Мақала терминінің әдетте екі түрлі ұғымы бар. Біріншісі, көбіне баспасөз бетінде жарияланған материалдың аты ретінде қолданылып жүр



бет2/2
Дата08.11.2022
өлшемі63,94 Kb.
#48502
1   2
РЕЦЕНЗИЯ
Бұл мақалада шытырман оқиғалы проза жанрының қазақ топырағында жандануын бірінші болып қолға алған майдангер жазушы Кемел Тоқаевтың шығармашылығы туралы сөз етілген. Жазушының бойындағы тұлғалық асыл қасиеттерін дәріптеп, өнегелі өмірі мен шығармаларын жас ұрпаққа үлгі етіп, жасөспірімдер мен бүгінгі білім алушылардың жан дүниесін байытып, ойлау, сезіну, болжау, пайымдау қасиеттерін дамытуға ықпал ету көзделген. Мақалада жастарды жомарт, ер жүрек болуға, батыр болуға тәрбиелеу мақсат етілген. «Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы» атанған Кемел Тоқаев шоқтығы биік туындыларымен оқырмандарын баурап алған хас талант, дарын иесі. Майдангер жазушының тұңғышы әлемдік деңгейдегі саясаткер, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бойына мемлекетшілдік, адамзаттық ұлы ұғымдарды сіңіріп өткен абзал әкенің болашаққа қалдырған құнды мұрасын сөз ету біздің парызымыз. Қазіргі таңда қазақ прозасының кенжелеп қалған детектив жанрын жаңғырту басты талаптың бірі болып тұр. Өйткені, қазақ көркем прозасында бірлі-жарым шығармалар болмаса, шытырман оқиғаларға толы детектив жанры күнделікті тыныс-тіршілікте, адамдардың ойлау жүйесіне, дүниетанымы мен өмірлік көзқарасына қатысты мәселелерге қатыспай әлі күнге толық қамтылмай жатқан тақырып. Сондықтан бұл тақырыпты өзекті деп есептеймін.
Автор нақты зерттеу нысанын қарастырып, өз көзқарасын кеңінен ашып, жүйелі баяндаған. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, А. Махкамованың «Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы» тақырыбындағы мақаласын жоғары бағалап, баспа бетіне жариялауға ұсынамын.
Рецензент: __________ ________________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет