болғанына
қуанып, отыз күн ойын, қырық күн тойын жа-
сапты. Баласы күн сайын емес, сағат сайын
өсіпті де, өзімен бірге ойнаған балалардан
едәуір күштірек болыпты. Күндердің күнінде
әкесі Жасұланға қағаздан қайық жасап береді.
Қуанышы қойнына сыймаған бала қайығын
қолына ұстап үй жанындағы жаңбырдан
түскен суға қарай жүгіре жөнеледі. Сол кездегі
баланың қуанышын көрсеңіз. Жерге сыймай
аспанға ұшақ болып ұшқысы келді. Күннің көзі
түсіп мөлдіреп тұрған суға қайығын қайта-қайта
салып,оның жүзіп бара жатқанына сүйсінгендей,
сықылықтап күліп те алады. Енді Жасұлан басқа
ойынды ұмытып, қағаз қайығын қолына алады
да, су бетіне қалқытып жібереді. Қайық суға бір
батып, бір шығып жүйткіп жөнеледі.
Бір күні әкесі Жасұланның көзін орамалмен
байлаған күйі тысқа алып шығады. Орамалды
шешкеннен кейін Жасұланның көз алдында
суда жүзетін үлкен ағаш қайық тұрады. Қатты
қуанған ол айғайлап та жіберді. Сол қайықты
қолына алып: « Мен ер жетем, үлкен азамат бо-
лам», - деп арман құшағына еніп, су жағалап
жүгіре жөнеледі.
Аты-жөні:
Нұршат Әбдібекқызы
Туған жері:
Маңғыстау облы-
сы, Бейнеу ауданы,
Сыңғырлау ауылы
Сүйікті ісі:
Ас пісіру, дін, иман ту-
ралы кітаптар оқу
Мақсаты:
Әділдікті ту ететін жур-
налист болу
Сүйікті шығармасы:
Қ. Жолдыбайұлы «Діл
мен дін»
Ұстанымы:
Досымды досым деме,
Бір күні болар
дұшпаның.
Дұшпанды дұшпан
деме,
Бір күні болар досың.
23
Б
ес жасар Ақнұр әжесімен ауылдың
шетіндегі бір үйге қонаққа барады.
Ет жеп, шәй ішкен соң қонақтар
тарай бастайды. Бұл кезде өзіне достар
тауып үлгерген Ақнұр ойынның қызуымен
әжесінің «жүр» дегеніне қарамай, қалып
қояды. Балалар ойнап болған соң, кешкісін
бәрі үйлеріне кете бастайды. Ақнұр да үйіне
қайтуға асығады. Қайтар жолда Ақнұрдың
алдынан үлкен қара қабаған ит шығады.
Жан-жағында көмектесер ешкім жоқ. Сол
кезде ол «Аю өліп қалған адамды жемейді»-
деген әжесінің айтқан ертегісін есіне түсіреді.
Содан басындағы бөркін бетіне басып, теріс
қарап қыбырламай жата қалады. Иттің
үргенінен қорықса да, қимылдамайды. Қара
төбет ары айналып, бері айналып үріп-үріп
кетіп қалады. Ақнұр ақырын басын көтеріп
қараса, қабаған төбет ұзап бара жатыр
екен. Осылайша аман-есен құтылған Ақнұр
үйіне барып, болған оқиғаны әжесіне айтып
береді. Әжесі немересінің тапқырлығына
сүйсініп «Айналайын қай жерде жүрсең де
ақылыңның кілті өзіңмен бірге болсын!»,-
деп маңдайынан иіскейді.
Достарыңызбен бөлісу: |