Мадиева Г. indd


Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата23.11.2022
өлшемі1,26 Mb.
#52113
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Герман филологиясына кіріспе

Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен 
ұғымдар тізімі:

фонетикалық белгі

лексикалық мағына

фонетикалық варианттылық

инварианттар

интерференция

интерпретация


36
Герман филологиясына кіріспе
14-семинар 
Тақырып: Солтүстік герман тілдері: фарер тілінің басты
белгілері
Қарастырылатын мәселелер:
1. Солтүстік герман тілдері: фарер тілінің басты белгілері.
2. Гот тілінің бізге жеткен ескерткіштері.
3. Солтүстік герман тілдерінің әлеуметтік лингвистикалық 
сипаттамасы.
4. Шығыс герман тілдері жайлы алғашқы деректер.
5. Гот орфографиялық ерекшеліктері.
6. Жоғарыда берілген терминдерге лингвистикалық сөздіктер 
бойынша салғастырмалы талдау жасау.
№18 СОӨЖ
Герман тілдеріндегі кірме сөздер: атауыштық және қорғаушы 
пуризм (эссе).
№19 СОӨЖ
Көне германдықтардың мәдени мұрасы (презентация) 
29-30 ДӘрІС
Тақырыптары: Шығыс герман тілдері: гот тілі. Гот
 
тілінің тарихы, жазба ескерткіштері,
 
құрылымдық ерекшеліктері
Кейінгі автор Прокопий, гот тайпаларына готтар, вандалдар, 
гепидтер, ругивтер және скировтар жатады және осы тайпа-
лар дың барлығының құқықтары және тілдері болған екен деді. 
Осы аталмыш тайпалар аймағының шығыс жақ бөлігін мекен-
дегендіктен оларды шығыс герман топтары деп атаған екен. 
Сонымен готтар жайлы алғашқы мәліметтер Халықтардың 
Ұлы көшімен байланысты болған. 
Гот тайпаларының атаулары бірнеше варианттарда кездеседі. 
Деректер бойынша, готтар өздерін gutpiuda «гут халықтары» деп 
атаған; IV ғасырдың деректері бойынша руналық ескерткіштер 
негізінде де бірнеше варианттары зерттелінген, ол деректерде 


37
Герман филологиясына кіріспе
олар gutani «готтардың» (ілік с., көптік түрі) деген атаумен белгілі. 
Плиний және Птолемейде Gutones; Тацитта о Got(ho)nes; 
кейінгі авторларда Gothi формасы; басқа көне исл. деректерінде 
Gotar (ілік с.), Gotna, басқа да ағылшын мәтіндерінде Gotan деген 
атау кездеседі.
Готтардың тайпалық атауын Скандинавиядағы географиялық 
атаумен байланыстырады: ондағы көзге түсетін Готланд атты 
түбектің атауы (жергілікті тілде Gutland деген атаумен таныс), 
сонымен қатар готтар мекені Västergötland «Вестеръётланд» 
және Östergötland «Эстерьётланд»; Вестеръ-и Эстеръётланд 
тұрғындары гауттар деп аталған болатын. 
Гот тайпаларының шығу тегі, олардың алғашқы мекендеген 
жерлері, олардың басқа герман топтарымен байланыстары әлі 
күнге дейін беймәлім. 
Иордан деген автор «Гетика» атты еңбегінде готтар Скандия 
түбегінен үш қайықпен келген деген болжамдар бар, олар балтық 
теңізінің қарама-қарсы жағалауларына келіп, сол жерлерді мекен 
етіп, ол жерді Готискандия деп атаған. Иордан гот тайпаларының 
алғашқы келген жерлерін айтуға тырысқан екен.
Сонымен топонимика атаулары мен сол жерде тұрған тай-
палардың тілдері гот тайпалары Висла мен Балтық теңізінің 
жағалауларын мекендегенін дәлелдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет