***
Жаманнан қаш, күйіндірер, күйгізер,
Ізгі атың – ізгі атыңды білгізер.
***
Барша елге бауырмал бол, қарасып,
Жанға жаулық қылма, жолдан адасып.
Қожа Ахмет Йассауи сөздері:
*
Наданнан тозағың да тұра қашар
*
Ұят жоқ сұм – сұрқия, нас адамда,
Жазықты болдық тегіс жасағанға.
*
Азғынға ақиқаттың керегі жоқ.
Әл-Фарабидің сөздері:
*
Шындығы бар жерді мекен ет.
*
Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы
шындыққа сыймайды.
*
Қандай болмасын өнердің теориясын меңгеру дегеніміз – бұл өнер
мәселелерін ақылмен білу және тану қабілеттілігін меңгеру болып табылады.
*
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-
құлыққа байланысты.
*
Бақыт дегеніміз – игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең
жетілгені.
*
Адам өзінің барлық әрекетінде тамаша әрекетті қалайтын болса және
өмір бойында осылай ететін болса, сонда ғана ол бақытқа жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |