Жобаның кезеңдері: Жоба кіріспеден, 3 негізгі бөлімнен, қорытындынан, пайдаланылған әдебиеттен тұрады. Жалпы бұл жоба сөзсіз адам көкірегінде жылылық ұятады. Отансүйгіштік – қасиетті ұғым. Әрбір адам отанын өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір-қасиетін ұққанда, тарихын, өткен жолын, рухын, елдің басын біріктірген, жат елдерден жерін, суын, даласын, тауын қанын төгіп, қайсарлықпен қалған ерліктерін сезіп білгенде ғана, соған деген мақтаныш сезімі оянатындығы рас.
Жоспар:
Кіріспе
I. Қазақстандағы жастардың патриоттық рухын қалыптастыру.
I.1Қазақстандық патриотизмнің басты құндылықтарының бірі
I.2. Патриотизм туралы Президент сөзі
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I.1 Қазақстандағы жастардың патриоттық рухын қалыптастыру.
«Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, яғни, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасты білдіреді», - деп, Б.Момышұлы атамыз «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама берген. Бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігінің нығаюы мен дамуының обьективті шарттарының бірі – ол осы қазақстандық патриотизм. Біздің ұғымымыздағы патриотизм көзсіз құштарлық емес, ата-баба қанымен бойға сіңген отанға, елге деген саналы әрі шынайы махаббат. Отансүйгіштік деген ұғым өзің жаралған топырақ пен өскен ортаға деген ізгі сезімді білдірмейді, аясы әлдеқайда кең ұғым. Елдік, бірлік, халықтық қасиет-қазыналарды қастерлеу мен ертеңге деген берік сенім сияқты сезімдерді оятатын да осы отансүйгіштік. Оның қоғам дамуында айырықша орын алатын құдіретті рухани факторға айналуының сыры да осында жатыр.Қазақстандық патриотизм мәселесі қазіргі таңда еліміздің аса маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, сондай-ақ тәуелсіз еліміздің ғаламдық өркениет ортасынан өзінің лайықты орнын алуына бірден-бір себеп болатын маңызы ерекше өлшемнің біріне айналып отыр.Мемлекетіміздің келешек тұтқасын ұстайтын жастарды осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеу басты борышымыз. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында оқитын суденттерге тәрбие беру мәселесіне жаңа көзқарас тұрғысынан қарау керек. Қазақстан азаматы өзін осы елдің төл баласымын, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептегенде ғана қазақстандық патириотизм қалыптасады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан әрі дамытатын бүгінгі жастар екені белгілі, сондықтанда жастар осы тарихи маңызы бар идеяны жүзеге асыру үшін, өз Отанын сүйетін ұлтжанды болуы керек.
I.2.Қазақстандық патриотизмнің басты құндылықтарының бірі
Қазақстандық патриотизмнің басты құндылықтарының бірі – қазақ тілі. Биыл Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 30 жыл, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алғанына отыз екі жыл толады. Ана тілімізді дамытып, өркендетуде біршама ілгерушілік бар, сондада мені бір қынжылтатын жағдай неге біз кез келген жиналыс болсын, не болмаса көптеген маңызды кездесулерде жиналған халықтың 95 пайызы қазақтар бола тұрсада екі тілде, яғни қазақ және орыс тілдерінде сөйлейміз.
Сол жиылыста отырған орыс тілді қазақтар үшін жасап жатқан жағдайма деп ойланам, себебі өзге ұлттың азаматтары қазақ тілін жақсы түсінеді, олардың арасында керемет сөйлейтіндері де бар. Намыссыздық па, әйтеуір тілге немқұрайды, немкетті қарау әдеті жойылар емес. Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге тек жастар ғана емес Қазақстанда тұрып жатқан әрбір азамат үлес қосу керек.
Отанның азаттығынан, тәуелсіздігінен асқан дәулет жоқ. Тасқа қашалған тарих та, көне дәуірден жеткен даусыз дерек те ерте заманның өзінде қазақ жерінде іргелі мемлекет болғандығын, оның өзіне лайық шаруашылығы, терең мәдениеті болғандығын дәлелдейді. Ешкімге дес бермеген, ешнәрсеге мойымаған халқымыз бертінде тап болған бодандықтың бұғауынан босап еркіндік туын қайта тікті. Ендеше, аңсап жеткен арманнан ешқашан, ешқандай жағдайда ажырай алмаймыз.
Жаһандану дәуірінде ғылымға көп көңіл бөлген ел озып шығады. Қазіргі таңда шетелдік ғалымдармен Қазақстандағы көптеген университеттер тығыз байланыс орнатқан, бұл еліміздің болашағы үшін келелі бастама. Патриотизм бұл Отаныңды сүю және сол Отанда өмір сүріп жатқан халқыңды сүю және де сол халықтың беделін, абыройын арттыру. Отансүйгіштік адамның жеке басының қамынан гөрі, елінің қамын көбірек ойлауы болып табылады. Қазіргі таңда бізде мықты ғалым болып жүрген азаматтар бар. Міне, солардың идеясын, шығармашылықтарын, білімін еліміздің мүддесі үшін пайдалану керек. Сондықтан бүкіл қазақтың бір-ақ арман мақсаты болу керек. Ол – Қазақстанның тәуелсіздігін баянды ету. Бұдан басқа ұлы мақсат, ұлы арман қазақта болмауы керек.
Жастарды өз Отанының азаматы ретінде тәрбиелеу белгілі бір әлеуметтік- мәдени ортада жүреді, онда оның адами құндылықтар жүйесі, көзқарасы, ақыл-ойы қалыптасады. Қазақстандық патриотизм қазақстандық ақыл ойдың немесе ұлттық дәстүрдің ажырамас бөлшегі болып табылады. Біздің республикамыздың жастарының ойы, ар-ұжданы, ғылым-білімі азат болуы керек. Қазақ жастарының бірінші міндеті – Қазақстан республикасын мәңгі сақтау және қорғау болып табылады. Болмысы мен болашағының негізі осы жағдайға бағытталуы керек.
I.2. Патриотизм туралы Президент сөзі
Патриотизм туралы Президент Қасым¬Жомарт Тоқаев: «Еліміздің әрбір азаматы жұртшылықтың алдына шыққанда ұлттық мүдде мен қазақстандық пат¬риотизм қағидаттарын басшылыққа алуы керек», деген еді.
Бүгінде ел халқының 19,8 пайызы – ¬жастар. Өткен жылдармен салыстырғанда, яғни соңғы 12 жылдағы халықтың табиғи қозғалыс көрсеткіштері жастар санының азаю тенденциясын көрсетіп отыр дейді мамандар. 2009 жылы халықтың жалпы құрылымындағы жастар үлесі 28,2% болып, ең жоғарғы көрсеткіш тіркелген. Ал бүгін біз санға емес, сапаға назар аударып, жастарымыздың патриоттық рухын сөз етеміз.
«Күнделікті өмірде қазақша сөйле¬мейтін басқа ұлт өкілдері де бар. Біз олар¬ды патриот емес деп айта алмай¬мыз. Патриотизмді тілдің аясын¬да ғана қалыптастыра алмаймыз. Өйт¬кені жас¬тарды бөлетін емес, бір¬лік¬ке ша¬қы-ратын патриотизм қалыптас¬тыруы¬мыз керек. Бола¬шағын Қазақстанмен байланыс¬тыратын әрбір қазақстандық Отанын құрметтейді. Өзге тілде сөй-лесе де еліміздің мүддесі үшін қызмет етіп жүр¬гендер бар. Бұның қарапайым ғана мы¬салы әр төрт жыл сайын ұйы쬬дас¬тырылатын спорттық Олимпиадада айқын көрінеді», дейді Ә.Әділханова Жастардың пікірінше, патриотизм Отанды сүю сезімімен ғана шектелмей¬ді, сондай-ақ білімге құштарлық пен еңбекқорлық сияқты қасиеттерді де қам¬титын ауқымды ұғым.«Патриот жас – өз Отанын сүйетін, кешегісін біліп, ертеңін ойлап, бүгін оның дамуы үшін өз саласында кішкен¬тай болсын үлесін тигізуге әрекеттеніп жүрген адам. Менің ойымдағы патриот жас оптимист, еңбекқор және білімге құштар», дейді жас белсенді Айдана Аби. Оның айтуынша, патриот болуды әр жас өзінен бастап, кез келген әрекетінің астарында ел мүддесі мен ұлт мүддесі болуына баса назар аудару керек. ліскім келеді»,Белсенді қазақ жастары орыстілділер мен қазақтілділер арасында үлкен бір ақпараттық бос кеңістік бар деп санай¬ды. Ол – қазақтілді ресурстардың азды¬ғы. Олқылықтың орнын қазақша дұ¬рыс ақпарат беру арқылы қалыпқа ке묬ті¬ру¬ге болады. Бұл – өз кезегінде әр қа¬зақ жасының патриоттық рухына байланысты«Қазақ жастарының әдет-ғұрып¬қа, ұлттық мәдениетке, Отанға деген сүйіс-пен¬шілігі жаңғырып келеді. Мұның айқын көрінісі – қыздар арасында қазақы тақия¬ның қайта трендке айналуы. Жал¬пы, қазақ жастарының киім кию үлгілері этностық стильде болып, белгілі бір ұлт¬тық атрибуттарды қолдануы – ұлттық мәдениетке деген құрмет.
Патриоттық¬тың негізі адамның адамгершілік деңге-йінде өз мәдениетіне, тарихына, Отанына деген сүйіспеншілігінен басталады.
Қорытынды
Қорытындылай кетсем, жастар арасында патриоттық рухты қалыптастырудағы отбасының рөліне назар аудару маңызды. Ата-аналар патриоттық құндылықтарды балаларына беруде шешуші рөл атқарады, сондықтан отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау қажет.
Жалпы, жастар арасында патриоттық рухты қалыптастыру-бұл білім, мәдениет, мемлекет және отбасы тарапынан күш-жігерді талап ететін күрделі және көп қырлы процесс. Алайда, бұл міндетті ойдағыдай орындау Қазақстанның болашақтағы тұрақтылығы мен өркендеуі үшін зор маңызға ие.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Патриотизм / Н.К. / / Үлкен энциклопедиясы : [35 т.] / ч. Ред. Ю. с. Осипов. – М.: Үлкен энциклопедиясы, 2004-2017 жж.
А. С. Пушкин: Еуропаға Жауап
Л. Н. Толстой: Патриотизм немесе Бейбітшілік? «philosophy.ru». өтініш берген күні: 21 Шілде 2014.
Л. Н. Толстой: Патриотизм және үкімет. Lib.Ru. өтініш күні: 21 Шілде 2014.
Л. Н. Толстой: Христиандық және патриотизм. «philosophy.ru». өтініш берген күні: 21 Шілде 2014. Түпнұсқадан 2009 жылдың 18 наурызында мұрағатталған.
Н. М. Карамзин: Отанға деген сүйіспеншілік және халық мақтанышы туралы. Lib.Ru. өтініш күні: 21 Шілде 2014.
Демидова е. и., Криворученко в. К. Патриотизм өз идеясында өзгеріссіз қалды / / Эл. Білім журналы. Түсіну. Шеберлік». — 2008. - № 6-тарих.
С. Г. Карпюк. Фукидидтің «тарихындағы» екі патриотизм / / Ольгу хабаршысы, 2010.
Достарыңызбен бөлісу: |