Қос қылыш қынға симас.
*
Шынында да қос қылышты бір қынға сайдыра алмайсыз ғой.
Мәтелдің мәні не? Нені меңзейді? Өз сөздеріңізбен түсіндіріп
айтыңыз.
*
Қанағатсыздық туралы жағдаяттық әңгіме диалог құрастырыңыз.
56.
Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Атағы жақсы адамға сөз ереді.
Ағаш басына жел үйір,
Жақсы адамға сөз үйір.
*
Осы мақалдың мәнін ашатын сіздің өміріңізде немесе сіздің
таныстарыңыздың өмірінде оқиға болды ма?
*
Сіз қалай ойлайсыз, неге атағы жақсы адамға сөз ереді?
*
Сіз туралы сөзге шамадансыз ба, әлде дұрыс қабылдайсыз ба?
57.
Ердің ісін ауыр қылма,
Сәйгүлікті жауыр қылма.
*
Сәйгүлік дегеніміз тұлпар ғой. Тұлпар атты жауыр қылатын адам (күте
алмайтын) қандай адам?
*
«Ердің ісін ауыр қылма» дегенді қалай түсінесіз?
*
Өмірде жүрген ортасына салмақ салып, қиындықтар әкеліп жүретін
адамдар болады. Ал керісінше, ешбір салмақ түсірмейтін де адамдар болады.
Сіздің пікіріңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |