Мақаланы жазған Шымкент қаласы Ж. Омарова атындағы бсм-нің домбыра сыныбының мұғалімі Торжанова Ақжан Ауесханқызы



Дата04.04.2023
өлшемі19,06 Kb.
#79319
Байланысты:
нұрғиса


Мақаланы жазған
Шымкент қаласы
Ж. Омарова атындағы
БСМ-нің домбыра
сыныбының мұғалімі
Торжанова Ақжан Ауесханқызы


Нұрғиса Тілендиевтің Қазақ музыка өнерінде алатын орны.
Халқымыздың ән- күйі туралы аңыз- әпсанадан бастау алған байырғы өнер шежіресі есімі ел ішінде ғана емес, иісі түрік жұртына мәшһүр, тіпті ортақ тұлғаға айналған тарландарымзда алға тартады. Қорқыт ата, Әл-Фараби, ұлы жыршы Кетбұға, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған абыздардан басталатын күйші- сазгерлеріміздің ұлы көші XVIII-XIX және XXғасырда Байжігіт, Бұқар Жырау, Ықылас, Құрманғазы, Абыл, Есжан, Дәулеткерей, Ақан Сері, Жаяу Мұса, Біржан сал, Жамбыл, Дина, Латиф Хамиди, Төлеген Момбековтермен сабақтасып, осы заманның заңғар сазгері дәулескер домбырашысы, дарабоз дирижері Нұрғиса Тілендиевпен ұласады. Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес іс қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран калдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет.
Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ. Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (19620, «Халық қуанышы» (19630, «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1675) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз әлім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтылығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған. Мұның сыртында қырықтьан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған М. Әуезовтың, Ш.Аймановтың, Т. Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай-ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасы мен, экран өнерінің классикасына айналған. Ол Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге..», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Ішім өлген сыртым сау....», «Қызарып, сұрланып» өлеңдеріне ән шығарған. Сонымен қатар, қазақ ақындарының өлеңдеріне «Ғашыққа мойын қой», « Абай арманы», «Әйгермімнің әні», «Ақынның пайғамбары -Абай ата» әндерін жазды. «Әке туралы жыр» Ж.Жабаевқа арнап жазылған. «Ата Толғауы», «Баламишка» татардың би әуені Л. Хамидиге арналған. Сонымен қатар Нұрғиса көптеген спектакльдер мен кинофильмдерге мемтекеттік хор каппеласы «Абай арманы» атты вокалды поэма жазды. Т. Ахтановтың «Махамбет Мұңы» пьесасында айтылатын «Куә бол» әні де аспан мүлгіген Алатаудан сылдырып аққан бұлақ, сыбырлаған жапырақ, тау аңғарынан ескен салқын самал көз алдына елестейді. Н.Тілендиевтің еңбегі бағаланып, қазақ ССР – нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Кеңес Одағының халық әртісі, КСРО мекмлекеттік сыйлығының лауреаты, екі рет «Еңбек», «Қызыл Ту» Орденімен марапатталады. Ал 1998жылы «Халық Қаһарманы» деген еліміздің ен басты атағына ие болды.
Қазақастан Республикасы Мемлекттік сыйлығының лауреаты. Нұрғиса сахараның ақ бас абыздары сияқты, өз үнін көп дауысқа тұншықтырмай, өз лебізін көп даңғазаға ілестірмей, қазақтың дәстүрлі музыкалық тіліндегі дарашыл қаиетті (монодийность) тәу етіп өтті. Нұрғисаның композитор, дирижер, орындаушы ретіндегі ойы көпке ортақ, тілі көпке түсінікті. Нұрғиса шығармашылығының таңдай қақтырар тағы бір тұсы - қазақ халық аспаптары оркестріне оның ішінде «Отырар Сазы» фольклорлық - этнографиялық оркестріне арналып жазылған шығармалары болып табылады. Осы оркестрдің орындауына арналған Тілендиевтің барлық партитуралары қайталанбас реңде, оркестреленуімен әуендік, тілінің тембрлық дыбыстық қатардың ерекшелігімен әйгілі. Композитор тек «төкпе» стилінің ғана емес , сонымен қоса, «шертпе» стилін дамытты, еуропалық, оркестрлік жазу заңдылықтары қазақы дәстүрлі күйдің көп дауысты негізін бұзбастан, айрықша тембрлік табиғаты мен шеңберлік құрылымы бар көне жанрдың өзіндік ерекшелігі мен құндылығы аша түседі. Н.Тілендиев өз шығармашылығын қазақ аспаптар оркестрі жанрына арнады. Бұл жанр XX-ғасырда қазақ музыкасы дамуының негізгі екі жетекшісі бағытының түйіскен тұсы болатын: еуропа дәстүрінің пайдалану және жаңаны игеру барысына өзіндік иірімдерін табу бағыты. Н.Тіденивтің осындай қасиеттері тоталитарлық дүниетаным және унитарлық еуроцентристік білім беру жүйелерінде қазақтың дәстүрлі рухани мәдениетнің негізін сақтап қалуға ғана емес, оның өрісін кеңейтіп, өзін – өзі көрсету үшін қазақ дәстүріне қайшы келетін еуропалық формаларды пайдалануға мүмкіндлік берді. Отырар Сазы оркестрінің басты мақсаты қазақтың музыкалық фольклорының үздік улгілерін сақтап қана қоймай, соған қоса, оларды қазіргі заманға дыбыс үйлесімінлегі үнімен және оркестрдің бай тембрлік бояулық мүмкіндіктерімен орындалған жаңа өңдеулермен жетілдіріп отыру, Н.Тілендиевтің шығармаларының бояуын жоғалтпастан ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу. Жастайынан жанып туған өнер иісінің артына тастаған асыл мұрасы өлмейтін өнері, асыл музыкасы, күйі халқының жадында мәңгі сақталады.

Әдебиеттер

  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы

  2. Тарихи тұлғалар. Танымдық – көпшілік басылым мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған.

Құрастырушы: Тоғызбаев Б. Сужикова А. – Алматы . «Алматыкітап» баспасы

  1. «Аңыз адам» журналы №15( 51) тамыз 2012ж

  2. Ғали Т. Нұрғисаның шарапаты. //Айқын – 2010 (15қаңтар)

  3. Ғасыр сазы тербеген: Нұрғиса Тілендиев естеліктер. /Құрастырған С. Тіленді келіні.- Алматы: Білім , 2007ж 280б- ( әдеби мемуарлар).


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет