Аты-жөні:
Жансая
Шыңғысханқызы
Үмбетова
Туған жері:
Жамбыл облысы, Шу
ауданы, Алға ауылы
Сүйікті ісі:
Кітап оқу, өлең жазу
Мақсаты:
Халқыма адал қызмет
ету
Сүйікті шығармасы:
М.Әуезов «Абай
жолы»
Ұстанымы:
Сенбе жұртқа тұрса да
қанша мақтап,
Әуре етеді ішінен
қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді
алып шығар,
Еңбегің мен ақылың
екі жақтап.
(А. Құнанбаев)
24
Б
ұрынғы өткен заманда, ескі-көне апан-
да арық та емес, семіздікке де ие
емес, өзіне-өзі қожа, өзіне би, өзіне
патша, сондай батыр атанған лақ шынашақтай
денесіне сеніп, жалғыз өмір сүріпті. Құдайға ғана
жарасқан жалғыздықтан да жалығып, шаңы
шықпас жаяулыққа салынады да, өзіне серік
болар сенімді дос, бірге тіршілік етіп, жауыз
жауларынан қорғанар, жалғыздықтан құтқарар,
жарық әлемге үміт артар, мақсаты бір аяулыны
іздеп жолға шығады.
Жүре-жүре, талай-талай асулардан өтеді.
Алып шыққан аз ғана азық-түлігі түгесіліп, аяғы
талып, шаршағаны білінген соң, арық басына су
ішуге шығады. Рахаттанып, демалып отырған
оны көрген аш қасқыр тезірек жегісі келіп,
айла-амал іздей бастайды. Оған айғайлап:
-Ей, сүйкімді лақ, бері жылжысаңшы, екеуміз
арекеңе қонаққа барайық, көңіл көтеріп, жады-
рап қайтайық.
Ойланбастан жауап қатуға үйренген лақ
оның айласын сезгендей: - Қасеке, асығыстыққа
салынып не болды? Күн аманда демалып,
тыныққанға не жетсін? Бері көтерілсең, пайда-
лы қызық айтар едім.
Аты-жөні:
Асел Таңатарова
Туған жері:
Өзбекстан Ре-
спубликасы,
Қарақалпақстанның
Жаслық ауылы
Сүйікті ісі:
Kөркем әдебиеттер
оқу, күнделік жазу
Мақсаты:
Басты бағытымды
дұрыс таңдау.
Сүйікті шығармасы:
С. Мұратбеков
«Жабайы алма»,
Ұстанымы:
Адам – өз өмірінің
суретшісі. Ол өмірді
сырлап бояуға,
оған ажар, түр беру-
ге, оны әшекейлеп
өрнектеуге еңбек
етеді.
(Баубек Бұлқышев)
25
Қызықты қызықтағысы келген аңқау қасқыр төбеге көтеріле бергенде,
кішкентай лақ жоспарлап қойған дәу тасты аяғымен итеріп жібереді. Дәл
басынан тигенде қасқыр сол жерде жан тапсырады. Енді лақ тағы да жолға
шығады. Ну орманның ішінде әндетіп келе жатса, алдынан аузы үңірейген
үлкен апан көрінеді. Өзінің мекеніне ұқсас бұл орын кімнің иелігінде екенін
білгісі келіп ішіне кіреді. Сөйтсе, айбатты арыстан көзі жұмулы күйінде
қимылдамастан жатыр екен. Жанына жақындай бергенде сорлы лақ қолға
түсіп қалады. Арыстан өзінің ауру екенін айтып және аш қарынға оны
жемекші боп ұмтылғанда, бейшара лақ жалынышты үнмен: «Егер мені
өлтірсең, сен ешқашан жазыла алмайсың, себебі сенің ауруыңның емін мен
ғана білемін» -дейді. Бұндай сөзді естіген арыстанның түрі өзгеріп, жылу
қабақ танытады да, оған құлақ түреді. Лақ жолда келе жатқанда қу түлкіге
кезіккенін, оған алданып, арнайы әкеле жатқан қолындағы дәріден ажырап
қалғанын айтып жыламсырайды.Және ол дәрі қазірде түлкінің асқазанында
жатқанын жеткізеді. Екеуі ақылдасып, түлкіні жеңуге келіседі. «Кімді айтсаң,
сол келеді» демекші, сол арада түлкі де апанға кіріп, арыстанға: «Ареке,
жағдайыңыз жақсы ма? Сіздің денсаулығыңызды уайымдап, дәрі алып келе
жатыр едім, жол жөнекей сындырып алдым»-дейді. Ауыр күрсінген арыстан:
«Жақынырақ кел, құлағыңа бірдеңе айтуым керек»- дейді. Түлкі сәл ойла-
нып, бір адым кері аттай бергенде, арыстанның есіне манағы дәрі түсіп,
тап беріп ұстайды да, асқазанға жабысады. Осы кезде, қулығы түлкіден де
асқан әдемі лақ апаннан қашып, өз жөнімен секеңдеп кетіп бара жатты...
25
26
К
өктем келіп, күн жылып, көк көтеріліп
қалған кез. Таңертеңгі уақыт.
Түнгі салған сексеуілдің жылуы-
на қызынған пеш үстінде тұрған ақ шәйнек
ызыңдаған дыбыс шығарады. Көктем иісін
ұнататын Жәмилә апа үй есігін айқара ашып
қойып, аулада таңғы шай қамымен жүр:
күбісін қозғап-қозғап қойды да, нан пісіру
үшін табаның астына шоқ жатқызды, шоқты
самаурынға да салды.
Ашық тұрған есіктен үй ішінен шуылдаған
құстардың үні келеді. Тек кейде ғана есік ау-
зында байлаулы тұрған Алапардың үргені
естіледі. Терезеден сығалай түскен күн
сәулесі бөлме ішін аз-маз жылытқандай, де-
генмен үй іші салқын.
Жылы көрпе ішінен шыққысы келме-
ген Жарас керіліп-созылып ұзақ жатты:
«Анамның піскен майы мен ыстық нанын же-
сем біраз жылынып қалар едім», - деп ойла-
са да, тұруды жөн көрмей жата берді.
Кенет сыңғырлаған қоңырау үні естілді,
біртіндеп жақындап келе жатқандай: « Мек-
тепте отырмын ба, жаңа ғана үйде болған
Аты-жөні:
Айкерім Раисқызы
Туған жері:
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы
Сүйікті ісі:
Жауынды кештерде
өлең жазу
Мақсаты:
Асқақ арманға қол
жеткізіп, әлемдегі ең
бақытты адам болу
Сүйікті шығармасы:
Ш. Айтматов
«Жәмилә»
Ұстанымы:
Адам атына лайық өмір
сүру
27
едім ғой?» - деп ойлады. Бір кезде бет-аузы ылғалданып, жыбырлап кетті:
«Атам ба сүйіп жатқан, оның бұндай әдеті жоқ еді ғой?» - деп те ойлап
қояды.
Бала бетін бұрып, басқа жаққа қарап жатты. Сонда да жаңағы әрекет
тағы қайталанды: « Мынау не екен, а, әлде...Су ағатындай үйдің шатыры
тесік емес еді ғой?»- , деп жатып көзін қиықтап ашып еді лақ көргендей бол-
ды, « Қайдағы лақ, қой оның болуы мүмкін емес, үйге қалай кірсін?!»-деді де
шала ұйқысына еніп кетті.
Қоңырау үні алыстай берді, бірақ сонда да сыңғырлап тыныштық берер
емес.
Мазасы кеткен Жарас төсегінен тұрып, қоңырау үнінің соңынан ере от-
ырып, түпкі бөлмеден бір-ақ шықты. Ұйқыдағы көздерін уқалай әрең ашып
қарап еді, ақ танаулы қара ешкінің егіз лағының біреуін көрді. Лақта «Біреудің
мазасын алдым-ау» деген ойдың бір түйірі де жоқ, сандықтан сандыққа
секіріп, мәз-мейрам ойнап жүр. Жәмилә апа егіздерді оңай айыру үшін бірінің
мойнына қоңырау тағып қойған болатын.
Ұйқысын бұзып, үйді басына көтерген лаққа ренжірін не ренжімесін
білмеген Жарас таң қалып ұзақ тұрды. Бірақ мөлдіреген көздері ойнақтап
тұрған лаққа ұрысу мүмкін емес еді. Ұйқысынан оятқан лақ емес, күміс
қоңырау еді...
27
28
Келер де келер заманда,
Төрткүл дүние ғаламда,
Кіндігінде дәл жердің
Қазақ елі аманда,
Бір ғажайып іс бопты.
Айтса бір сенбес адамға,
3000 жыл екен,
Өлмеппін, әлі тірі екем,
«Казсат-60»-қа мініп ап,
Қалықтап көкте жүр екем.
Адам жасар еңбекті,
Роботтар жасап тұр екен,
Жайлап ап бүкіл жер шарын,
Қазақтың ұлы дүр екен.
Дию мен шайтан дәуі жоқ,
Қалмақ пен жоңғар жауы жоқ,
Қонары ай боп қазақтың,
Ұшатын айлақ тауы боп,
Ғаламшарларды таңдап жүр,
Жылы күн, жайлы, бауы көп.
Осылай жылдар өтіпті,
Ғасырлар семіп кетіпті,
«Казсаттың» соңғы нұсқасы,
Ұшатын жасап етікті,
Аты-жөні:
Азат ӘБІҚАЙ
Туған жері:
ҚР Жамбыл облы-
сы, Қордай ауданы,
Өтеген батыр ауылы
Сүйікті ісі:
Өлең жазу
Мақсаты:
Ұлттық-поэзиялық
газет ашу
Сүйікті шығармасы:
Ілияс Жансүгіров
«Құлагер»
Ұстанымы:
Қалауын тапса қар
жауар
29
Күн сайын ашып жаңалық,
Дамуын қазақ бекітті,
Айғайлап жауы аспаннан.
Елге бір хабар жетіпті.
«Көктен бір қауіп төнді» деп,
Басыпты дабыл тетікті,
Үйіріліп тұман тұрыпты,
Ауаның райы суық-ты.
Қара аспан қою қап-қара,
Қаһарын жерге жуытты.
10 ғасыр соғыс көрмеген,
Қазақтың елін буыпты.
Алай да дүлей боран боп,
Үйлерді жерден жұлыпты.
Шатыр да шұтыр найзағай,
Атқылап қара құрытты.
Көлемі жаңбыр мұхиттай,
Түскен бір жерін уытты.
Қасірет туды қазаққа,
Ақырзаманға жуықты.
Қолдарымен жер тырнап,
Беттерін жаспен жуыпты.
Бүйірден қысқан халықты,
Жауынның түсі суықты.
Бұлт екен, сөйтсе, жау деген,
Ол да бір мінез туыпты.
Талқандап тастар бұлтты,
Бір батыр таппай халықтан,
Булықты қазақ, булықты.
«Жатқанда жауы жоям» деп,
Қарсы шыққан адамның,
Ағызып көзін оям деп,
«Зымыранын соғам,я соям» деп,
Бабасы батыр қазақтар,
Кіріпті жерге қоян боп.
Қабанбай мен Бөгенбай,
Ұрпақтары қалмаған,
Бабасына тартып Өтеген,
Кейінгі жұрты жанбаған.
29
Райымбек, Қарасайлар боп,
Зынданға жауын салмаған.
Наурызбай, Төлек батыр боп,
Дұшпаны жоқ армаған.
3000 жылдың адамы,
Тек қағазда даулаған.
Қыз мінез қып ұлын баулаған,
Кербез қып қызын баураған.
Көлеңке түсер жарықтан,
Батыр туар халықтан.
Заманда мына тарыққан,
Бір батырға зарыққан.
Қыраны аумай тауықтан,
Аспаннан төнген қауыптан.
Құдайдың пейілі жомарт-ты,
Қазаққа көңілі ауыққан.
Кезеңде мына қиналған,
Бір ерді елге сыйлаған.
Жеті қат жердің астында,
20-21 жасында,
Бір досы бар қасында,
Қанатты аты астында,
«Қазақ» деп шықты айқайлап,
Жігері жүзден тасындап,
Жүрек жұтқан ер екен,
Жаратылған асылдан,
Үйірілген қара көп бұлтты,
Басқа ғаламға қашырған,
қылышы жарқ-жұрқ етеді,
От алып тұра жасыннан,
Қанатты аты жүйткиді,
Екпіні жоқ басылған.
Аспанның бұлты жасырған,
Күн көрді халық ашылған.
Осылай қазақ бақытты,
Жетеді үні ғасырға,
Жеті қат жерден шыққан ер,
Елі үшін туды расында!
30
Батыр
мен
бұлт
лақ
Қайық
Көбелек
Жіп
Дән
Тышқан
Айна
Шеге
Тамшы
Тиін
Ине
өрмекші
Мұз
Ара
Тиек
Кілт
Қоңырау
31
ИБ № 4815
Басуға 18.05.2010 жылы қол қойылды.
Пішімі 60х84 1/32. көлемі 2 б.т.
жылтырақ қағаз. Тапсырыс № 250.
Таралымы 2000 дана. Бағасы келісімді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің “Қазақ университеті”
баспасы.
050040, Алматы қаласы, әл-Фараби
даңғылы, 71.
“Қазақ университеті” баспаханасында
басылды
Жетекші:
Сағатбек МЕДЕуБЕКҰлы
Жауапты редакторлар:
Ханым ҚуАТОВА,
Әсел ТАңАТАРОВА
Суретші:
Зухра РАХИМОВА
Корректорлары:
Айгерім БИМЕНДИЕВА,
Индира БӨлДЕКБАЕВА
Безенші:
Қойшыбек МҮБАРАК
Алматы қаласы,
әл-Фараби
атындағы
Қазақ Ұлттық
университеті,
журналистика
факультетінің
баспа ісі және
редакциялау ка-
федрасында дай-
ындалды. «Қазақ
университеті»
баспасында
шығарылды.
32
Достарыңызбен бөлісу: |