Мақала төлеубаев Әлішер Берікұлы опи-21-2 Тақырып: Уақыт


Уақытқа тіл тигізбендер,себебі оны



бет2/3
Дата08.11.2022
өлшемі42,3 Kb.
#48581
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
МАҚАЛА

Уақытқа тіл тигізбендер,себебі оны
да жаратқан-Алла Тағала. (Хадис)


Уақыт – аманат. Алла Тағала Құранда «Ғасырға серт!» деп уақытқа бекер ант етпесе керек.
Алла Тағаланың ешкімді бөліп-жармай, бір-бірінен өзгешелемей барлығына бірдей етіп берген бірден-бір нығметі – уақыт. Барша адамның өмірінде күнделікті 24 сағат бар. Сондықтан да уақыт тұрғысынан «миллионерлер» болмайды.
Уақыт Алланың белгілеген заңдылығы бойынша ағып кете барады. Бұл дүниеде көп нәрсені сатып алу немесе қайтарып алу мүмкін. Алайда өткен уақыт олай емес: ол қайтып келмейді, сатылмайды, қарызға берілмейді, уақытша алынбайды...
Ақшаның құны оған не сатып алуға болатынымен есептеледі. Ал уақыттың құны сол уақытта не істей алатынымызбен тікелей байланысты.
Уақыт – өте құнды. Қайта айналып келмейді. Арнайы бөгеттерде суды жинауға болады, бірақ уақытты бұлай жинау мүмкін емес.


Уақыт тек маңызды жайттарды ғана емес, мардымсыз деген істерді де өзгертуге қауқарлы. Өмірімізде уақыттың әсерінен тыс қалатын ешбір жағдай жоқ. Уақыт күштіні әлсізге, әлсізді күштіге айналдыра алады. Уақыт міндетті түрде өзгеріс алып келеді.
Барлық іс белгілі бір уақыт аралығында орындалады. Сонда да көптеген адамдар осы бірегей, орны толмас және қажетті қорды қалыпты жағдай ретінде қабылдайды. Уақытқа деген мұқияттылық – адам өмірінің сапасын белгілейтін бірден-бір өлшем.
Уақытты жоспарлауды қалыптастырып, мұсылмандардың өмірлік әдетіне айналдыру үшін дініміз оның маңыздылығына назар аударып қана қоймаған. Сонымен қатар Құранда да, хадисте де адам өмірінің әрбір сәті есепке тартылатыны, өлшеп берілген өмір атты қазынаны қандай жолда, қалай жұмсағаны сұралатыны нақты айтылған.


Уақыттың маңызын түсінгендер
Тарихта артында өшпестей із қалдырған Хетт патшалығы, Мысыр, Грек және Рим мәдениетінде күнтізбе қолданылуы олардың сонау ерте заманнан уақыттың қадірін түсініп, соған сай өмір сүруге тырысқанын аңғартатындай. «Күнтізбе», «уақытты білгілеу» деген ұғымдар мемлекет пен адамдардың істері уақытқа қарай жоспарлағанын білдіреді. Күн тәртібі бойынша әрекет ету уақыттың ретке келтіріліп, адам өмірінің аса тиімді өткізілуін көрсетеді. Тарихтағы ең алып мемлекеттердің бірі болған Мысырда жылды 12 айға, күндізді 12 сағатқа, түнді 12 сағатқа бөлгендігі, әрбір сағатқа жеке-жеке атау бергендігі мәлім.
Алғашқы ғасырлардағы мұсылмандар да уақыттың қадірін жете түсіне білген. Мұның бірден-бір дәлелі бола алатын ең үлкен жаңалық – олардың сағатты ойлап табуы. Үлкен алаңдарда, кең сарайларда, орталықта, қоғамдық орындарда әрдайым сағат болатын. Бұл олардың әрбір минуттың қадірін түсінгендігін көрсетеді. Осылай уақытты қадірлей білгені үшін де Ислам мәдениеті бүкіл ортағасырлық қараңғылық кезеңді нұрға бөлей білді. Өзгелер мұсылман мәдениетінен үлгі алды, көп жайтты үйренді. Ал қазір сол мәдениет қайда қалды, неліктен мұсылман әлемі артта қалуда деген сұрақтарға бір ғана жауап айта аламыз: себебі мұсылман үмбеті уақытын бағаламайтын болды. Батыс болса, керісінше, мәңгілікке негізделген рухани құндылықтары болмағандықтан, жер бетіндегі әрбір сәтін бағалап, әр минутын есептеп пайдаланып, өзінің даму жолында үлкен жетістіктерге жетіп отыр.
XIX ғасырда алда болған мемлекет ретінде есептеуге келмеген Ресей Империясының коммунистік төңкерістен кейін қол жеткізген технологиялық дамуын да жаңа басшылардың уақыт жайлы ой-тұжырымдарды дұрыс қалыптастыруымен түсіндіруге болады. Төңкеріс уақытындағы басшылардың өздері «уақыт секілді құнды нәрсе бір қол сағаты сияқты қарапайым дүниеге аманат етіле алмайды» деген түсінікпен қысқа уақытта ауқымды істерді үлгеру үшін сан түрлі шара іздеп, «уақытты халқына бағындыруға» тырысып, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ұмтылыспен барша отандастарының уақытты тиімді қолдануына жағдай жасауды жоспарлаған. Осылайша төңкеріс «уақыт машинасына» айналғандай болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет